Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / Сабақ жоспары "Жайлауға саяхат"

Сабақ жоспары "Жайлауға саяхат"



Московские документы для аттестации!

124 курса профессиональной переподготовки от 4 795 руб.
274 курса повышения квалификации от 1 225 руб.

Для выбора курса воспользуйтесь поиском на сайте KURSY.ORG


Вы получите официальный Диплом или Удостоверение установленного образца в соответствии с требованиями государства (образовательная Лицензия № 038767 выдана ООО "Столичный учебный центр" Департаментом образования города МОСКВА).

ДИПЛОМ от Столичного учебного центра: KURSY.ORG


библиотека
материалов

Сабақтың тақырыбы: Жайлауға саяхат

Тәрбиеші: Жұмабаева Г.К

Сабақтың мақсаты:

  • Жыл мезгілдері туралы білімдерін бекіту, олардың ерекшелігін ұғындыру;

  • Жайлауға саяхат жасата отырып, жазғы табиғат өзгерістерін балалардың өз көздерімен көріп, әсемдікті, сұлулықты сезіне білуге, сурет көріністерін әңгімелеп, бейнелей білуге, өз ойларын жеткізе білуге үйрету;

Сабақтың көрнекілігі: Жыл мезгілдерінің суреттері, жемістер мен көкөністер және жайлаудың көрінісі.

Сабақтың әдісі: Сұрақ – жауап, көрнекілік, ойын элементтері.

Сабақтың түрі: Саяхат сабақ.

Сабақтың барысы:


Тәрбиеші:

  • Қане, балалар, қолдарыңды жоғары көтеріп, биікке қарап, қолдарыңда үлкен үрмелі шар бар деп көз алдарыңа елестетіңдерші! Шар жеп – жеңіл, мөп – мөлдір, одан ғажайып бір жылу сезіліп тұр. Оны қолымызға алып, жүрегімізге жақындатайық, жеңіл ұстайық! Сендер қандай да бір жылылықты сездіңдер ме, көңілді бола бастады ма? Балалар қолымыздағы жылуымызды аямайық, қонақтарға да берейік! Жарайсыңдар, балалар! Ал енді, «Шар ұста» ойынын ойнайық. Ойын шарты: қолымыздағы шарды кімге лақтырсам, сол менің сұрағыма жауап береді.

Сұрақтар:

  1. Қанда жыл мезгілдерін білесің?

  2. Жазда күн қандай болады?

  3. Жаз айларын ата?

  4. Қандай жеміс – жидектерді білесің?

  5. Жемістер туралы қандай тақпақ білесіңдер?


Жемістердің бетперделерін киген балалар тақпақтар оқиды.


Наргиз: Мен алмұртпын, алмұртпын.

Аузындамын бар жұрттың.


Мұстафа: Мен жүзіммін, жүзіммін,

Моншақ болып тізілдім.


Диана: Мен алмамын, алмамын,

Таңдай жұлар бар дәмім.


Ғафу: Мен өрікпін, өрікпін,

Табиғатқа көрікпін.


  • Балалар біз енді жайлауға саяхат жасайық. Суретке назар аударайық. Жайқалған жасыл желек, ағаштар, жеміс – жидектер өскен бақ және бақша. Көкөністердің және жемістердің бойында пайдалы дәрумендер өте көп.

Ойын: «Жемістер мен көкөністерді орналастыр» - жемістерді – бақтағы ағашқа, көкөністерді – бақшаға орналастыру.

Сергіту сәті.

Тербеледі ағаштар,

Алдымнан жел еседі.

Кіп – кішкентай ағаштар,

Үп – үлкен боп өседі.

  • Балалар біз енді жайлауға да келіп қалдық. Суретке қараңдаршы. Жайқалған жасыл желекте отар – отар қой, үйір – үйір жылқы жайылып жүр. Алыстан киіз үй көрінеді. Үй жанында пеш және самауыр тұр. Асыл әже пеш жағып жатыр. Сәуле мен Мұрат көбелек қуып ойнап жүр. Олар көңілді.

(Балалар жаз туралы тақпақтарын айтады)

  • Олай болса алдымыздағы жайлауға тез жету үшін келесі бір тапсырманы орындайық. Балалар біздің алаңда қандай ағаштар өседі?

  • Ақ қайың, көктерек.

  • Бұл ағаштардың жапырақтары әртүрлі, біреуі – тегіс, ал екіншісінің жапырағының шеттері тарақ секілді. Мен сендерге тапсырма берейін.

  • «Қай ағаштың жапырағы?»

(Балалар тапсырманы орындайды.)

Сабақты қорытындылау:

  • Ой, балалар, балалар, жайлауға келдік. Міне, Асыл әжейдің де үйіне жеттік. Енді Асыл әжейдің ертегісін тыңдайық. Жайлаудың келбетін қағаз бетіне түсірейік.

Бағалау:

Балалардың сабаққа атсалысуына қарай марапаттап, бағалау. Салынған суреттерінен көрме ұйымдастыру.


Очень низкие цены на курсы переподготовки от Московского учебного центра для педагогов

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 65% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: KURSY.ORG


Общая информация

Номер материала: ДБ-011682

Похожие материалы

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>