Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Другое / Конспекты / Сабақ жоспары:Бөлімшенің ұрыстық және жорықтық тәртібі, бөлімшенің ұрыстық әрекеттерін қамтамасыз ету (барлау, жаппай қыру қаруларынан қорғану,жасырыну,қорғау.
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Другое

Сабақ жоспары:Бөлімшенің ұрыстық және жорықтық тәртібі, бөлімшенің ұрыстық әрекеттерін қамтамасыз ету (барлау, жаппай қыру қаруларынан қорғану,жасырыну,қорғау.

библиотека
материалов
hello_html_3377ac0c.gifhello_html_3377ac0c.gifhello_html_m3a853126.gifhello_html_3377ac0c.gifhello_html_2f1d9091.gifhello_html_3377ac0c.gifhello_html_b696599.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m6eb718f9.gifhello_html_3377ac0c.gifhello_html_3377ac0c.gifhello_html_m5731cf58.gifhello_html_3377ac0c.gifhello_html_b696599.gifhello_html_m1b163065.gifhello_html_3377ac0c.gifhello_html_3377ac0c.gifhello_html_d2a993e.gif



hello_html_m21a7811d.pngjpg




Алғашқы әскери даярлық пәнінен

10 сыныпқа арналған

САБАҚ ЖОСПАРЫ




Тақырыбы: Бөлімшенің ұрыстық және жорықтық тәртібі, бөлімшенің ұрыстық әрекеттерін қамтамасыз ету (барлау, жаппай қыру қаруларынан қорғану,жасырыну,қорғау.




АӘД пәні оқытушы-ұйымдастырушысы: А.Молдабеков






D:\Мои рисунки\Новая папка\1321631857_m0q6sf4wtb1uza5.jpeg















2015-2016 оқу жылы

«Бекітемін» Мектеп-гимназия директоры

__________Ө.Р.Табынчаев

«_____»____________2016жыл

Алғашқы әскери дайындық пәні

САБАҚ ЖОСПАРЫ №26


Сабақтың тақырыбы: Бөлімшенің ұрыстық және жорықтық тәртібі, бөлімшенің ұрыстық әрекеттерін қамтамасыз ету (барлау, жаппай қыру қаруларынан қорғану,жасырыну,қорғау. Инжинерлік,химиялық,тылдық және техникалық қаматамасыз ету) . бөлімшені басқару, ұрыс кезіндегі сарбаздардың мінтеттеріjpg

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға мотоатқыштар бөлімшесінің ұрыс

жүргізу реттері туралы жалпы мағлұмат беру.


Уақыты: 45 минут.

Өткізілетін орны: БӘД кабинеті

Өткізілетін күні: 10 «А» сыныбы ______________ 2016жыл.


Көрнекілік құралдар: Плакаттар, АӘД оқулығы.

Сабақтың барысы:


а) Ұйымдастыру кезеңі – 3 минут.

Взвод командирі оқушыларды сапқа тұрғызады, оқытушыға рапорт береді, амандасу, түгендеу, оқушылардың сырт көрінісін тексеру.

ә) Өтілген тақырыпты сұрау кезеңі – 7 минут.

  • жалпы әскери ұрыс дегеніміз не?

  • қазіргі жалпы әскери ұрыстың негізгі белгілерін атаңдар.

  • қазіргі ұрыстың түрлерін атап, оларға сипаттама беріңдер.

  • қарсыласқа зақым келтіру құралдары туралы айтыңдар.

б) Негізгі бөлім – 25 минут.

Мотоатқыштар бөлімшесінің жорық, ұрысқа кіру және ұрыс реттері.

Орындалатын жауынгерлік міндетке, қарсыластың қимылы мен жергілікті жерге байланысты бөлімшелер: жорық, ұрысқа кіру және ұрыс реттерінде әрекет етуі мүмкін.


Жорық реті - бөлімшелерді қозғалыс үшін лек сабына тұрғызу. Бұл кезде машиналар командир тағайындаған арақашықтықты сақтай отырып, бірінің артынан бірі жүреді. Жаяу ретте жылжыған кезде мотоатқыштар бөлімшесінің реті – 1 немесе 2 лек, ал взводтың жорық реті – 3 немесе 2 лек бойынша жасалады.


К- командир; МВ- механик-жүргізуші;

НО-көздеушіоператор; ПГ-көмекші гранататқыш;

П- пулеметші; СГ- гранататқыш;

С- атқыш; СС- аға атқыш.

Суретте жаяу ретте екі лек бойынша жылжыған мотоатқыштар бөлімшесінің жорық реті.

Ұрысқа кіру реті – маңдайшеп пен тереңдікке бөлінген бөлімшенің белгіленген аралық және арақашықтық бойынша сапқа тұруы. Ол бөлімшені ұрыс алаңына шығару, сонымен бірге ұрыс барысында немесе қарсылас тереңдігінде жылжу кезінде қолданылады. Ұрысқа кіру реті бөлімшенің артиллерия атысы мен авиация соққысына мейлінше аз тәуелді болуын, оларды ұрыс ретінде тез жазылуын, ұрыс барысында қозғалыстың жоғарғы екпініне қол жеткізуді және бөгеттер мен қиратулардан тез кетуді қамтамасыз етуге тиіс. jpg

Мотоатқыштар бөлімшесі үшін ұрысқа кіру реті болып, оның жорық реті – лек саналады.

Ұрыс реті дегеніміз – ұрыс үшін күшейту құралдарымен бірге бөлімшенің сапқа тұруы. Ол орындалатын міндетке, қарсылас қимылына, бөлімшедегі күш пен құралдардың болуына және жергілікті жер сипатына байланысты құрылады.

Жаяу рет қимылындағы шабуылда мотоатқыштар бөлімі, взводы және ротаның ұрыс реті – тізбек болып табылады. ЖҰМ (БТР) бұл кезде тасадан тасаға 400м қашықтықта өз бөлімшесінің соңынан жылжып отырады және оны өз атысымен қолдайды. Мотоатқыштар бөлімі ЖҰМ-нан (БТР) жаяуланудан кейін лектен тізбекке жазылады. Тізбектегі жауынгерлер арасындағы аралық 6–8м, яғни 50м-ге дейін болады.

ЖҰМ (БТР) қимылдайтын мотоатқыштар взводының ұрыс реті – машиналар арасындағы аралық 100м-ге дейін болатын ұрыс желісі. Атқыш – зенитшілер тізбек артынан ЖҰМ (БТР) немесе жаяу ретпен жүріп отырады және әуе нысаналарына атыс жүргізеді. Мотоатқыштар взводының майдан бойынша 400м-ге дейін және тереңдік бойынша 300м-ге дейін тірек пункттері орналасады. Ол бөлімше бекінісінен ЖҰМ (БТР) атыс бекінісінен және күшейту құралдарынан тұрады. Взводтың тірек пункттерінде және оның қапталдарында взвод командиріне бағынбайтын танкілер мен танкіге қарсы құралдар бекініске ие болуы мүмкін.

Мотоатқыштар ротасы тірек пунктін қорғайды. Ол мотоатқыштар взводтарының тірек пункттерінен және танкілер мен танкіге қарсы құралдардың атыс бекінісінен тұрады.

Ұрыстағы өзара қимыл және оның мәні. Қазіргі заманғы ұрыста бір мезгілде және бірлесе отырып, мотоатқыш, танк, ракета, артиллерия, минаатқыш, зенит бөлімшелері мен арнайы әскер бөлімшелері жалпы міндетті шешеді. Өзінің құрамы мен қарулануына байланысты бұл бөлімшелер белгілі бір жауынгерлік мүмкіндікке ие және белгілі бір нақты міндеттерді шешуге қабілетті.

Әскердің әр түрі мен арнайы әскер бөлімшелерінің қимылын, олардың ұрыстағы жауынгерлік мүмкіндіктерін барынша пайдалану мақсатында, сондай-ақ көршілес қимылдайтын бөлімшелер қимылын келістіру үшін өзара әрекет ұйымдастырылады. Оның мәні – міндеттер, шептер және уақыт бойынша келісілген ұрыс қимылдарымен, жауынгерлердің, әскерлердің барлық түрлері, арнайы әскер бөлімдерінің өзара көмегімен, сонымен бірге ұрыстың жалпы мақсатына жету мүддесіндегі көршілердің өзара көмегімен сипатталады. Жауынгерлер мен бөлімшелердің үздіксіз және нақты өзара қимылы ұрыста жеңіске жетудің қажетті шарты болып табылады. jpg

Өзара қимыл бөлімшелер арасында және олардың әрбірінің өз ішінде жүзеге асырылады.

Бөлімшелер мен атыс құралдарының арасындағы өзара қимылды шешуші мәні – жауынгерлік міндеттерді өзара түсіну, қажетті көмек көрсету, әсіресе атыспен үзіліссіз байланысты қолдау.

Бөлімшелер арасындағы өзара қимыл ЖҰМ (БТР), пулеметшілер, гранататқыштар және атқыштар арасында ұйымдастырылады.

Бөлімшелерді және атысты басқару. Бөлімшелердің жауынгерлік міндетті табысты орындауына командир жауап береді. Ұрыстағы командирдің маңызды міндеті – атысты басқару. Атысты басқаруға мыналар жатады: нысана барлау; оның маңыздылығын бақылап, зақымдау кезектілігін анықтау; нысананы мүмкіндігінше тиімді қирата алатын қаруды таңдау; атыспен маневрлеу; оқ – дәрінің жұмсалуына бақылау.

Бөлімшені басқару - бөлімше қимылын ұйымдастыру және ұрыс барысында оған тұрақты жетекшілік жасау. Бөлімше командирі ұрысты жергілікті жерде ұйымдастырады. Ол жауынгерлік міндет алғаннан кейін, қалыптасқан жағдайда оны бағалайды және түсіндіреді, шешім қабылдайды, ауызша әскери бұйрық береді және өзара қимылды ұйымдастырады. Содан кейін ұрысқа жеке құрамды, қару – жарақты, ұрыс машинасын дайындауға жетекшілік етеді.

Ұрыста бөлімше командирі өз бөлімшесімен көршілер қимылы, қарсылас, жергілікті жер жақсы байқалатын жерде тұрады.

Атысты басқарудың тәсілдері. Командир жауынгерлер мен бөлімшелер қимылын белгілер мен пәрмендер бере отырып басқарады. Пәрмендер дауыстап, радио немесе телефон арқылы беріледі. Сигнал беру үшін шартты белгілер қолданылады. Мысалы: «Шабуыл белгісі – 333», «Әуе қарсыласы белгісі – 555». Сондай – ақ, ракеталар, әр түрлі дыбыс құралдары, жалаушалар және қол шаммен беріледі.

Түндегі ұрыс. Түндегі ұрыс бөлімше үшін негізінен күндізгідей жүргізіледі. Түнде ұрысты табысты жүргізу, жауынгерден, жоғары машықты, біліктілікті, батылдықты және моральдық – психологиялық дайындықты талап етеді.Жауынгер түнде жауынгерлік міндетті шешуге тыңғылықты дайындалуы керек, ол жергілікті жерде тез бағдарлай білуге машықтанып, түнгі көру аспаптары мен компастарын қолдана алуы тиіс, жеке қарудан дәлдеп атуды жүргізіп, жергілікті жер кенеттен ракета, жарықтандырғыш авиабомба және прожектор сәулелері арқылы жарықтанған кезде дұрыс қимылдауы керек. jpg


в) Қорытынды бөлім – 10 минут.

Сұрақтар мен тапсырмалар:

  • мотоатқыштар бөлімшесінің, взводының, ротасының жорық реті туралы айтыңдар.

  • бөлімшенің ұрысқа кіру реті дегеніміз не?

  • бөлімшенің жорық реті туралы не білесіңдер?

  • ұрыстағы өзара қимыл және оның мәні.

  • ұрыста бөлімшені кім басқарады және оны қалай ұйымдастырады?

  • бөлімше командирі бөлімшені және атысты басқарудың қандай тәсілдерін қолданады?

түнде ұрыс жүргізу үшін жауынгерге қандай талаптар қойылады?


Алғашқы әскери дайындық пәнінің

ұйымдастырушы оқытушысы: А.Молдабеков


















Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 11.02.2016
Раздел Другое
Подраздел Конспекты
Просмотров679
Номер материала ДВ-442320
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх