Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Биология / Другие методич. материалы / САБАҚ ЖОСПАРЫ "ЖОРҒАЛАУШЫЛАР КЛАСЫ" 7СЫНЫП

САБАҚ ЖОСПАРЫ "ЖОРҒАЛАУШЫЛАР КЛАСЫ" 7СЫНЫП


  • Биология

Поделитесь материалом с коллегами:

Сыныбы: 7 «б»

Сабақтың тақырыбы : Жорғалаушылар класына жалпы сипаттама.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік мақсаты: Оқушыларға жорғалаушылар туралы сипаттама беру,жорғалаушылардың сыртқы, ішкі құрылысы мен тіршілік әрекетінің ерекшелігін көрсете отырып, жер бетіндегі омыртқалы жануарлармен салыстыру.

Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың белсенділігін арттыру, ойлау қабілеттерін, шапшаңдығын дамыту, өз бетімен білім алуға баулу

Тәрбиелік мақсаты: Қоршаған ортаны қорғауға, өз білгенін ортаға салып, бөлісе білуге, ізенушілікке тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, суреттер, қима қағаздар, бағалау парағы

Сабақтың түрі: жаңа сабақты меңгерту

Сабақтың әдісі: топпен жұмыс

Сабақтың құрылымы:

  1. Ұйымдастыру бөлімі – 5 минут

  2. Үй тапсырмасын тексеру – 10 минут

  3. Жаңа тақырыпты игеру – 24 минут

  4. Тақырыпты бекіту – 5 минут

  5. Уйге тапсырма – 1 минут

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі
1. Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу.
2. Оқушы назарын сабаққа аудару

II.Үй тапсырмасын сұрау:

1. Құрбақалар тұқымдасы (жасыл құрбақа)

2. Алғаш құрлықта тіршілік етуге бейімделген төртаяқты омыртқалы жануарлар (қосмекенділер).

3. Құйрықты қосмекенді (тритон).

4. Жетісулық бақатіс тұмсығы (доғал)

5. Қосмекенділер қайда көбейеді (суда)

6. Қосмекенділердің тіршілігі үшін маңызды температура (ылғал)

7. Қосмекенділердің жақсы дамыған миы (ортаңғы)

8. Қызылаяқ бақа қандай өзен аймағында таралған (Шу)

9. Аяқсыз қосмекенділердің ұрықтануы (іштей)

10. Қосмекенділер отряды (аяқсыз)

11. Даната құрбақасы қай өңірде таралган (Алакөл)

12. Өзімізге таныс бақаның түрі (көл бақа)

13. Желбезекпен тыныс алатын омыртқалы жануарлар (балықтар)

III.Жаңа сабақ

Жорғалаушылардың нағыз құрлықта тіршілік етуге бейімделген 8 000-ға жуық түрлері бар. Жорғалаушыларға кесірткелер, жыландар, тасбақалар, құбылғылар, крокодилдер, т.б. жатады. Суда тіршілік ететін түрлері де бар. Бірақ олар екінші рет оралып, суда тіршілік етуге бейімделген. Өйткені атмосфералық ауамен тек өкпесі арқылы ғана тыныс алады. Жорғалаушылардың дене тұрқы, пішіні әр түрлі. Құрлықта, суда, ағаш басында, топырақ астында тіршілік етеді. Оларды зерттейтін зоология ғылымының саласын герпетология (гр. «герпетон» - «жорғалау ілбі дар» + «логия» - ғылым) деп атайды.

Жорғалаушылардың денесі бас, мойын, тұлға, құйрық және бессаусақты аяқтардан тұрады. Жыландарда, аяқсыз кесірткелерде аяқтары жойылған

Жорғалаушылардың терісі құрғақ және онда бездер өте аз. Терінің сырты мүйізді қабыршақтармен, қалқаншалармен, сауытпен қапталған. Мұндай мүйізді түзілістер теріні қүрғап кетуден сақтайды әрі қорғаныш қызметін атқарады. Өсу кезінде терісі үнемі түлеп, түсіп отырады. Жорғалаушылардың қаңқасы бес бөлімнен тұрады. Олар: бас-сүйек, омыртқа жотасы, иық белдеуі мен алдыңғы аяктары, жамбас белдеуі мен артқы аяқтары және кеуде қуысы. Олардың қаңқасында алғаш кеуде қуысы пайда болған. Омыртқа жотасы - мойын, арқа-бел, сегізкөз және құйрық бөлімдерінен тұрады. Саусақтарының ұшында мүйізді тырнақтары бар. Күрделі қозғалыс жасауларына байланысты аяқтарында, жақсүйектерінде, мойнында және кеуде қуысында бүлшықеттері жақсы дамыған. Кеуде қуысындағы қабырғааралық бұлшықеттердің жиылып-босаңсуына сәйкес, ауа өкпеге еніп, қайта шығады.

Жорғалаушылардың асқорыту жүйесі қосмекенділерге ұқсас. Ас қорыту жүйесі ауыз→жұтқыншақ→өңеш→қарын→аш ішек→тоқ ішек→ тік ішек→ клоака.Ауыз қуысының түбінде қозғалмалы етті тілі қорегін ұстауға, айналаны сипап сезуге көмектеседі. Жыланның тілі жіңішке, ұшы екі айыр, ол сипап сезу қызметін атқарады. Халық арасындағы «жыланның уы тілінде» деген ұғым шындыққа жатпайды. Жыланның уы үстіңгі жақсүйекте орналасқан улы тістерінде болады. Сілекей бездері өзгеріп, у бөлетін бездерге айналған. Сілекей бездерінің өзектері ауыз қуысына ашылады. Жорғалаушылар өкпесімен ғана тыныс алады. Өкпесі көптеген кіші ұяшықтардан түрады. Ауа өтетін тыныс мүшелері - жұп танау тесіктерінен, жүтқыншақтан, көмекейден, кеңірдектен және ауатамырлардан тұрады.

Жүрегінің қүрылысы қосмекенділерге ұқсас үш қуысты (екі құлақшадан, бір қарыншадан тұрады). Жорғалаушылар қарыншасының арасын жартылай перде екіге бөледі. Қарыншасы жартылай пердемен бөлінгендіктен, екі қүлақшадан қарыншаға өткен қан онша араласпайды. Жорғалаушылардың да денесіне аралас қан тарайды. Дегенмен артерия қаны көбірек. Крокодилдердің жүрегі толық төрт қуысты (екі құлақшадан, екі қарыншадан тұрады). Бұл кластың отрядтарының өзіндік ерекшеліктері бар. Жорғалаушылардың құрылысы күрделі екі бүйрегі жамбасқа жақын орналасады. Зәр (зәр қышқылы) бүйректе түзіледі. Түзілген зәр екі несепағар түтігі арқылы қуықта уақытша жиналады. Қуықтан клоака арқылы сыртқа шығарылады.

Жуйке жүйесіндегі ми құрылысы күрделене түскен. Алдыңғы ми сыңарларының сыртында жүйке жасушаларының шоғыры (ми қыртысының нышаны) пайда болған. Кейбір түрлерінің аралық миында төбе көзі орналасқан. Ол әсіресе гаттерияда (Жаңа Зеландияның ұсақ аралдарында таралған) жақсы жетілген. Күрделі қозғалыс әрекеттер жасайтындықтан, мишығы да жақсы дамыған.

Жорғалаушылардың сезім мүшелері - көз, құлақ және танау тесіктері. Көзі қозғалмалы қабақты болып келеді. Жыланның қабақтары мөлдір, көздің алдыңғы жағын шыны тәрізді тұтас жауып тұрады. Есту мүшесі-ішкі және ортаңғы құлақ. Иіс сезу мүшесі - танау қуысында орналасады.

Жорғалаушылар - дара жынысты, бәрі де іштей ұрықтанады. Кейбір түрі ұрықтанған жұмыртқа салады, ал кейбір түрлері тірі туады. Қаражылан (гюрза) жұмыртқа салады. Сұржылан, қалқантұмсық ұрпақтарын тірі туады. Соны аңғарған халқымыз «жүмыртқадан жылан да, қыран да шығады», - деп қорытынды жасаған. Жорғалаушылардың дернәсілдері түрленбей, тікелей бірден ересектеріне ұқсас болады. Олар есе келе бірнеше рет түлей, денесінің сыртындағы ескі қабыршақты терісін түсіріп отырады. Жорғалаушылардың көптеген түрлері ылғалы мол әрі жылы тропиктік, субтропиктік, қоңыржай аймақтарда таралған. Кейбір жыландар, кесірткелер құрғақ далалы, шөлейтті, шөлді және биік таулы аумақтарда кездеседі. Суда тіршілік ететін түрлері (жыландар, тасбақалар, крокодилдер) жұмыртқаларын су жағалауындағы жерлерге салады.

Жорғалаушылар зиянды бунақденелілермен қоректеніп, ауыл шаруашылығына пайдасын тигізеді. Адам көпшілік түрлерін тағам ретінде пайдаланады. Терісінен, сауыттарынан әсемдік бүйымдар жасалады. Әсіресе жыландардың уынан қымбат бағалы дәрі-дәрмектер алынады. Қазіргі кезде крокодилдерді, жыландарды арнайы қолдан өсіретін фермалар, тәлімбақтар, жыланханалар ұйымдастырылған.

Тұмсықбастылар отряды

Оның өкілі - гаттерия. Ол - Жаңа Зеландияның ұсақ аралдарында ғана сақталған, өте ертеден келе жатқан жануар. ХТХО-ның Қызыл кітабына тіркеліп, қатаң қорғауға алынған. Гаттерияның сыртқы түрі кесірткеге ұқсас. Дене тұрқы 75 сантиметрдей, салмағы – 0,5-1 кг. Жонында және құйрығының үстіңгі жағында үшбұрышты қабыршақтардан тұратын жалы бар. Төбе тұсында (екі көзінің ортасында) ерекше төбе көзі болады. Сондықтан оны кейде екікөзді гаттерия деп те атайды. Төбе көзінде жарық сезгіш жасушалар орналасқан. Гаттерия түнде белсенді тіршілік етеді. Жыныстық жағынан 20 жылда ғана жетіледі, 8 - 15 жұмыртқа салады. Одан ұрықтың жетілуі 12-15 айға созылады. Гаттерия 50 жылдан астам өмір сүрелі. Өте ертеден бері тіршілік етіп келе жатқандықтан, ол «тірі қазынды» деп аталады.

Қабыршақтылар отряды

Оның өкілдері - құбылғылар (хамелеондар), жыландар, кесірткелер. Құбылғылардың денесі екі бүйірінен қысыңқы, мойны қысқа, құйрығы ұзын. Құйрығы ағаш бұтақтарын орап ұстауға бейімделген. Аяқтарында ұзын бес саусақтары болады. Қорегін ұшы жалпақ ұзын тілін аузынан лақтырып жіберіп үстайды. Үлкен екі көзі біріне-бірі байланыссыз қозғала алады. Денесінің түсі тез өзгеретіндіктен, бұлар құбылғылар деп аталған. Африка мен Мадагаскар аралында кеңі-нен таралған. Ағаш басында тіршілік етеді. Бунақденелілермен, солардың дернәсілдерімен қоректенеді. Көпшілігі жұмыртқа салып, көбейеді Жорғалаушылардың 6 000-нан астам түрі тікелей осы отрядқа жатады. Әр түрлі орта жағдайларында тіршілік етуге бейімделген. Қазақстанда жылан мен кесірткелердің түрлері көбірек таралған.

Жылан - мүшелдік жыл санауға кірген 6-жыл. Жылан қабырғаларының төменгі ұшы бүлшықеттердің арасында бос жатады. Сондықтан денесін ирелеңдетіп, тез қозғала алады. Жыланның бас бөлігіндегі көптеген сүйектер бірімен-бірі қозғалмалы байланысқандықтан, ірі қоректерді оңай жұтады.

Қазақстанда кездесетін жыландардың 19 түрінің төрт түрі улы жыландар. Оған кәдімгі және дала сұржыландары, қалқантұмсық және қара-жылан жатады. Улы жыландар қорегін улы тістері арқылы бөлінетін удың көмегімен үстайды. Жыланның улы бездері үстіңгі жақсүйекте, көздің артқы жағында орналасады. Жылан ұшы екі айыр тілі арқылы айналасын сипап сезеді. Жыланның уы мөлдір, сарғыш түсті, иісі болмайды. Сұржыланның уы көбіне қанға әсер етеді де, қан жасушалары, қан тамырлары зақымданады. Кейбір улы жыландардың (кеңалқым - кобра) уы адамның жүйке жүйесіне әсер етеді. Сондықтан адам есінен танып, сандырақтайды, қорқыныш, үрей туындайды. Сұржыланның жонын бойлай орналасқан ирелеңдеген қара жолағы болады. Қалқантүмсықтың басындағы қалқандары ірі. Көзі мен танау тесігінің ортасында ойыс шұңқыры болады. Қалқантұмсық ойыс шұңқыры арқылы айналадағы температураның өзгерісін сезеді. Қазақстанның оңтүстік аумағында кеңінен таралған. Қазақстанда кездесетін жыланның ерекше түрі - оқжылан. Оның денесі жіңішке, басы шағын, көзі үлкен. Өте жылдам қозғалуына байланысты оқжылан деп аталған. Оның ұсақ улы тістері аузының түбіне таман орналасқан. Оқжылан қорегін аңдып аулайды және көлденеңінен тістен ұстайды.

Тасбақалар отряды

Бұған жататын жануарлардың денесі мүйізді сауытпен қапталған. Қазақстанда дала және батпақ тасбақалары кездеседі. Дала тасбақасы Қазақстанның оңтүстік құрғақ далалы, шөлейтті аймағында кеңінен таралған. Сауыты қоңырқай сарғыш түсті. Аяқтарында төрт сау сақтан болады. Жылына 3 - 4 айдай белсенді тіршілік етеді де, басқа уақыттарда ұйқыға кетеді. Аталықтарының үстіңгі сауыты күмбезденген, ал аналықтарында - жалпақтау. Аталығының құйрығы аналығынан ұзындау, денесі аналығынан кішілеу болады. Аталығы 11-12 жылда, аналығы 12-13 жылда жыныстық жағынан жетіледі. Дала тасбақасы жазғы ыстық мезгілде де, қыста да үйқыға кетеді. Жылына екі рет 4 - 5 жұмыртқа салып, көбейеді. Дала тасбақасы күндіз белсенді тіршілік етеді. Батпақ тасбақасы Жайық өзенінің аңғарында таралған. Оның саусақтарының арасы терілі жүзу жарғақтарымен байланысқан Теңіздерде мүйізді сауыты жоқ жұмсақ терілі тасбақалар тіршілік етеді.

Крокодилдер отряды

Бұлар - жорғалаушылардың жоғары сатыдағы тобы. Крокодилдер отряды 3 тұқымдасқа бөлінеді. Олар нағыз крокодил, қолтырауын және азғы (гавиал) тұқымдастар деп аталады. Халқымыз крокодилді - «тәмсақ», аллигаторды «қолтырауын» деп атаған. Олар көбіне өзен, көлдерде тіршілік етеді. Басында, аналь тесігінің маңында аздаған бездері болады. Тістерінің саны көп. Жүрегі төрт қуысты. Терісі қымбат бағаланады, сондықтан арнайы фермаларда қолдан өсіреді.


ІV. Бекіту:Венн диаграммасы арқылы

Ұқсастығы

айырмашылығы





V. Қорытындылау:

- Бүгінгі сабақта не білдік?

- Не білгіміз келеді?


VІ. Үйге тапсырма:Жорғалаушылар класын оқу


Автор
Дата добавления 13.11.2016
Раздел Биология
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров123
Номер материала ДБ-348243
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх