Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / История / Конспекты / Сабақ жоспарлары - тарих

Сабақ жоспарлары - тарих


  • История

Поделитесь материалом с коллегами:

Тақырыбы: §3. Жазбаша деректер

Мақсаты: 1. Оқушыларды жазудың, қағаз бен кітаптың пайда болу тарихымен таныстыру, оның маңызын ашу. 2. Алғашқы жазу, алфавит, кітаптар мен қазіргі адамзат қол жеткізген бұл саладағы жетістіктерді қатар қойып, салыстыруға, айырмашылығы мен ұқсастығын таба білуге икемділіктерін қалыптастыру. 3. Жазу, кітаптың пайда болуын адамзат қал жеткізген ұлы жетістіктер ретінде ашып көрсетіп, оның мазмұнына, тарихына шолу жасау; алғашқы жазбалардың авторы болған қайраткерлердің ісін үлгі етуге тәрбиелеу. Көрнекілік: Алғашқы мемлекеттер картасы, ежелгі көне жазулардың суреті, ежелгі әліппе мен қазіргі алфавиттің салыстырмалы суреті, алғашқы жазу құралдарының суреті. Сабақ типі: жаңа сабақ Сабақ түрі: теориялық-практикалық

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен сәлемдесу. Түгендеу. ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. Тексеру сұрақтары: жабық тест

1) Тарихи дерек түрлерін ата. 2) Ауызша деректерге не жатады? 3) Жазбаша деректерге не жатады? 4). Тарихи дерек түрлерін ата. 5). Ауызша деректерге не жатады? 6). Жазбаша деректерге не жатады?

ІІІ. Жаңа тақырыпты меңгерту.

Тақырып жоспары:

  1. Жазу тарихы. Алфавиттің пайда болуы. Тарихи оқиғалардың және жеке тұлғалардың қағаз бетіне түсуі.

1. Жазу тарихы. Жазу дегеніміз адамның ойын, пікірін білдіретін, хабарын жеткізетін таңбалар жүйесі. Яғни жазудың ең алдымен атқаратын қызметі хабар беру екені анық. Ертедегі адамдарға өз ойларын жеткізу үшін әр сөзге, әрбір буынға бір сурет немесе шартты белгі ойлап тапты. Оны жазба материалы болмағандықтан тасқа қашап жазу қиындық туғызды. Осындай тасқа, қышқа жазылған сурет жазуларды – пиктография деп атайды. Сурет-жазудың ерекше дамыған түрі – иероглиф (грекше – қасиетті жазу). Бізге белгілі тарихтағы ең көне жазу үлгісі – Шумер сына жазуы.

2. Алфавиттің пайда болуы. Қазіргі жазу тарихы финикиялық алфавитпен тығызы байланысты. Ең алғашқы алфавитті бұдан үщ жарым мың жыл бұрын финикиялықтар ойлап тапты. Осы финикиялықтардың осы алфавитіне дауысты дыбыстар қосып, одан әрі дамытқан, қазіргі біз қолданып жүрген әріптерді ойлап табушылар – гректер. Бүгінде дүние жүзінің көптеген халықтары қолданып келе жатқан алфавит бұдан үш мың жыл бұрын пайда болды. Х ғасырдан бастап Ислам дінінің нығаюымен Қазақ даласына араб жазуы кең тарады. Араб жазуын қазақтың көрнекті ғалымы Ахмет Байтұрсынов өмірге ыңғайлап, біраз жеңілдетті. Алайда Кеңес өкіметінің шешімімен араб алфавиті 1929 жылы латын алфавитіне көшірілді. Ал, балалар, бүгінгі өзіміз жазып жүрген кирилл әліппеміз 1940 жылы енгізілді. Аз уақыт ішінде алфавитті жиі-жиі ауыстыру еліміздің мәдени өміріне үлкен зиянын тигізді. Жазудың пайда болуы оны жазатын ыңғайлы материалды қажет етті. Ең алғаш қағазды ойлап тапқандар – қытайлықтар. Олар б.з.-дың ІІ ғасырынан бастап қағазға жаза бастаған. Ал Ежелгі Египетте жазу құралы ретінде Ніл өзенінің таяз жерлерінде өсетін ағаш тәрізді өсімдік – папирусты пайдаланған.

  1. Тарихи оқиғалардың және жеке тұлғалардың қағаз бетіне түсуі.

Алғашқыда барлық елдерде, халықтарда тарих ұрпақтан-ұрпаққа ауызша беріліп отырған. Аз жазбаша тарихты тұңғыш рет қағаз бетіне түсіргендер жылнамашылар болды. Ең алғаш жылнамаларды осыдан төрт жарым мың жыл бұрын Египет патшалары тасқа қашап жаздырған. Онда Ежелгі Египет тарихының біртұтас Египет мемлекеті құрылуына дейінгі кезеңі жазылған.

IV.Бекіту. Бекіту сұрақтары:

1) Ертедегі адамдарға жазу не үшін қажет болды? 2) Пиктография, иероглиф дегеніміз не? 3) Алфавит қалай дүниеге келген? 4) Пергамент, папирус деген сөздерге анықтама бер.

V. Қорытындылау. Сонымен біз сендермен бүгін жазудың пайда болуынан бастап, алғашқы алфавиттің пайда болуын қарастырдық. Алғашқы адамдардың тас немесе қытайлықтар ойлап тапқан қағаз бетіне жазуды түсіруін бақыладық. Алғашқы жазулардың ірі ескеркіш болып сақталғаның, олардың бүгінгі күнде зерттеліп, мәлімет беруші заттай дерек екенін білдік.

VI. Бағалау. VІІ. Үй жұмысын беру. §3.Жазбаша деректер. Мәтінді оқып, әңгімелеп беру.



Тақырыбы: §5. Өлкетану дегеніміз не?

Мақсаты: 1. Тарихи өлкетанудың жеке ғылым ретінде қалыптау тарихы, оның маңызы. Өлкетану ғылымымен тығыз байланысты қосымша ғылым салаларының, олардың атқаратын қызметі жөнінде білім беру. 2. Тарихи оқиғалар мен үрдістердің дамуын тарихи география, тарихи демография, мұрағаттану деректері арқылы шындықпен баяндап, өткенге ғылыми көзқарас қалыптастыру. 3. Өз өлкесінің тарихына қатысты материалдарды жинастырып, оның жойылмауы үшін аялап күтуге және ата – бабаларын құрметтеуге тәрбиелеу. Сабақ типі: жаңа материалды меңгерту Сабақ түрі: зерттеу Сабақтың әдіс-тәсілі: сөз, практикалық, дамыта оқыту, зерттеу, көрнекілік Пәнаралық байланыс: ДЖТ, география Көрнекілік: тарих лентасы, ҚРның әнұранының мәтіні, ДЖ саяси картасы. Ертедегі сақталып келген мұрағат материалдарын көрініске ұсыну. Сабақтың ұйымдастыру формасы: жұппен, топпен жұмыс

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен сәлемдесу. Түгендеу. Жұмыс түрімен таныстыру. Бағалау критерийімен таныстырылады. ІІ. Үй тапсырмасын тексеріледі. Тексеру сұрақтары: 1. Археология ғылымы нені зерттейді? 2. Ежелгі еңбек құралдарының ерекшеліктері нені білдіреді? 3. Этнография ғылымы нені зерттейді? 4. Этнографиялық экспедициялар қалай ұйымдастырылады?

ІІІ. Қызығушылықты ояту

Ой қозғау. 1. Өзің туған өлкеңді, мемлекетті картадан көрсет. 2. Осы өлкенің географиялық бедерлері қандай? 3. Ауа райының қандай ерекшеліктері бар? 4. Осы өлкеде қандай ұлы адамдар (ақын-жазушы, суретші, ғалым, ұстаз, хан, батыр) өмір сүрді? (өз ойларын дәптерлерінде және тақтада жазып көрсетеді)

Сабақтың тақырыбы анықталып, сабаққа мақсат қойылады.

ІҮ. Жаңа тақырыпты меңгерту.

Тақырып жоспары: 1. Тарихи өлкетану ғылымының маңызы мен міндеттері. 2. Тарихи өлкетанудың жеке ғылым саласы болып қалыптасу тарихы. 3. Тарихи өлкетанумен тығыз байланысты қосымша ғылым салалары мен олардың атқаратын қызметі.

Сұрақ-тапсырмалар оқулықтағы мәтін ізімен жұптарға таратылып беріледі. Оқулықпен жұмыс жасай отырып, оқушылар жұпта жұмыс жасайды. Сұрақ-тапсырмалар: 1-жұпқа: 1. Өлкетану дегеніміз – ... 2. Өлкетанудың басты міндеттері - ... 3. Өлкетанушылар деген кімдер? 2-жұпқа: 1. Тарихи өлкетану ғылымы қашан қалыптасқан? 2. Өлкетану өзге қандай ғылымдармен тығыз байланысады? Себебі неде? 3. І Петр патша жайлы әңгімеле. 3-жұпқа: 1. Оносмастика қандай ғылым? 2. Антропонимика деген не? 3. Топонимика деп нені айтамыз? 4 . Этнонимика қандай ғылым? 5. Теонимия дегенді қалай түсінеміз?

Жұптарға ортақ сұрақ: Қандай ғаламшар, жұлдыз атауларын білесіңдер? Олардың атауларын зерттейтін ғылым саласы қалай аталады екен?

V.Бекіту.

Сайыс. Әр жұп тарихи өлкетану ғылым салаларының атауларын өздеріңнің жұптарыңа ат етіп қойып, сол атауларға тағы да басқа мысалдар келтіріңдер.Мсыалы, «Космонимия» деген топ Шолпан деген кісі аты бар деп айта бастайды ....

VІ. Қорытындылау. Тарихи өлкетанудың маңызы Отанға деген сүйіспеншіліктен бастау алады, өздерінің туған өлкелерінде қандай ғылыми өлкетану жұмыстары жүргізіліп жатқанына тоқталу, оның жалпы тарих ғылымына қосқан үлесін атап айтып кету.

VIІ. Бағалау.

VІІІ. Үйге: §5. Өлкетану дегеніміз не? Өткен сабақты оқу, жаңа сөздерді қайталап есте сақтау.





Тақырыбы: Алғашқы адамдар өмірі

Мақсаты: Оқытушылық – Адамның пайда болуы туралы эволюциялық және діни ілімдердің қалыптасып, даму тарихы және адамның даму сатысы туралы білім беру. Тәрбиелік – Оқушыларға бүгінгі адамзат баласы осындай қалыпқа жетуі үшін ұзақ та қиын кезеңді басынан кешіргенін, оған еңбектің арқасында жеткенін айта отырып еңбексүйгіштікке, ал адамның пайда болуы туралы діни түсінікті қалаптастыра отырып оларды имандылыққа тәрбиелеу. Дамытушылық – Адамның пайда болуы туралы түсініктерін дамыту. Адамның дамуының әр сатысындағы қол жеткізген жетістіктерін салыстыра отырып, айырмашылығығын, ортақтығын тауып, ой қорытындылай білу қабілеттерін дамыту.

Көрнекілік: Адамның пайда болуы туралы діни наным-сенімдерді сипаттайтын суреттер. «Алғашқы адамдардың даму сатысы» суреті. «Адамзаттың жер бетіне қоныстану» картасы.

Сабақ түрі: дәстүрлі.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен сәлемдесу. Түгендеу.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

Тексеру сұрақтары:

А) Адамның еңбек құралдары қалай өзгерді?

В) Оқулықта берілген суретке қарап, адамның алғашқы еңбек құралдары туралы әңгімеле?

С) Адамдар отты неге пайдаланған, оның қандай пайдасы болды деп ойлайсыңдар?

ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

Тақырып жоспары:

Алғашқы адам баласы қазақ жерінде.

Қазақстан жерін алғашқы адамдар мекендеді ме? ХХ ғасырдағы көптеген зерттеулер бұл сұрақтың жауабын тапқан. Қазақстан жерінде алғашқы адамдар осыдан бір миллиондай жыл бұрын пайда болған. Әрине, алғашқы адамдардың сүйегі біздің жерімізден табылған жоқ. Бірақ олар пайдаланған құралдар, алғашқы адамдардың тұрақтары көптеп табылған.

Алғашқы адамдардың тіршілік етуіне әсіресе Қазақстанның оңтүстігі өте қолайлы еді. Қазіргі Жамбыл облысының қаратау маңынан табылған ежелгі адамдардың тұрағы осыны дәлелдейді. Бұл тұрақты 1958 жылы Х.Алпысбаев бастаған археологтар тапқан. Қазақстанның орталық бөлігі, нақтырақ айтқанда Сыраарқа даласы да алғашқы адамдардың мекені болған. Жалпы, алғашқы адамдар Қазақстанның көптеген жерлерін мекендеген. Себебі Қазақстан жері, табиғаты алғашқы адамдардың тіршілік етуіне қолайлы болған.

IV. Бекіту. Бекіту сұрақтары: 1) Қазақстан аумағында алғашқы адамдар қай уақытта пайда болды? 2) Діни түсінік бойынша жер бетіндегі адамзат қалай пайда болған? 3) Эволюциялық бағыты ұстанған ғалымдардың пікірін айтып бер? 4) Адамзаттың жер бетінде пайда болған аймақтарын картадан көрсет? 5) Адамзаттың даму сатысы бойынша ретімен жазып, басты ерекшеліктерін ата? 6) Гоминид, питекантроп, синантроп, неандерталь, «саналы адам» деген сөздерінің мағынасын түсіндір.

V. Қорытындылау.

VI. Бағалау.

VІІ. Үй жұмысын беру. Жаңа тақырыпты қайталау.





Автор
Дата добавления 19.01.2016
Раздел История
Подраздел Конспекты
Просмотров428
Номер материала ДВ-356118
Получить свидетельство о публикации


Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх