827533
столько раз учителя, ученики и родители
посетили сайт «Инфоурок»
за прошедшие 24 часа
+Добавить материал
и получить бесплатное
свидетельство о публикации
в СМИ №ФС77-60625 от 20.01.2015
Дистанционные курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации для педагогов

Дистанционные курсы для педагогов - курсы профессиональной переподготовки от 1.410 руб.;
- курсы повышения квалификации от 430 руб.
Московские документы для аттестации

ВЫБРАТЬ КУРС СО СКИДКОЙ ДО 90%

ВНИМАНИЕ: Скидка действует ТОЛЬКО до конца апреля!

(Лицензия на осуществление образовательной деятельности №038767 выдана ООО "Столичный учебный центр", г.Москва)

ИнфоурокКлассному руководителюДругие методич. материалыСабақ: Наурыз шапағаты 9-класс

Сабақ: Наурыз шапағаты 9-класс

библиотека
материалов
Скачать материал целиком можно бесплатно по ссылке внизу страницы.

А.С.Пушкин атындағы орта мектебі

Сыныптас тыс шара:

Тақырыбы:

«Наурыз шапағаты»

\

Өткізген: Елшинбекова Т.

2014-2015 оқу жылы

Мақсаты: Наурыз мейрамы туралы түсінік беру арқылы қазақ халқының салт-дәстүрін көрсету және оны құрметтей білуге тәрбиелеу.ъ

Көрнекілігі: «Наурыз - 2015» газеті, нақыл, қанатты сөздер, киіз үй, дастархан, суреттер көрмесі.

Барысы.

Кіріспе.

Мұғалім: Армысыздар ұстаздар, ата-аналар, қонақтар! Бәріміздің асыға күткен Наурыз тойымыз келіп жетті. Тойларыңыз құттты болсын!

Наурыз – «жаңа күн» деген сөз. Бұл күн – біздің ата-бабаларымыз, арғы тегіміз мыңдаған жылдардан бері тойлап келе жатқан жыл басы мерекесі. Наурыз тойымыз құтты болсын! Ұлыстың ұлы күні деп аталған Наурызда денсаулықтарыңыз мықты болсын, тілектеріңіз қабыл болсын!

1-жүргізуші: Наурыз – көктем мерекесі.

Наурыз – жыл басы.

Наурыз – жаңа серпін, жаңа леп.

2-жүргізуші: Наурыз – қуаныш мерекесі,

Бақыт пен шаттық мерекесі.

1-жүргізуші: Наурыз – шаруаның мерекесі.

Наурыз – еңбек мерекесі.

2-жүргізуші: Армысыңдар, халайық,

Бармысыңдар, халайық.

Наурыз тойын жұп жазбай

Жылда қарсы алайық.

1-жүргізуші: Қош келдің, Қой жылым, төрлет, Жаңа жыл есігімізден жақсылық боп енсін!

2-жүргізуші: Қадамыңа нұр жаусын қой жылы!

1-жүргізуші: Ал, халайық, тұрмайық,

Әндетейік жырлайық!

Ортамызды ашайық,

Ырыс тілеп бұл жылға,

Жырдан шашу шашайық!

2-жүргізуші: Салт-дәстүрмен жарасса,

Жыр оқиық тамаша.

Жарыса өнер көрсетіп,

Той тойлайық жаңаша.

1-жүргізуші: Қыс өтіп қар кетті,

Жырлайық жаз кетті.

Мейрамы ежелден

Құтты болсын Наурыз!

2-жүргізуші: Наурыз тойы – салтымыз,

Аман болсын халқымыз.

Ұлыс оң болсын,

Ақ мол болсын!

1-жүргізуші: Әнім де саған, биім де,

Құт қонақ өзің үйімде.

Қуаныш сыйлар еліме,

Күлімде, Наурыз, күлімде.

2-жүргізуші: Күн менен түн теңелді,

Жер шуаққа кенелді,

Қуаныште ел енді.

Наурыз келді салтымыз:

Көгерсін деп халқымыз.

Көшеге тал егеді.

Наурыз тойы – береке, Наурыз тойы – жыр-аңыз.

1-жүргізуші: Наурыз айы – Шығыс күн есебі бойынша жылдың алғашқы айы. Бұл айда жылдың алғашқы айы есебінде күн мен түн теңеледі, сол себептен наурыз жыл басы болып саналады.

2-жүргізуші: Ақпан кетті араз боп наурызбен,

Наурыз жүр жоғалған бағын іздеп.

Көктем жетті көрісіп, жанын үзген,

Қыс аттанды қоштасып тағы бізбен.

Көктем жетті көл-көсіәр шуақ қуып,

Қыс барады қиылып, жылап тұрып.

Шатырында үйлердің наурыз жүр

Мұз көрпесін ақпанның лақтырып.

Тозған тоңып бойына кие алмай бір,

Қайта барса қарт Аяз сыя алмай жүр.

Асқар таулар атасын шақырады,

Ой мен қырын атасы қия алмай жүр.

Қарар емес наурыз атағына,

Алар емес ақпанды қатарына.

Күні бойы жылаған қарт пенденің

Түні бойы мұз тоңды сақалына.

Ән: «Наурыз – думан».

1-жүргізуші: Наурызды тәңір бізге нәсіп еткен,

Мейірім танысын деп тасып өткен.

Наурыз сән-салтанат, ұлттық рух,

Бақытты наурызы бар халқым неткен!

2-жүргізуші: Халықтың пейілінен жаралғандай,

Сұлу күн шуағынан таралғандай,

Ел мен жер елжірескен, қуанысқан,

Наурызда ажар қандай, арай қандай!

1-жүргізуші: Наурыз мейрам жүректерге нұр сепкен,

Маңдайымнан сүйіп жатыр күн көктем.

Жарығымен, шуағымен Күн – ана

Алып келді жер бетіне гүл көктем.

2-жүргізуші: Көктем келді. Күн күліп арайланды,

Шын досыңның көктемдей арай жаны.

Күліп аспан, ал дала шаттанғанда

Жылуындай көктемнің тарайды әні.

КӨКТЕМ! Күн нұрын көктен төккен.

КӨКТЕМ! Бақыт дәнін сепкен.

Әлемнің көктем – шалқар мерекесі,

Танытар ырыс-құтын, берекесі.

Наурызда думанын ұластырып,

Мәпелеп, аялаған ел еркесі.

Е.Байтоқов.

1-жүргізуші: Армысың, мейірім мен шуақтың бастауы!

2-жүргізуші: Қош келдің, көрікті көктем айы Наурыз!

Біз өзіңді, думаныңды, шаттығыңды,

Жұмақтай жұпар иісіңді, нөсерлі

Ақ жауыныңды сағындық.

1-жүргізуші: Наурызнама – шат-шадыманды ойын-сауық, той.

Қай жерлерде «наурыз тойы» деп аталады.

Ат жарыс, палуан күрес, басқа да спорт бәсекесі, айтыс, түрлі ойындар, жұмбақтар, ән, өлеңдер, нарузы жырлары айтылады.

2-жүргізуші: Наурыз көже – Наурыз тойына тән, көпшілікке арналған мерекелік тағам. Жеті түрлі дәмнен: сүт, ет, су, тұз, тары, құрт, жеміс тағы сол сияқты тағам түрлерінен жасап, оған қазы, шұжық сияқты сыйлы мүшелер қосып, мерекемен құттықтауға келгендерге ықыласпен ұсынады. Наурыз көженің тәрбиелік мәні зор. Ол адамдарды жомарттыққа, ізгілікке, ұйымшылдыққа, атулыққа, бірлікке шақырады.

1-жүргізуші: Арпа, бидай, тары бар,

Қатық, малта, ағы бар.

Ішілетін, жетіннің

Бұл көжеде бәрі бар.

2-жүргізуші: Наурыз жыры – Наурыз мерекесінде айтылатын халық ауыз әдебиетінің түрлерінің бір саласы. Оның түрлері халық арасында өте көп тараған.

1-жүргізуші: Ұлыс күні кәрі-жас

Құшақтасып көріскен.

Жаңа ағытқан қозыдай

Жамырасып өріскен.

2-жүргізуші: Наурыз бата «Наурыз көжеге» шақырғандарға, жалпы жұртшылыққа, ауылға, көпшілікке беріледі.

Өркенің өссін!

Әр күнің Наурыз күніндей берекелі болсын!

Ұлың оңға, қызың қырға қонсын!

Айың тусын солыңнан,

Жұлдызың тусын оңыңнан

Бақ берсін, қыдыр дарысын!

1-жүргізуші: Наурыз жұмбақ. Табиғатқа, аспан әлеміне, ауа райына, күн мен түнге байланысты жұмбақтар.

  1. Жабық астында жарты күлше (ай).

  2. Тал басында түндіксіз отау (құстың ұясы).

2-жүргізуші: Наурыз тілек. Әр адам отбасын немесе жақындарын, дос-жарандарын Ұлыстың ұлы күнімен құттықтап, жақсы тілек тілейді, бір-бірінің үйіне барады.

Төрт түлік ақты болсын!

Өрісің малға, үйің жанға толсын!

1-жүргізуші: Самарқанның көк тасы жібиді. Бұл күні әр адам қателігі болса кешірім сұрауға және ол кешірім беруге тиіс. Кешірмесе, «Бұл күні Самарқанның көк тасы да жібиді, сен тастан қаттысың ба» деп тоқтатады екен. Сол сияқты бұл сөзбен күннің әлемге жылулық әкелетін сәтін де бейнелеп айтқан.

2-жүргізуші: Қашанда құт-береке орнасын деп,

Тойларда шашу шашу – салты елімнің.

Уа, халайық! Теріліп ал несібеңді,

Қабыл болсын, жамағат, ақ тілеуің!

Краткое описание документа:

1)                                                                                                                                                                                                         Жабық астында жарты күлше (ай).

2)                                                                                                                                                                                                         Тал басында түндіксіз отау (құстың ұясы).

2-жүргізуші:    Наурыз тілек.Әр адам отбасын немесе жақындарын, дос-жарандарын Ұлыстың ұлы күнімен құттықтап, жақсы тілек тілейді, бір-бірінің үйіне барады.

Төрт түлік ақты болсын!

Өрісің малға, үйің жанға толсын!

1-жүргізуші:    Самарқанның көк тасы жібиді. Бұл күні әр адам қателігі болса кешірім сұрауға және ол кешірім беруге тиіс. Кешірмесе, «Бұл күні Самарқанның көк тасы да жібиді, сен тастан қаттысың ба» деп тоқтатады екен. Сол сияқты бұл сөзбен күннің әлемге жылулық әкелетін сәтін де бейнелеп айтқан.

2-жүргізуші:    Қашанда құт-береке орнасын деп,

Тойларда шашу шашу – салты елімнің.

Уа, халайық! Теріліп ал несібеңді,

Қабыл болсын, жамағат, ақ тілеуің!

Общая информация

Номер материала: 467531

Вам будут интересны эти курсы:

Курс повышения квалификации «Психолого-педагогическая компетентность педагога»
Курс повышения квалификации «Организация работы с одаренными детьми в условиях реализации ФГОС»
Курс повышения квалификации «Использование мини-проектов в школьном: начальном, основном и среднем общем и среднем профессиональном естественнонаучном образовании в условиях реализации ФГОС»
Курс повышения квалификации «Сетевые и дистанционные (электронные) формы обучения в условиях реализации ФГОС по ТОП-50»
Курс «Сопровождение детского отдыха. Школа вожатых»
Курс повышения квалификации «Профессиональная компетентность педагогов в условиях внедрения ФГОС»
Курс профессиональной переподготовки «Организационно-педагогическая деятельность в условиях реализации ФГОС»
Курс повышения квалификации «Мотивация учебной деятельности в условиях реализации ФГОС»
Курс повышения квалификации «Система работы специалистов ОО по подготовке учащихся старших классов к сдаче экзаменов»
Курс повышения квалификации «Психолого-педагогическая диагностика в современном образовательном процессе»
Курс повышения квалификации «Основы педагогического дизайна»
Курс повышения квалификации «Организация и проведение культурно-досуговых мероприятий в соответствии с ФГОС ДО»
Курс повышения квалификации «Организация и проведение культурно-досуговых мероприятий в соответствии с ФГОС НОО»
Курс повышения квалификации «Применение современных педагогических технологий в образовательном процессе в условиях реализации ФГОС»
Курс профессиональной переподготовки «Методическое сопровождение педагогического процесса в условиях реализации ФГОС»
Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.