Инфоурок Другое Другие методич. материалыСабақ жоспары "Өзін-өзі тану"

Сабақ жоспары "Өзін-өзі тану"

Скачать материал

«ӨЗIН-ӨЗI ТАНУ» ПӘНІ БОЙЫНША САБАҚ ӘЗІРЛЕМЕСІ

 

Оқу орны: М. О. Әуезов атындағы педагогикалық колледжі

Мерзiмі: 

модуль 1   тақырып  №

Тақырып:  Рухани адамгершілік құндылықтар.

Құндылық: Дұрыс әрекет      Қасиеттері: Әлеуметтік және азаматтық жауапкершілік, әділеттілік

Оқытушы: Нұрғазы М.С. Курс:      , студенттер саны:

 

Сабақтың мақсаты: Жастарға рухани тәрбие берудің маңызы

Сабақтың міндеттері:

·         Білімділік:  рухани құндылық көздерін ұғындыру;

·         Дамытушылық: рухани құндылықты бағалай білуге үйрету;

·         Тәрбиелік: рухани құндылыққа тәрбиелеу.

Ресурстар:

 

(құралдар, мәлiметтер) Интерактивті тақта және т.б.

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңi (5 минут).

  Тыныштық сәті.

Нұрға бөлену

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды  шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің  қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз  нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз  тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша  түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Нұр сіздің жүрегіңізге қайта оралды. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын». Мен нұрлы адамға айналдым.

 

 

Баяу әуен  қойылады.

Үй тапсырмасы (15 минут). Парыз-адам бойындағы басты қасиет.

Сенім мен сүйіспеншілік.

 

 

Ескертулер

үй тапсырмаларын сабақта айтады және жалғастырады.

Жаңа тақырыпты түсіндіру. Тақырыбы: Рухани адамгершілік құндылықтар. (20 минут).

 

Жоспары:

1. Рухани құндылықтарға сипаттама

2. Жастарға рухани тәрбие берудің маңызы

 

Оқытушы: Сәлеметсіздер ме ! Бүгінгі біздің қарастыратын тақырыбымыз - «Әрқашан мейірімділік жолымен жүр». Сабақты бастамас бұрын «мейірімділік» сөзін естігенде сіздерде қандай ассоциациялар туатынын анықтайық (студенттер кезектесе өз ойларымен, пікірлерімен, елестерімен бөліседі).

  • Егер ол жыл мезгілі болса
  • Егер ол қандай да бір түс болса
  • Егер ол эмоция болса

Оқытушы: Рахмет! Байқасақ, мейірімділікпен байланысты аталған барлық ассоциациялар позитивті, оң болып келеді, иә? Қалай ойлайсыздар, неліктен? (студенттер өз ойларын білдіреді)

Тұлға мәдениетінің негізі оның жалпыадамзаттық құндылықтарының негізінде көрінеді. «Құндылық» термині болмыстың белгілі құбылыстарының адами, әлеуметтік және мәдени мән-мағынасын білдіру үшін қолданылады. Адам өмірінің өзегі-құндылықтар, ал басқа мақсаттар оған жеткізетін баспалдақтар ғана. Осы қағидаға сүйенсек, қоғамның жаңару кезіндегі жаңаша көзқарастардың бірі - құндылық бағдар. [1]

Қазіргі заманда ғылым мен білім, ақпараттық технология, техника қаншалықты қарыштап дамыған сайын, адамның бойындағы рухани-адамгершілік қасиеттерінің соншалықты төмендеп бара жатқанын күнделікті өмірде көріп отырмыз. Атап айтар болсақ: тастанды бала, қарттар үйі, қатыгездік, табиғатты ластау, ағашты кесу, алдап соғу, жемқорлық, өлтіріп кету, өз- өзіне қол салу, т. б. толып жатыр. Адамзаттың ең асылы –«адам» деп қарайтын болсақ, онда адамның азғындауына не себеп? Әлде заман кінәлі ме?-деген сұрақтар туындайды. Көпшілігі «заманына қарай адамы » деген принциппен өмір суруде. Ал, заманды құрайтын адам емес пе? Міне, сонда барлығы қайтадан адамға келіп тіреледі. Сондықтан күллі әлемді сақтап қалатын бірден- бір жол  рухани адамгершілік білім екені даусыз. Ал, адамның жүрегіне нұр құятын, риясыз сүйіспеншілікпен рухани бастауға жетелейтін, ол – ұстаз.  Рухани- адамгершілік білімнің негізі болып табылатын «Өзін- өзі тану»  жобасының  авторы С. А. Назарбаева «Өмір әдебі» деген кітабында: «Рухани кәусар бұлаққа барар жол іздеу әр адамның міндеттерінің міндеті екендігіне сенімдімін» дей келе, оған тек  жалпыадамзаттық құндылықтарды оқыту арқылы ғана жетуге болатынын атап көрсетті. Сонымен қатар: «Алланың алдында бәріміз бірдейміз. Әрқайсысымыздың жолымыз, өмірлік міндетіміз бар, бірақ бәрімізге ортақ міндет – жан дүниеміздегі  махаббаттың сөнбейтін шырағын жаға отырып, Адам боп қалу!» деп адамшылықты бірінші орынға қояды. Бүгінгі таңдағы жас ұрпаққа беріліп жатқан тәрбиенің түрлерін алып қарайтын болсақ, ақыл-  ой тәрбиесін математика сабағы, дене тәрбиесін дене шынықтыру сабағы  дамытатын болса, патриоттық тәрбиені тарих сабағында, эстетикалық тәрбие музыка, әдеп сабақтарында беріледі. Ал адамгершілік тәрбиесі тек сынып сағатымен шектеліп қалды. Аптасына бір рет болатын сынып сағатында шешімін таппай жүрген түйінді мәселелердің көп екенін ескерсек, тәрбие бағытына уақыттың  қалмайтыны да белгілі. Ал, түсінген кісіге жас ұрпақ тәрбиесі үшін, жалпыадамзат үшін  «Өзін –өзі тану» пәнінің алатын орны ерекше.  Рухани құндылықтар қоғам талабына сай өзгерістерге ұшырап  жаңа нарықтық қоғам салты пайда болды. Бұл жағдайлар адамдардың арасында ізгілік, әділдік, өзара көмек, төзімділік сияқты қарым-қатынастар орнатуына ықпал ететін құндылықтар мен әр жеке тұлғаның шығармашылық мүмкіндіктерінің ашылуы мен оларды жүзеге асыруға түрткі болатын құндылықтарды зерттеу қажеттіліктерін туғызды. Осындай жағдайларда қоғамдық мұраттар мен адамдардың тәлімдік үдерістері өзгерді, сондықтан да білім мазмұнын түбегейлі жаңғырту, әдістерді жаңарту және жастарды оқыту мен тәрбие беру технологияларын жетілдіру қажеттілігі туындады.

Қоғамның осындай қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білімі жобасының авторы, еліміздің Бірінші Ханымы Сара Алпысқызы тұңғыш рет мемлекеттік деңгейдегі өскелең ұрпақты жалпыадамзаттық құндылықтарға үйрету мәселесін көтерді. Жоба авторы «Өзін-өзі тану» білім бағдарламасының мәнін ешкімге еліктемей, өзіндік тұлғасын сақтап қалу; өз мүмкіндіктерін, дарынын дамыта білу; міндетті түрде «жақсы» мен «жаманды» ажырата білу; өзінің ниетіне, сөзіне және іс-әрекетіне жауапкершілікпен қарау; өзімен және қоршаған ортамен жарасымды өмір сүру; адамдарға әрқашан қолынан келгенше көмектесу; өзінің ішкі «Менін» жоғалтпай, ар-ұжданымен өмір сүру; қоғамның игілігі үшін еңбек ету, үнемі кемелденіп отыру деп түсінеді. Мұның барлығы – үйлесімді дамыған адамның негізгі өмірлік ұстанымдары, яғни «Өзін-өзі тану» білім бағдарламасы болып табылады.

«Өзін өзі тану» рухани адамгершілік білім беру бағдарламасының тарихи негіздеріне көз жүгіртіп, қарайтын болсақ, әлемдік рухани тұлғалардың философиялық ойларынан, яғни, Сократтың заманынан бастау алатынын көруге болады.

Ежелгі Грек философиясының көрнекті өкілі Сократ біздің дәуірімізге дейінгі 470 жылы Афинада дүниеге келді. Сократ философиясының басты обьектісі - адам, осы тұрғыдан алғанда, оны адам туралы қазіргі заманғы ғылым, философиялық антропологияның негізін қалаушы деуге болады. Сократ философиясының мақсаты адамды ізгілікке тәрбиелеу деп түсінді және адам оған өзін тану және өзін сынау арқылы жете алады деп сенді. Оның әйгілі «Менің білетінім – мен ештеңе білмеймін, басқалар оны да білмейді», «Өзіңді-өзің танып-біл!»,  «Әр адамның бойында күн бар, нұр бар, тек оның нұрлануына мүмкіндік беріңдер» деген  қағидаларының негізгі мазмұны да осы. [3]

Шәкәрім Құдайбердіұлы 1858 жылы дүниеге келіп өзінің 73 жылдық ғұмырында артына сарқылмастай мол қазына қалдырды. Ш.Құдайбердіұлының философиялық еңбектерінің  негізгі обьектісі – адам болса, байлықтың ең үлкені – ғылым дей келе, «Өзіңді өзің танысаң істің басы...» деп жырлайды.  Мысалы, «Үш –ақ түрлі өмір бар» өлеңінде ол адам өміріне «ортаншы өмір» деген ұғымды қолданады. Бұл – адамның жастық шақ пен кәріліктің арасындағы белсенді өмірі, яғни, осы кезде уақытыңды босқа өткізбей, ғылымға үңілсең – өмірлік мұратыңа жеткенің  - дейді. Шәкәрімге философиялық ойларды жазу оңайға түспейді. Ол бүкіл батыс Европа, Шығыс елдері ғалымдарының, философтарының еңбектерін зерттейді және өз тұжырымын жасайды. Мысалы, «Үш анық» еңбегінде, жалпыадамзатты жаратушы бір күш бар – ол бірінші анық- дейді. Ал, рух өлмейді,  жан мәңгілік - бұл екінші анық - деді. Үшінші анық - ар-ұждан деп, оны білімнен де, ғылымнан да, бәрінен де жоғары қояды.

Аксиология (грек, axios — құңды, logos — ілім) — құндылықтардың табиғаты, олардың әлеуметтік  орны және құндылық әлемінің құрылымы туралы философиялық ілім. Аксиологияның негізгі мәселесі — «Игілік деген не?» деген сұрақты алғашқы болып қойған Сорат екенін  білеміз.    Құндылықтар өмірге, еңбекке, шығармашылыққа, адам өмірінің мәніне баға беруден  тұрады. Құндылықтар қоғам үшін ең маңызды деген әдет-ғұрыптар мен  нормалар  қызметін өзіне бағындырады және реттейді.  Адам өзін қоршаған заттық және рухани әлемді құндылықтар арқылы бағалайды. Құндылықтар — қасиеттер. Қасиетсіз адам жануарға айналып кетеді.Олар бізге  бала кезден,ана сүтімен бірге, ана тілі арқылы, мораль негіздері ретінде, өз тарихын, мәдениетін, әдет-ғұрптары мен салт-дәстүрлерін игеру нәтижесінде орнығады.  Жалтырағанның бәрі алтын емес. Құндылықтарды танудағы ең қиын мәселе – нағыз құндылықтарды жалғандарынан ажырата білу.Құндылықтар әр адам үшін әрт түрлі болады. Реттілігіне қарай, маңыздылығына қарай өзгеріп отырады. 

Оқыту үрдісіне  жалпыадамзаттық құндылықтарды енгізу арқылы адамның рухани өсуіне жағдай жасаймыз.Мәңгілік құндылықтар білімнің негізгі өзегі болып табылады. Жалпыадамзаттық құндылықтарды адамның бойынан жарыққа шығару  ізгілікке апарады, яғни, мінезін өзгертуге болады. Адамның жақсылыққа ұмтылуы, ақиқатқа жүгінуі оның болмысынан ішкі жан дүниесінде бес құндылықтың бар екенінің дәлелі емес пе? Егер осы құндылықтарды ағашқа теңеп  көрсек, ағаштың тамыры – мәңгілік құндылықтар, оны ақиқатқа теңейміз. Ағашқа құятын суды, сүйіспеншілік деп алайық. Егер мәңгілік құндылықтарды, ақиқатты,сүйіспеншілікпен түсінсек, суарсақ, әрқашан әрекетіміз дұрыс болады.Яғни, ағаштың діңі түзу өседі. Әрекетіміз дұрыс болса, ішімізде тыныштық орнайды. Яғни, ағаш бүршік жарады. Ішімізде тыныштық орнаса, біз ешқашан қиянат жасамаймыз, тіпті ойламаймыз да. Яғни ағаш жемісін береді.  Ақиқат, сүйіспеншілік, дұрыс әрекет, ішкі тыныштық, қиянат жасамау -  бұл мәңгілік бес құндылық  адамның ұлтына, нәсіліне, ортасына, дініне қарамайтын, уақытпен өзгермейтін құбылыс.  Адамның руханияты мен мәдениетінің жиынтығы, яғни, ата, әжелеріміздің даналығы. Бүгінгі таңда рухани білім әлемге ауадай қажет болып тұр. Сондықтан әр адамның ақыл ойын жаңғыртып, санасын өзгерту керек, сонда әлем де жаңарып, өзгереді.

 2. «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім- адамзаттың қас жауы. Ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі.» 
Әл-Фараби 
Жаңа кезеңдегі білім берудің өзекті мәселесі- жас ұрпаққа адамгершілік-рухани тәрбие беру. Құнды қасиеттерге ие болу, рухани бай адамды қалыптастыру оның туған кезінен басталуы керек. Халықта «Ағаш түзу өсу үшін, оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда, оны түзете алмайсың» деп бекер айтылмаған. Сондықтан баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық, яғни адамгершілік құнды қасиеттерді сіңіріп, өз-өзіне сенімділікті тәрбиелеуде отбасы мен педагогтар шешуші роль атқарады. Рухани -адамгершілік тәрбие- екі жақты процесс. Бір жағынан ол үлкендердің, ата-аналардың, педагогтардың балаларға белсенді ықпалын, екінші жағынан- тәрбиеленушілердің белсенділігін қамтитын қылықтарынан, сезімдері мен қарым- қатынастарынан көрінеді. Адамгершіліктің негізі мінез-құлық нормалары мен ережелерінен тұрады. Олар адамдардың іс-қылықтарынан, мінез-құлықтарынан көрінеді, моральдық өзара қарым-қатынастарды басқарады. Отанға деген сүйіспеншілік, қоғам игілігі үшін адам еңбек ету, өзара көмек, сондай-ақ қоғамға тән адамгершіліктің өзге де формалары, бұл-сананың, сезімдердің, мінез-құлық пен өзара қарым-қатынастың бөлінбес элементтері, олардың негізінде қоғамымыздың қоғамдық-экономикалық құндылықтары жатады. 
Баланың өмірге белсенді көзқарасының бағыты үлкендер арқылы тәрбиеленеді. Тәрбиелеу, білім беру жұмысының мазмұны мен формалары балалардың мүмкіндігін ескеру арқылы нақтыланады. Адамгершілікке, еңбекке тәрбиелеу күнделікті өмірде, үлкендердің қолдан келетін жұмысты ұйымдастыру процесінде, ойын және оқу ісінде жоспарлы түрде іске асады. Мұндай мақсатқа бағытталған педагогтық жұмыс еңбек сүйгіштікке, ізгілікке, ұжымдық пен патриотизм бастамасына тәрбиелеуге, көп дүниені өз қолымен жасай алуды және жасалған дүниеге қуана білуді дамытуға, үлкендер еңбегінің нәтижесін бағалауға тәрбиелеуге мүмкіндік жасайды. Балаларда ортақ пайдалы жұмысты істеуге тырысу, бірге ойнау, бір нәрсемен шұғылдану, ортақ мақсат қою және оны жүзеге асыру ісіне өздері қатысуға талпыныс пайда болады. Мұның бәрі де баланың жеке басының қоғамдық бағытын анықтайды, оның өмірге белсенді ұстанымын бірте-бірте қалыптастырады. 

Атақты педагог Сухомлинский; «Бала кезде үш жастан он екі жасқа дейінгі аралықта әр адам өзінің рухани дамуына қажетті нәрсенің бәрін де ертегіден алады. Тәрбиенің негізгі мақсаты- дені сау, ұлттық сана сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты, ар-ожданы мол, еңбекқор, іскер, бойында басқа да игі қасиеттер қалыптасқан ұрпақ тәрбиелеу. Ертегінің рухани тәрбиелік мәні зор. Ол балаға рухани ләззат беріп, қиялға қанат бітіретін, жас баланың рухының өсіп жетілуіне қажетті нәрсенің мол қоры бар рухани азық»- деп атап көрсеткен. 
Руханилық- жеке тұлғаның негізгі сапалық көрсеткші. Руханилықтың негізінде адамның мінез-құлқы қалыптасады, ар-ұят, өзін-зі бағалау және адамгершілік сапалары дамиды. Мұның өзі мейірімділікке, ізгілікке шақырады. 
Рухани-адамгершілік тәрбие — бұл дұрыс дағдылар мен өзін-өзі ұстау дағдыларының нормалары, ұйымдағы қарым-қатынас мәдениетінің тұрақтылығын қалыптастырады. Жеке адамның адамгершілік санасының дәрежесі оның мінез-құлқы мен іс әрекетін анықтайды. 
«Жақсымен жолдас болсаң- жетерсің мұратқа, жаманмен жолдас болсаң- қаларсың ұятқа...» ,«Жаман дос жолдасын қалдырар жауға» -деген мақалдардан көруге болады. Мақал-мәтелдер, жұмбақ, айтыс, өлеңдер -адамгершілік тәрбиенің арқауы. Үлкенді сыйлау -адамгершіліктің бір негізі. Адамзаттық құндылықтар бала бойына іс-әрекет барысында, әр түрлі ойындар, хикаялар, ертегілер, қойылымдар арқылы беріледі. 
Адамгершілік-адамның рухани байлығы, болашақ ұрпақты ізгілік бесігіне бөлейтін руханиет дәуіріне жаңа қадам болып табылады. Адамгершілік тәрбиенің нәтижесі адамдық тәрбие болып табылады. 
Ол тұлғаның қоғамдық бағалы қасиеттерімен сапалары, қарым-қатынастарында қалыптасады. Адамгершілік қоғамдық сананың ең басты белгілерінің бірі болғандықтан, адамдардың мінез-құлқы, іс-әрекеті, қарым-қатынасы, көзқарасымен сипатталады.Олар адамды құрметтеу, оған сену, әдептілік, кішіпейілдік, қайырымдылық, жанашарлық, ізеттілік, инабаттылық, қарапайымдылық т. б. Адамгершілік-ең жоғары құндылық деп қарайтын жеке адамның қасиеті, адамгершілік және психологиялық қасиеттерінің жиынтығы. 
Адамгершілік тақырыбы- мәңгілік. Ол ешқашан ескірмек емес. Жас ұрпақтың бойына адамгершілік қасиеттерді сіңіру- ата-ана мен ұстаздардың басты міндеті. Адамгершілік әр адамға тән асыл қасиеттер. Адамгершіліктің қайнар бұлағы- халқында, отбасында, олардың өнерлерінде, әдет-ғұрпында. Әр адам адамгершілікті күнделікті тұрмыс-тіршілігінен, өзін қоршаған табиғаттан бойына сіңіреді. Көрнекті педагог В. Сухомлинский «Егер балаға қуаныш пен бақыт бере білсек, ол бала солай бола алады», — дейді. Демек, шәкіртке жан-жақты терең білім беріп, оның жүрегіне адамгершіліктің асыл қасиеттерін үздіксіз ұялата білсек, ертеңгі азамат жеке тұлғаның өзіндік көзқарасының қалыптасуына, айналасымен санасуына ықпал етері сөзсіз. Ата-ананың болашақ тәрбиесі үшін жауапкершілігі ұрпақтан ұрпаққа жалғасуда. «Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі»дегендей, ата-ананың күн сайын атқарып жүрген жұмысы- балаға үлкен сабақ. Жас балалардың үлкендер айтса, соны айтатынын, не істесе соны істегісі келетінін бәріміз де білеміз. Халқымыздың тәлім- тәрбиелік мұрасына үңілсек, ол адамгершілікті, қайрымдылықты, мейірбандықты дәріптейді. Ата-бабаларымыздың баланы бесігінен жақсы әдеттерге баулыған. «Үлкенді сыйла», «Сәлем бер, жолын кесіп өтпе» деген секілді ұлағатты сөздердің мәні өте зор. Адамгершілікті, ар-ұяты бар адамның бет-бейнесі иманжүзді, жарқын, биязы, өзі парасатты болады. Ондай адамды халық «Иман жүзді кісі» деп құрметтеп сыйлаған. 
Балаларымызды имандылыққа тәрбиелеу үшін олардың ар-ұятын, намысын оятып, мейірімділік, қайырымдылық, кішіпейілдік, қамқорлық көрсету, адалдық, ізеттілік сияқты қасиеттерді бойына сіңіру қажет. Баланы үлкенді сыйлауға, кішіге ізет көрсетуге, иманды болуға, адамгершілікке баулу адамгершілік тәрбиесінің жемісі. Балаларды адамгершіліке тәрбиелеуде ұлттық педагогика қашанда халық тәрбиесін үлгі ұстайды. 

 

 

Қанатты сөздер тізімі:

1.     Адамның адамгершілігін оның жекелеген әрекеттеріне қарап емес,
күнделікті өміріне қарап бағалау керек (Паскаль).

2.      Байлық - қанағат пен еңбекте (Ы.Алтынсарин).

3.     Әрқашанда таза болсын ар - ожданың жүрегің,
Өзгелер де саған адал, әділ болар білемін.
Зорлық қылсаң өзгелерге - өзің жәбір көресің,
Қиянаттың құрбаны боп, қорлықпенен өлерсің. (Мұхаммед Бабыр)

·          

 

Әңгіме. Өсиет әңгіме.

Өсиет әңгіме

Алатаудың көк майсалы баурайында тәкаппар бір терек өсіп тұрады. Ол ешкімді менсінбейді. Төңерегіндегі мәуелеген жеміс ағаштары мен гүл бәйшешектерді көзіне де ілгісі келмеді. «Дүниеде маған тең келер ешкім жоқ. Мен тамырларыммен жерді шеңгелдеп ұстап тұрмын. Ұшар басым көкті құлатпай тіреп тұр», - деп лепірді терек. Оның асқақтығы шектен асты. Күнді жақтырмады: «Осының не керегі бар? Жапырақтарымды сарғайтып жіберетін болды – ау», - деп тыжырынды.

Терек суды да жаратпады: «Су тамырларымды шірітіп жіберетін болды», - деп налыды. Ол желге де мін тақты: «Жел жапырақтарымды шуылдатып, тыныштық бермеді», - деді.

Бір күні теретің бұтағына бұлбұл келіп қонды да, тамылжытып сайрай бастады. Тәкаппар терек біреудің еңбегі мен талантын өзіне иемдене қоюдан аулақ емес еді: бұлбұлды шуылдаған жапырақтарымның бірі екен деп:

Естіп тұрсыңдар ма? Қайсыларыңда осындай жыршы жапырақ бар? – деп екіленеді терек.

Бұны естіген бұлбұл намыстанып, өз жөніне ұшып кете берді.

Менің жыршы жапырағымды сен үзіп әкеттің. Оңбаған қаңғыбас, - деп тілдеді.

Бұны естіген жел де тына қалды.

Терек сәулелі күнге бажырая қарады:

Е,е... кім екен десем, міне, менің шырын жапырағымды құрғатып түсірген сен екенсің ғой, - деді.

Бұны естіген Күн енді қайтып шұғыласын терекке төкпей қойды.

Сыңғырлап ағып жатқан мөлдір бұлақ теректің бұл айтқандары орынсыз екенін айта бастап еді, тәкаппар терек оған ақырып қоя берді:

Өшір үніңді! Сен маған ақыл айтуға әлі жеткен жоқсың, - деді.

Бұны естіген бұлақ енді қайтып теректің тамырын нәрлемейтін болды.

Сөйтіп, күн нұрынсыз, сусыз, желсіз, ауасыз қалған терек аз күнде – ақ қуатынан айырылып, қалжырай бастады.

4 Әңгімелесу. Сұрақ-жауап (талдау)

• Әңгімеден қандай ой түйдің?

Өсиет әңгіменің мәні неде?

Терек айналасындағылармен неліктен осылай қарым – қатынас жасады деп ойлайсыңдар?

Қиянат жасамау дегенді қалай түсінесіңдер?

Өмір-жасампаз деген ұғым нені білдіреді?

 Оқытушы: Ендеше сіздерге бойымыздағы мейрімділікті одан әрі жетілдіруге көмектесетін өміршеңдік ережелерін ұсынамын. Осы ережелерді кез келген өмірлік жағдайларда өз қажеттіліктеріңізге жарата аласыздар (студенттер ережелермен танысып, пікір алмасады).

Өміршеңдік ережелері

Өз күшіңе деген сенімсіздікпен қалай күресуге болады? Кез келген

іске төмендегідей көңілмен кірісейік: иығыңды тіктеп, жаркын

көңілмен, іштей табысқа жетуге талаптанып:

Жігер деген - Мен.

Күш деген - Мен.

Махаббат деген - Мен.

Кешірім деген - Мен.

Құдірет деген - Мен.

Жасөспірім деген Мен.

Жастық деген - Мен.

Денсаулық деген - Мен.

Даналық деген - Мен.

Жаркындық деген - Мен.

Бар ғажайып деген - Мен.

Бәрі маған байланысты.

Бәрі менің қолымда!!! - деп өзіңізді сендіріңіз.

 (5 минут).

 

 

Шығармашылық жұмыс, (10 минут).

Оқытушы: РУХАНИ ҚҰНДЫЛЫҚ – АДАМ ЖАНЫНЫҢ АЛТЫН АРҚАУЫ/ эссе

 

 

 

Топпен ән айту (5 минут).

Өз елім                          

Әні: Нұрғиса Тілендиев

Сөзі: Қадыр Мырзалиевтікі

 

Келгенде көктемі,

Көңілін гүл басқан.

Шырағы көктегі,

Жұлдызбен сырласқан.

Өз елім менің –

Өзегім менің,

Жырыма қосып жүремін.

Төрім деп менің,

Жерім деп менің,

Соғады мәңгі жүрегім.

 

 

Қайырмасы:

 

Түлегі сендер,

Тілегі сендер,

Тірегі сендер сол елдің.

Назары сендер,

Базары сендер,

Ажары сендер сол елдің!

 

Ақ күмбез астығы,

Асқар боп өрлеген.

Жалынды жастығы,

Жүлдені бермеген.

Өз елім менің -

Өзегім менің.

Жырыма қосып жүремін.

Төрім деп менің,

Жерім деп менің,

Соғады мәңгі жүрегім.

 

Қайырмасы:

 

Бұзылмас қамалы,

Батыры уақыттың.

Тербеген самалы,

Бесігін бақыттың.

Өз елім менің -

Өзегім менің.

Жырыма қосып жүремін.

Төрім деп менің,

Жерім деп менің,

Соғады мәңгі жүрегім.

 

 

1.     Үй тапсырмасы (15 минут).

Рухани  құндылықтар-ға  сипаттама

 

Рефлексия

«Үш шапалақ»

Бір рет екі қолмен шапалақтау – сабақ ұнамады;

Екі рет екі қолмен шапалақтау – сұрақтарым бар;

Үш рет екі қолмен шапалақтау – сабақ ұнады, барлығы түсінікті.

 Тыныштық сәтi (5 минут).

Оқытушы: Көзімізді жұмып, еркін жайғасайық. Енді, бүгінгі өткен сабағымыздан нені түсіндік, қандай жақсы нәрселерді үйрендік, өзімізге нені алдық сол жөнінде ойланайық. Осының барлығын жүрегімізге салып, көкейімізге түйіп алайық.  Жайлап, көзеріңізді ашуға болады. Бүгінгі керемет сабақ үшін сіздерге көп рахмет!

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Сабақ жоспары "Өзін-өзі тану""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Руководитель службы приёма заявок

Получите профессию

Бухгалтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 655 278 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 25.05.2016 10269
    • DOCX 31.8 кбайт
    • 64 скачивания
    • Рейтинг: 3 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Нургазы Мадина Турсынгазыкызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Нургазы Мадина Турсынгазыкызы
    Нургазы Мадина Турсынгазыкызы
    • На сайте: 7 лет и 10 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 115557
    • Всего материалов: 26

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Секретарь-администратор

Секретарь-администратор (делопроизводитель)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 284 человека из 67 регионов
  • Этот курс уже прошли 847 человек

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 33 человека из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 152 человека

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 475 человек из 69 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 324 человека

Мини-курс

Успешный педагог: навыки самозанятости, предпринимательства и финансовой грамотности

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 59 человек из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 41 человек

Мини-курс

Развитие предметно-практических действий, игровых навыков и математических представлений у детей раннего возраста

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Разделение имущества при банкротстве: правовые аспекты и мировое соглашение

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе