Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Физика / Рабочие программы / Сабақ жоспарлары Блум таксономиясы бойынша 7 сынып физика
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Физика

Сабақ жоспарлары Блум таксономиясы бойынша 7 сынып физика

Выберите документ из архива для просмотра:

Выбранный для просмотра документ сабак топтамасы толык.doc

библиотека
материалов

Павлодар қаласы ПҚБАИ

3 топ

Қазақ тілінде

Тренер: Оразаева З.Н. Жабагина Р.М.

Тыңдаушы: Атик Б.В.

Пәні: физика

Бекітемін___________________

Ақсу қаласының дарынды балаларға арналған мамандандырылған гимназия директоры:

Сламбекова Р.Х

Сабақтың тақырыбы: § 57. Күш моменті. Айналатын дененің тепе-теңдік шарты. Иінді таразылар.

Сабақтың мақсаты:

-Күш моменті ұғымын және шамалардың мағынасын түсіну, механиканың негізгі ұғымдары мен заңдарының жай механизмдерге практикалық қолданысын білу, моменттер ережесін меңгеру, иіндіктің адам өміріндегі маңызы туралы ой қалыптастыру, иінді таразылардың жұмыс істеу принципін анықтау.

Сабақтың міндеттері:

- Оқушыларды сыни тұрғыдан ойлауға, еркін сөйлей білуге, өз ойын жеткізе білуге, ортақ шешім шығаруға баулу;

- танымдық белсенділіктерін арттыру, алған білімін тәжірибеде қолданып, эксперимент нәтижесін қорытындылай алу, болжам жасау біліктіліктерін дамыту.

Сабақ түрі: жаңа сабақ

Модульдер: АКТ, СТОү, ТжДОЖ, диалогтық оқыту, ОЖЕСО, оқыту және оқудағы жаңа тәсілдер,оқытудағы басқару және көшбасшылық, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.

Әдіс-тәсілдер: Проблемалық оқыту, жұптық, топтық «Бірге ойлаймыз» диалогы, «Айналмалы бекет», «Әуе шары», «Сұрақты тап» әдістері.

Дереккөздер: оқулық, Физика және астрономия.7 сынып. Р.Башарұлы, У. Тоқбергенова, Д.Қазақбаева-Алматы, Атамұра-2012, Дидактикалық материалдар: Физика және астрономия. 7 сынып. Р.Башарұлы, Ж.Бақынов; интербелсеңді тақта, проектор, иіндік, сызғыш, флипчарт, стикер, маркерлер, бағалау парағы.

Оқыту нәтижесі: Сын тұрғыдан ойлау арқылы күш моменті тақырыбының мазмұның меңгерді, топтық диалогта өз ойын еркін жеткізіп, ортақ шешім шығаруға үйренді, танымдық белсенділігі артты, білімін іс жүзінде қолданып, іскерлік қабілеттері дамыды.

Сабақтың кезеңдері

уақыт

Кіріктірілген модульдер

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Білу

5 мин

АКТ, СТОү, диалогтық оқыту, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау, ОЖЕСО

Күш моменті тақырыбына шығу үшін бейнеклипты (Pig) көрcетемін, сабақпен байланысы қандай екенін анықтауға бағытталған сұрақ қоямын:- Бейнеклиптегі кішкене доңыздың қолданған құрылғысы неге ұқсайды?

Осы иіндікті қолда бар материалдан жұпта жасаңдар да, мына сұрақтарды:

-Өздерің жасаған иіндік қандай бөліктерден тұрады?

-Осы иіндікті тепе-теңдіктен шығару үшін не істеу керек?

- Күшті жұмсаса иіндік ұзындығы қаншалықты өзгереді?

-Неліктен таразыларды иіндік деп атайды?- жұпта талқылап, жауап беріп, сабақтың тақырыбын СТО арқылы меңгеруге бағыт-бағдар беремін.

Бағалау парағын таратамын.

Түрлі-түсті стикер арқылы өздерін бағалауға жетелейді:

Бейнеклиптан көргенің әткеншек немесе иіндікке ұқсайтынын таниды, жұпқа бөлініп иіндік моделін жасап көрсетеді, осыдан иіндіктің бөліктерін ажыратады: тіреу нүктесі, күш иіні.

Тепе-теңдіктің бұзылуына иіндікке әрекет ететін күш екенін анықтайды.

Таразылар иіндікке ұқсайтынын анықтайды.

Өздерін бағалайды, түсінбей қалғандарға жедел көмек береді.

Жасыл түс-түсіндім,

Сары-жартылай түсіндім,

Қызыл- түсінбедім

Түсіну


10 мин

диалогтық оқыту, оқытудағы жаңа тәсілдер, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау, басқару және көшбасшылық


Топтық «Бірге ойлаймыз» диалог арқылы мына тапсырманы орындаңдар: Күшпен иіннің көбейтіндісінен қандай жаңа ұғым пайда болғанын анықтаңдар және оның формуласын жазыңдар. Иіндік-сызғыш пен күштер жиынтығын пайдаланып, моменттер ережесін ұсыныңдар.

ДЖИГСО тәсілімен талқылап, басқа топтардың пікірін тыңдап, өздеріннің жұмысатырынмен салысытырыңдар. Топ басшысына бағалау критерийлерін беремін:

Анықтаманы тұжырымдай алады- 1 ұпай,

формуласын, өлшем бірлігін жаза алады- 1 ұпай,

моменттер ережесін түсіндіре алады-1 ұпай,

топ жұмысына белсене қатысты-1 ұпай.

1,2 тәсілімен топтарға бөлініп, күш моменті туралы түсінгенін өз сөзімен білдіріп анықтамасын шығарады: күшпен күш иінінің көбейтіндісі күш моментін береді және формуласын: М=F*d

1 Ньютон*метр=1 Н*1 м

Қажетті құралдарды және оқулықтың бетіндегі 202 мәліметті пайдаланып, бірге ойланып, басқа топтарда моменттер ережесін талқылап, флипчартта ұсынады, оны қорғайды. Топ көшбасшысы топ мүшелерінің жұмысын бағалайды.

Қолдану


3 мин

АКТ, диалогтық оқыту

Үнсіз қадаммен жұптарға бөлемін де «Айналмалы бекет» әдісімен иіндіктің тепе-теңдікте тұрғаны туралы жұпта ой бөлісуге тапсырма беремін. Әр жұпқа слайдтағы hello_html_m2ebbaa6f.png

тапсырманы бөліп беремін. А-ны бірге талқылаймыз, В-1,С-2,Д-3,Е-4.

Әр жұп өзін смайликпен бағалауды ұсынады.

Алған білімдерін жетекшілікке алып, иіндік тепе-теңдікте тұру үшін денені қалай орналастыру керектігін айтып, қайта өзгертеді, басқа жұптар өз ойларын ұсынады

В- тепе-теңдікте, он жақтағы күш сол жақтағы иін ұзындығымен теңгеріліп тұр,

С- тепе-теңдікте, екі жаққа бірдей үш әрекет етеді,

Д-тепе-теңдікте, жоғары бағытталған ұзындықтан ұтылса, төменгі күштен ұтады

Е-тепе-теңдікте, оң жақтағы көп күш, сол жақтағы екі күшпен теңгеріліп тұр.

Әр жұп өздерін смайликпен бағалайды.

Талдау


17 мин

ДжТОЖ , диалогтық оқыту, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.

«Әуе шары» әдісімен әр жұпқа деңгейлік есептерді шығаруға тапсырамын:

І деңгей

1.Иіндікке әрекет ететін күш 300Н, күш иіні 30м.Күш моменті қандай?

2.Иіндіктің кіші иініне 300Н үлкен иініне 20Н күш әсер етеді. Кіші иіннің ұзындығы 5см. Үлкен иіннің ұзындығын анықтандар.

ІІ деңгей

1.Ұзындығы 1 м иіннің ұштарына жүктер ілінген. Бір жүктің массасы 120 г. Егер бірінші жүктен 20 см қашықтықтағы тіреуде иін жүктерімен бірге тепе-теңдікте болса, онда екінші жүктің массасы неге тең?

ІІІ деңгей

1. Массасы 10 кг, ұзындығы 40 см сырықтың екі ұшына массалары 40 кг және 10 кг жүк ілінген. Осы сырық тепе-теңдікте болу үшін тіреуді қай жерге қою керек?

жұптық бағалауды ұйымдастыраын.

Әр жұп А,В,С деңгейінің І деңгей

1)F = 300H

d=30м

M=? M=F*d

M=300H*30м=9000H*м

2)F1 = 300H

F2 = 20H

d1=5 см

d2=?

M=F*d F1*d1= F2*d2

d2=hello_html_m3f337976.gif

d2=hello_html_3262a994.gif ІІ деңгей

1)l = 1м

m1=120 г

l2=20 см

m2=?

F1* l1= F2* l2 F2=hello_html_m5e0be525.gif

l2= l- l1 =1м-0,2м=0,8м

F1= m1*g=0.12*10 =1.2 H

F2=hello_html_m10f62192.gif=0,3 Н

m2=hello_html_c107b9.gif=hello_html_m43eb71a5.gif=0,03 кг

ІІІ деңгей

1)l = 40 см

m=10 кг

m1=40 кг

m2=10 кг

х=? М1= М2+ М

М1= P1; М2= P2*(l-х)

М= Phello_html_m16b64010.gif )

P1*х= P2*(l-х)+ Phello_html_m16b64010.gif )

P1*х= P2l- P2х+hello_html_26314a75.gif

(P1+ P2+ P)x= (P2+hello_html_m76895370.gif) l

X=hello_html_5ca5d2c7.gif

X=hello_html_521665ba.gif=hello_html_69e3ff14.gif=0.1 м=10 см есептерін шығарады, шығарған жұп шарды босатып жібереді.

Өздерін бағалайды

А-1 ұпай

В-2 ұпай

С-3 ұпай

Жинақтау


5 мин

АКТ, оқытудағы жаңа тәсілдер, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау,

«Сұрақты тап» әдісін пайдаланып, hello_html_m46a04052.png

Білімдерін жинақтауға бағыт –бағдар беремін.


Сұрақты тап орындау арқылы тақырып бойынша білімдерін жинақтайды, бір жауапты таңдайды да сол жауаптын сұрағын кімнен алғысы келеді соған жұмсақ ойыншықты лақтырады, өз ойын толық тұжырымдайды. Жауабына сұрақ тапқан оқушыны бағалайды.

Бағалау

Рефлексия


5 мин

ДжТОЖ,

оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау

Шығармашылық тапсырма Архимедтің «Маған тіреу нүктесін беріңдер мен жерді төңкеріп тастаймын» деген пайымдауы сіздің ойынызша дұрыс па? деген сұрақ қойып, пікірталас тудырамын.Стикер таратамын.

Дұрыс деген топ бір жаққа, дұрыс емес деген топ басқа жаққа топтасып, өз пікірлерін дәлелдейді.

Стикер арқылы сабақты қорытындылайды, бағалау парағын толтырып, тапсырады.


Павлодар қаласы ПҚБАИ

3 топ

Қазақ тілінде

Тренер: Оразаева З.Н. Жабагина Р.М.

Тыңдаушы: Атик Б.В.

Пәні: физика

Бекітемін___________________

Ақсу қаласының дарынды балаларға арналған мамандандырылған гимназия директоры:

Сламбекова Р.Х

Сабақтың тақырыбы: § 58. Жай механизмдер

Сабақтың мақсаты:

-Жай механизмдерді танып, олардың түрлерін айыра білу, өмірдегі пайдасы туралы мәлімет алу, механиканың негізгі ұғымдары мен заңдарының жай механизмдерге практикалық қолданысын білу.

Міндеттері:

-Жай механизмдерді пайдаланып, күштен ұтуға болатынын дәлелдеуге, өз пікірін ұстана білуге үйрету;

-пікірталас жүргізу барысында өзгенің пікірін тыңдап, құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақ түрі:жаңа сабақ

Модульдер: АКТ, СТОү, ДжТОЖ, диалогтық оқыту, ОЖЕСО, оқытудағы жаңа тәсілдер, басқару және көшбасшылық, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.

Әдіс-тәсілдер: проблемалық оқыту, жұптық, топтық «Ойлан, Бірік, Бөліс» диалог, «мозаика» әдісі, топтастыру, деңгейлік тапсырма, «стикердегі 10 сұрақ», есеп шығару, шығармашылық тапсырма.

Дереккөздер: оқулық, Физика және астрономия, 7 сынып, Р.Башарұлы, У. Тоқбергенова, Д. Қазақбаева; Дидактикалық материалдар, Физика және астрономия. 7 сынып. Р.Башарұлы, Ж.Бақынов; книга для чтения по физике- Москва, Кириллова И.Г, Просвещение, 1986 г; блоктар, жүктер жиынтығы, динамометр, тұрғы, интерактивті тақта, проектор, презентация, флипчарт, стикер, маркерлер, бағалау парағы,

Оқыту нәтижесі:  - Оқушыларды сабаққа ынтасын, пәнге қызығушылығын арттыру, жай механизмдер туралы білімді өздігінен меңгеру, тәжірибені жасап, орындалған тапсырмаларды сөзбен қорғауда, пікірталаста жүзеге  асыруын қалыптастыру.

Сабақтың кезеңдері

уақыт

Кіріктірілген модульдер

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ұйымдастыру кезеңі

Білу

5 мин

АКТ , СТОү,

оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау, ОЖЕСО


Сергіту сәтін ұйымдастырамын

Әр оқушыға түрлі стикер таратады, түстері сәйкес келетіндер жұп болып бірігуге ұсыныс жасаймын.

Тақырыпқа шығу үшін Пирамида жайлы подкастингты қойып, сын тұрғысынан ойлауға жетелейтін сұрақтар қоямын:

-Пирамидалар туралы не білесіңдер?

-Пирамидаларды құрастырғанда қандай құралдарды қолданған?

- Бұл құралдар адамның жұмысын жеңілдетті ме?

- Кейбір жағдайларда қалай үлкен нәрсені оңай көтеруге болады? оқулықтың 207 бетін оқып анықтаңдар.

-Қандай түрлері бар?

- Бұл құралдарды қалай атайды?

арқылы негізгі ұғымды меңгеруге жетелеймін.

басбармақ арқылы өздерін бағалауды ұсынамын, бағалауларына сәйкес ұғымдарды жақсы меңгерген оқушыларды түсінбеген оқушыларға жедел көмек беруге ұсыныс жасаймын.

Сергіту сәті арқылы бой жазып, сабаққа көңілдерін аударады.

Стикерінің түсіне қарай жұп болып бөлінеді.

Өлең шумақтарынан сабаққа қандай қатысы барын анықтайды.

Пирамидалар туралы білетінін еске түсіреді, оларды салу кезінде қазіргідей қуатты машиналар болған жоқ, олар қолдағы бар құралдардың көмегімен өз жұмысын жеңілдетуге тырысты, сондай механизмнің бірі иіндік, одан басқа түрлерін де айыра алады: көлбеу жазықтық, блок, шығыр, бұранда,сына, бұларды жай механизмдер деп атайтынын меңгереді.

басбармақ арқылы өздерін бағалайды.

Қажеттілігіне қарай бір-біріне көмек көрсетеді.


Түсіну


7 мин

Диалогтық оқыту, оқытудағы жаңа тәсілдер, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау, басқару және көшбасшылық.


қызыл мен жасыл, көк пен сары стикерлері бар оқушылар топқа үнсіз қадаммен біріктіріп, «Ойлан, Бірік, Бөліс» әдісімен топтық диалогқа тапсырма: Жай механизмдер тақырыбының 208-209 бетіндегі мәліметті басшылыққа алып, топта тәжірибе жасап, ойларынды топпен талқылап, көрнекі тәсілмен (иллюстрациялау) ұсынындар.

Критерийлерді топбасшысына береді:

Механизмдердің қанша есе күштен ұтыс беретінін анықтау (1ұпай)

Блок деген не, қайда қолданылатынын анықтау (1 ұпай)

Блоктың түрлерін анықтау (1 ұпай)

Блок күштен неше есе ұтыс беретінін анықтау (1 ұпай)

Топқа бірігіп, топбасшы, хатшы, баяндамашы, таймкипер сайлап, жай механизмдер тақырыбының 208-209 бетіндегі мәліметті пайдаланып, блокты дайындап, тәжірибе жасап, ойларын топпен талқылап, осы механизмдердің көмегімен күштен қанша есе ұтуға болатыны туралы өз ойларын флипчартта көрнекі тәсілмен (иллюстрациялау) ұсынады. Топтан бір-екі оқушы түсініктеме береді.

Жұмысшы күшінің иіні ауырлық күшінің иінінен неше есе үлкен болса, жұмысшы күштен сонша есе ұтады.

Блок-өз осінің айналасында айналатын, шетінде науасы бар доңғалақ тегершік, екі бөліктен: жылжымалы және жылжымайтын бөліктен тұрады,блок арқылы күштен екі есе ұтыс алуға болады

Қолдану


3 мин

Диалогтық оқыту, оқытудағы жаңа тәсілдер, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау


«Мозаика» әдісімен шағын топтарға бірігіп, топта талқылап, мына таспырманы орындаңдар:

Жай механизмдердің өмірде пайдаланылуын суреттерді кестеде орналастыру арқылы топтастырындар. hello_html_m2b6c1bcb.png

Суреті бар стикерді таңдап, кесте толтыру арқылы білімдерін топтастырады


Жай механизмдерді қолдану


құрылыста

техникада

тұрмыста


Таймкипер топты бағалайды

Талдау


15 мин

ДжТОЖ ,

оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау

қызыл мен сары, көк пен жасыл стикерлері бар оқушылар топқа үнсіз қадаммен біріктіріп, алған білімдерін есептерді шығаруда қолдануға дағдыландырамын.

hello_html_71eb1b2f.pnghello_html_m1c6b4af.pnghello_html_23fe8daf.png

Берілген ресурстағы есептерді шығаруда алған білімдерін қолданады. Өз-өздерін бағалайды.

І топ

І деңгей- күштен ұтыс алмайды , тек бағытын өзгертеді, өйткені жылжымайтын блок,

ІІ деңгей-

F = 320H

t = 30 c

h=12 м

N-?

N=hello_html_191ddb50.gif; N=hello_html_m143f2090.gif=128 Вт

ІІІ деңгей-болмайды, Жүктің салмағы 250 Н, ал 125 Н күшті блоктың көмегімен 2 есе көбейтсек 250 Н, сонда олар бірін-бірі теңгеріп тұрады.

ІІ топ

І деңгей- тек қана в жағдайында күштен ұтыс алады.

ІІ деңгей-

F =0,25 кН

h=12 м

А-?

А=250 Н*12 м=3000 Дж

ІІІ деңгей- 84 кг-ға дейін

А-1 ұпай

В-2 ұпай

С-3 ұпай

Синтез

(жинақтау)


7 мин

оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау, басқару және көшбасшылық

Бір оқушыны таңдап алып және оған негізгі сөз жазылған стикерді жапсырамын: жай механизмдер, сол арқылы сабақтаң алған білімідерін жинақтауға жетелеймін.

Қатысушы сыныпқа 10 сұрақ қоя алады, оған жауап не ИӘ, не ЖОҚ деп шешімдерін ұсынады. Жауап берген оқушыға стикер береді, соңында бағалайды.


Бағалау


8 мин

АКТ, ДжТОЖ, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау

Шығармашылық тапсырма. Египет абыздарының құдайға сыйынуынан қүрбандыққа шалу тағы орналасқан шіркеу есігінің сырттағы оттың жануынан ашылатынына қалың жұртты сендіргенhello_html_2d424433.png ғажайыпты қалай түсіндіріңдер

Шығармашылық тапсырманы орындап,өз ойларын пайымдайды: Шіркеу алдына от жаққан кезде, оттың астындағы су қайнап, бу арқылы ұлғаяды да, су шелекке төгіледі, ауырлық күшінен механизм қозғалысқа түсіп, есіктер ашылған.

Өздерін бағалайды.






Павлодар қаласы ПҚБАИ

3 топ

Қазақ тілінде

Тренер: Оразаева З.Н. Жабагина Р.М.

Тыңдаушы: Атик Б.В.

Пәні: физика


Бекітемін____________________

Ақсу қаласының дарынды балаларға арналған мамандандырылған гимназия

директоры:

Сламбекова Р.Х

Сабақтың тақырыбы: § 59. Көлбеу жазықтық. Механиканың алтын ережесі.

Сабақтың мақсаты:

  • Көлбеу жазықтық мысалында механиканың алтын ережесін шығарып, жай механизмдер туралы білімдерін кеңейту.

Міндеттері:

- Проблемалық оқыту арқылы негізгіні бөліп алу зерттеу, шығармашылық қабілеттерін дамыту.

- Топ ішінде дұрыс қарым-қатынас жасауға, өз ойларын ортаға салып, пікірлерін дәлелдей білуге тәрбиелеу .

Сабақ түрі:жаңа сабақ

Модульдер: АКТ, СТОү, ДжТОЖ, диалогтық оқыту, ОЖЕСО, оқытудағы жаңа тәсілдер, басқару және көшбасшылық, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.

Әдіс-тәсілдер: проблемалық оқыту, жұптық топтастыру, топтық «Дайындал...Назар сал…Оқыңдар!» диалог, «Өкіл» әдісі, конверт-сұрақ арқылы есеп шығару, «ақпараттағы ақаулық» әдісі, шығармашылық тапсырма.

Дереккөздер: оқулық: Физика және Р.Башарұлы, У. Тоқбергенова, Д. Қазақбаева-Алматы, Атамұра-2012, электрондық оқулық: ЭМОП, просвещение- Қазақстан, физика 7 сынып, 2003 ж, книга для чтения по физике- Москва, Просвещение, 1986 г, интербелсеңді тақта, проектор, трибометр, білеуше, динамометр, сызғыш, суреттер, флипчарт, стикер, маркерлер, бағалау парағы.

Оқыту нәтижесі: Сын тұрғыдан ойлау арқылы тақырып мазмұның меңгерді, қажетті құралдарды таңдап, топта тәжірибе жасай алды, пікірлерін тоғыстырып жай механизмдердің барлық түріне ортақ «алтын ережені» тұжырымдай алды, білімдерін іс жүзінде қолданып, көлбеу жазықтық бойымен қозғалғанда дененің толық және пайдалы жұмысын, күшін анықтау есептерінде қолдана алды, «Стевин ғажайыбы» тапсырмасы арқылы пікірталас жүргізіп, ойын дәлелдеп, шығармашылық қабілеттерін дамытты.

Сабақтың кезеңдері

уақыт

Кіріктірілген модульдер

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ұйымдастыру кезеңі

Білу

5 мин


СТОү, диалогтық оқыту, ОЖЕСО

Тақырыпқа шығу үшін көлбеу жазықтығы бар суреттер беріп, Не ортақ? деген сұрақ қоямын, топтарға бөліп, топтарда талқылап, топтастыруды ұсынамын. Сабақ тақырыбына шыққан соң, неліктен механиканың «алтын ережесі» деп аталатынын топта талқылауға және өз пікірлерін білдіруге жетелеймін. Сабақтың мақсатымен таныстырып, табыс критерийлерін оқушылармен біріге жасаймын.

Суреттерді топтастырып, ортақ атрибут көлбеу жазықтық екенін анықтайды, механиканың «алтын ережесі» дегенге өз ойларын ортаға салып, топта талқылап, топтан ортақ пікір ұсынады.

Түсіну


7 мин


Диалогтық оқыту, оқытудағы жаңа тәсілдер, оқытудағы басқару және көшбасшылық

Мұғалім оқушыларды ДЖИГСО әдісімен топтарда орын ауыстыруға нұсқау беріп, Дайындал...Назар сал…Оқыңдар! тапсырмасы бойынша сабаққа қатысты деген құралдарды мұғалім үстелінен өздеріне алуға, 174- сурет және оқулықтың 211-212 бетіндегі мәліметті оқып, тәжірибе барысында тарту және ауырлық күшінің жұмысын анықтауға, механиканың алтын ережесін шығаруға бағыт-бағдар беремін.

hello_html_34a5e0dd.png

Флипчартқа түсіріп, қорғауға мүмкіндік жасаймын.

Сабаққа қатысты құралдарды өздеріне айырып алып, топтарда талқылап, не үшін алғанын бір оқушы әр топтан айтады. Сурет және оқулықтың 211-212 бетіндегі мәліметті оқып бойынша экспериментті орындап, Кесте толтырады:

Тапсырма

Есептеу

1. Көлбеу жазықтықтың биіктігін өлшеңдер

h

2. Көлбеу жазықтықтың ұзындығын өлшеңдер

l

3. Динамометрді пайдаланып жүкке әрекет ететін күшті өлшеңдер

P=mg

4. Туындысын табыңдар

Ph

5. Динамометрді пайдаланып тарту күшті өлшеңдер

Fтарту

6. Туындысын табыңдар

Fтартуl

7. Туындыларды салыстырыңдар

Ph Fтартуl

8. Fтарту және l, P және h арасындағы тәуелділікті орналастырыңдар

F/P=h/l

9. Қорытынды шығарыңдар


көлбеу жазықтықпен дененің көтеру кезінде қандай жұмыс орындалатынын және көлбеу жазықтықсыз көтерілгенде қандай жұмыс орындалатынын формула түрінде жазып, механиканың алтын ережесін шығарады.

hello_html_30c6c532.gif=hello_html_7685c769.gif

Ат=Fl

Аа=Ph

Флипчарттарын қорғайды

Күштен қанша есе ұтсақ, орын ауыстырудан сонша есе ұтылады.

Қолдану


3 мин

Оқытудағы жаңа тәсілдер, АКТ, СТОү

«Өкіл» әдісін қолданып, үнсіз қадаммен басқа топқа өкілдер барып топ шығарған формуланы пайдаланып жұмысты есептеп шығаруға тапсырма беремін. Электрондық оқулықтағы клипты көрсетіп, күштің және жұмыстың көлбеулік бұрышына тәуелділігін анықтауға жетелейтін сұрақтар қоямын:

-Дененің жұмысы күшке тәуелді ме?

-Көлбеу жазықтық арқылы күштен ұтуға бола ма?

-Күштен ұтысы көлбеу жазықтықтың бұрышын өзгерткенде арта ма, кеми ме?

Әр топтан бір-екі өкіл барып, өз топтарының формуласын пайдаланып жұмысты анықтауға ұйымдастырады, топта шығарған нәтижелерін өз топтарына келіп айтады. Электрондық оқулықтан көрген мәліметті талдап, сұрақтарға жұп болып жауап береді:

-Күшке тәуелді

-болады, өйткені қанша есе ұзындықтан ұтылса сонша есе күштен ұтады.

-кемиді



Талдау


15 мин

ДжТОЖ, басқару және көшбасшылық

Алған білімдерін қолданып, конверт-сұрақ әдісімен есеп шығаруды ұйымдастырамын: І топ-1,3,5; ІІ топ-2,4,6

№ 1. Неліктен поезд жүргізушілері дөңес жерде тоқтап қалудан қорқады.

2 В жағдайындағы білеуше көлбеу жазықтықпен үйкелісті теңгеріп сырғанап түседі. А жағдайындағы білеуше сырғанай ма?

Прямоугольный треугольник 2Прямоугольник 3Прямоугольник 1 А B





3. Биіктігі 1 м, ұзындығы 8 м көлбеу жазықтықта 1,6 *10³ Н салмақты жүк тұра алатын, сол ұзындыққа параллель күшті табыңдар.

4. Салмағы 480 Н бала отырған шананы мұз төбешігінде ұстап тұру үшін 120 Н күш қажет. Мұз төбешігінің биіктігі 4 м болса, оның ұзындығы қандай?

5.Салмағы 3*104 Н автомобиль ұзындығы 300 м және биіктігі 30 м дөңесте тұрақты жылдамдықпен жүріп келеді. Доңғалақтарының құмға үйкеліс күші 750 Н болғандағы автомбильдың тарту күшін анықтаңдар. Қозғалтқыштың жұысы қандай?

6.Денені көлбеу жазықтықтың бойымен 100Н күш салып көтереді. Көлбеу жазықтықтың ұзындығы 2м, ал биіктігі 1м. Дененің массасын анықтау қажет.


Конверт-сұрақтағы берілген есептерді шығарып:1)Поездың ауырлық күші күш иінін теңгеріп кетеді.

2)Сырғанайды, өйткені F үйкеліс күші түйісетін жазықтық беттерінің ауданына тәуелсіз.

3) Берілгені:

l = 8м

h = 1м

P = 16*103H

F - ? Шешуі:

F=hello_html_m66cf96f2.gif F=hello_html_m49d6bcbf.gif

4)Берілгені:

P = 480H

F = 120H

h = 4м

l - ? Шешуі:

hello_html_28789f33.gifl=hello_html_m54741de2.gif

l =hello_html_m148e7503.gif

5)Берілгені:

P = 3*104H Fүйк = 750H

l = 300 м

h =30м Fүйк-?, A -? Шешуі:

Үйкеліс күшін ескермегендегі автомобильдың тарту күші
F=
hello_html_m6322ea1c.gif F=hello_html_7a98dd11.gifТарту күші: Fт= F+F үйк=3750H

Қозғалтқыштың жұмысы: А= Fүйк*L

A=3750H*300м=1125*103Дж

6)Берілгені:

l = 2 м

F = 100H

h = 1м m=hello_html_m3abb0ff7.gif=20 кг



m - ? Шешуі:

hello_html_28789f33.gifhello_html_fcb0c8f.gifm=hello_html_5f145c8d.gif

m=hello_html_m3abb0ff7.gif=20 кг

Синтез

(жинақтау)


7 мин

Оқытудағы жаңа тәсілдер, Диалогтық оқыту, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.

Ақпараттағы ақаулық тапсырмасын орындауға нұсқаулық береді. Ақпараттың 50 % болса 1 оқушыда болса, келесі 50 % басқа оқушыда, оқушылар өздеріндегі ақпарат бөлігін көрсетпестен түрлі түсіндіру арқылы өздерінің жұптарын табуға тиіс. Жұбын тапқан соң өз жауаптарының дұрыстығын дәлелдейді.


1.1.Күштен ұтыс беретін механизмдердің бірі көлбеу жазықтық. Көлбеу жазықтықпен денені көтергенде ауырлық және тарту күші әрекет етеді. Мұндағы жұмыстар....

2.1.Денені көлбеу жазықтықтың бойымен тарту күшіне бағыттас жылжытқанда оның орын ауыстыруы l ұзындыққа сәйкес келеді. Сонда F тарту күшінің жұмысы: Ат=Fl, болса...

3.1.Тарту күші және ауырлық күшінің жұмыстарының өрнегін пайдаланып, мына теңдік түрінде жазамыз: Fl=mgh. Бұдан...

4.1.Көлбеу жазықтықтың бойымен денеге әрекет ететін тарту күші оның ауырлық күшінен неше есе кем болса, көлбеу жазықтықтың ұзындығы оның биіктігінен сонша есе артық болады. Осыдан...


Бағалау


8 мин

ДжТОЖ, АКТ, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.


Голланд физигі Стевиннің 1586 жылы шығарылған оқулығының титул бетіндегі «ғажайып, ғажайып емес» (чудо, не есть чудо) деген жазуы бар суретке назар аударып, бір жағынан ғажайып болып көрінген нәрсенің физика заңдылығы екенін түсінесін. Осы суреттен ғажайыпты көріп тұрмыз дегендер, бір жаққа, физикалық заңдылық дегендер екінші жаққа шығып, топта талқылап, өз идеясын ұсынуға бағыт-бағдар беремін .

Өздерін бағалау парағында әр тапсырма бойынша 1 2 3 4 5 сандарымен бағалайды

Ғажайыпты түсіндіру: Көлбеу жазықтыққа ілінген 14 шардың төменгі симметриялы жағын ескермегенде жоғары жағындағы 4 шарды, екі шар теңгеріп тұр.

Заңдылықты пайымдау: Көлбеу жазықтықтағы дене осы жазықтықтың бойымен әсер ететін күш осы дененің салмағынан неше есе кем болса, жазықтықтың ұзындығы биіктігінен сонша есе көп болады деген Стевиннің ұйғарымымен түсіндіріледі

Оқушылардың өз-өздерін бағалау парағы



Мен көп нәрсені үйрендім

Мен аз нәрсе үйрендім

Мен ештеңе үйренбедім


Өз бетімше жұмыс істегенде



















Жұппен жұмыс істегенде



















Топпен жұмыс істегенде









































Павлодар қаласы ПҚБАИ

3 топ

Қазақ тілінде

Тренер: Оразаева З.Н. Жабагина Р.М.

Тыңдаушы: Атик Б.В.

Пәні: физика


Бекітемін____________________

Ақсу қаласының дарынды балаларға арналған мамандандырылған гимназия

директоры:

Сламбекова Р.Х

Сабақтың тақырыбы: §60.Механизмнің пайдалы әрекет коэффициенті.

Сабақтың мақсаты:

  • Механизмдердің пайдалы және толық жұмысының айырмашылығын біліп, пайдалы әрекет коэффициентін (ПӘК)анықтауға үйрену.

Міндеттері:

  • Жалпы жұмыс пен пайдалы жұмысты, механизмдердің ПӘК-ін есептей білуге дағдыландыру.

  • Ізденімпаздылыққа, еркін сөйлеу және ойлауға тәрбиелеу.

Сабақ түрі:жаңа сабақ

Модульдер: АКТ, СТОү, ТжДОЖ, диалогтық оқыту, ОЖЕСО, оқыту және оқудағы жаңа тәсілдер,оқытудағы басқару және көшбасшылық, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.

Дереккөздер: оқулық: Физика және астрономия.7 сынып. Р.Башарұлы, У. Тоқбергенова, Д.Қазақбаева-Алматы, Атамұра-2012, Дидактикалық материалдар: Физика және астрономия. 7 сынып. Р.Башарұлы, Ж.Бақынов; экспериментальные задачи по физике, И.Г.Антипин- Москва, Просвещение, 1974 г, интербелсеңді тақта, проектор, трибометр, иіндік, блок, динамометр, сызғыш, флипчарт, стикер, маркерлер, бағалау парағы.

Әдіс-тәсілдер: проблемалық оқыту, жұптық, топтық диалог, эксперимент, «Физлото» әдісі, есеп шығару, шығармашылық тапсырма, тест жұмысы.

Оқыту нәтижесі: Сын тұрғысынан ойлау арқылы тақырып мазмұның меңгерді, пайдалы әсер коэффициентін анықтай алды, қажетті құралдарды таңдап, проблемалық тапсырманы алдында алған біліміне сүйеніп шеше алды, топта тәжірибе жасай алды, пікірлерін тұжырымдай, көзқарастарын дәлелдей алды, шығармашылық қабілеттерін дамытты.

Сабақтың кезеңдері

уақыт

Кіріктірілген модульдер

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ұйымдастыру кезеңі

Білу

5 мин


СТОү, диалогтық оқыту, ОЖЕСО

Сергіту сәтін ұйымдастырамын. Топқа бөлу үшін әр оқушыдан бір заттан аламын сергіту сәтін орындағанша, ол заттарды басқа орындарға қоямын, содан соң өз заттары тұрған орындарға жайғасуын сұраймын, солай 3 шағын топ құрамын.

Тақырыпқа алдынғы сабақтарда алған білімдерімен байланыстыра отырып проблемалық тәсілмен шығуды ұйымдастырамын.

І топқа тапсырма: Кабинеттің дәл ортасында жәшікте құм тұр, ол өте ауыр. Балалар қалай орнынан қозғап алып тастауға болады? Бұл қандай механизм?

Күштен ұтсақ неден ұтыламыз?

ІІ топқа тапсырма:

Балалар мына кемемен саяхатқа шығуымыз керек, қалай аз күш жұмсап, кемені суға түсіре аламыз?

Бұл қандай механизм?

Күштен қанша ұтыс аламыз?

ІІІ топқа тапсырма: Мына жүкті қалай аз күш жұмсап үстелге көтеруге болады?

Бұл қандай механизм?

Күштен ұтысы қандай болады?

Сабақтың мақсатымен таныстырып, табыс критерийлерін белгілеймін.

Бойларын жазып, сабаққа бар зейінін аударады.Өз затына сай топтарға бөлінеді.

Жай механизмдерді іс жүзінде пайдаланып, негізгі заңдылықтарын еске түсіреді.

І топ: Иіндіктің көмегімен аз күш жұмсап, бұл жәшікті орнынан қозғай аламыз.

Жай механизмдердің бұл түрінде күштен қанша есе ұтсақ, ұзындықан сонша есе ұтыламыз.

ІІ топ: Көлбеу жазықтықтың көмегімен суға кемені оп-оңай түсіруге болады, бұл әдісті ежелде Архимед ойлап тапқан.

Күштен неше есе ұтсақ, ұзындықтан сонша ұтыламыз.

ІІІ топ: Жылжымалы блоктың көмегіне жүгінуге болады.

Осы жай механизмнің түрінен күштен екі есе ұтыс аламыз.

Түсіну


7 мин


Диалогтық оқыту, оқытудағы жаңа тәсілдер, оқытудағы басқару және көшбасшылық

Топта талқылау арқылы осы тапсырманы орындаңдар:

Жасаған жұмыстарының қайсысы толық жұмыс, қайсысы пайдалы жұмыс екенін анықтауға және осы жұмыстардың қатынасынан пайдалы әрекет коэффициентін оқулықтың 213 бетіндегі ақпаратты пайдаланып шығарыңдар. Флипчартқа түсіріп, қорғаңдар.

І топ: Иіндіктің көмегімен жәшікті орнынан қозғағанда, пайдалы жұмыс жәшікті қозғау болса, иіндікпен жәшікке жұмсаған күштің жұмысы толық жұмыс.

ІІ топ: Кемені көлбеу жазықтықтың көмегімен суға түсіргенде кемені суға түсіру пайдалы жұмыс болса, ал кемені түсіру мен үйкеліс күшінің жұмысы толық болады.

ІІІ топ: Жылжымалы блоктың көмегімен жүкті жоғары көтергенде тек жүкті көтеру пайдалы болса, жүкпен қоса, ыдысын көтеру толық жұмыс болып есептеледі.

Осы механизмнің немесе машинаның пайдалы әрекет коэффициенті (ПӘК) деп пайдалы жұмыстың толық жұмысқа қатынасын айтады. түрінен күштен екі есе ұтыс аламыз.

Ат=Fl

Ап=Ph

hello_html_5ae3c84c.gif*100%

Флипчарттарын қорғайды

Қолдану


3 мин

Оқытудағы жаңа тәсілдер, СТОү

Эксперименттік тапсырма:

Динамометр және сызғышты пайдаланып, иіндіктің көмегімен жүкті үстелге көтергендегі ПӘК-ін анықтаңдар.

Тәжірибені жасап істелген толық және пайдалы жұмысты анықтап, механизмнің ПӘК-ін анықтайды. Алдында берілген тұжырымдаларына сәйкес ПӘК 100%- дан кем екенін айқындайды.

Талдау


15 мин

ДжТОЖ, басқару және көшбасшылық

Алған білімдерін қолданып, дидактикалық материалдардан есеп шығаруға тапсырма беремін. Ол үшін: Жұмыс, қуат, энергия бөлімінен

І қатарға А тобынан-15, В тобынан-11, С тобынан-8.

ІІ қатарға А тобынан-16, В тобынан-12, С тобынан-9 есептерді шығаруға нұсқау жасаймын.

Берілген есептерді шығарып, жауап арқылы өздерін бағалайды.

Синтез

(жинақтау)


7 мин

АКТ, Оқытудағы жаңа тәсілдер, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.

«Физлото» тапсырмасы орындауға бағыт-бағдар беремінhello_html_m4d406285.png

Физлото тапсырмасындағы фишкаға сай сұраққа жауап береді,

Бағалау

Тест жұмысы


8 мин

ДжТОЖ оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.


Шығармашылық тапсырма беремін.

Машинаның немесе механизмнің ПӘК-і 100 % -дан кем болады. Өйткені кез-келген механизмнің біраз жұмысы үйкеліс күшін жеңуге, басқа денелерді орнынан қозғауға т.с.с. іс-әрекеттерге жұмсалады. Дегенмен ПӘК-і -100 % -ға жақын механизм бар ол сағат. Болашақта ПӘК-і 100 % -ға жақын қозғалтқыштар жасау мүмкін бе? Мүмкін дегендер және қарама-қарсы пікір ұстанғандар екі жаққа барып, топта талқылап, өз ой-көзқарастарын дәлелдеуге ынталандырамын.

Activote арқылы білімдерін тексеремін

Мүмкін дегендердің пайымы: Егер денелердің арасында үйкеліс күшін азайтса, мысалы майлау немесе арасына домалақ механизмдер қолданса, механизм бөліктері берік және неғұрлым жеңіл материалдардан жасалса т.с.с. әдістер ұсынады.

Мүмкін емес дегендердің пайымы: Қаншалықты үйкеліс күшін азайтқанмен, ауаның үйкелісіні, жіптің керілу күшін ескермеу мүмкін емес сол және тағы басқа с.с пікірлерін айтады.



Краткое описание документа:

Тізбектелген сабақтар топтамасына алынған бір сабақ бойынша рефлексивтік есеп.

 

«Физика және астрономия»  пәнінен 7 сыныптың тізбектелген сабақтар топтамасына алынған екінші сабағымның тақырыбы: Жай механизмдер. Бұл сабақтың мақсатында оқушыларды жай механизмдерді танып, олардың өмірдегі пайдасын анықтау. Міндеттері: күштен қанша ұтыс болатынын дәлелдеп, өз пікірін ұстана білуге үйрету, өзгенің де пікірін тыңдап, құрметтей білуге тәрбиелеу болды. 7 сыныптың  бесінші сабағы болғандығын және оқушылардың шаршап келгендігін ескеріп, сергіту сәтін жүргіздім. Оқушылар онда  өздері құрған  жаттығуларын жасағандықтан бойларын жазып, сабаққа ерекше құлшыныспен кіріскенін байқадым, олай дейтінім алдыңғы сабақта мен ұсынған сергіту жаттығуларын орындағанда мұндай көтеріңкі көңіл-күйді көрмеп едім.

Автор
Дата добавления 30.01.2015
Раздел Физика
Подраздел Рабочие программы
Просмотров2449
Номер материала 351911
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх