Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Классному руководителю / Другие методич. материалы / Сабақ тақырыбы: Тәуелсіз Қазақстан.

Сабақ тақырыбы: Тәуелсіз Қазақстан.


  • Классному руководителю

Поделитесь материалом с коллегами:

Сабақ тақырыбы: Тәуелсіз Қазақстан.
Мақсаты:
1.Оқушыларды жаңа сабақ тақырыбымен таныстыру, үлкен мәлімет беру, білімді қалыптастыру.
2.Оқушылардың есте сақтау,мәтін арқылы салыстыру, өз бетімен ойлау, қорытындылау дағдыларын дамыту, өз білімдерін бағалай білуге дағдыландыру.
3.Отанды сүюге, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншіліктерін арттыру және достыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.
Көрнекілік.:Мультимедиада дайындалған слайдтар: Қазақстан картасы,Астана каласының көрінісі,сұрақтар,өлеңнің сөздері.
Сабақтың түрі: әңгіме, сұрақ-жауап, топпен жұмыс,әдеби монтаж.
Сабақтың әдістері:ой шақыру, қорытынды жасап іздену, ойын талдау-жинақтау әдістері...
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру қезеңі: амандасу, оқушыларды түгендеу, сабақ мақсатын қою.
2.Үй тапсырманы тексеру.
3.Жаңа сабақ бойынша:
Тәуелсіз Қазақстан. Тұйық етістік.
Сөздік.
Жоғарғы Кеңес - Верховный Совет 
Жарияланды было объявлено 
Ауызбірлік – единство


Қазақстан Жоғарғы Кеңесі 1991 жылы 16 желтоқсаңда Қазақстан тәуелсіз республика деп жарияланды. Бұл күн -Қазақстан тарихында «Тәуелсіз Қазақстан Республикасының туған күні» деп алтын әріппен жазылды. Қазақстан тәуелсіз мемлекет болып жарияланғаннан бері біздің елді әлемнің жүзден астам елі таныды. Өлшеусіз табиғат байлығымен ғана емес, ең алдымен сан түрлі ұлттардан құралған халқының ауызбірлігімен аты шықты. 

Ш деңгейТапсырма. Мәтінді мазмұндаңдар. Мәтінге сұрақ кұрастыр.
Жаттығу. Орындары ауыстырылып берілген. Сөздердің септіктерін дұрыс
 қойыңдар.
А.
с. тәуелсіздік мемлекетке
I.e. тәуелсіздіктің мемлекетпен
Б.с. тәуелсіздікке мемлекеттің
Т.е. тәуелсіздікті мемлекеттен
Ж.с. тәуелсіздікте мемлекет
Ш.е. тәуелсіздіктен мемлекетті
К.С. тәуелсіздікпен мемлекетте
Тапсырма. Синонимдік қатарды жалғастырындар.
Тәуелсіз, егеменді,.... 
Жариялады,... 
Бүкілхалыктық мейрам,...

ІІ деңгей Сұрақ - жауап.
-Біз қай республикада тұрамыз?
-Қазақстан Республикасының астанасы қай қала?
-Қазақстан Республикасының елбасы кім?
-Қазақстан Республикасының рәміздерін ата.
-Қазақстан қандай мемлекет?
-Ал, тәуелсіздік дегеніміз не?
-Қазақстан Республикасы тәуелеіздік күнін кашан мерекелейді?
Тапсырма. Жаңа астанамыз Астана қаласында болдыңдар ма? Сурет бойынша әңгімелеңдер. Пікірлесіңдер.
http://kzdocs.docdat.com/pars_docs/refs/34/33388/33388_html_f188b52.jpg

Жаттығу. Мәтіңді орысшаға аудар. Мазмұндаңдар.

16 желтоқсан - Тәуелсіздік күні, бүкілхалықтық мейрам. Бұл мерекені бүкіл халық тойлайды. Көптеген іс-шаралар ұйымдастырылады. Біздің мектепте де бұл мейрам атап өтіледі. «Қазақстан - тәуелсіз ел» атты әдеби кеш, зияткерлік сайыстар, мерекелік концерттік бағдарламалар, спорт жарыстары өткізіледі. Барлық оқушылар бұл шараларға белсене қатысады.

Тапсырма. Сұрақ — жауап
Сендер, Тәуелсіздік мерекесін қалай тойлайсыңдар?

I деңгей.Тапсырма.
Ұлылардан қалған асыл сөз. Бөлтірік шешеннің сөзі.

Ой қозғаңыз.
-Екі көзің неге керек?
Жақсыларды көру үшін.
Екі қолың неге керек?
Елге көмек беру үшін.
Неге керек құлағың?
Ақыл-кеңес тыңдау үшін.
Тіл мен жағьң неге керек?
Ақиқатты айту үшін.
Ал аяғың неге керек?
Шетте жүрсем туған елге қайту үшін.

Тапсырма «Бәйтерек» кешені ненің символы?


http://kzdocs.docdat.com/pars_docs/refs/34/33388/33388_html_m1fddf8f4.jpg

Тапсырма. «Туған елің үшін не істей аласың?». Пікір — талас. Эссе жазып келіңдер.
Джон Кеннеди американ халқына: «Ел сіз үшін не істей алады деп сұрамаңыздар, сіз ел үшін не істей аласыз деп сұраңыздар»,- деп айтқан екен.

Өлең айтайық!


АТА МЕКЕН
Сөзі Қ. Мырзалиевтікі. 
Әні Е. Хасанғалиевтікі

Жасыл жайлау - түкті кілем, көк кілем, 
Көк кілемде көп ойнаймын, көп күлем Айдарымнан сипап өткен самалды, Қазағымның алақаны деп білем.


Қайырмасы: 
Қайда жүрсең ата мекен, Көкейіңде жатады екен Күннің өзі ұясына, 
Қимай оны батады екен.

Жасыл жайлау - түкті кілем, көк кілем, 
Көк кілемде көп аунаймын, көп күлем. Асқар
тауың аспаныммен, таласқан, Қазағымның мәртебесі деп білем.


Қайырмасы: 
Жасыл жайлау - түкті кілем, көк кілем, 
Көк кілемде көп ойнаймын, көп күлем. 
Куннің нұрын, айдың әппақ сәулесін, Қазағымның махаббаты деп білем.

Сабақтың тақырыбы: «Көктем. Қайталау»

Сабақтың мақсаты: 1. Оқушылардың өткен сабақ тақырыбына байланысты білім деңгейін тексеру.
2. Оқушылардың белсенділігін, қызығушылығын арттыру; табиғатқа, жерін қорғайтын патриот болуға тәрбиелеу.
3. Сөздік қорын бақылау, ауыз екі тілін дамыту, ойлау қабілетін жетілдіру.
Сабақтың түрі: қайталау сабағы.
Сабақтың әдісі: мұғалім түсіндіруі, сұрақ-жауап, шығармашылық жұмыстар.
Сабақтың көрнекілігі: мәтін, сұрақ карточкасы, кілт сөздері,көктемгі суреттер.
Сабақтың барысы: I. ¥йымдастыру кезеңі.

а)амандасу;
э) кезекшімен сұхбаттасу.
- Бүгін сабақта кім жоқ?
- Қазақ тілі нешінші сабақ?
- Аптаның қай күні?
- Наурыздың нешесі?
(Балалар дәптерге ай мен күнді түсіреді).
б)- Балалар, біз бүгін топ болып, жаңа стратегия бойынша жұмыс істейміз, бір-бірімізге жақсы тілек айтайық.
в) - Балалар, қазір қандай жыл мезгілі келді?


