Инфоурок Музыка Рабочие программыСабақ жоспарлары 4 сынып

Сабақ жоспарлары 4 сынып

Скачать материал

Музыка. 4 сынып.

Сабақтың  тақырыбы:  Күй дәстүрінің шежіресі Қали Жантілеуов

Сабақтың  мақсаты

Білімділік  мәні :  Күйшінің өмірімен  таныстыру

 Дамытушылығы:  Өнерлі болуға, жан- жақты болуға үйрету.

Тәрбиелік  мәні :Ұлттық өнерді дәріптеу

Сабақтың түрі: дәстүрлі

Сабақтың типі:Жаңа сабақты меңгерту

Сабақтың  әдісі:     Жаңа  сабақты  түсіндіру , әңгімелеу, шығармашылыққа  баулу .

 Пәнаралық  байланысы:   Музыка әдебиеті , тарих.                                  

 Сабақ жоспары:

Ұйымдастыру кезеңі

Жаңа сабақты түсіндіру

Қорытындылау

 Үйге тапсырма

Сабақтың  барысы:

  Қали Жантілеуов 1902 жылы Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданында туған.Қалидың алғашқы ұстаздары Мәмен, Тоғайбай, Жұматай. Ол кішкентай кезінен бастап музыкаға әуес болды. Еңбегі бағаланып, Қазақстанның халық артисі атағы , «Құрмет белгісі» орденімен марапатталды. Қали өзін Құрманғазы мектебінің жалғасымын деп есептейді.Ол Құрманғазының, Дәулеткерейдің, Түркештің,Динаның т.б күйшілердің 60- тан асқан күйлерін тартқан.

 

Қорытындылау:

 

1.Қали Жантілеуов кім?

 

2.Қалидың алғашқы ұстазы кім?

 

3 Қандай марапаттарға ие ?

 

Үйге тапсырма.

 

Бағалау.

Музыка. 4 сынып.

Сабақтың  тақырыбы:   Әншілік өнердің хас шебері -Жүсіпбек Елебеков

Сабақтың  мақсаты:

Білімділік  мәні:   Әншнің  шығармашылығына тоқталу , таныстыру, таныту, жан – жақты  білімдерін  арттыру.

Дамытушылығы:    Оқушылардың   музыкаға,  әнге деген  ықыласын  дамыту.                                                      

Тәрбиелік мәні: Композиторлардың  музыкалық  шығармалары,әндері  арқылы халықтың салт- дәстүрін, тәрбиесін балаға бере білу.                                     

Сабақтың түрі: дәстүрлі

Сабақтың типі: Жаңа сабақты меңгерту

Сабақтың әдісі: Жаңа  сабақ түсіндіру, әңгімелеу,   әндету, шығармашылыққа  баулу.

Пәнаралық  байланысы:   Музыка әдебиеті , тарих.                                                        

Сабақ жоспары:

1.Ұйымдастыру кезеңі

2.Үй тапсырмасын сұрау

3.Бекіту

4.Жаңа сабақ

5.Қорытындылау

6.Үйге тапсырма

7.Бағалау

Сабақтың  барысы:

2.Үй тапсырмасын сұрау

Ән өнерін паш еткен - Манарбек Ержанов

3.Бекіту

а)Манарбек Ержанов қай жерде дүниеге келді?

ә)Манарбектің ұстазы кім?

б)«Қыз Жібек»операсында кімнің ролін сомдады?

Жүсіпбек Елебеков

     Жүсіпбек Елебеков Қарағанды облысы Егіндібұлақ ауданы (қазіргі Қарқаралы) Қаратау ауылы  ауылында туған. Елебековті әншілік өнерге баулыған алғашқы ұстазы Ж.Балғабайұлы болған. Кейін Ұ.Айтбаев, Қ.Байжанов, Ә.Қашаубаев, И.Байзақовтармен бірге жүріп, өнерін ұстартады. 1920 — 22 жылдары Семейдегі “Ес-аймақ” драма труппасының қойған спектакльдері мен концерттеріне қатысады. 1931 — 35 жылдары  Қазақ драма  театрында, 1935 — 60 жылдары Қазақ филармониясында, 1960 — 77 жылдары “Қазақконцерт” бірлестігінде актерлік-әншілік қызметтер атқарады. 1933 — 38 жылдары Қазақ музикалық драма театрында (қазіргі Қазақ опера және балет театры) И.В. Коцыктың “Айман — Шолпан” музикалық комедиясында Әлібектің, Е.Г. Брусиловскийдің “Қыз Жібек” және “Айман — Шолпан” операларында Төлеген мен Арыстанның бейнелерін сомдайды. М.Әуезовтің “Еңлік — Кебегінде” Жапал рөлін ойнады. Ұлы Отан соғысы жылдары (1942 — 43) концерттік бригада құрамында майдандағы жауынгерлер арасында концерттер береді. Осы сапарында Р.Елебаевтың “Жас қазақ” әнін үйреніп келіп, алғаш рет халыққа таратты. Ол Абай, Ақан сері, Біржан сал, Жаяу Мұса, Балуан Шолақтың классикалық үлгідегі шығармаларын насихаттаушы, кейінгі буынға таратушы болды. Елебеков халық композиторларының, халық әндерімен бірге Қазақстан композиторларының әндерін де орындайды. Оның репертуарында Біржан салдың “Айтбай”, “Жамбас сипар”, Салғараның “Жиырма бес”, Ақан серінің “Құлагер”, т.б. әндер болды.

5.Қорытындылау

а)Жүсіпбек Елебеков қай жерде дүниеге келді?

ә)Ұстазы кім?

б)Халық композиторларынан кімдердің әндерін орындады?

6.Үйге тапсырма: Оқып, түсінігін айту.Мәнжазба жазу.

 

 

 

 

Музыка. 4 сынып.

Сабақтың  тақырыбы:    Жезтаңдай әнші Ғарифолла Құрманғалиев

Сабақтың  мақсаты:

Білімділік  мәні :  Әншінің  шығармашылығына  тоқталу , таныстыру, таныту, жан – жақты  білімдерін  жетілдіру.

Дамытушылығы: Оқушылардың    музыкаға  деген  сүйіспеншілігін  дамыту.                                                       

Тәрбиелік  мәні: Әншінің  өмірі мен шеберлігін насихаттау.                                    

Сабақтың түрі: дәстүрлі

Сабақтың типі: Жаңа сабақты меңгерту

Сабақтың  әдісі:     Жаңа  сабақ түсіндіру , әңгімелеу,   шығармашылыққа  баулу .

Пәнаралық  байланысы:   Музыка  әдебиеті , тарих,әдебиет.

Сабақ жоспары:

1.Ұйымдастыру кезеңі

2.Үй тапсырмасы:   Ғарифулланың өмірі.

3.Бекіту.

4.Жаңа сабақ:  Әнін көкке қалықтатқан Ғарифулла Құрманғалиев.

Ғарифулланың орындауындағы әндерді тыңдау.

5.Қорытындылау.

6.Үйге тапсырма.

 7.Бағалау.

Сабақтың  барысы:

