Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Информатика / Конспекты / Сабақ жоспары:"Массивтерге қолданылатын амалдар. Екіөлшемді массивтер " (9 сынып)

Сабақ жоспары:"Массивтерге қолданылатын амалдар. Екіөлшемді массивтер " (9 сынып)



Осталось всего 2 дня приёма заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)


  • Информатика

Поделитесь материалом с коллегами:

hello_html_m514e1468.gif8 сабақ

Сыныбы: 9


Сабақтың тақырыбы: Массивтерге қолданылатын амалдар. Екіөлшемді массивтер

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға айнымалының саналатын және шектеулі типтері “жиым” ұғымы,бірөлшемді жиым туралы толық мағлұмат беру; Оқушыларды бірөлшемдіжиымдарға есептер шығаруға үйрету

Дамытушылық : Оқушыларды айнымалының саналатын және жиым ”ұғымы,бірөлшемді жиым туралы толық мағлұмат бере отырып,программа құру дағдыландыру, логикалық ой-өрісін дамыту;

Тәрбиелік: Оқушыларды адамгершілікке,ұқыптылыққа және жауапкершілікке тәрбиелеу

Сабақтың түрі: аралас

Сабақтың кезеңі:

Ұйымдастыру

Үй тапсырмасын тексеру

Жаңа сабақты түсіндіру

Сабақты бекіту

Үйге тапсырма


Өткен тапсырма бойынша қайталау сұрақтары

  • Саналатын және шектеулі тип дегеніміз не?

  • Сызықтық және тіктөрбұрышты кестенің айырмашылығы қандай?

  • Массив деп нені айтамыз?

  • Массивтар қалай сипатталады?

  • Индекс дегеніміз не?

  • Бір массив жиым дегеніміз не?

  • Қарапайым және күрделі типтерді қалай ажыратамыз?


Екі өлшемді жиымдар

 

Кезкелген элементін беру үшін екі индекс талап етілетін жиым екі өлшемді жиым деп аталатынын еске саламыз. Әдетте, жиымды қатарлары мен бағандары бар кесте түрінде береді. Сонда қатар нөмірі-жиымның бірінші индексін, баған нөмірі-жиымның екінші индексін көрсетеді. Екі өлшемді жиым былай сипатталады:

var жиым аты: array[1..қатар саны, 1..баған саны] of типі

Мұнда, Бейсиктегі сияқты қатар мен баған индекстері бір-бірінен үтірмен ажыратылады.

  Екіөлшемді массивті кесте түрінде енгізуге болады. Кестенің әрбір элементінің екі индексі болады, олардың мәні элементтің орнын көрсетеді.

Математикада квадрат және тіктөртбұрышты кестені матрица деп атайды. Бірінші индекс - жол нөмірі, тек келесі жолға ауысқанда ғана өзгереді; екінші индекс баған нөмірі. m жолдан және n бағаннан тұратын кестені m*n өлшемді кесте деп атайды.


А[1,1]

А[1,2]

А[1,3]

А[1,4]

А[1,n]

А[2,1]

А[2,2]

А[2,3]

А[2,4]

А[2,n]

А[3,1]

А[3,2]

А[3,3]

А[3,4]

А[3,n]

А[m,1]

А[m,2]

А[m,3]

А[m,4]

А[m,n]




Екіөлшемді массивтің сипатталуы

1

3

-6

7

8

-5

3

12

2

-7

8

10







1) Берілген массивте неше жол, неше баған?

2) Берілген массивті сипаттаңыз.

3) Массивтің элементтерінің мәнін ата: A[1,3]= , A[3,1]= , A[2,2]=

4) Массивтің мәндері бойынша орнын анықта

A[ ..,..]= 10, A[..,..]= 3, A[ ..,..]= -7

Жауабы:

  1. 3 жол, 4 баған

  2. A: array [1..3,1..4] of integer

  3. -6, 2, -5

  4. A[3,4], A[1,2], A[2,3],

Екіөлшемді массивтермен жұмыстың негізгі алгоритмдері

Екіөлшемді массивті толтыру.

А массиві 3 жолдан және 4 бағаннан тұрады. Барлығы 3*4=12 элемент.


1-мысал. Жиым элементі олардың индекстерінің көбейтіндісі-екі   өлшемді жиым түрінде болатын көбейту кестесін жасау.

Program mys1;

var i,j:integer; a:array[1..9, 1..9] of integer;

begin

       for i:=1 to 9 do

           begin writeln;

                for j:=1 to 9 do

                     begin a[i,j]:=i*j;

                           write(‘a[‘,i,’,’,j,’]=’,a[i,j],’’);

                     end

           end

end.

    

Программада екі өлшемді жиымды көбінесе қатарлары мен бағандары бірдей кесте түрінде шығарады. Паскальда бұл үшін қосымша келесі қатарға көшуді жүзеге асыру керек болады. Бұдан басқа сандардың ұзындықтары да әртүрлі болып жатады. Мыс, бір сан –екі таңбалы, ал екінші сан-үш таңбалы. Нақты сандар әр түрлі бөлшек бөлігімен(цифрлар санына қарай) шығарылады. Мұндай жағдайда бірдей баған алу үшін шығару операторында сан мен оның бөлшек бөлігін жазуға бөлінген позиция санын көрсету ұсын-ылады. Ол былай орындалады: шығаруға арналған айнымалыдан соң қос нүкте арқылы шығарылатын позицияның жалпы санын көрсететін санды, егер ол нақты сан болса, онда тағы бір қос нүкте арқылы ондық үтірден кейінгі мәнді цифрдың саны көрсетіледі. Санды шығару кезінде сан берілген мәнді цифрға дейін дөңгелек-тенеді.Егер а айнымалысы нақты сан және ол 12.356 мәнге ие болса, онда write(a:6:2) операторының орындалуы нәтижесінде 12.36 санын аламыз(сан алдында қосымша бос орын болады).


2-мысал. Көбейту кестесін Пифагор кестесі түрінде шығару.

Program mys2;

var i,j:integer; a:array[1..10, 1..10] of integer;

begin

       for i:=1 to 10 do

           begin writeln;

                for j:=1 to 10 do

                     begin a[i,j]:=i*j;

                           write(a[i,j]:4);

                     end

           end

end.


Сабақты қорытындылау, бағалау.

VII. Үйге тапсырма беру. А[3,3] массивінің элементтерінің қосындысын және көбейтіндісін есептейтін программа құру




57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


Автор
Дата добавления 25.02.2016
Раздел Информатика
Подраздел Конспекты
Просмотров161
Номер материала ДВ-484002
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх