Сабақ
барысы:
Ұйымдастыру
кезеңi (5
минут).
Тыныштық сәті.
ҚИЯЛДАҒЫ
ӘЛЕМ: «Орманға
ойша серуен» Мұғалім: Арқаңызды
тік ұстап отырыңыз. Көзіңізді жұмып, терең тыныс алыңыз. Әрбір тыныс алған
сайын неғұрлым көбірек босаңсып, сабырлы болуға тырысыңыз. Қазір біз орманға
серуенге шығамыз. Өзіңіздің сынып есігіне қарай беттеп, есікті ашқаныңызды,
дәлізбен өтіп, далаға шыққаныңызды елестетіңіз. Таза ауаны жұтып, шашыңызды
желбіреткен желдің лебін және бетіңізді сәл-пәл қыздырған күн сәулесін
сезініңіз. Орманға қарай жүре бастаңыз. Келе жатқанда абай болыңыз,
жәндіктерді басып кетпеңіз. Бір минут тоқтап айналаға көз салыңыз. Табиғаттың
әсемдігі мен балғындығын сезініңіз. Гүлдердің біріне жақындап, еңкейіп, оның
нәзіктігі мен жұқалығына зейін салыңыз. Оны иіскеңіз және хош иісін жұтыңыз.
Айналадағы бар нәрсені бақылап, ары қарай жүре беріңіз. Гүлдер, гүлдер мен
ағаштардың иісі, құстардың дауысы және жәндіктердің ызыңы. Орманға ендей
түсіңіз, қараңызшы, ағаштар биіктей әрі қалыңдай түсті. Жарық пен көлеңкенің
ойынын қызықтаңыз, жапырақтардың сыбдырын тыңдаңыз. Біз өзімізді орманда
бақытты әрі қауіпсіз сезінеміз. Алаңқайға шығып, осында бірнеше минут
демалыңыз.
Бізге қалайша жеңіл әрі
тыныш және бақытты сезіну қандай. Табиғат неткен ғажап, оны қалайша
сүйетініміз бен қадірлейтінімізді, бірде бір тірі жәндікке зиян тигізбес үшін
қамқорлық жасауды түсінеміз. Сіздің өз ағашыңыз бар екенін және кез келген
уақытта оған келе алатыныңызды есте ұстаңыз. Ал қазір мектепке қайтуға
дайындалыңыз. Орныңыздан тұрып, айналаға тағы бір көз қырын салыңыз. Келген
жолыңызбен кері қайтыңыз, жолыңыздағы жәндіктерді басып кетпеңіз. Міне,
мектептің алдына да келдік. Айналаңызға тағы бір қараңыз, таза ауаны терең
жұтыңыз, есікті ашып, өз орныңызға қайтып келіңіз. Осы жым-жырттық, тыныштық,
қанағат сезімін өзіңізде сақтаңыз. Көзіңізді ашып, күлімсіреңіз!
|
Баяу
әуен қойылады.
|
Жоспары:
1.Сенім
2.Сүйіспеншілік
3.Екі
ұғымның бір-бірімен үйлесуі
Сенім - адамның қоршаған ортаға және ақиқатқа көзқарасын, қарым-қатынасын анықтайтын түсінік, білім,
елес, идеялар.[1]
Сенім, наным — адамның белгілі бір мәліметтерді, құбылыстарды,
ойлар мен көзқарастарды, пікірлерді еш күмәнсіз қабылдап, мойындауында
көрінетін психиканың ерекше күйі.
1. діни илану, діншілдік наным;
2. сену, нану.
Сенім
— адамның белгілі бір түсініктеріне сәйкес қажеттіліктерін қанағаттандыру жүйесі.
Қажеттіліктерін орындау жолында адам дүниетанымдық көзқарасында, табиғат пен әлеумет заңдылықтары жөніндегі
ұғымдарына, өмір тәжірибесіне сүйене отырып іс-әрекет жасайды. Адамның
адалдығына сеніп, оны құрметтей білу — әдептілік. Сол сияқты бүкіл әлемге жақсылық ойлау адамның тұлғалық
бейнесі. Адам алдына мақсат қойып, оның нәтижелі орындалуына сенім білдіріп,
іс-әрекетке кіріскен кезде ғана, ол жоғарғы нәтижелерге жете алады. Сенім —
адамның ақыл-ойын, күшін, еркін, қабілетін жоғарылататын жағымды сезім. Сенім
— адамның жігерін арттырып, болашаққа құлшындыратын құбылыс (болашаққа сену,
еңбекке сену, жақын адамдарға сену, дінге сену, т.б.). Сенім үміттен
басталады. Сенім адамның алдына қойған мақсатының айқын болуы, дүниетанымының
өмірмен байланыстылығы берік сенімнен туады. Бұл адамның нақты іс-әрекеті мен
тәжірибесіне байланысты.[2]
Жалпы сүйіспеншілік ұғымы —
бүкіл жарық дүниені сүю. Егер адам баласының сүйіспеншілігі бүкіл әлемге,
яғни жанды, жансыз дүниеге (тау, тал, адам, отан, тіл, дін) бірдей болса, нұр
үстіне нұр.
Адам баласының достық сезімі
адаммен бірге жаратылған. Ал бірлігін сақтау жолы, яғни, кілті, ол
сүйіспеншілік пен сенімде. Егер осы сенім адам өмірінен алыстай бастаса,
қоғам әлсірей түсетіні сөзсіз. Біздегі тыныш та бейбіт өмір әлемнің өзге
елдерінде сирек. Бірі ұлтаралық даумен басы қатса, енді бірі лаңкестік
арандатушылыққа бой алдырды, тағы бірі, тойғанын көтере алмай, енді біреуі
түрлі табиғат апатына ұшырауда. Еліміздің мұндай жағдайға ұшырамауының басты
себебі, халықтың бір-біріне деген сүйіспеншілігі мен сенімінің молдығы,
бірлігіміздің жарастығының арқасында.
Адамдар әртүрлі мінез-құлықпен, яғни өмірді түсініп, сүюдегі дәрежесін
әртүрлі етіп жаратылған. Біреудің өмірге деген сүйіспеншілігінің аздығы, бұл
орайда дәл осы кемшіліктің өз бойымызда бар екендігін көбіне мойындамаймыз.
Жаратылысымызда мәңгілік ештеңе жоқ. Жер бетіндегі жалпы құбылыс үнемі
өзгеріске ұшырап, қозғалысқа түсіп, ол мәңгілік жоғалып кетпесе де, бір
күйден, екінші бір күйге ауысып отырады. Осы сияқты жер бетіндегі адам
баласының тыныс-тіршілігі де үнемі қозғалыста. Сондықтан адамзат, қоғам,
дәуір, заман алмасуын қанша рет бастан өткізгені белігісіз. Сол бір
қиын-қыстау кезеңде елімізде өмір сүру, дүниені танып білу сезімінде мейірімсіздік
пайда болып, бір-біріне деген сүйіспеншілігі кеми бастады.
Мәселен, баланың ата-анасына деген
сүйіспеншілігінің жоғалуынан, көптеген қариялар балалары бола тұра, қарттар
үйін паналады. Ананың іштен шыққан нәрестесіне деген сүпіспеншілігінің
жоғалуы салдарынан балалар үйі тастандыларға толды. Халқына, ағайын-жұртына
деген сүйіспеншілігінің жоғалуынан кейбір шенеуніктер дүниеқоңыздыққа
салынып, елге шығын әкелді. Осының барлығы адам баласының, бір – біріне
мейірім шапағатына деген сенім, сезімінің аздығынан болып отыр.
Кешегі өткен қоғамымызда еларалық достық, сүйіспеншілікті сақтау жолында
көптеген жұмыстар атқарылғанымен, өміршең болмады. Оның себебі, ол кезде
сүйіспеншілік, достық қатынастарда жасандылық басым еді.
Ол үшін адамдардың бір –
біріне, жер бетіне деген мейірім шапағатын мойындап, күнделікті тұрмысымызда
бір-бірімізге деген достық, сүйіспеншілігімізді, сыйластығымызды
нығайтуға, кемшілігімізге үлкен кешірімділікпен қарауға тиіспіз. Болмашы
нәрсеге бола бір-бірімізбен араздаспауымыз керек. Досыңның басындағы түрлі
тағдыр істеріне достықпен, аяушылықпен қарауға дағдыланайық. Сондай-ақ «Күлме
досқа, келер басқа»,- деген халық даналығын естен шығармағанымыз абзал.
Cүйіспеншілік, сыйластық, мейірім сезімін адамға жас күнінен бастап тәрбие
арқылы бала бойына сіңіру қажет. Сонда ғана жас ұрпақ бойына отанға,
айналасына деген сүйіспеншілік ұялары анық.
|
|
Шығармашылық жұмыс, (10
минут).
Салт-дәстүрдің
дамуы, жаңғыруы, қолданыстан шығып қалуы халық жойылып бітпей мүмкін емес,
оның дамуы, өзгеруі қоғамдық сана мен танымға байланысты.
Екіншіден,
бүкіл әлемдік жаһандану нәтижесінде ұлттық сипаттың сақталуы алдында
айтылғандай тілге, салтқа, дәстүрге, т.б. үлттық құндылықтарды қорғап
қалуымызға байланысты екендігін айту, осы мәселеге егжейтегжейлі пікірлесу
ұйымдастыру жөн. Кеңестік кезеңде салт дәстүрімізге, тілімізге қатты нұқсан
келген елміз, сондықтан жаһандану дәуірінде «ұлттық қасиеттерді сақтау -
ұлттық борышым» деген пікірлесуді сынып етекшісімен
бірлесіп
өткізудің артықтығы жоқ.
•
Ата салтын сақтау не үшін қажет?
•
Қазақтың ырым-тыйымдары нені уағыздайды?
•
Салт-дәстүрлердің қолданыстан шығып қалуы мүмкін бе? Неліктен?
Қазақтың
ұлттық ойындары, қазақтың ұлттық киімдері, қазақтың ұлттық тағамдары,
қазақтың ұлттық билері, қазақтың ұлттық аспаптары топтарға бөлініп сурет,
схеме презентация негізінде насихаттау.
|
|
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.