Инфоурок / Иностранные языки / Презентации / Сабақ тақырыбы : Етістік
Обращаем Ваше внимание: Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы воспитания и социализации образовательные события, приуроченные к году экологии (2017 год объявлен годом экологии и особо охраняемых природных территорий в Российской Федерации).

Учителям 1-11 классов и воспитателям дошкольных ОУ вместе с ребятами рекомендуем принять участие в международном конкурсе «Я люблю природу», приуроченном к году экологии. Участники конкурса проверят свои знания правил поведения на природе, узнают интересные факты о животных и растениях, занесённых в Красную книгу России. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

ПРИЁМ ЗАЯВОК ТОЛЬКО ДО 15 ДЕКАБРЯ!

Конкурс "Я люблю природу"

Сабақ тақырыбы : Етістік

Напоминаем, что в соответствии с профстандартом педагога (утверждён Приказом Минтруда России), если у Вас нет соответствующего преподаваемому предмету образования, то Вам необходимо пройти профессиональную переподготовку по профилю педагогической деятельности. Сделать это Вы можете дистанционно на сайте проекта "Инфоурок" и получить диплом с присвоением квалификации уже через 2 месяца!

Только сейчас действует СКИДКА 50% для всех педагогов на все 111 курсов профессиональной переподготовки! Доступна рассрочка с первым взносом всего 10%, при этом цена курса не увеличивается из-за использования рассрочки!

ВЫБРАТЬ КУРС И ПОДАТЬ ЗАЯВКУ
библиотека
материалов

hello_html_m579a4d2e.jpg

Жаппаров Шарипжан Рахимович

Туған жылы : 13.09.1974 жыл

Білімі : Жоғары

Мамандығы : Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

«Қос-қорған» жалпы орта мектебі

Шығармашылық тақырыбы :

Қазақ тілі мен әдебиеті пәндері

сабағында оқушылардың есте сақтау қабілеттерін дамыту


Ғылымның апаты – естен шығару және ғылымға қызығушылығы жоқ адамдарға үйретіп уақытыңды босқа кеткізу” / Хадистен /

Педагогикалық ұстаным:

Ағылшын ағартушысы Уильям Уордтың

"Жай мұғалім хабарлайды;

Жақсы мұғалім түсіндіреді;

Керемет мұғалім көрсетеді;

hello_html_m6023de41.png hello_html_m6023de41.png Ұлы мұғалім шабыттандhello_html_m6023de41.pngырады"





Пікір

«Қос-қорған» жалпы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Жаппаров Шарипжан Рахимұлы қазіргі таңда « Қазақ тілі және әдебиеті сабақтарында жаңа технология элементтерінен және халықтық педагогикадан тиімді пайдаланып ,оқушылардың есте сақтау қабілеттерін дамыту» шығармашылық тақырыбы бойынша жұмыс істеп , зерттеулер жүргізіп келеді . Мұғалім Кембридж тәсілі бойынша ІІІ деңгейді бітіріп , өзінің біліктілігін артырған болатын . Бұл ізденулер мұғалімнің шеберлігін және оқушылардың есте сақтау қабілеттері мен қоса қызығушылықтарын арттыруға болатынын көрсетіп отыр . Жаңа идеялар фестивалінде өзінің баяндамасында қорғаған тақырыбының тиімді тараптарын көрсетіп , «Есте сақтау- білімді апаттан сақтайды»- деген сөзді дәлелдеп берді.

Үрімова Рахила

Қалалық білім бөлімінің әдіскері

филология ғылымдарының кандидаты

Сабақ тақырыбы : Етістік

А) Білімділік :Жаңа тақырыпты толық меңгерту

Ә) Дамытушылық : Оқушылырдың ой-өрісін ,

дүниетанымын , тілін , есте сақтау

қабілеттерін дамыту

Б) Тәрбиелік : Әр бір істі саналы түрде істеуге,

ақылды мен ақымақты айыра білуге тәрбиелеу

Сабақтың түрі : Ертегі сабақ

Сабақтың әдісі : Түсіндіру ,сахналық қойылым , әңгімелесу ,

жаттығу орындау , пысықтау , топтастыру,

салыстыру , сұрақ-жауап , пысықтау .

Сабақтың көрнекілігі : Оқулық , интербелсенді тақта , кесте

плакаттар , шарлар , ертегі қаһармандарының

киімдері, үлестірмелі кеспелер , ойындар ,

DVD .

Сабақтың барысы :

І . Ұйымдастыру кезеңі :

1. Оқушылырмен сәлемдесу , сабаққа қатысуларын , сабаққа дайындықтарын , сынып бөлмесінің тазалығын анақтап , үйге тапсырманы сұрау, оқушыларға сабақтың ұранын айтқызу

Сабақтың ұраны: Бал араша тынбаймыз

Білім балын жинаймыз

Мектеп ана өзіңе біз

Бестіктерді сыйлаймыз

2. Үйге тапсырма : а) 61-жаттығуды орындау

ә) «Жақсылық» тақырыбында мәтін құрау

б) Өткенді қайталау

3. Өтілген тақырыптарды қаншалықты меңгергендіктерін анықтау үшін үлестірмелі кеспелермен , лото ойынымен анықтап, өтілгенге қысқаша шолу жасап өту .

Лото ойыны өтілген тақырыптар бойынша 30 сұрақтан тұрады ,

әр бір сұрақ нөмірленген :


hello_html_1bf90449.gif



27



hello_html_1bf90449.gif


13

hello_html_1bf90449.gif


5


hello_html_1bf90449.gif


18

hello_html_1bf90449.gif


7




Осындай кеспелерден алты данасы оқушыларға үлестіріледі,әр бір кеспедегі нөмірлер қайта қайталанбайды , кім бірінші болып дайын болса, сол оқушы жауап береді ,жауабына қарай баға орнына




hello_html_m59cf8653.gif







жұлдыз беріледі , сабақтарда қолданыла келіп тоқсан аяғында оқушының қанша жұлдыз жинағаны анықталады , және оның өтілгенді қаншалықты меңгергендіктерін анықтауға болады .

Өтілген тақырыптарды есте сақтау қабілеттерін анықтау кестесімен жұмыс:


Өтілген тақырыптар

Сұрағы

Мысал

Қызметі

Мағыналық түрлері

Құрамына қарай түрлері

1

Зат есім






2

Сын есім






3

Сан есім






4

***






5

***






6

***






7

***























ІІ Негізгі бөлім :

1. Жаңа тақырып : Етістік


Эпиграф : Ақылды адам айтқызбай біледі ,

Ақсұңқар қаққызбай іледі .(Мақал)


Мақалды оқып, мазмұнын түсіндіру, сабақ барысында мақал естерінде қаншалықты қалғаны анықталып, етістіктерді табу .


Ертегі:






hello_html_2a4df362.gif


hello_html_1ea58a8c.jpghello_html_m35cb9835.png


Ерте ,ерте , ертеде морфология патшалығында «сөз таптары» на иелік жасаған «Сөйлем» деген хан болыпты , бұл хан барлық мал-дүниесін жинап , ұлдарын жинап , тоғызға бөліп , ұлдарына еншілес бермек болыпты . Қартайған хан үлкен ұлдарын алдына шақырып әр біріне өзіне тиісті еншілесін бермекші болыпты :

  • Әй , ұлдарым , бері келіңдер , мен қартайдым , енді сендерге еншілестеріңді бөліп берейін ,-депті .

  • Мен, әке үлкен ұлыңыз , барлық заттың атауы менімен аталады сондықтан маған зат есімді берсеңіз .

  • Мен, әке үлкен , күшті ,көркем , дәмді , жақсы нәрселерді ұнатамын , сондықтан маған сын есімді берсеңіз , өте жақсы болар еді .

  • Бір ,екі, үш , төрт , бес . Әке , мен санағанды өте жақсы көремін , сондықтан маған мыңдаған , шексіз сан есімдерді берсеңіз жақсы болар еді.

  • Әй, етістік қайда жүр өзі ?Ол неге келмеді, шақырыңдар! - деді хан

  • Ой, әке , ол ылғы іс-әрекетпен айналысып жүреді , қазірде бір нәрсемен шұғылданып жатқан шығар ,-депті ұлдары.

  • Әй , етістік ,кел мұнда , сені әкем шағырып жатыр

Қолында домбырасымен етістік кіріп келеді :

  • Ассалаумағалайкум , хан әке маған қандай жұмысыңыз бар ?

Әке , маған еншілес бермесеңізде болады , мен сіздің қызметіңізде боламын .

Хан әкесі ұлдарына сұрағандарын беріп , содан бастап етістікті өз қолында алып қалыпты ,сөйлем етістіксіз аяқталмас та, баяндалмас та екен .

Етістік – іс-әрекет , қимылды білдіріп, не қылды ?, не істеді?,қайтті? деген сұрақтарға жауап беретін сөз табы.

Етістік құрамына қарай екі түрге бөлінеді :

1. Дара етістік – тек қана бір сөзден жасалады

Мысалы : Барды , алды , жазды т.б

2. Күрделі етістік - бірнеше сөзден жасалып , бір сұраққа жауап береді

Мысалы : Алып барды , жұлып алды , жазып тастады т.б

Етістіктің үш шағы бар :

1. Өткен шақ – іс-әрекеттің болып өткенін білдіреді

2. Осы шақ- іс-әрекеттің тап сол уақытта орындалып жатқанын білдіреді

3. Келер шақ - іс-әрекеттің енді болатынын білдіреді

ІІІ . Жаттығу орындау сәті : hello_html_m1357f6df.png

Жануарлар қалай дыбыстайды? , не істейді? деген сұраққа жауап береді :

Мысалы:

1

мөңірейді

***

2

ырылдайды

***

3

шырылдайды

***

4

бақылдайды

***

5

мияулайды

***

6

ызыңдайды

***

7

ысылдайды

***

8

боздайды

***

9

кісінейді

***

10

сайрайды

***

11

маңырайды

***

1. Сиыр -

2. Қой –

3. Жылқы-

4. Ит -

5. Мысық-

6. Түе –

7. Бұлбұл –

8. Бақа –

9. Жылан –

10. Шыбын -

11.Шегіртке –

Оқулық бойынша жаттығуларды орындау

ІV. Сергіту сәті :

А) Берілген жеміс- жидектердің суреттерін бір параққа теріп , нөмірлеп бір рет көрсетіп, сол көргендерін есте сақтап , дәптерге жазады . Сурет қайта көрсетілген кезде оқушылар қолдарына қызыл қалам алып , кемшіліктерін түзетеді. Бұл оқушылардың көріп есте сақтау қабілеттерін дамытады .

hello_html_m790aec2d.png

Б) Геометриялық пішіндерді есте сақтап қалу ,нөмірлерімен,әр нөмірде өтілген тақырыптардан сұрақтар беріледі , оқушының таңдауы бойынша , оның мінезін айтып беру

hello_html_7acda7e0.gifhello_html_m4bb67f60.gifhello_html_5639004d.png

Мhello_html_m2fbf0728.gifінездері төмендегідей болады :

- мақсатқа талпынғыш,

hello_html_m4789e4bd.gif қайырымды, туырлықты айта білетін адам

- өзгелерге жаны ашығыш, мейірімді, сезімтал

hello_html_m42f0123.gif адам

- еңбексүйгіш , қайратты, алдына қойған әр қандай

hello_html_caab64c.gif мақсатына жететін адам

- шығармашыл адам, бойында үлкен қабілет жасырынған адам

V.Пысықтау :

Тыйым салынған іс-әрекеттерді оқып шығамын оқушылар бір рет

1. Ұмытып кетпе , есікті теппе!

2. Ізет танытып , әдепті сақта да , жатқан кісінің үстінен аттама

3. Құр бекерге ермекке , бос бесікті тербетпе

4. Шаршасаң сәл аялда , бірақ та жер таянба

5. Тарту тарт , тар келместей тақымыңа , мылтық , пышақ сыйлама жақыныңа

6. Кеңеске салақ қарама , кір жайма түнде далаға

7. Төрге шығып теріс қарап отырма

8. Ұлттық салттан бұлжыма , жұма күні кір жума

9. Өзім қумын деме , кісі ақысын жеме

10. Қашанда болсын есте , үлкеннің алдын кеспе

Жасыл ,қызыл, көк түсте берілген тыйым сөздерді оқушы өзі көріп үш рет оқып шығып әуелі жасыл , екінші болып көк соңында қызыл түсте берілгенін есте сақтап көру . І деңгей жасыл, ІІ деңгей көк, үшінші деңгей қызыл .Бұл деңгейлік тапсырма деп алсақта болады .Естерінде 10 сөйлемнен қаншасы қалар екен және оны қаншалықты дұрыс жазады , сол тыйым сөздерден етістіктерді тауып , астына сызамыз. Оқушы бұл тапсырмада өін-өзі бағалай алады .

VІ . Қорытынды :

1. Сабақты қорытып , оқушылардың сабақ барысында меңгерген білімдері мен белсенділігіне қарай, өтілгенді қаншалықты есте сақтағанына қарай бағалау.

Үйге тапсырманы түсіндіру

2. Үйге тапсырма : а) 65-жаттығуды орындау

ә) «Табиғат» тақырыбында мәтін құрау

б) Етістікке мысалдар тауып , сөйлем жазу

















Краткое описание документа:

Пікір

    «Қос-қорған» жалпы  орта  мектебінің  қазақ  тілі  мен  әдебиеті  пәнінің  мұғалімі  Жаппаров Шарипжан  Рахимұлы  қазіргі  таңда   « Қазақ  тілі  және  әдебиеті  сабақтарында  жаңа  технология  элементтерінен және  халықтық  педагогикадан тиімді пайдаланып ,оқушылардың есте  сақтау  қабілеттерін  дамыту» шығармашылық  тақырыбы бойынша  жұмыс істеп , зерттеулер жүргізіп  келеді . Мұғалім  Кембридж  тәсілі  бойынша  ІІІ деңгейді  бітіріп , өзінің біліктілігін  артырған болатын . Бұл ізденулер   мұғалімнің шеберлігін  және  оқушылардың  есте  сақтау  қабілеттері мен  қоса  қызығушылықтарын арттыруға  болатынын  көрсетіп отыр .  Жаңа идеялар  фестивалінде  өзінің  баяндамасында  

Общая информация

Номер материала: 387358

Похожие материалы