II. Жаңа сабақ.
а) «Көктем» деген сөзге ассоциация жазу.(балаларға ойлануға уақыт беріледі, олар оз ойларын тақтаға түсіреді).
ә) Жаңа сөздермен жұмыс: жібиді - подтаивает, қатады - замерзает,
жылынып келеді - становится теплее, бұлтты - облочный, тойлаймыз - празднуем, встречаем, жаяды - накрывают, тілек - пожелание (оқушылар ауызша қайталап, сөз тіркес немесе сөйлем құрастырады).


б) Кілт сөздермен әнгіме құрастыру: 
Көктем ....
Күн наурыз айында .... 
Біз наурыз мерекесін .... 
Адамдар .... 
Оқушыларда... .
(Әр оқушы өз дәптеріне жазады, бір - біріне айтады, топта бір спикер айтып береді).


в) Мұғалім өз дайындаған «Көктем» туралы мәтінді оқушыларға береді және оқушылар сәйкес келді, сәйкес келмеді деген карточканы толтырады, бір - біріне оқиды.


г) Оқушылар сұрақ - жауап беріп, бір - бірімен пікірлерімен бөліседі.
1. Мәтінді оқығанда, қандай ойлар келеді?
(Что вы почувствовали при чтении текста?)
2. Сендер табиғатты, жерді қорғауға қандай үлес
қосасындар? (Какой вклад вы внесли бы в защиту природы и земли?)






III. Сергіту сәті.
Тербеледі ағаштар
Алдымнан жел еседі. 
Кіп - кішкентай ағаштар 
Үлкен болып өседі.

IV. Практикалық жұмыс.
I топ:«Тойлаймыз» сөзді жіктеу. 
II топ:«Көктем»деген сөзді септеу. III топ:«Жібиді» сөзіне фонетикалық талдау жасау.

V. Сұраулы сөйлем стратегиясы.
«Біз Наурыз мерекесін тойлаймыз» сөйлемнен бірнеше сұраулы сөйлем құрастыру.
Мысалы: Қандай мерекесін тойлаймыз?
Наурыз мерекесін неге тойлаймыз?...


VI. Шығу карточкасы.
1. Осы сабақта нені білдің? (Что ты узнал на этом уроке?)
2. Қай жерде қиын болды? (Где было трудно?) 

VII. Оқушыларды бағалау.

VIII. Үй тапсырмасы беру.
Венн диаграммасын толтыру.
Қыс - не ортақ? - Көктем

ІІІ Глоссарий
Құқықтық - правовой
Бейбіт сүйгіш - миролюбивый
Өркениетті- цивилизованный
Өндіретін өндіріс –промышленное производство


Краткое описание документа:

Мақсаты:
1.Оқушыларды жаңа сабақ тақырыбымен таныстыру, үлкен мәлімет беру, білімді қалыптастыру.
2.Оқушылардың есте сақтау,мәтін арқылы салыстыру, өз бетімен ойлау, қорытындылау дағдыларын дамыту, өз білімдерін бағалай білуге дағдыландыру.
3.Отанды сүюге, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншіліктерін арттыру және достыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.
Көрнекілік.:Мультимедиада дайындалған слайдтар: Қазақстан картасы,Астана каласының көрінісі,сұрақтар,өлеңнің сөздері.
Сабақтың түрі: әңгіме, сұрақ-жауап, топпен жұмыс,әдеби монтаж.
Сабақтың әдістері:ой шақыру, қорытынды жасап іздену, ойын талдау-жинақтау әдістері...
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру қезеңі: амандасу, оқушыларды түгендеу, сабақ мақсатын қою.
2.Үй тапсырманы тексеру.
3.Жаңа сабақ бойынша:Тәуелсіз Қазақстан. Тұйық етістік.
Сөздік.
Жоғарғы Кеңес - Верховный Совет 
Жарияланды - было объявлено 
Ауызбірлік – единство

Автор
Дата добавления 19.04.2015
Раздел Классному руководителю
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров585
Номер материала 488104
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх