Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015

Опубликуйте свой материал в официальном Печатном сборнике методических разработок проекта «Инфоурок»

(с присвоением ISBN)

Выберите любой материал на Вашем учительском сайте или загрузите новый

Оформите заявку на публикацию в сборник(займет не более 3 минут)

+

Получите свой экземпляр сборника и свидетельство о публикации в нем

Инфоурок / Математика / Рабочие программы / Сабақ жоспары "Математикадағы логика" (5 сынып)
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Математика

Сабақ жоспары "Математикадағы логика" (5 сынып)

библиотека
материалов

ШҚО.Үржар ауданы. «Қаратұма орта мектебі және балабақша»КММ-сі.

Математика пәні мұғалімі Мұқатаева Бигуль Кабировна.


5-сынып


Сыныптан тыс жұмыс.

Сабақтың тақырыбы: Математикадағы логика.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларды математикалық ой-өрісін кеңейту,іздену қабілеттерін дамыту.

Дамытушылық: Оқушылардың логикалық ойлауын дамыту, шапшаңдыққа, тапқырлыққа баулу.

Тәрбиелік: Бірлесіп жұмыс істеуге үйрету. Бойына халықтың жақсы қасиеттерін сіңіру.Адалдыққа, ұқыптылыққа,еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Театырландырылған ертегі сабақ.

Көрнекілігі: Ертегі мазмұнына сәйкес жазылған сөздеру: «Ең бақытты адам»,» «Денсаулық, Адалдық, Қанағат», сандықша.Слайдтар.

Сабақтың жүру барысы : Алдын- ала оқушыларға рольдеаріы бөлініп беріледі.

Автор-Мадина

Жолаушы жігіт-Оралсын

1-қария-Жасұлан(денсаулық)

2-қария-Ұлағат( адалдық)

3-қария- Мәди( қанағат)

Ару қыз-Әсел(бақыт)

Сабақ ертегі желісі бойынша өрбиді:

«Ең бақытты адам»

Ертеде бір кедей жігіт бақыт іздеп жолға шығыпты. Ол алыс жолдан арып-ашып келе жатса ен далада қонған жалғыз үйге тап болады.Сәлем беріп, ішке кіреді. Үйде бір ауыру қария отыр екен.

  • Ата, су беріңізші?

  • Қалқам су керек болса, ана сандықшадағы тапсырманы орында.

Қане, балалар, жігітке қандай тапсырма берілді екен, сандықшадан алып,тапсырмалар орындауға көмектесейік.


1-тапсырма: мақал-мәтел шешу.(1-3 слайдтар)

Еңбегің егіз болса,

Байлығың ... болады.

Досыңның ...... болғанына мақтан,

Дұшпаның......болса да сақтан.


... атасын білмеген,

Жетімдіктің белгісі.


... ... мүшең сау болса,

Қара басың ханмен тең


Бірер жұтым су ішкен соң:

  • Бұл жердің елі, адамдары қайда ақсақал?- деп сұрайды.

  • Шырағым, олардың қайда кеткенін өзімде білмеймін,- дейді қария.

Жас шағымда ел қыдырып, саудагерлік жасадым. Бір тиынды далаға есепсіз шығармадым. Бар мақсатым баю, дүние жинау болды. Сөйтіп, дүниедегі ең бай адамдардың бірі болдым.

Тума-туыс, жақын, достар, елім керек болмады, тек байлығым болса дедім. Көздеген ниетіме қолым жеткенде, қартайып қалдым. Елім, тума-туыс керек болып, іздеп шыққанда ауылым көшіп кеткен, қайда кеткенін білмеймін.Іздеп жолға шығуға денсаулығым жарамайды. Қажыдым . Сен маған 20 жасыңді сат, бар байлығымды, жиған- тергенімді беремін.

  • Балалар, жігіт жасын сата ма?

Оны білу үшін тапсырманы орындаңдар:


2-тапсырма: Математикалық жұмбақтар шешу. (4-6 слайдтар)( егер тапсырма орындалмаса қарияның сұрауы орындалады)



1.Аузы бір, екі құбыр.

2. Есігі бір, бөлмесі бесеу.

3.Үш көзді батыр,жолды аңдып жатыр.

4.Екі қатар тал шыбық,

Күндіз алыстайды,қабыспайды.

Түнде қабысады,жабыспайды.(...)

5.Жаңылмастан жетеуі

Кезек қызмет етеді. (...)

6.Алды артымыз шексіз де

Жете алмайсың біздерге

Сәуле менен кесінді,

Шыққан еді біздерден. (...)


- Ренжімеңіз,жасымды сата алмаймын, маған байлық қажеті жоқ,-деп жігіт әрі кетеді.

Келе жатып тағы да бір қарияға кездеседі. Қария құдықтан су ішіп тұр екен

  • Су ішуге болама екен?-деп сұрады жігіт.

  • Ішіңіз, бұл құдықтың иесі мен емес- дейді де қария жүріп кетеді.

Жігіт су ішейін деп жатып, шелектің түбінде жатұан алтын теңгені тауып алады.Жігіт алтын теңгені не істегісі келді? Оны білу үшін тапсырма орындайық:


3-тапсырма: Математикалық викториналар шешу.(7-9 слайдтар)

1.9 орындықты бөлменің әр қабырғасына үш-үштен орналастыр.

2.Шаршы формалы шоколад 9 бөліктен тұрады.Осы кішкене шаршы бөліктерді бөліп алу үшін неше рет сындыру керек?

3.Қатар тұрған 3 санның қосындысы да көбейтіндіс де 6-ға тең.Бұл қай сандар?


Жігіт қарияны қуып жетіп, алтын теңгені береді.Қария бұл алтын теңге оныкі еместігін айтады.Жігіт қайтадан құдыққа келіп, алтын теңгені шелектің түбіне тастайды. «Бізден бұрын біреу жоғалтып алған болар»- деп ойлайды ол.

Жігіт ары қарай жүріп кетеді. Шаршап, ашығып келе жатып, көк орай шалғынға тігілген ақ отауға кез болады. Ішке кірсе отаудың ортасында көл- көсір тамақ, жайылған дастарханның басында бір қария тамақ ішіп отыр екен.

  • Кел,қарағым, жоғары шық, тамақ іш- дейді қария.

  • Жоқ, әуелі жұмыс беріңіз,-дейді жігіт.

  • Онда анау, тұтқышты ал да менің тайқазанымды әкел- дейді қария.

Балалар тұтқыштағы тапсырманы орындауға көмектесейік.


4-тапсырма: Логикалық есептер шешу.(10-11 слайдтар)

1. Айжан мен Маржанның әкелерінің аттарын ата. Айжан мен Маржан – Асқар мен Мұраттың қыздары. Айжан Асқардың қызынан үш жас кіші болса, бұлардың әрқайсысының әкелерінің аты кім?

2. Олар қандай баға алды?

Әсем, Ардақ, Анар, үшеуі математикадан бақылау жұмысынан қандай баға алғанын сұрағанда, мұғалім:

-- Ешқайсысың жаман баға алған жоқсыңдар, бірақ әрқайсысыңның бағаң әр түрлі. Әсемнің бағасы «3» емес, ал Анардың бағасы «3»-те «5»-те емес деді. Сонда әркім қандай баға алған?


Жігіт бірер тілім нан мен бір кесе қымыз ішіп, үй иесіне рахмет айтып жүріп кетеді.Ол көп жүріп, бір теректің түбіне келіп дем алмақшы болады.Демалып, ұйықтап жатса, бір ару қызды көреді. Тұрып, қызбен амандасады. Ару қыздың жігітке не айтқанын білу үшін тапсырма орындайық.


5- тапсырма: Ребус шешу.(12-14 слайдтар)

1. Бөлшектерді өсу ретімен жаз;

2. Бөлшектердің қатары бойынша әріптерді орын-орнына қойсақ, қандай сөз шығады?

3/4

1/4

1/3

2/3

1/6

½

у

е

ң

д

т

е


Мен БАҚЫТПЫН, өзіңді іздеп шығып едім,- дейді ару қыз. Бірақ, менен бұрын ауыру қария кейпіндегі ДЕНСАУЛЫҚ, алтын ұсынған АДАЛДЫҚ, ағыл-тегіл дастархан ҚАНАҒАТ сені сынаған екен . Сен олардың сынағынан мүдірмей өттің.Енді соның үшеуі де сенімді серігіңе айналды.Ал менің саған қажетім жоқ.Әдетте мені жаңағы үш досы жоқ адамдар ғана іздейді. Солай деп ару қыз көзден ғайып болады.

Ал жігіт ДЕНСАУЛЫҚ,АДАЛДЫҚ,ҚАНАҒАТПЕН қауышып ұзақ та бақытты өмір сүріпті.

Тапсырма орындауға көмектескен сендердің де еңбектерің көп.

Денсаулықтарың мықты болып, әрдайым қанағатпен, бір-біріңе адал болыңдар. Сабақ аяқталды.


Краткое описание документа:

Білімділік: Оқушыларды математикалық  ой-өрісін кеңейту,іздену қабілеттерін дамыту.

Дамытушылық: Оқушылардың логикалық ойлауын дамыту, шапшаңдыққа, тапқырлыққа баулу.

Тәрбиелік: Бірлесіп жұмыс істеуге үйрету. Бойына халықтың жақсы қасиеттерін сіңіру.Адалдыққа, ұқыптылыққа,еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Театырландырылған ертегі сабақ.

Көрнекілігі: Ертегі мазмұнына сәйкес жазылған сөздеру: «Ең бақытты адам»,»  «Денсаулық, Адалдық, Қанағат», сандықша.Слайдтар.

 

Сабақтың жүру барысы : Алдын- ала оқушыларға рольдеаріы бөлініп беріледі.Сабақ ертегі желісі бойынша өрбиді:

 «Ең бақытты адам» 

 Ертеде бір кедей жігіт бақыт іздеп жолға шығыпты. Ол алыс жолдан арып-ашып келе жатса ен далада қонған жалғыз үйге тап болады.Сәлем беріп, ішке кіреді. Үйде бір ауыру қария отыр екен.

Автор
Дата добавления 09.02.2015
Раздел Математика
Подраздел Рабочие программы
Просмотров506
Номер материала 375068
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх