Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Математика / Другие методич. материалы / Сабақ жоспары:Симметрияға есептер шығару 6-сынып

Сабақ жоспары:Симметрияға есептер шығару 6-сынып

  • Математика

Поделитесь материалом с коллегами:

Симметрияға есептер шығару

 

Сабақтың тақырыбы

 Симметрияға есептер шығару

Сілтеме

Математика  6 сынып, Т.Алдамұратова, слайдтар, сабақ жоспары

Жалпы мақсаты

 

Оқушылардың симметрияның күнделікті өмірдегі, өнердегі қолданыстарына мысалдар келтіре  алу біліктіліктерін меңгерту; түзуге қатысты және нүктеге қатысты симметриялы фигураларды ажырата білу қабілеттерін арттыру, оларды салу дағдыларын қалыптастыру, математикалық тілде сөйлеу қабілеттерін дамыту. Оқушының ой-өрісін, өзіндік іс-әрекетіне жауап беру дағдысын қалыптастыру. Өздігінен қорытынды шығаруға машықтандыру, пәнге деген қызығушылығын және белсенділігін арттыру. Сенімділікке, ұқыптылыққа, шапшаңдылыққа, ұжымшылдыққа тәрбиелеу.

Міндеттер

 

  • Оқушылардың алған білімдерін жүйелеу

  • Тақырып бойынша ой-қорытындылар жасау

  • Күнделікті өмірде қолдана білу, мәндерін ажырата білу

Сабақтың түрі,

әдіс тәсілдері

Жұпта жұмыс істеу, диалогтік оқыту, сыни тұрғыдан ойлау, өзін-өзі бағалау, топпен жұмыс, сұрақ-жауап, талдау, қорыту, деңгейлеп саралап оқыту, дарынды және талантты балаларды оқыту, жас ерекшеліктеріне сай оқыту

Сабақтың

көрнекілігі

видеопроектор, тақырыпқа сай слайдтар, видеокамера, фотоаппарат, үлестірме парақтар, топтық тапсырмалар жазылған плакаттар, бағалау парағы, көңіл-күй дидары

Күтілетін нәтиже

Оқушылар симметрия ұғымын толық түсініп, нүктеге қатысты және түзуге қатысты симметриялы фигураларды ажырата алады және күнделікті қоршаған ортадан мысалдар келтіре алады. Координаталық жазықтықта осьтік және центрлік симметриялы фигураларды бейнелей  алады. Өздерін және сыныптастарын бағалай алады.

Ұйымдастыру

кезеңі

 

   3 мин

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

Оқушыларды топқа бөлу мақсатында карточкаларда симметриялы фигуралар арқылы оқушылар 5 топқа бөлінеді.

Тап ережесін бекіту.


Сабақтың барысы 

Мұғалімнің іс-әрекеті

       Оқушының іс-әрекеті                 

Білу

5мин.


 Бағалау  критерийі:

  1.  Математикалық сауаттылығы

  2.  Ойлау жылдамдығы

  3.  Топпен жұмыс жасауы

  4.  Жекелей жұмыс жасауы

Бағалау парағы үлестіріледі      

Постерде практикалық тапсырма орындау




  

 

 

 

 Постерде практикалық тапсырма орындап өздері және көршілері бағалайды.



 

 

Оқушылар сұрақтарға жауап береді.

Эсселерін оқиды.

 

Түсіну

8мин

 

1200 есеп Суретпен жұмыс.

 Оқушылар өз таңдауларын жасап, тапсырмаларын орындайды

 

Жаңа тақырыпты меңгерту

(Қолдану)

Топпен жұмыс

7мин.

Оқушылардың сыни ойлауын дамыту мақсатында топтарға бірнеше симметриялы фигуралар суреттерін беремін олардың симметрия осьтерін анықтап және оларды белгілі бір ретпен топтастыру.

 Топтар таныстырылымы.

 Әр топ мүшелері тапсырмаларын орындауға кіріседі.

 Топ мүшелері тапсырма орындап жатқанда әр топтан бір оқушы дайындаған симметрия туралы хабарламалар жасайды. 

Білімдерін пысықтау

(Талдау)

деңгейлік тапсырмалар

13 мин

 

Дарындылықты дамыту мақсатында оқушыларға деңгейлік тапсырмаларды беру

І деңгей

1.Тік төртбұрыштың қарама-қарсы төбелерін қосатын кесінді не деп аталады?

2.Симметрияның қанша түрі бар және оларды жазыңдар.

3.Центрлік симметрияға қандай фигуралар жатады?

4.Ұзындығы 6см АВ кесіндісін сызып, оның симметрия центрін тап.

  ІІ деңгей

1.Түзу сызып, оның бойынан О нүктесін және одан 3см қашықтықтағы А нүктесін белгілеңдер.О нүктесіне қатысты А нүктесіне симметриялы А1нүктесін табыңдар.

2.А(2;3), В(3;-2), С(-2;-3), Д(4;2) нүктелеріне симметриялы нүктелерді координата жазықтығында көрсетіңдер:

ІІІ деңгей

1.Тік бұрышты координаталар жүйесінің координаталар басы О нүктесіне қатысты С(х;-3) нүктесі Д(2;у) нүктесімен симметриялы. х-ті және у-ті табыңдар. 

 Әр оқушы өз деңгейінің есебін таңдап шығарады. Тапсырмалар парақтарда беріледі. Сондықтан әр оқушы өз тапсырмасын орындайды.

 

Жинақтау

5 мин               

Сұрақ-жауап:

1.      Симметрия дегеніміз не?

2.      Симметрияның түрлері

3.      Қандай фигуралар түзуге қатысты симметриялы фигуралар деп аталады?

4.      Қандай фигуралар центрлік симметриялар деп аталады?

5. Өмірде симметрияға мысалдар келтіріңдер.

Презентация көрсетіледі.


Бағалау          

2 мин

Білім беру үшін бағалау және оқуды бағалау мақсатында

Критериалды бағалауға бейімдеу

Топтардың бағаларын талдау

Қорытынды бағаны шығару

Топтағы оқушылар бірін-бірі келесі критерийлер бойынша бағалайды:

1.      Білімділігі

2.      Ойлау жылдамдығы

3.      Математикалық тілі

4.      Топпен жұмыс жасауы

5.      Жекелей жұмыс жасауы

Үйге тапсырма                      1 мин


1187, №1189, 1190

 Мен үй тапсырмасын беріп, күнделіктеріне бағаның қасына қолымды қойып шығамын.

Оқушылар күнделіктерін ашып бағалау парағындағы бағаларын қояды, үйге тапсырманы жазып алады.

Рефлексия                        1 мин

Оқушыларға түрлі-түсті парақшалар арқылы сабаққа кері байланыс жасату

Оқушылар өз ойларын жазып, көңіл-күй дидарына іледі. 































































Автор
Дата добавления 05.05.2016
Раздел Математика
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров37
Номер материала ДБ-067562
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх