Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Конспекты / Сабақ жоспары: "Жеміс пен тұқым"

Сабақ жоспары: "Жеміс пен тұқым"

  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

Пәні: Дүниетану Күні: 20.01.2016 жыл

Сабақтың тақырыбы: Жеміс пен тұқым

Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушыларға өсімдіктердің қалай өсіп, өнетіні жөнінде түсінік беру,сабақта алған білімдерін жүйелеу,сабаққа деген қызығушылығын арттыру.

Тәрбиелілік: Қосымша деректер арқылы оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру, сөздік қорын байыту, шығармашылық ізденіске бағыт беру.

Дамытушылық: Дүниетану пәніне деген қызығушылығын арттыру, өз елін, жерін, табиғаттын аялай білуге , саналыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың типі:Жаңа білімді меңгерту.

Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, түсіндіру, ой шақыру, ой қозғау. Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта,жеміс тұқымдары, суреттер,карточкалар

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық. Үлкенге де сіз,

Кішіге де сіз

Құрметпенен сіздерге

Бас иеміз біз


Бір, екі, үш

Сынып іші, тып тыныш

Жалқаулықты тастаймыз

Дүниетану сабағын бастаймыз.

Үй тапсырмасын сұрау.Үй тапсырмасын сұрақ-жауап арқылы қорытындылау.

І топ: Тамыр

ІІ топ: Сабақ

ІІІ топ: Жапырақ

«Жапырақ» ойыны. Сұрақ-жауап

  1. Тамырдың атқаратын қызметі

  2. Сабақтың атқаратын қызметі қандай?

  3. Жапырақтың атқаратын қызметі?

  4. Тамырдың қандай түрлерін білесің?

  5. Сабақтың түрлерін ата.

  6. Жапырақ қоректі қайдан алады?

Жаңа сабақ.

Қызығушылықты ояту. Жұмбақ шешу 

      1.   Аспай түскен,

            Қайнамай піскен.        (жеміс)

      2.   Көктемде жерге енемін,

            Ылғалда өсіп-өнемін.

            Менің өскен жемісім,

            Қыс бойғы сенің қорегің.       (тұқым)

3. Түрлі – түсті, әдемі,

            Иісі қандай десеңші.

             Көздің жауын алады,

             Шешуін кім табады?        (гүл)

Жұмбақтар не туралы айтылып тұр? (жеміс, тұқым, гүл) Дұрыс айтасыңдар балалар. Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы да осы жұмбақтармен байланысты, олай болса осы атауларға байланысты топқа бөлінейік.

І топ: Жеміс тобы

ІІ топ: Тұқым тобы

ІІІ топ: Гүл тобы

Ендеше, бүгінгі сабақта: Жеміс пен тұқым туралы мағлұмат ала отырып оның табиғаттағы маңызы жөнініде айтатын боламыз.

-Балалар мынау не? (тұқым), тұқымдарды көрсету

-Ненің тұқымы?(әр қайсысын атату)

Жемістерді көрсету - алма, алмұрт, жүзім, құрма т.б.

Интерактивті тақтадан жемістердің қалай өсіп өнетінін,тамыр, сабақ,жапырақ, гул сосын барып жеміс беретінін біртіндеп ашып көрсету.

- Алдымен не көрінеді? (тамыр)

Ол өсіп қайда бекейді? (топырақта)

Содан кейін не пайда болады?(сабақ)

Біртіндеп жапырақ және гүл шығады.Гүл ашылғаннан кейін күлтелері түседі. Гүлдің орнына жеміс пайда болады.

-Қандай жемістің түрлерін білесіңдер? (оқушыларға атату)

Жемістер құрғақ және шырынды болып екіге бөлінеді.

Шырынды жемістерге-өрік, шие,жүзім, қарбыз, қияр т.б жатады.

Ал құрғақ жемістерге- бидай, арпа, жаңғақ, күріш т.б жатады. Тұқымдарда екіге бөлінеді: Сүйекті және Құрғақ.

Сүйекті жеміс- өрік, алхоры, шие.

Жұмсақ тұқымдарға- қызанақ, құлпынай, қияр жатады.

Көптеген өсімдіктердің тұқымын адамдар екпейді. Олар жер, жануарлар, су арқылы тарайды.Шырша мен қарағайдың бүрін тиындар жинап, қысқы қор жинайды. Ол қыста жасырып қойған қорын түгелдей табаалмайды. Көктемде сол желінбей қалған бүрлер өне бастайды. Мынау қарағай бақ- бақ шыршаның тұқымдары.

Дәптермен жұмыс.(Күннің жадын,тақырыбын жазу,сабақтың мақсатын хабарлау)

Мұғалімнің түсіндірмесі:Жеміс-өсімдіктің бізге тартатын сыйы.Жеміс беретін өсімдікті жақсылап күтіп,баптаса мол өнім береді.Ал осы жемістер өсімдікте қалай пайда болады?Бұл сұраққа жауап табу үшін мына суретке назар аударайық. Бұдан ары қарай өсімдік өсіп жетіле келе сабақта гүлдердің пайда болғанын көресің.Өсімдік өсе-өсе келе гүлдің түбі түйінделеді.Бұл «гүл түйіні»деп аталады.Гүл түйіні үлкейіп өскен сайын гүлдің күлтелері солып,түсіп қалады.Сол түйіннен жеміс өсіп жетіледі.Жемістің ішінде тұқым болады.Барлық гүлді өсімдіктердің жемістері шырынды және құрғақ болып екі топқа бөлінеді.Құрғақ жемістердің қабығы қатты,сүйектенген,құрғақ болады.Оларға:емен жаңғағы,грек жаңғағы,бидай, жүгері, арпа, күріш, күнбағыс тұқымшасы т.б жатады. Шырынды жемістердің шырыны мол, жұмсақ болады.Оларға:алма, алмұрт, жүзім, шие, шабдалы өрік т.б жатады.Тұқым мен жемістің пісіп жетілуі әр өсімдікте әр түрлі болады. Ерте гүлдейтін өсімдіктердің тұқымы тез жетіліп піседі.Олар екі-үш аптада-ақ тұқым береді. Өсімдіктер көбіне тұқымдары арқылы таралады.Мысалы: қайың, тал, көктал ағаштарының тұқымдарында ұшатын «қанатшалары» бар.Бақбақ,қоға өсімдіктерінің тұқымдары үлпілдек түкті болады.Сөйтіп кейбір тұқымдарды жел айдап,талай жерге апарып тастайды.Селеу, қарасұлы сияқты өсімдіктердің тұқымдары желмен ұшады да,үшкір ұштарымен өзге жердегі топыраққа қадалады.

Оқулықпен жұмыс. Мәтінді іштей және тізбектей оқыту.

Сергіту сәті.Ойын: «Қай жеміс?»

Ойынның шарты:Үш-төрт оқушыны ортаға шығарып ,көзін байлап,ауыздарына әр түрлі жемістер салынады. .Оқушы сол жемістің атын атап,сипаттап беру керек.

Оқушыларды топқа бөліп, тапсырмалар беру. 

І топ. Кез-келген бір жемістің суретін салу. 
ІІ топ. Кез-келген бір жемісті сипаттап жазу.
ІІІ топ. «Жеміс»тақырыбына 3-4 сөйлемнен тұратын мәтін құрастыру.

Топтық жұмыс  «Суреттер сыры» . Құрғақ және шырынды жемістерді ажыратып жабыстыру.

Сабақты бекіту.Сұрақтарға жауап алу.

-Бүгін қандай тақырыппен таныстық?
-Өсімдіктер не арқылы көбейеді?

-Жемістер нешеге бөлінеді?

-Құрғақ жемістерге нелер жатады?

-Шырынды жемістерге нелер жатады?

-Өсімдік тұқымдары бір жерден екінші жерге қалай таралады?

-Өсімдіктерден жақсы өнім алу үшін не істейміз?

-Жеміс беретін өсімдіктерден басқа да өсімдіктерді қандай мақсатта өсіреміз? т.б

Сабақты қорытындылау.

- ҚР-ның «Қоршаған ортаны қорғау Заңы» бар.Сол заңның 38-бабында «Табиғатты қорғау,оны таза ұстау –әр адамның міндеті» делінген.Демек, оқушылар,келешекті көркейтетін сендерсіңдер!Олай болса,айналамызды көгалдандыруға қатысайық.Табиғатты қорғаңдар!Өсімдіктерді көбірек өсіріңдер!

-Қане,қандай уәде бересіңдер?

-Табиғатым тамаша,

Көз тоймайды қараса.

Жаман бала болмаймыз,

Табиғатты қорғаймыз!

Бағалау.Мадақтау.

Үйге тапсырма. «Тұқым және жеміс» мәтінін оқып,әңгімелеп келу.

Автор
Дата добавления 17.01.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Конспекты
Просмотров145
Номер материала ДВ-349828
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх