Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Биология / Другие методич. материалы / Сабақ жоспары:"Заманауи селекцияның жетістіктері"

Сабақ жоспары:"Заманауи селекцияның жетістіктері"

  • Биология

Поделитесь материалом с коллегами:

hello_html_719610d6.gifhello_html_7c67a1a8.gifКүні: 12.01.2016 ж

Пәні: Биология

Сыныбы: 9

Сабақтың тақырыбы: Заманауи селекцияның әдістері

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға заманауи селекцияның әдістері, будандастыру оның түрлері туралы жан-жақты түсінік беру.

Дамытушылық: Пәнге деген қызығушылықтарын арттыра отырып оқушылардың өй өрісін,ойлау қабілетін дамыту.

Тәрбиелік: Адамгершілікке, жауапкершілікке, жан-жақты болуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:Аралас сабақ

Сабақтың көрнекілігі: үлестірмелер, суреттер

Сабақтың әдісі: Түсіндіру, ауызша, сұрақ-жауап

Сабақтың барысы

I.Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен : а) амандасу

ә) түгендеу

б) сабаққа назарларын аудару

II.Үй тапсырмасын сұрау

1. Селеция ғылымы нені зерттейді?

2. Қолдан сұрыптау деген не?

3. Жануарлардың шығу тегіне сипаттама беріңдер?

III.Үй тапсырмасын пысықтау

IV.Жаңа сабақ

Заманауи селекцияның әдістері:

1. Шаруашылыққа пайдалы жағымды белгілері бойынша бастапқы ата – аналық жұпты іріктеп алу.

2. Туыстық немесе туыстық емес будандастыру арқылы будандық даралар алу.Будандастыру нәтижесінде гетерозис құбылысы байқалуы мүмкін.

3. Шаруашылыққа пайдалы белгілері бойынша жаппай немесе жеке сұрыптау жүргізу.

4. Сұрыптап алынған даралардың ұрпақтарына сынақ жүргізу, тұқым қуалау қасиеттерін бағалау.

Будандастыру


Туыстық будандастыру Туыстық емес будандастыру

(инбридинг) (аутбридинг)

Заманауи селекцияның келксі әдісі – мақсатқа сай әдістемелік сұрыптау. Оның екі жолы бар: жаппай және жеке сұрыптау. Жаппай сұрыптау, әдетте, айқас тозаңданатын өсімдіктерге қолданылады.

Жеке сұрыптау кезінде қандай да бір жағымды белгілері бар өсімдік дараларын жеке бөліп алып, қайта егіп, сол белгісі сақталған ұрпақ сақталады.

V.Сабақты бекіту

1. Заманауи селекцияда қолданылатын қандай әдістер бар?

2. Будандастыру дегеніміз не?

3. Жаппай және жеке сұрыптаудың ерекшеліктері қандай?

VI.Үйге тапсырма

§ 33 оқу, мазмұндау

VII.Оқушыларды бағалау





Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 09.02.2016
Раздел Биология
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров965
Номер материала ДВ-433789
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх