Инфоурок Начальные классы КонспектыСабақ жоспары өзін-өзі тану

Сабақ жоспары өзін-өзі тану

Скачать материал

 

Сабақ : № 10

Тақырыбы : Әдептілік – әдемілік

Құндылық : дұрыс әрекет

Қасиеттер : сыйластық , сыпайылық , әдептілік.

Сынып : 1

Сабақтың  мақсаты:

Оқушылардың әдептілік, сыпайылық туралы түсініктерін кеңейту, дұрыс әрекет құндылықтарын дамыту.

Міндеттері :

1.     Әдептілік , сыпайылық, ізеттілік  адами  қасиеттер туралы  түсінік беру.

2.     Сыйластық қарым – қатынас  қасиеттерін  дамытуға  ықпал  ету.

3.     Ізеттілікке , сыпайылыққа , әдептілікке, достыққа  тәрбиелеу.

Ресустар ( құралдар, мәліметтер)

Сабақ  барысы:

1.     Ұйымдастыру  кезеңі : «Су асты  патшалығына  ойша  саяхат»   тыныштық  сәті.

Су асты патшалығына ойша саяхат. (Оқушылардан шеңбер құрып отыруды, қолдарын тізесіне немесе үстел үстіне қоюды, аяқтарын айқастырмауды өтініңіз. Арқаларын тік ұстауын қадағалаңыз. Жайлы, баяу музыка қойыңыз).

Мұғалім: Көзіңізді жұмыңыз және бірнеше рет  терең тыныстаңыз; денеңізді босатыңыз. Бірнеше секундтан соң теңіз түбіне саяхат жасаймыз.

Теңіз жағасымен келе жатқаныңызды елестетіңіз. Толқындардың жеңіл шалпылына, шағалалардың шуылына құлақ түріңіз. Жалаң аяқтарыңызбен құмды сезініңіз. Шалғайдан қара нүкте көріп тұрсыз: ол жақындаған кезде дельфин екенін түсіндіңіз. Ол сізді теңіз түбіне алып кету үшін келді. Ол өте әдепті жәндік, сізді шыдамдылықпен күтіп тұр. Жайлап оның арқасына отырыңыз, мықтап ұстап, жолға шығыңыз. Дельфиннің арқасында жайланып отырып, өзіңді қауіпсіз сезіну, су астында жүзу қандай керемет. Жан-жағыңызға қараңыз: мұнда кемпірқосақ тәрізді арлы-берлі жарқырай қалқыған әсем балықтар қаншама. Теңіз түбіне бойлаған сайын айнала қалайша өзгереді, суда тербелген қаншама ғажайып балдырлар. Қараңызшы, қандай орасан зор балықтар, ал енді анау жаққа көз тастаңыз... бұл орасан зор сегізаяқ. Су асты неткен қызықты әрі ғажап әлем. Сіз бір нәрсені байқадыңыз ба? Мұнда неткен тұңғиық, толық тыныштық. Осы тыныштық күйде болыңыз.(Мұғалім бірнеше секунд үнсіз қалады).

Ал қазір жоғарыға,  өз әлемімізге кері қайтуға дайындалыңыз. Айналаға жіті қараңыз. Ғажап түстерге тағы бір рет қараңыз және тыныштыққа құлақ түріңіз. Осындай тыныштық сізге самалдай әсер береді. Енді дельфин кері қарай жолға шықты. Сіз су бетіне шықтыңыз, жағаға жақындадыңыз. Дельфиннің арқасынан түсіңіз, оны сипалаңыз және осындай ғажап саяхатқа апарғаны үшін ризашылық білдіріңіз.

Сыныпқа оралыңыз және өз орныңызға келіңіз. Бірнеше секундтан соң көзіңізді ашыңыз, осы түйсінген тыныштықты өз бойыңызда сақтауға тырысыңыз.

Сұрақ қою

А)Қандай  сезімге  бөлендіңдер

Ә) Балалар тыныштыққа  жете алдындар ма ?

Қорытындылау

Ендеше  балалар осы  тыныштығымызды  сақтап  адамдарға  жақсылық  тілейік.

 

2 . Үй тапсырмасын  тексеру

«Әдеп» Т. Қажыбаев

      Арман  мен Аян  қаланың  ортасындағы  бес  қабатты  биік  үйде тұрады. Екеуі  де  екінші  сыныпта  оқиды.Бір  мектепте оқитындықтан  жолдары да бір. Бүгін  автобустың алдыңғы  орындығына  жайғасқан екеуі  мектепке келе жатты. Бір  аялдамадан  соң  алдыңғы  есіктен қолындағы  сөмкесін әзер  көтеріп бір  әжей  кірді.

      Аян  әжейдің  қасына келіп:

-         Әже, мына орынға   отырыңыз , - деді. Арман болса  қарт  адамды  көрмегенсіп , автобус терезесін  өрнектеген  қырауды саусағымен  шимайлап, теріс  қараған күйі  отыра  берді.

  Екі  аялдамадан  кейін әжей  орнынан  тұрып, түсуге  ыңғайланды  да , сөмкесінен  екі  алма  алып, Аянға  ұсынды.

-         Мә, қалқам, ала ғой.

-         О, не дегеніңіз, рақмет , әже!

-         Алманы орын үшін  беріп  тұрғаным  жоқ. Әдептілігіңе сүйсінген  алғысым  ғой,- деді  әжей  күлімдей  қарап.

Аян  мен  Арман  автобустан түсіп , мектепке  бет алды. Аян алманы жеп келе жатып, төңірегіне  көңілдене қарайды. Арман  қолындағы  алманы бірер  тістегені  болмаса, тұтас  жеп  қоюға  қысылып келеді.

 Сұрақтар   қою.

1)    Аян  мен Арманның орнында сендер  болғанда не  істер  едіңдер ?

2)     Не себепті  Арман  алманы   тұтастай  жеп қоюға қысылып  келеді?

3)    Аянның бойынан  қандай  жақсы  қасиеттерді  байқадың.

Қорытынды: Ендеше  балалар Аян сияқты  әдепті және сыпайы  болуға тырысу  керек, және адамдарға деген сыйластық  болу керек

 

3 . Дәйексөз

«Сәлемдесу – әдептілік  бастауы»  халық  даналығын тақтаға  жазып, мағынасын түсіндіру.

-         Амандасу – кездескен адамдардың бір – біріне  амандық  тілеуі,бір –бірінің  хал – жағдайын  біліп , қуанышқа бөлеуі. Адамның жақсы көңіл  күйімен, шын  ниетпен, адал  сезіммен амандасуы, оның  ізеттілігі мен әдептілігін көрсетеді.Балалардың сәлемдесуіне  қарап – ақ, олардың әдептілігін байқауға  болады

1)    Әдептілік дегенді  қалай түсіңеміз?

2)    Не себепті сәлемдесуді әдептілікке жатқызады?

(2-3 баладан  жатқа  сұрау)

Қорытынды: Балалар амандасу ол адамның әдептілігін , ізеттілігін көрсетеді, ендеше әр қашан әдепті,ізетті болуға  тырысайық.

 

 

4.     Оқиға  айту.

Мәтінмен жұмыс
«Әдептілік»
Ы. Алтынсарин
Бір жұрттың үлкен оқымысты кісісі екінші бір елдің байымен сөйлесіп тұрғанда, қастарынан бір жарлы адам өтіп бара жатып, оқымыстыға келіп, басын иіп сәлем береді.
Оқымысты басын одан да төменірек иіп сәлемдеседі.
Қасындағы бай:
- Тақсыр, осынша біліміңіз бар ғалымсыз. Сөйте тұрып, жарлы адамға соншалық иіліп сәлемдесуіңіздің мәні қалай? - деп сұрайды.
Сонда ғалым тұрып:
Ешбір ғылым - білім үйренбеген ол кісі әдептілік көрсеткенде, мен одан әдепсіз болып көрінсем, лайық па? - деген екен.

Сұрақ қою:
• Жарлы адам мен ғалымның кішіпейілділігі олардың қандай іс - әрекеті арқылы көрінеді?
• Әңгімеден қандай ой қорытуға болады?
Қорытындылау:

Балалар амандасу үшін ғалым болуы міндетті емес амандасу ол біздің әдептілігіміздің белгісі, әдептілік танытып, дұрыс әрекет жасайық.

 

Шығармашылық  жұмыс: Дәптермен жұмыс жасау.

Қорытындылау:

Балалар, әдептілік өзімізден басталады, ол бізді дұрыс әрекетке үйретеді. Әр кез әдпті болайық.

Топпен ән айту.

 

«Балдырғандар әні»

 

Сөзін жазған О.Әубәкіров

Әнін  жазған Ш.Қалдаяқов

 

Қуанышқа  бөленген әр күніміз,

Бақыттымыз, балалар ,барлығымыз.

 

Қайырмасы:

Өмір тым жайдары,

Қызықты қайнары,

Бақшамыз  жайнады.(2 рет)

 

Біз – Отанның  балдырған  ұлдарымыз,

Әдептілік , батылдық – ұранымыз.

Қайырмасы.

 

Қорытынды.

Сыпайы, кішіпейіл, әдепті достарымыз көп болсын!

 

7. Үй  тапсырмасы

Шығармашылық  жұмысты үлгермегендер үйде  аяқтайсындар.

Үй  тапсырмасы: 11 – сабақ, 43 бет

«Әтеш, лақ  және  күшік»  мәтіні .   Ж Мыңтұрғанова.

 

 

8. Сабақтың  қорытындысы.

Баяу музыка ойнап тұрады.Қолдарын тізесіне немесе үстел үстіне қоюды, аяқтарын айқастырмауды өтіну керек. Арқаларын тік ұстауын қадағалауымыз керек.

 

Балалар бүгін қандай қасиеттер мен құндылықтарды үйрендіндер?

-         Сыйластық

-         Сыпайылық

-         Әдептілік

Осы қасиеттерді жүрегімізде  мәнгі  сақтайық.

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Сабақ жоспары өзін-өзі тану"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Противопожарный инженер

Получите профессию

Экскурсовод (гид)

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 611 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 25.11.2015 1121
    • DOCX 24.4 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Хасенова Жулдыз Жумагельдиевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 31922
    • Всего материалов: 9

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Няня

Няня

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Инклюзивное образование в начальной школе

Тьютор

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 51 человек из 28 регионов
  • Этот курс уже прошли 159 человек

Курс повышения квалификации

Психолого-педагогические аспекты развития мотивации учебной деятельности на уроках по русскому языку у младших школьников в рамках реализации ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 44 человека из 25 регионов
  • Этот курс уже прошли 482 человека

Курс повышения квалификации

Ресурсы библиотерапии в работе с детьми дошкольного и младшего школьного возраста

72/144/180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 49 человек

Мини-курс

Сенсорные системы и развитие нервной системы

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 82 человека из 37 регионов
  • Этот курс уже прошли 43 человека

Мини-курс

Стратегии клиентоориентированного бизнеса

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Методические навыки и эффективность обучения школьников на уроках литературы

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
Сейчас в эфире

Информационная интоксикация: методы исцеления

Перейти к трансляции