Инфоурок Обществознание Другие методич. материалыСабақ жоспары Абай Құнанбаев "Қыс" өлеңі

сабақ жоспары Абай Құнанбаев "Қыс" өлеңі

Скачать материал

Күні: 20.01.15ж         сыныбы: 5 Д

Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбаев  «Қыс».
Сабақтың мақсаты: Ұлы ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы алған білімдерін нақтылау, кеңейту және қазақ поэзиясының асқар биігі Абайдың шығармашылығын  құрметтеу.

Білімділік: Абай өлеңдерінің мазмұнын меңгерту, адам мен табиғат арасындағы байланыс туралы түсінік беру, өлеңнің тақырыбы мен идеясын ашу.
Дамытушылығы:Оқушылардың байланыстырып сөйлеу дағдысын жетілдіру,елестеу, есте сақтау, өз бетінше жұмыс жасау қабілеттерін, сөздік қорын, тілін, мәнерлеп оқу дағдысын дамыту.
Тәрбиелігі: Абай өлеңдері арқылы табиғатты сүюге, аялауға, сұлулықты бағалай білуге тәрбиелеу. Көрнекілігі:Абай Құнанбаев суреті, интербелсенді тақта.
Әдіс-тәсілдері:сұрақ-жауап ,топпен жұмыс,талдау, ой қозғау.топтастыру, сатылай кешенді талдау.жұппен жұмыс
Түрі: жаңа білім беру сабағы.

Сабақтың барысы .

1.      Ұйымдастыру.

-Амандасу,оқушыларды түгендеу, сабақтың мақсатымен таныстыру.

2.      Үй тапсырмасын сұрау.

1.      «Шілде» өлеңін  жалпы сыныпқа жатқа оқу.
1-топ.  «Туған жер» тақырыбында шағын әңгіме  

2-топ. «Туған жер» тақырыбына  өлең шығару.

3-топ. «С.Торайғыровқа хат »
2. «Шілде» өлеңі жылдың қай мезгіліне арналған?
Қандай жыл мезгілдерін білесіңдер?  Жыл мезгілдеріне арнап қандай ақындарымыз өлең жазды? Ендеше, балалар, бүгінгі өтетін сабағымыздың тақырыбы да осы жыл мезгіліне байланысты болмақ. Ол Абай атамыздың «Қыс» өлеңі.

3. Жаңа сабақ

         Абай атамыз туралы не білеміз? Оқушылар біртіндеп шығып жазады.

Ақын                 аудармашы                 ойшыл              сазгер

ұстаз                                                                             Абай                                  кемеңгер

қарасөз шебері          сыншы         қоғам қайраткері          табиғат             жыршысы

           Қазақтың  ұлы ақыны Абай Құнанбаев 1845 жылы бұрынғы Семей облысы, Абай ауданы, Шыңғыстау бөктерінде дүниеге келген. Абай жас кезінде - ақ ерекшеленіп, ауыз әдебиетін ертегі - аңыздарды, ескі әңгімелерді, жыр - қиссаларды ерекше ден қойып тыңдайтын болған. Әжесі Зере мен анасы Ұлжан - жас Абайдың әдебиетке құмарлығын оятқан жандар.
           Ауыл молдасынан сауат ашқан Абай 10 жасында Семейге оқуға келеді. Басында Ғабул - Жаппар, кейін Ахмет - Ризаның медресесінде білім алған Абай өте үздік оқиды. Ол осында дін сабақтарымен бірге араб, парсы тілдерін үйреніп, мүмкіндігінше мол білім алуға ұмтылып, Шығыстың ұлы ақындары Низами, Сағди, Фердоуси, Хафиз, Физули шығармаларымен танысады. 

    Бүгін біз Абайдың табиғат лирикасы жайында сөз етпекпіз. Ең алдымен «лирика»деген сөзге түсініктеме беріп алайық. Лирика - адамның көңіл - күйін, қуаныш - реніш сезімін білдіретін поэзия. Лириканың  4 түрі  бар.

                                                Л и р и к а

 

 


     Философиялық          саяси             махаббат          табиғат

Өлеңнің шығу тарихынан. -  1884 жылы Семей өңірінде қыс қатты болып ел жұтаған, мал қырылған кез екен. Қыста жауған қар сәуір айында бір-ақ еріген. Абай атамыз бұл өлеңді сол кезеңде жазған.
Сондықтан ақын қысты «Ақ киімді, денелі, ақ сақалды” зор тұлғалы адам ретінде сипаттаған.
   1884 - 1890 жылдардағы табиғаттың төрт мезгіліне арналған «Қыс», «Жаз», «Күз», «Жазғытұрым» өлеңдерін жазады.
Абайдың 45 қара сөздері бар. Абайдың әндерінің бәрі - қазір нотаға түскен, орындалып жүрген классикалық туындылар.
 

4.             Поэзия минуты.  Балаларға қыс өлеңін интербелсенді тақтадан тыңдатамын. 1 оқушы «қыс» өлеңін мәнерлеп оқиды. Өлеңді тыңдап болған соң, оқушыларға мынандай сұрақ қойылады.

 

5.      Зерделі сұрақ-дәлелді жауап

1.       Өлеңде ақын қысты кімге теңеген?

2.       Шалдың киімдері қандай?

3.       Ақын суреттеп отырған шалды кімге ұқсатуға болады?

4.       Түсі суық,

басқан жері сықырлап келіп қалды өлең жолдарындағы түсі суық  дегенді қалай түсінесіңдер?

5.       Өлеңдегі шалдың мінезі қандай? (Ол қатал, соқыр-мылқау адам сияқты)

6.        Өлеңдегі кәрі құданы қалай сипаттайды?

7.        Ақын қысты қалай суреттеген? Өлеңнен тауып оқы.

8.        Өлең жолдарынан кейіптеуді тауып оқы

       Міне, осындай сұрақтарға жауап алғаннан кейін ақынның қысты қалай суреттегені және осы өлеңінде нені айтпақ болғандығы анықталады.«Үсті-басы-ақ қырау, түсі суық, дем алысы-үскірік, аяз бен қар» балама мағынасында қолданылып тұрған сөздер. «Дем алысы-үскірік, аяз бен қар» деген сөздер қыстың қытымыр аязын  суреттеп тұр. Бұл жерде Абай қысты «Кәрі құда» кейпінде суреттей отырып, өлі табиғатты жандандыра, қимыл-әрекет үстінде көрсету арқылы жаңаша образ жасап отыр. Қыстың жаңа образы-«Кәрі құда».

 

6.      Оқушыларды үш топқа бөліп оларға тапсырма беремін. Оқушылар өз тапсырмаларын қорғайды және топтарына ат қояды.

1-топ. Қыс туралы өлең шығарады.

2-топ. «Қыс  келбеті» тақырыбында сурет салады.

3-топ. Қыс туралы шағын әңгіме жазу.

 

7.                  Сергіту сәті: қара жорға

 

8. Талдау-табыс кілті

І топ. Сатылай кешенді талдау

1.    Авторы- А.Құнанбаев-қазақ халқының ұлы ақыны, ойшыл-философы, композитор әрі аудармашы

2.   Тақырыбы-Табиғат құбылыс

3.      Жанр түрі- өлең. Бұл өлең табиғат лирикасына жатады. Себебі,ақын табиғаттың қытымыр қаталдығына қарсы тұруын өз көңілі, сезімі арқылы білдіреді.

4.      Идеясы дегеніміз- ақынның айтар ойы мен мақсаты.Өлеңнің идеясы-қыс мезгілінің ерекшелігі.

5.  Сөздікпен жұмыс.    Ұшпа-бұлт (жеке, шоқ бұлт), бурадай—түйенің долданып, ашулануы

ІІ топ. Өлең құрылысына талдау

Ақ киімді денелі, ақ сақалды,                       а

Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды.           а

Үсті-басты-ақ қырау, түсі суық.                  б

Басқан жері сықырлап келіп қалды.            а

Біз өлеңнің 1шумағын талдап отырмыз.  4 тармақты, 3 бунақ, 11 буынды. Қара өлең ұйқасы.

ІІІ топ. Семантикалық карта

мысалдар

эпитет

 теңеу

кейіптеу

Ақ киімді, денелі,ақ сақалды

 

 

 

Үсті-басы ақ қырау

 

 

 

Демалысы-үскірік аяз бен қар

 

 

 

Ұшпадай бөрік

 

 

 

Кәрі құдай қыс келіп, әлек салды.

 

 

 

Бұлттай қасы

 

 

 

ІV. Сабақты бекіту. Тест тапсырмасы

1.                  Абай қай жылы туған?

А. 1845 жылы 

            В. 1904жылы  

            С. 1945жылы   

            Д. 1888жылы    

 

2.                  Абай қай жерде дүниеге келді?

А. Қызылорда қаласында

В. Семей облысы. Шыңғыстау тауының бөктері.

С. Торғай облысында

Д. Батыс Қазақстан облысында

 

3.                  Абайдың әжесінің аты кім?

А. Ұлжан  

            В. Зейнеп

С. Ақлима  

            Д. Зере

 

4.                  Семейдегі Абай оқыған медресе қалай аталған?

А. Ахмет- Риза.

           В.Бекен болыс 

           С. Ауыл молдасынан

           Д.Омбыдағы Кадет корпусы

 

5.        Абайдың неше қара сөзі бар?

А. 31    

           В. 26  

           С.46    

           Д.45

 

6.  Абайдың алғаш жазылған өлеңі?

А. Ғылым таппай мақтанба       

В. .Жаз

С. Күз                                   

Д. Жасымба ғылым бар деп ескермедім

 

7. «Ақ киімді денелі ақ сақалды» қай өлеңнен үзінді?

А. «Жаз»    

В. «Қыс»

С. «Күз»  

Д. «Жазғытұрым»

 

8. Абайдың табиғат лирикасындағы тұңғыш өлеңі?

А. «Жаз»                             

В. «Көктем»

С. «Қыс»                                

Д. «Жазғытұрым»

 

9. Абайдың неше поэмасы бар?

А. 2                        

В.6

С. 4       

Д.3

 

10. Абайдың табиғат лирикасына арналған неше өлеңі бар?

А. 3                                   

В. 6

С. 4                                

Д.9

 

Үйге тапсырма: Абай Құнанбайұлының «Қыс» өлеңін жаттау. «Абай-қазақ поэзиясының асқар биігі» ойтолғау
Бағалау:  Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды бағалаймын.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Сабақ жоспары Абай Құнанбаев "Қыс" өлеңі"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Управляющий рестораном

Получите профессию

Няня

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Сабақтың мақсаты: Ұлы ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы алған білімдерін нақтылау, кеңейту және қазақ поэзиясының асқар биігі Абайдың шығармашылығын  құрметтеу.

Білімділік: Абай өлеңдерінің мазмұнын меңгерту, адам мен табиғат арасындағы байланыс туралы түсінік беру, өлеңнің тақырыбы мен идеясын ашу.
Дамытушылығы:Оқушылардың байланыстырып сөйлеу дағдысын жетілдіру,елестеу, есте сақтау, өз бетінше жұмыс жасау қабілеттерін, сөздік қорын, тілін, мәнерлеп оқу дағдысын дамыту.
Тәрбиелігі: Абай өлеңдері арқылы табиғатты сүюге, аялауға, сұлулықты бағалай білуге тәрбиелеу

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 508 материалов в базе

Скачать материал

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 16.02.2015 6103
    • DOCX 38 кбайт
    • 40 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Скакова Айзат Боранбаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Скакова Айзат Боранбаевна
    Скакова Айзат Боранбаевна
    • На сайте: 9 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 6202
    • Всего материалов: 1

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Секретарь-администратор

Секретарь-администратор (делопроизводитель)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Обществознание: теория и методика преподавания в профессиональном образовании

Преподаватель обществознания

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 72 человека

Курс повышения квалификации

Организация проектно-исследовательской деятельности в ходе изучения курсов обществознания в условиях реализации ФГОС

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 33 человека из 24 регионов
  • Этот курс уже прошли 261 человек

Курс профессиональной переподготовки

История и обществознание: теория и методика преподавания в профессиональном образовании

Преподаватель истории и обществознания

500/1000 ч.

от 8900 руб. от 4150 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 39 человек из 23 регионов
  • Этот курс уже прошли 115 человек

Мини-курс

Психоаналитический подход: изучение определенных аспектов психологии личности

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Вероятность и статистика в рамках обновленного ФГОС

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Методы маркетинговых исследований в интернете

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 27 человек из 20 регионов