1559403
столько раз учителя, ученики и родители
посетили официальный сайт ООО «Инфоурок»
за прошедшие 24 часа
Добавить материал и получить бесплатное
свидетельство о публикации
в СМИ №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок Другое КонспектыСабақ жоспары: Тоқсандық қайталау

Сабақ жоспары: Тоқсандық қайталау

библиотека
материалов

Күні: 3.11.2014ж.

Сабақтың тақырыбы: Тоқсандық қайталау

Сабақтың грамматикалық тақырыбы: Морфологияны қайталау.

Сабақтың мақсаты: Қазақстанның жер аймақтары модуліндегі берілген тақырыптар бойынша танымдылық қабілеттерін арттыру. Оқушыларға грамматикалық тақырып морфология бойынша өткендерін пысықтай отырып, оларды практикалық жұмыстарда қолдану

Сабақтың міндеті:

а) Білімділік: Қазақстанның жер аймақтары модуліндегі берілген тақырыптар бойынша танымдылық қабілеттерін арттыру. Оқушыларға грамматикалық тақырып морфология бойынша өткендерін пысықтай отырып, оларды практикалық жұмыстарда қолдану;

б) Дамытушылық: Қазақша сауатты сөйлеу, жазу дағдыларын қалыптастыру, сөздік қорын молайту,оқушылардың ой өрісін дамытып тілді еркін меңгеру қабілеттерін арттыру;

в) Тәрбиелік: білімді, ұшқыр ойлы, сауатты азамат тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: сұрақ жауап, СТО стратегиясы,суретпен жұмыс, тестпен жұмыс.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ. Сабақтың типі: дәстүрлі сабақ. Сабақтың көрнекілігі: суреттер, кестелер, тірек сызбалар. Пәнаралық байланыс: қазақ тілі

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі: амандасу, түгелдеу.

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру:

Үйге берілген сабақты тексеру,пысықтау. ІІІ.Өткен материалдарға шолу.

ІV. Ой қозғау. Суретпен жұмыс.

V.Жаңа сабақ.

Сабақтың тақырыбы: Тоқсандық қайталау.

1-тапсырма. Мәтінмен жұмыс.

Менің Қарқаралы ауылына сапарым

Мен биылғы жазда Қарқаралы ауылына достарыммен қыдырып бардым. Ол Қарағанды қаласынан 200 шақырым жерде орналасқан. Қарқаралы көне тарихы бар, көрікті таулы мекен екен. . Бұл жер Кеңгірсу өзеніне құйылатын қайнарлар мен жылғаларға бай. Қарқаралы тауының құлама беткейлерінде әдемі биік қарағайлар, сондай-ақ қайыңдар өседі. Бұталардан – қарақат, долана, мойыл, жидек теруге болады. Тау етегінде ескі қорғандар көп.

Қазақ халқының ұлы ғалымы Шоқан Уәлиханов Қарқаралы округінде екі рет – 1855 және 1863 жылдары болған. Бұл өңірде Құнанбай қажы салдырған мешіт әр келген қонаққа есігін айқара ашып тұр. Жазғы демалыс кезінде жан-жақтан келетін демалушыларға арнап салынған «Шахтер», «Тасбұлақ» демалыс үйлері бар. Әсем тау басындағы «Шайтанкөл» көлдері таңқалдырмай қоймайды. Қонақжай халқы ат басын тіреген елге қымызы мен құртын, бауырсағын салып, дастарқан жасайды. Жазғы демалысым көңіліме шаттық пен қуаныш ұялатты.



Сөздік

қайнарлар мен жылғалар – родники и ручьи бұталар – кустарники

долана – боярка мойыл-черемуха

таулы мекен-горный массив демалыс үйлері – дома отдыха



2-тапсырма. Деңгейлік тапсырмаларды орындаңдар.

ІІІ деңгей

а) Көп нүктенің орнына әріптерді қойып, көшіріп жазыңдар.



...ар...аралы та...ыны... құл...ма бет...ейлерінде ...демі би...к ...ара...айлар, сондай-ақ қай...ңд...р өсед.... . Б...талар...ан – қар... қ...рақат, долан..., мой...л, жид...к бар. Тау етегінде еск... қор...андар к...п.



б) Етістіктерді болымсыз түрде жазыңдар: жатады, өседі, болған, айтыстым.



в) Кестені толтырыңдар.



Жалқы есім

Сын есім

Зат есім

Есімдік





ІІ деңгей

1. Сұрақтарға жауап беріңдер.

А) Қарқаралы қандай мекен?

Ә) Шоқан Уәлиханов қашан болған?

Б) Қандай әсем орындар бар?

В) Қонақтарды халқы қалай қарсы алады?

2. Мына сөйлемдерге синтаксистік талдау жасаңдар.

Қарқаралы көне тарихы бар, көрікті таулы мекен екен.

Қазақ халқының ұлы ғалымы Шоқан Уәлиханов Қарқаралы округінде екі рет болған.

3. Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін анықтаңдар.

Достарыммен, Қарқаралы, биылғы, ауылына, қыдырып, бардым, мен жазда.

Қарақат, жидек, бұталардан, долана, қара, мойыл, бар.

Көп, ескі, етегінде, қорғандар, тау.

І деңгей

Өз ойыңды жаз: «Қарқаралыдағы «Қоянды жәрмеңкесі»».

3-тапсырма. Мына сөздерді септеңдер, айырмашылығын түсіндіріңдер.

Достар - достарым, ауыл-ауылым

4-тапсырма. Берілген сөздермен сөз тіркестерін құрастырыңдар.

Ауылына, мешіт, таулы, демалыс, таңқалдырмай, беткейлерінде.

VІ.Бекіту. 5-тапсырма. Мәтін бойынша тест тапсырмаларын орындаңдар.

1.Достарыммен сөзіндегі буындардың түрлерін тап.

а) ашық, тұйық, бітеу, ашық; ә) бітеу, бітеу, тұйық, бітеу;

б) тұйық, тұйық, ашық, тұйық; в) ашық, ашық, тұйық, ашық;

2. Сөйлемнің түрін анықта: Тау етегінде ескі қорғандар көп.

а) жай, толымды, жайылма ә) салалас құрмалас сөйлем;

б) жай, жалаң сөйлем, в) сабақтас құрмалас сөйлем;

3. Антонимін тап: биік қарағайлар

а) алыс қарағайлар; ә) төмен қарағайлар;

б) жақын қарағайлар; в) көп қарағайлар;

4. Қатаң дауыссыз дыбыстан басталған сөзді көрсет.

а) жидек; ә) мойыл; б) ескі, в) қарақат;

5. Мына сөйлемдегі сын есімді көрсет: Қарқаралы тауының құлама беткейлерінде әдемі, биік қарағайлар, сондай-ақ қайыңдар өседі.

а) тауының; ә) қарағайлар; б) әдемі, биік; в) өседі;

6. Жалқы есімді көрсет.

а) Қарқаралы; ә) Қарағайлар; б) Көлдер; в) Таулар;

7. Беткейлерінде сөзінде неше буын бар?

а) 5; ә) 7; б) 3; в) 4;

8. Біріккен сөзді көрсет

а) Қайнарлар; ә) Шайтанкөл; б) Құлама; в) Тобына;



9. Дұрыс талдауды көрсет: Достарыммен

а) түбір, септік, тәуелдік, көптік; ә) түбір, көптік, тәуелдік, септік;

б) түбір, септік, көптік, жіктік; в) түбір, септік, жіктік, тәуелдік;

10. Сұраққа жауап бер: Қарқаралыда биік таулар бар ма?

а) иә; ә) жоқ;

VІІ.Оқушыларды бағалау.

VІІІ.Үйге тапсырма: Қайталау.

Курс повышения квалификации
Курс профессиональной переподготовки
Специалист в области охраны труда
Найдите материал к любому уроку,
указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:
также Вы можете выбрать тип материала:
Краткое описание документа:

        Мен биылғы жазда Қарқаралы ауылына  достарыммен қыдырып бардым. Ол Қарағанды қаласынан 200 шақырым жерде орналасқан. Қарқаралы  көне тарихы бар,   көрікті таулы мекен екен. . Бұл жер Кеңгірсу өзеніне құйылатын  қайнарлар  мен жылғаларға бай.  Қарқаралы тауының құлама беткейлерінде әдемі биік қарағайлар, сондай-ақ қайыңдар өседі. Бұталардан – қарақат, долана, мойыл, жидек теруге болады. Тау етегінде ескі қорғандар көп.

            Қазақ халқының ұлы ғалымы Шоқан Уәлиханов Қарқаралы округінде  екі рет – 1855 және 1863 жылдары болған. Бұл өңірде Құнанбай қажы салдырған  мешіт әр келген қонаққа есігін айқара ашып тұр. Жазғы демалыс кезінде жан-жақтан келетін демалушыларға арнап салынған «Шахтер», «Тасбұлақ» демалыс үйлері бар. Әсем тау басындағы «Шайтанкөл» көлдері таңқалдырмай қоймайды. Қонақжай халқы  ат басын тіреген елге қымызы мен құртын, бауырсағын салып, дастарқан жасайды. Жазғы демалысым көңіліме шаттық пен қуаныш ұялатты.

Общая информация
ВНИМАНИЮ УЧИТЕЛЕЙ: хотите организовать и вести кружок по ментальной арифметике в своей школе? Спрос на данную методику постоянно растёт, а Вам для её освоения достаточно будет пройти один курс повышения квалификации (72 часа) прямо в Вашем личном кабинете на сайте "Инфоурок".

Пройдя курс Вы получите:
- Удостоверение о повышении квалификации;
- Подробный план уроков (150 стр.);
- Задачник для обучающихся (83 стр.);
- Вводную тетрадь «Знакомство со счетами и правилами»;
- БЕСПЛАТНЫЙ доступ к CRM-системе, Личному кабинету для проведения занятий;
- Возможность дополнительного источника дохода (до 60.000 руб. в месяц)!

Пройдите дистанционный курс «Ментальная арифметика» на проекте "Инфоурок"!

Подать заявку


Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.