     Ғарифолла Құрманғалиев (1909 —1972 жж.)- Республика мәдениетіне еңбек сіңірген қайраткер, әнші (тенор), Қазақ КСР халық әртісі. Батыс Қазақстан облысының Қаратөбе ауданында дүниеге келді. Әншілік өнерге бейімділігі бала кезінен байқалды. Ұлы Мүхиттың шәкірттері Шынтас пен Шайқыдан дәріс алды. 1934 жылы Алматыда өткен халық көркемөнерпаздарының бірінші Бүкіл Қазақстандық слетіне қатысты. Сол жылы Қазақтың музыкалық драма театрының (қазір Қазақтың опера және балет театры аталады) құрамына қабылданды. Құрманғалиев Е.Брусиловскийдің «Ер Тарғын«, «Айман-Шолпан«, «Қыз Жібек«, М.Төлебаевтың «Біржан-Сара», А.Жұбанов пен Л.Хамидидің «Абай» операларында күрделі партиялар мен рөлдерді ойнады. Оның орындауында халық әндері асқақ та әсем әуезімен аспан астын толтыра сорғалай шырқады. Ол әрбір әуенді әуелете салған сайын оған жан мен жүрек бітіріп, дауыс сазына даланың ұланғайыр дарқандығын өз көңіл толқынысымен ұштастыра сиғызып жіберетін. Ғарифолла аңыратып, жамыратып ән төкпелеткен кезде тыңдаушының көз алдына арқыраған арғымақтар мен аса киелі аруаналар даласының кескін-келбеті келеді. Ақтарыла тасыған ақ жарма өзендер мен ағын сулар әуені қыран қүстардың қанат қағысы, алып таулар асқақтығы, ақиық ақын Махамбет жырының атойы бар бояуымен, ішкі рух нәр-нақышымен Ғарекеңнің өз жүрек түкпірінен шығып жатарды. Ол өзі негізін салып кеткен әншілік мектептің осындай өзгеше орындаушылық шеберлікті қажет ететін дара қасиеттері бар. Ғ.Құрманғалиев ән сапарымен төрткүл дүниенің талай елдерінде болып, сан-сан сахналардан ұлттық музыкалық салт-дәстүріміздің байлығын паш етті. 1967 жылдан бастап Республикалық өнер және цирк студиясында сабақ берді. Оның отандық мәдениетке сіңірген орасан зор еңбегі әлденеше мәрте мемлекеттік марапаттармен бағаланды.

 

Қорытындылау.

а)Ғарифулла Құрманғалиев қай жерде дүниеге келді?

 

ә) Ғарифулла Құрманғалиев  орындаған рөлдері?

 

б) Ғарифулланың орындауында қандай әндер бар?

 

Үйге тапсырма: Оқып, түсінігін айту.Мәнжазба жазу.

 

Бағалау.

 

Музыка. 4 сынып.

Сабақтың  тақырыбы:  Күй аңызын ардақтай жеткізген Дәулет Мықтыбаев.

Сабақтың  мақсаты

Білімділік  мәні : Қобызшының  өмірімен  таныстыру

Дамытушылығы:  Өнерлі болуға, жан- жақты болуға үйрету.                                                      

Тәрбиелік  мәні :  Ұлттық өнерді дәріптеу.

Сабақтың түрі: дәстүрлі

Сабақтың типі: Жаңа сабақты меңгерту

Сабақтың  әдісі:     Жаңа  сабақты  түсіндіру , әңгімелеу, шығармашылыққа  баулу .

Пәнаралық  байланысы:   Музыка әдебиеті , тарих.                                  

Сабақ жоспары:

Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу. Сыныпты түгендеу.

Жаңа сабақты түсіндіру: Дәулет Мықтыбаевтың өмірі .

Қорытындылау.

Үйге тапсырма.

Бағалау.

Дәулет Мықтыбаев (1904-1970) – қобызшы. Қобыз тарту өнерін Ықыластың шәкірті Әбікен Тоқтамысұлынан үйренген. Мықтыбаевтың сазгерлік қырының қалыптасуына қобызшы Түсіпбектің (Ықыластың ұлы) ықпалы көп тиген, одан ол «Кер толғау», «Тоғыз тарау», «Қорқыт» күйлерінің орындалу мәнерін бойына сіңіреді. 1933 жылдан Қарағанды облысы радио комитетінде қызмет істеді. 1937 жылы Қарағанды филармониясының, 1945 – 65 жылдары Қазақ филармониясының және «Қазақконцерттің» қобызда жеке орындаушысы, 1968 жылдан Алматы мемлекеттік консерваториясындақылқобыз класы бойынша оқытушы болды. 1934 жылы Алматыда өткен 1-Жалпықазақстандық халық өнерпаздарының слетіне қатысты. Қазақ радиосының алтын қорында Мықтыбаевтың орындауындағы «Аққу», «Ерден», «Қазақ», «Жолаушының қоңыр күйі», «Қамбар», «Кертолғау», «Шыңырау», «Жалғыз аяқ», «Сарын», «Сары дала» күйлері сақталған. Оның қобыз тартудағы өзіндік жаңа тәсілдері оның орындаушылық стилін ерекше әрі қайталанбас деңгейге көтерді. Мықтыбаев ұлттық муз. мұраны, орындаушылық дәстүрлерін насихаттауға және танымал етуге зор үлес қосты. Дәулеттік әкесі Мықтыбай, оның әкесі Әупік Тыныбекұлы Өксікбайдың қарындасы Маржанағ үйленген екен. Мықтыбайдың өзі де Барақ Таманың қызына үйленіпті. Дәулет өзі жайлы әңгіме айтқанда, оның қобызға құмарлығы нағашы жұртынан жұққан екен. Қарауыл мен Өксікбай қобызшы болыпты.

 Қорытындылау: 

  1. Дәулет Мықтыбаев кім, қандай музыка аспабында ойнаған?

2.      Дәулеттің алғашқы ұстазы кім?

3.      Түсіпбек қобызшының әкесі ?

 Үйге тапсырма. Дәулет Мықтыбаевтың өмірі мен творчествасы оқу, түсінігін айту.

 

Бағалау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Музыка. 4 сынып.

Сабақтың  тақырыбы:   Қара қобыз шебері –Жаппас Қаламбаев.

Сабақтың  мақсаты:

Білімділік  мәні :  Әншінің  шығармашылығына  тоқталу , таныстыру, таныту, жан – жақты  білімдерін  жетілдіру.

Дамытушылығы:Оқушылардың    ұлттықмузыкаға  деген  ықыласын  дамыту.                               Тәрбиелік  мәні :     Қара қобыз шеберінің өмірі мен шеберлігі  арқылы халықтың

салт- дәстүрін, тәрбиесін балаға бере білу.                                     

Сабақтың түрі: дәстүрлі

Сабақтың типі:Жаңа сабақты меңгерту

Сабақтың  әдісі:     Жаңа  сабақ түсіндіру , әңгімелеу,   шығармашылыққа  баулу .

Пәнаралық  байланысы:   Музыка  әдебиеті , тарих.                                                        

Сабақ жоспары:

1.Ұйымдастыру кезеңі

2.Үй тапсырмасы: Жүсіпбек Елебековтің өмірі.

3.Бекіту

4.Жаңа сабақ: Қара қобыз шебері –Жаппас Қаламбаев.

5.Қорытындылау

6.Үйге тапсырма

7.Бағалау

Сабақтың  барысы:

Қара қобыз шебері жаппас Қаламбаев

Қазақтың көне тарихымен бірге жасасып келе жатқан қасиетті қобыз аспабының ел арасында кеңінен таралуына өлшеусіз үлес қосқан, Қорқыт пен Ықыластың өнерін ілгері жал­ғастыруға бүкіл саналы ғұмырын арнаған Жаппас Қаламбаев 1909 жылы наурыз айында қазіргі Оңтүстік Қазақстан облы­сы, Созақ ауданында өмірге келеді. Та­рих­та бұл өңір Қоқан хандығына қараған жерлерді орыс патшалығы өзіне бағын­ды­рып алған кезде Сырдария губерния­сы­ның Түркістан уезіне енген болатын. Арқа­дағы Шымкент уезіне бірік­тірілген старшыны Баспақ Тиесовтің болыс­тығына тіркелген тұрғындардың тізі­мін­де атақты қобызшы Ықылас Дүкеновтің де барлы­ғын тарихи құжаттар дәлел­дей­ді. Шу және Талас өзендерінің төменгі сағасын мекендеген көшпелі елдің ішін­де Ықылас пен Сүгір күйші­лердің ауылы аралас, қойы қоралас болып жүргенін көнекөз қарттар да әңгімелейді. Сол ұлы күйші­лер­дің өкшесін алып, дүние есігін ашқан Жаппас Қаламбаевтың да төрт түлік малды тіршілік көзіне айналдырған дала қазақтарының тұрмыс ауанымен Бетбақ­дала, Сарыарқаны ен жайлап, Мойын­құм, Көкшеқұмды қыстап шыға­тын қалың елдің арасында балалық шағы өтеді.

Ауыл ай­маққа сыйлы Сүгір күй­шінің үй­ге со­ғып, ықы­лас біл­дір­гені Жап­­пас­тың кө­ңілін өсіріп жі­берді. Күйші жас ба­ланың бо­йын­­да­ғы ұш­қынды көптен сезіп жүр­ген еді. Ауылдағы жиын-той­­да естияр жандармен бірге жүретін Сүгір күйшінің маңайын жиі төңі­рек­тейтін болды.

Бекіту.

а) Жүсіпбек Елебеков      қай жерде дүниеге келді?

ә)  Жүсіпбектің  ұстазы кім?

 

Қорытындылау.

а) Жаппас Қаламбаев  қай жерде дүниеге келді?

ә)Жаппас  кімдердің күйлерін орындада??

б)Жаппасқа қобыз сыйлаған кім?

 

 Үйге тапсырма: Оқып, түсінігін айту.Мәнжазба жазу.

 

 Бағалау.

 

 

 

 

Сыныбы: 4

Сабақтың тақырыбы: Ән өнерін паш еткен- Манарбек Ержанов

Сабақтың мақсаты:

Білімділік мәні : Әншінің шығармашылығына тоқталу , таныстыру,

таныту, жан – жақты білімдерін арттыру.

Дамытушылығы: Оқушылардың музыкаға, әнге деген ықыласын дамыту.

Тәрбиелік мәні : Композиторлардың музыкалық шығармалары,әндері арқылы халықтың

салт- дәстүрін, тәрбиесін балаға бере білу.

Сабақтың түрі: дәстүрлі

Сабақтың типі:Жаңа сабақты меңгерту

Сабақтың әдісі: Жаңа сабақ түсіндіру , әңгімелеу, әндету , шығармашылыққа баулу .

Пәнаралық байланысы: Музыка әдебиеті , тарих.

Сабақ жоспары:

1.Ұйымдастыру кезеңі:

2.Үй тапсырмасын сұрау.

3.Бекіту.

4.Жаңа сабақ.

5.Қорытындылау.

6.Үйге тапсырма.

7.Бағалау.

Сабақтың барысы:

2.Үй тапсырмасын сұрау.

Қали Жантілеуовтің өмірі .

3.Бекіту.

а)Қали Жантілеуов қай жерде дүниеге келді?

ә)Қалидың ұстазы ұстазы кім?

б)Қали қай қомпозиторлардың күйлерін орындаған?

Жаңа сабақ.

Манарбек Ержанов Қарағанды облысы, Қарабұлақ деген жерде дүниеге келген.Әкесі темірден түйін түйген шебер, домбырашы, күйші болса, анасы әнші болған.манарбекті өнерге баулыған дала музыканты Күсенбай ғажап күйші, әнші болған. Манарбек Әміре Қашаубаевтың өнерін үлгі тұтты. 1936 жылы Мәскеуде өткен қазақ өнерінің Декадасында «Қыз Жібек»операсындағы Шегенің ролін сомдап, Мәскеудегі музыканттарды аузына қаратты.

Еңбегі еленіп «Құрмет белгісі» ордені,» Қызыл жұлдыз» және Халық артисі атағы берілді

5.Қорытындылау

а)Манарбек Ержанов қай жерде дүниеге келді?

ә)Ұстазы кім?

б)Мәскеуде «Қыз Жібек» операсында кімнің ролін сомдады?

6.Үйге тапсырма: Оқып, түсінігін айту.Мәнжазба жазу.

 

7.Бағалау

Сыныбы: 4

Сабақтың тақырыбы: Күйші Төлеген Момбеков

Білімділік мәні : Күйшінің өмірімен таныстыру

Дамытушылығы: Өнерлі болуға, жан- жақты болуға үйрету.

Тәрбиелік мәні :Ұлттық өнерді дәріптеу

Сабақтың түрі: дәстүрлі

Сабақтың типі:Жаңа сабақты меңгерту

Сабақтың әдісі: Жаңа сабақты түсіндіру , әңгімелеу, шығармашылыққа баулу .

Пәнаралық байланысы: Музыка әдебиеті , тарих.

Сабақ жоспары:

Ұйымдастыру кезеңі.

Жаңа сабақты түсіндіру: Төлеген Момбеков.

Қорытындылау.

Үйге тапсырма.

Бағалау.                                                   Сабақтың барысы:

Төлеген Момбеков

Төлеген Момбеков (1918, Созақ ауданыСызған ауылы) — күйші. ҚазКСР-нің еңбек сіңірген мәдениет қызметкері. Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан. 1943 жылдан мәдениет саласында қызмет еткен. Алғашқы ұстазы — өз атасы Бапыш Қожамжаров. "Қаратау", "Қара жорға", "Ыңғай төкпе", т.б. күйлерін атасынан үйренеді. Кейін күйші Сүгір Әлиевтен тәлім алады. Момбеков тартатын күйлердің дені Орталық Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан өлкесіне кең тараған шертпе күйлер. Ол Сүгірден үйренген "Телқоңыр", "Боз інгеннің бүлкілі", "Бес жорға", "Шалқыма", "Жолаушының жолды коңыры" секілді күйлерін орындады. Оның "Қосбасар", "Мешін", "Салтанат", "Қат-қабат", "Мың жылқы", "Ел жаңа", "Асу", "Анама", "Қоштасу", "Қаратаудың шертпесі" т.б. күйлері грампластинкаға түсірілді. Момбеков туындылары фольклорлық этнографиялық "Отырар сазы" оркестрінің репертуарында орындалды.  1919 жылы Қаратау баурайындағы Қозмолдақ деген ауылда туып-өскен. Киелі өнердің бастауы арғы аталарынан басталады. Арғы атасы Қожамжар мен Назар әділ билік айтқан шешен болса, Қайдау атасы бүкіл Орта жүзге әйгілі айтыскер ақын, ал Бапыш атасы - аң аулап, құс салып, серілік құрумен бірге, асқан күйші болған адам. Төлегеннің Жәнібек деген ағасы, Күнтай деген апасы да керемет ақын болыпты. Төлегеннің өзіне домбыра дарыған. Бұл орайда Сәбит Мұқанов, Асқар Тоқмағамбетов, Тәкен Әлімқұлов, Төлеген Тоқбергенов, Рахманқұл Бердібаев, Ақселеу Сейдімбековтердің еңбегі ерекше болды. 1965 жылы Асқар Тоқмағамбетовтің алпыс жылдық мерейтойына байланысты Сыр бойына сапар шеккен Сәбең жолшыбай Созақта да болады. Сол кездегі аупарткомның бірінші хатшысы Төлепберген Назарбеков Сәбеңнің құрметіне Созақ ауданының әр жеріндегі күйшілерді тегіс жинатады. Олардың ішінде Төлеген Момбеков, Файзолла Үрмізов, Ергентай Борсабаев болады. Сәбең оларға бірнеше күйден тартқызады. Осылардың ішінен Төлеген шерткен шертпе күйге қатты қызығып: «Мұндай дарынды республика көлеміне таныту қажет» деп шешеді. Сөйтіп, Төлеген күйлерін магнитофон таспасына жазып алып, Алматыға ала келеді. Көп ұзамай Созақ ауданының басшылығына М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтына Төлеген Момбековті іссапарға жіберу туралы Алматыдан арнайы хат келеді. Ол кезде Төлеген ауылда Құлжабай Төлеуов, Көпбай Омаров сияқты ақындармен бірге жүріп, автоклуб меңгерушісі болып жұмыс істейді. Алматыға келген сол сапарында Төкең грампластинкаға атасы Бапыштың, Сүгірдің және өз шығармаларынан бас-аяғы он екі күй жаздыртады және теледидарда бірер күй орындайды. Сол кезде теледидар қарап отырған Нұрғиса Тілендиев: «Мына қақпас қайдан шықты?!» деп, атып тұрған екен дейді. «Талантты талант қана таниды» деген сол. Нұрғиса Төлегеннің шертісіне сол бойы құлап түсіп, Алматыға келген сайын өзі қарсы алып, қонақүйге орналастырып, оң жағынан орын берген. Төлегеннің 1969 жылы Алматыға келген сол алғашқы сапарында-ақ «Социалистік Қазақстан», «Лениншіл жас», «Қазақ әдебиеті» газеттерінде Төлегеннің өмірі мен шығармашылығы жөнінде мақалалар жарияланады. Төлегеннің ұстазы, Қаратау күй мектебінің ұшар басында тұрған Сүгір Әлиұлы 1961 жылы қайтыс болған. Өкініштісі, Сүгірдің өзінің орындауында бірде-бір күйі таспаға жазылып алынбаған. Көзі тірі кезінде күйлері нотаға да түспеген. Жазушы Мұхтар Әуезов, Үкімет басшысы Нұртас Оңдасынов іздеп барып, Алматыға шақырғанмен, реті келмеген. Ол кез - кеңестік «уралаудың» асқынып тұрған шағы, шертпе күйдің шетқақпай көрген заманы. Күйдің де, күйшінің де қадірі қашқан кез. Сүгірдің «Жолаушының жолды қоңыры», «Шалқыма», «Бесжорға», «Кертолғау» күйлері Төлегеннің орындауының арқасында халыққа жетті. Сүгірдің тартысы құлағында қалған көне көз қарттардың айтуынша, Сүгірдің «Бозінген» күйі бізге тура өз нұсқасында жетпеген. Төлегеннің де «Бозінгеннің бүлкілі» деген күйі бар. Зерттеушілердің айтуынша, бұл екеуі екі бөлек күй. Төлеген әуелгі нұсқаны өзінше жетілтіп, басқаша құлпыртып, дамытып әкеткен. Атақты күйші Қаршыға Ахмедияровтың айтуынша, Сүгір мен Төлегенді бөліп-жармай, дауға айналған күйлерді бір сөзбен «Сүгір мен Төлегендікі» деп атау керек. Сүгірді көзі көрген және сол ауылдың тумасы, марқұм профессор Керімбек Сыздықов былай деп жазып кетіпті: «…Төлеген Алматыда көпшілік алдында, радио, теледидардан күй тартқанда Сүгір ақсақалды ұстазы ретінде үнемі құрметпен атап, сол кісінің күйлерін тартудан бастайтын. Алғашқы жолы «Қосбасарды» Тәттімбеттікі, «Бозінгеннің бүлкілін» Сүгірдікі деп жаздырғанының басы-қасында жүріп, солай деп жаздыруға себепші де болғанмын. Өйткені сол кездегі біздің ұғымымызда «Қосбасар» деген күйдің қанша түрі болса да ол тек Тәттімбеттің атына тән саналатын. Ал «Бозінген» күйі Ықылас пен Сүгірдің атына байланысты аталатын. Оған Төлеген де пәлен деп қарсылық танытпай, «кімнің қалай тартқанын қайдам, мен өзім оңқайтыма келген күйлерді тартқанда қиялданып, өзімше тартып кетем» деген әңгімені жиі айтатын…».

Қорытындылау:

1.Төлеген Момбеков кім?

2. Ұстазы кім?

3 Қай жерде дүниеге келді?

Үйге тапсырма. Оқып, түсінігін айту.

Бағалау.

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Сабақ жоспарлары 4 сынып"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Главный бухгалтер

Получите профессию

Няня

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Музыка. 4 сынып.

Сабақтың тақырыбы: Әншілік өнердің хас шебері -Жүсіпбек Елебеков

Сабақтың мақсаты:

Білімділік мәні: Әншнің шығармашылығына тоқталу , таныстыру, таныту, жан – жақты білімдерін арттыру.

Дамытушылығы: Оқушылардың музыкаға, әнге деген ықыласын дамыту.

Тәрбиелік мәні: Композиторлардың музыкалық шығармалары,әндері арқылы халықтың салт- дәстүрін, тәрбиесін балаға бере білу.

Сабақтың түрі: дәстүрлі

Сабақтың типі: Жаңа сабақты меңгерту

Сабақтың әдісі: Жаңа сабақ түсіндіру, әңгімелеу, әндету, шығармашылыққа баулу.

Пәнаралық байланысы: Музыка әдебиеті , тарих.

Сабақ жоспары:

1.Ұйымдастыру кезеңі

2.Үй тапсырмасын сұрау

3.Бекіту

4.Жаңа сабақ

5.Қорытындылау

6.Үйге тапсырма

7.Бағалау

Сабақтың барысы:

2.Үй тапсырмасын сұрау

Ән өнерін паш еткен - Манарбек Ержанов

3.Бекіту

а)Манарбек Ержанов қай жерде дүниеге келді?

ә)Манарбектің ұстазы кім?

б)«Қыз Жібек»операсында кімнің ролін сомдады?

Жүсіпбек Елебеков

Жүсіпбек Елебеков Қарағанды облысы Егіндібұлақ ауданы (қазіргі Қарқаралы) Қаратау ауылы ауылында туған. Елебековті әншілік өнерге баулыған алғашқы ұстазы Ж.Балғабайұлы болған. Кейін Ұ.Айтбаев, Қ.Байжанов, Ә.Қашаубаев, И.Байзақовтармен бірге жүріп, өнерін ұстартады. 1920 — 22 жылдары Семейдегі “Ес-аймақ” драма труппасының қойған спектакльдері мен концерттеріне қатысады. 1931 — 35 жылдары Қазақ драма театрында, 1935 — 60 жылдары Қазақ филармониясында, 1960 — 77 жылдары “Қазақконцерт” бірлестігінде актерлік-әншілік қызметтер атқарады. 1933 — 38 жылдары Қазақ музикалық драма театрында (қазіргі Қазақ опера және балет театры) И.В. Коцыктың “Айман — Шолпан” музикалық комедиясында Әлібектің, Е.Г. Брусиловскийдің “Қыз Жібек” және “Айман — Шолпан” операларында Төлеген мен Арыстанның бейнелерін сомдайды. М.Әуезовтің “Еңлік — Кебегінде” Жапал рөлін ойнады. Ұлы Отан соғысы жылдары (1942 — 43) концерттік бригада құрамында майдандағы жауынгерлер арасында концерттер береді. Осы сапарында Р.Елебаевтың “Жас қазақ” әнін үйреніп келіп, алғаш рет халыққа таратты. Ол Абай, Ақан сері, Біржан сал, Жаяу Мұса, Балуан Шолақтың классикалық үлгідегі шығармаларын насихаттаушы, кейінгі буынға таратушы болды. Елебеков халық композиторларының, халық әндерімен бірге Қазақстан композиторларының әндерін де орындайды. Оның репертуарында Біржан салдың “Айтбай”, “Жамбас сипар”, Салғараның “Жиырма бес”, Ақан серінің “Құлагер”, т.б. әндер болды.

5.Қорытындылау

а)Жүсіпбек Елебеков қай жерде дүниеге келді?

ә)Ұстазы кім?

б)Халық композиторларынан кімдердің әндерін орындады?

6.Үйге тапсырма: Оқып, түсінігін айту.Мәнжазба жазу.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 656 258 материалов в базе

Материал подходит для УМК

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 13.02.2018 1341
    • DOCX 42 кбайт
    • Рейтинг: 5 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Кайынбекова Карлыгаш Оспановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 6 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 9636
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Фитнес-тренер

Фитнес-тренер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Основы художественного анализа

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 25 человек из 11 регионов
  • Этот курс уже прошли 17 человек

Курс повышения квалификации

Музыкотерапия для детей дошкольного и младшего школьного возраста

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 66 человек из 30 регионов
  • Этот курс уже прошли 849 человек

Курс профессиональной переподготовки

Музыка: теория и методика преподавания в сфере дошкольного образования

Воспитатель (Музыкальный руководитель)

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 188 человек из 58 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 366 человек

Мини-курс

Психологическое благополучие и успех в учебе: методы помощи детям на разных этапах развития

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 202 человека из 52 регионов
  • Этот курс уже прошли 122 человека

Мини-курс

Формирование здоровых детско-родительских отношений: влияние и преодоление сепарации

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 157 человек из 46 регионов
  • Этот курс уже прошли 84 человека

Мини-курс

Фитнес: теория и практика

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 14 человек