Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Химия / Конспекты / Сабақ жоспары:"Химияның тұрмыстағы және адам өміріндегі маңызы"

Сабақ жоспары:"Химияның тұрмыстағы және адам өміріндегі маңызы"

  • Химия

Поделитесь материалом с коллегами:

Пәні: Химия

Сыныбы: 11 «б» сынып


Пән мұғалімі: Мустафина Аққағаз Битанқызы


Сабақтың тақырыбы: Химияның тұрмыстағы және адам өміріндегі маңызы.


Сабақтың мақсаты:


а) Білімділік.XXI ғасыр-химия ғасыры.Күнделікті тұрмыста

қолданылатын химиялық заттар,олардың пайдасы мен

зияны,химиялық элементтердің адам ағзасында

атқаратын ролі туралы нақты түсінік қалыптастыру.

б)Тәрбиелілік.Оқушы-жеке тұлға.Оқушыларды өз ойын,

пікірін еркін айтуға тәрбиелеу.

в)Дамытушылығы.Химия ғылымына деген дүниетанымдық,

диалектикалық көзқарастар қалыптастыру.Ғылыми

түсініктерін молайту

.

Сабақтың типі: Дәстүрлі емес сабақ.


Сабақтың түрі: Дебат сабақ


Сабақтың әдісі: Баяндау,сұрақ-жауап,сынақ алу,лабороториялық тәжірибе.


Пән аралық байланыс: Биология,медицина.


Сабақтың көрнекілігі: Слайд түрлері,видеороликтер,интернет материалдары.


Сабақтың жүрісі:

I.Ұйымдастыру.

II.Жақтаушы жақтың «Қоспалар» тобының кейсі.

III.Даттаушы жақтың «Таза заттар» тобының кейсі.

IV.Лабороториялық тәжірибе.

V.Қорытынды сауалнама.(activоte)

VI .Үйге тапсырма.

VII.Бағалау.


Сабақтың барысы:


I.Жақтаушы «Қоспалар» тобының кейсі.

Резолюция «Қайда қарасақ та,қайда көз жіберсек те,көретініміз-

химияның ғажайыптары».

II.Даттаушы «Таза заттар» тобының кейсі.

Резолюция «Химиялық заттар адам денсаулығына кері әсерін тигізеді».


Бастаушы: «Қоспалар» тобының жетекшісі-Үсенова Айнамкөз ханым,

спикерлері-Бисенбай Назгүл ханым,Сағын Махамбет мырза.

«Таза заттар» тобының жетекшісі Бектұрсынова Гүлдана ханым,

спикерлері-Есенәлі Айдана ханым,Хасанов Райымбек мырза.


Бастаушы: Бірінші сөз «Қоспалар» тобының спикері Бисенбай Назгүл ханымға беріледі.

Назгүл: Сәлеметсіздер ме;тыңдарман қауым және құрметті оппоненттер.

«XXIғасыр- химия ғасыры» деген дәрумені бойынша ойымды жеткізбекпін.

Біз күнделікті тіршілігімізді суды пайдаланудан бастаймыз.

1)Судың өзі де химиялық элементтерден тұрады ғой.

XX ғаырдың 60-жылдарынан бастап дәмді,хош иісті,қоректік қасиеті мол

жасанды тағамдар жасау қолға алынды.

2)Біздің ғалымдарымыз биотехнологиялық әдіспен қазіргі күні қара уылдырық,

албырт (ласось) еті,сорпалар (тауық,сиыр еті,балық),мармеладтардың әр түрлі

сорттарын,шырындарды алып,көпшілікке усынып та отыр. Слайд № 5,6

3)Көптегенсинтездік жолмен алынған дәрі-дәрмектер адам денсаулығын

қорғайды,қалпына келтіреді,жақсартады.

Мысалы: өзімізге таныс аспирин,анальгин сияқты дәрілер ауырғанды басып,

жүйкені тыныштандырады,бірақ есірткіге жатпайды. Слайд № 7

4)Қазіргі кезде ғылым мен техника жетістіктері нәтижесінде тұрмыс химиясы зор

қарқынмен дамуда.Жуғыш заттар,тазартушы,зарарсыздандырушы заттар,

жиhаз бен еденді сүртуге,зиянды жәндіктер мен өсімдіктерді жоюға арналған

препараттар,ағартушы және рең беруші заттар,желімдер,түрлі лактар мен бояулар

т.б. Слайд № 8

Бастаушы: Келесі сөзді «Қоспалар» тобының спикері Сағын Маханбет мырзаға береміз.

Маханбет: Мен сөзімді бастамас бұрын «Хлордың ағартқыштық қасиетіне» видеоролик

көрсетпекпін.

1)Бір ғана хлордың ағартқыштық қасиетін пайдаланып «Ас»,

«Белизна» сияқты жуғыш заттар,ал бактериацидтік қасиетін пайдаланып,

қаншама ұнтақтар жасалынады.Гигиеналық және косметикалық,химиялық

заттарға:жуғыш заттар,сусабындар,лосьондар,кремдер,сабындар жатады.Слайд №9

2)Шашты күтуге арналған заттар-жоғары май қышқылдарының калий тұздарынан,

хош иіс беретін және әртүрлі түс беретін қоспалардан,зарарсыздандырғыштардан,

толықтырғыштардан т.б заттардан даярланады. Слайд №10

3)Тісті күтуге арналған маңызды заттарға тіс пасталары жатады. Слайд №11

4)Дезодаранттар немесе жағымсыз иісті болдырмайтын заттар да бар.

Дезодаранттар: терімен бөлінген метоболизм өнімдерінің айырылуын тежейді,

тердің бөлінуін азайтады. Слайд №12

Бастаушы: Келесі сөзді «Таза заттар» тобының спикері Есенәлі Айдана ханымға береміз.

Мен сөз сойлеген оппонненттерімді тыңдай келіп «Табиғи заттарды тұтынудың

залалы жоқ» деген аргумент бойынша ойымды түйіндеймін.

Әлем халқы өркениетке жеткен сайын,өндірістің дамуы халықтың әл-аухатын

көтерді. Ғылыми прогрестін жемісі адам игілігіне жұмсалуда.Дегенмен осы даму

жаңа проблеманы,қиын проблеманы өмірге әкелді.Завод,фабрикалардан шыққан

химиялық қоспалар мен түтіндерден ауа ластанды.Соның кесірінен аллергиялық

аурулар,тыныс жолдарының аурулары т.б көбейді.Күнделікті қарапайым тұрмыста

пайдаланатын жуғыш затардың адам денсаулығына зияндылығы қаншама.

Слайд №13

Видеороликке көңіл аударыңыздар. Видеоролик «Жуғыш заттардың зияны».

Бастаушы: Келесі сөзді «Таза заттар» тобының спикері Хасанов Райымбек мырзаға

береміз.

Райымбек: Қазіргі ішкен тамағымыздың өзі химиялық қоспалардан тұрады. Слайд №14,15

Бүкіл жер жүзінде ең ұзақ өмір сүрген адам Англияның ең ірі сүт-май фермасының қожасы Карне 207 жасқа келген.Ол өмір бойы табиғи сүт,айран,ірімшік т.б жеңіл тамақтар ішкен.Қазіргі кезде табиғи тамақты кездестірудің өзі де қиын. Мына видеороликке көңіл аударыңыздар: Видеоролик «Қоспасыз тағам»



Бастаушы: Келесі сөзді «Қоспалар» тобының жетекшісі Үсенова Айнамкөз ханымға

береміз.

Айнамкөз: Айтқандарыңыздың бәрі орынды.Дегенмен Д.И.Менделлевтің периодтық

жүйесіндегі химиялық элементтердің көпшілігі адам ағзасында кездеседі.

Слайд № 16

Адам ағзасында ең кем дегенде он металдың болатыны анықталған.Олардың

кейбіреулері болмашы мөлшерде ғана керек болуы мүмкін.Бірақ сәл

жетіспесе,организмге қиындық туғызады,ауруға себепкер болады.Қалай

айтқанда да,химиядан қашып кете алмайсың.

Бастаушы: Келесі сөзді « Таза заттар» тобының жетекшісі Бектұрсынова Гүлдана ханымға

берейік. Сол қажетті элементтерді табиғи тамақ өнімдері арқылы қабылдасақ

денсаулыққа соншалықты зиян келмес еді. Слайд № 17

Бастаушы: Келесі қорытынды сөзді химия пәнінің мұғалімі

Мустафина Аққағаз Битанқызына берейік.

Аққағаз: Химиялық заттардың пайдалы да,зиянды да жақтары бар екені рас. Дегенмен,

қазіргі ғасыр-химия ғасыры.Химия дамымаса ғылыми-техникалық прогресс

дамымас еді.Ол үшін әрбір адам сауатты,тамақтану мәдениетін білгені де жөн

дер едім.Химиялық жуғыш заттарды,гигиеналық-косметикалық заттарды

пайдаланған кезде қауіпсіздік ережелерін де білгені дұрыс.

Пайдалы кеңестер.

Өзімізге қажетті химиялық элементтерді күнделікті тамақ құрамынан алып отырамыз.

Мысалы: Иод-теңіз капустасы,теңіз балдырлары мен балық өнімдері құрамында кездеседі.Слайд №18

Темір-етте,алмада,апельсинде т.б кездеседі.Слайд № 19

Калий,магний-жаңғақтардың құрамында.Слайд № 20

Кальций-сүт өнімдерінде: сүзбеде,айранда т.б кездеседі.Слайд №21

Басқада адам ағзасына қажетті барлық химиялық элементтерді және витаминдерді жеміс-жидектер арқылы қабылдаймыз.

IV. Лабороториялық тәжірибе.

Слайд № 22

1)Картопта крахмал бар екенін анықта.

2)Қантта көмір бар екенін анықта

V. Қорытынды сауалнама.(Activote арқылы)

Слайд № 23

1. Қызылша қанты? а)крахмал ә)глюкоза б)сахароза

2. Картопта болатын органикалық зат? а)крахмал ә)глюкоза б)сахароза

3. Жүйкені тыныштандыратын дәрілер құрамында болатын химиялық элемент? а)хлор ә)фтор б)бром

4. Лимонда ,асқабақта,сәбізде болатын қышқыл?

а)аскорбин қышқылы ә)алма қышқылы б)сүт қышқылы

5. Темекі түтінінде кездесетін радиоактивті элемент?

а)селен ә)теллур б)полоний

6. Жемсау немесе зоб ауруы қай элементтің жетіспеушілігінен туындайды?

а)хлор ә)фтор б)иод

7. Күнделікті тағамға қолданылатын тұз?

а)натрий сульфаты ә)натрий хлориді б)натрий нитраты

8. Гемоглобин құрамында қай элемент жетіспеушілігінен қаназдық (анемия) ауруына ұшырайды? а)магний ә)темір б)калий

VI. Үйге тапсырма.

Слайд № 24

VII.Бағалау.

Group 13hello_html_27c8c30d.pnghello_html_27c8c30d.pnghello_html_27c8c30d.pnghello_html_27c8c30d.pnghello_html_27c8c30d.pnghello_html_27c8c30d.pnghello_html_27c8c30d.pnghello_html_27c8c30d.pnghello_html_27c8c30d.pngGroup 1315 Сүлеймен Карабалин атындағы жалпы орта білім беретін мектеп



hello_html_m2e455848.gif







Тақырыбы:

Химияның тұрмыстағы,

адам өміріндегі маңызы

11 сынып


Пән мұғалімі: Мустафина А.Б







Group 13

Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 04.09.2016
Раздел Химия
Подраздел Конспекты
Просмотров144
Номер материала ДБ-177008
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх