Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / Сабақ жоспары "Жұрнақ пен жалғау" 2 сынып

Сабақ жоспары "Жұрнақ пен жалғау" 2 сынып


  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

Пәннің аты

Қазақ тілі.

Сабақтың атауы

Жұрнақ пен жалғау

Мақсаты

Жұрнақ пен жалғауға арналған тапсырмаларды орындау арқылы білімдерін бекіту.

Жұрнақ пен жалғауға арналған тапсырмаларды орындау арқылы білімдерін бекітеді

Күтілетін нәтиже

Психологиялық ахуал

Күн күлімдеп нұр төкті, бізге жолдап...

Балалар: Сәлем!

Жақсы сөздер нұр септі, бізге жолдап...

Балалар: Сәлем!

Еске сақтап кеңесті, достарға сыйла...

Балалар: Сәлем!

Кел,қосылып айтайық бір-бірімізге...

Балалар: Сәлем!

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

Түбір сөзге орнынан тұрады, қосымшалы сөзге қол шапалақтайды.

Ана, оқушы, бала, әке, жазушы, құрылысшы, мектеп, білім, мұғалім, балалар.

Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып,ерекше ынтамен кіріседі.

Мағынаны тану

  1. Шағын диктант жазу.

Алып кит.

Мұхитта алып киттер өмір сүреді. Олардың арасында көгілдір киттер бар. Көгілдір киттің баласы пілден үлкен. Жарты жылдан кейін он есе өседі. Мұхитта осындай жануарлар өмір сүреді.


Қосымша мәліметтер беру. ( видео көреді)

  • Көк киттің жүрегінің салмағы – 1 тоннаға дейін жетеді, ал тілінің өлшемі бір пілдің өлшемімен тең.

  • Балықтардың құйрығы тік, ал киттердің құйрығы көлденең орналасқан.

  • Салмақтары ауыр болса да, су бетіне 15-20 секундта оңай шығады. Өйткені сүйектері кеуекті іші майлы заттан жасалған.

  • Олар теңіз суын ішпейді. Өздеріне қажетті суды жеген азықтарынан алады.

  • Олардың сезу және есту мүшелері өте жақсы дамыған. Су астында әр түрлі дыбыстар шығарып, бағыттарын таба алады. Бұл есту мүшесінің қызметі радарлардың қызметімен бірдей.

  • Сақталған майдың есебінен 8 ай бойы ештеңе жемейді. Алайда жаз бойы тәулігіне 2 тоннаға дейін азық жейді.

  • Киттердің сүті қою болады және тіс пастасына ұқсайды.

  • Тісті киттер ірі балықтармен қоректенеді.

  • Киттер мен дельфиндер белгілі бір уақыт жарты миымен ғана ұйықтайды. Себебі олар ауамен тыныс алып, судың бетіне жақын жерде  ұйықтайды.

  • Киттердің жауы – адамдар. Олар тек еті мен басқа да шикізат көздері үшін ауланады. 


Қатесін тексеріп 1-5 ұпай беру

Сергіту сәті

Ал, балалар, тұрайық.
Алақанды ұрайық
Оңға қарай иiлiп
Солға қарай иiлiп
Бiр отырып, бiр тұрып,
Бойымызды созайық
Белiмiздi жазайық.

Ой толғаныс

  1. Көгілдір сөзіне дыбыстық талдау. ( 8 ұпай)

  2. Мына сөздерді сөз құрамына ажырат.

Үйректер, құстардың, малшылар, жазда, жазушы, көкшіл, достық.

( 7 ұпай)

  1. Топтық тапсырма.

 

Өнерпаздар

 

 

 

Арбакештер

 

 

 


Үйге тапсырма

Ереже жаттау. 7-жаттығу.

Күнделіктеріне жазып алады

Бағалау

Ұпайларын санау.

23-25 ұпай – 5

19-22 ұпай – 4

15-18 ұпай - 3


Кері байланыс

Сабақ ұнады ма?

Нені ескеру керек?

Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады




Автор
Дата добавления 02.04.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров475
Номер материала ДБ-003890
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх