Инфоурок / Математика / Рабочие программы / САБАҚ ЖОСПАРЫ: 2.5. Жай сандар, құрама сандар
Обращаем Ваше внимание: Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы образовательные события, приуроченные к году экологии (2017 год объявлен годом экологии в Российской Федерации).

Учителям 1-11 классов и воспитателям рекомендуем принять участие в Международном конкурсе «Я люблю природу», приуроченном к году экологии. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

СЕГОДНЯ (15 ДЕКАБРЯ) ПОСЛЕДНИЙ ДЕНЬ ПРИЁМА ЗАЯВОК!

Конкурс "Я люблю природу"

САБАҚ ЖОСПАРЫ: 2.5. Жай сандар, құрама сандар

Напоминаем, что в соответствии с профстандартом педагога (утверждён Приказом Минтруда России), если у Вас нет соответствующего преподаваемому предмету образования, то Вам необходимо пройти профессиональную переподготовку по профилю педагогической деятельности. Сделать это Вы можете дистанционно на сайте проекта "Инфоурок" и получить диплом с присвоением квалификации уже через 2 месяца!

Только сейчас действует СКИДКА 50% для всех педагогов на все 111 курсов профессиональной переподготовки! Доступна рассрочка с первым взносом всего 10%, при этом цена курса не увеличивается из-за использования рассрочки!

ВЫБРАТЬ КУРС И ПОДАТЬ ЗАЯВКУ
библиотека
материалов

Райымқұлова Салиха Сайфадинқызы,Астана қаласы, Ғ.Орманов атындағы №7 мектеп –гимназия математика пәні мұғалімі

Математика 5 «а» сынып

Сабақтың тақырыбы: 2.5. Жай сандар, құрама сандар

Сабақтың мақсаты: жай сандар мен құрама сандарды ажырата білуге; жай сандар кестесін пайдалана білуге; құрама сандардың бөлгіштерін таба білуге үйрету.

Сабақтың міндеттері:

  • Оқушылар : жай сандар және құрама сандарды ажырата білуге үйренеді , жай сандар кестесін пайдалана біледі, құрама сандардың бөлгіштерін таба біледі .

  • Оқушылардың логикалық ойлау қабілеті мен есептеу дағдыларын жетілдіреді.Белсенділіктері артады , оқушылардың пәнге деген қызығушылығы дамиды.

  • Оқуға саналы сезімге, жауапкершілікке өз бетінше еңбектенуге тәрбиелеу.Тез ойлап , тез қорытуға және сөйлеу мәнеріне тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа білімді бекіту сабағы

Сабақтың әдісі: СТО технологиясына сәйкес оқушылардың баяндауы , сұрақ –жауап.

Сабақтың көрнекілігі: Сабаққа қатысты сызбалар, тірек схемалары, дидактикалық тапсырмалар, таблица

Сабақтың өту жоспары:

1 .Ұйымдастыру бөлімі. Бүгінгі сабақтың тәртібі:

Мұғалімді тыңдаймыз,

Бір-бірімізді сыйлаймыз,

Саспай, асықпай,

Әр сұраққа, қателеспей,

Шуылдамай, қол көтере отырып,

Жауап беруге тырысамыз-деп, мұғалім оқушылардың назарын сабаққа аударады және көңіл-күйлерін бір ортаға тоғыстырады.

2.Сабақтың барысымен таныстыру.

3. Топтарға бөліну. Алдыңғы сабақта құрылған: «Болашақ», «Барыс», «Логика» топтары оқушылар сұрауы бойынша қалдырылды. (Шарты: оқушыларға 2-нің, 5-тің, 10-ның еселіктері жазылған қима қағаздар таратылды. Сол арқылы 3 топқа бөлініп, топ басшысын сайланған, топқа ат қойылған. Еселіктерді кеуделеріне тағып отырады)

Негізгі қағидалар: ешкім шуламайды. Бір топтағы оқушылар кезекпен бір-бірлеп жауап беруі керек. Топ мүшелерінің барлығы бағаланғаны топқа артықшылық береді. Бағалау «+» белгісінің санына және дұрыс нақты жауапқа қойылады.

Сыныптың 2 оқушысы бақылаушы-бағалаушы болады.

Топ басшыларына бағалау парағы таратылады. Оған топ оқушыларының аттары жазылады

3. Үй тапсырмасын тексеру.Топ мүшелері дәптерлерін топ басшысының алдына қояды.

241

Жай сандар: 97, 139, 311, 503, 641, 991

Құрама сандар: 66, 128, 201, 450, 502, 864, 879

242 13,15, 17, 51, 57, , 53, 31, 35, 37, 71,73, 75

Жай сандар: 13, 17, 31,37, 53, 71, 73

Құрама сандар: 15, 51, 57, 35, 75

Бақылаушы-бағалаушылардың біреуі үй жұмысын оқиды. Топ басшылары өздерінің жұмыстарын салыстырып,тексереді. Болған соң мүшелерінің дәптерлерін тексереді

4. Өткен сабақты пысықтауға арналған сұрақтарды жазбаша 3 топқа бөліп беру. Дайын болған топтың оқушыларын кезектестіріп сұрау

«Логикаға» :






«Болашақ» тобына:

1. Құрама сан дегеніміз не?

2. Жұп сандар дегеніміз не?

3. Тақ сандар дегеніміз не?

«Барыс» тобына

1. Егіз сандар дегеніміз не?

2. Кемел сандар дегеніміз не?

3. 1 жай сан ба, әлде құрама сан ба?

«Эратосфен елегі» туралы бақылаушы оқушының мәлімдемесі . Кітап бойынша 70 бет

« Дамыту картасы бойынша кестені толтыру; ойын айткызу:

Не білемін?

Не білгім келеді?

Не білдім?





Не білемін?

Не білгім келеді?

Не білдім?

Жалпы жаңа сабақ туралы не білетінімізді жазамыз

Мені қандай сұрақтар қызықтырады? Сол туралы сұрақ беремін

Бүгінгі сабақтан не үйрендім. Соны жазамыз.

5. Өткен тақырыпты бекітуге берілген есептерді жұптасып топта орындату.

243

1. Жай сандар кестесін пайдаланып, 1-ден 150 –ге дейінгі егіз сандарды жазыңдар

1) 3 пен 5; 2) 5 пен 7; 3) 11мен 13; 4) 17 мен 19, 5) 29 бен 31, 6) 41 мен 43, 7) 59 бен 61,

8) 71 мен 73, 9) 101 мен 103, 10) 107 мен 109, 11) 137 мен 139

2. 28-дің өзінен кіші бөлгіштері: 1,2,4, 7, 14

244-№249

6. Сергіту сәтіне: логикалық есептер.

1. Жыл он екі айдың ішінде 30 және 31 сандары ауысып отырады. Ал 28 саны қай айда кездеседі?

Жауабы: 28 саны барлық айда бар.

2. Үш әке мен алты бала серуенге шықты. Олар 42 алма сатып алды. Бұлардың әрқайсысына 6-дан алма тиді. Бұл қалай болғаны?

Жауабы: 1 ата, 2 әке, 4 немере.

7. Сабақты оқушылардың шығармашылық жұмыстарымен қорытындылау

Топтардың ертегі, рефераттарын, газеттерін қорғауы.

8. Топ басшыларының оқушыларды бағалауы. Мұғалімнің келісімі арқылы бағаның журналға қою

9.Үйге тапсырма: № 246, 249,250

10.Бағалау. Сабақты қорытындылау

«Тыңдағанымды – ұмытпаймын,

Көргенімді – есімде сақтадым,

Қолымен істегенімді - түсіндім.»

hello_html_m5c04b32a.jpg


hello_html_m61a9caba.jpg


hello_html_458108d4.jpg



hello_html_m610dddb5.png






Общая информация

Номер материала: ДБ-087638

Похожие материалы