Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Биология / Конспекты / Сабақ әзірлемесі "Бунақденелілер отрядтардың өкілідері ішіндегі орман және ауылшаруашылығы өсімдіктердің зиянкестері.
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 26 апреля.

Подать заявку на курс
  • Биология

Сабақ әзірлемесі "Бунақденелілер отрядтардың өкілідері ішіндегі орман және ауылшаруашылығы өсімдіктердің зиянкестері.

библиотека
материалов

7 сынып:-----------------

Тақырыбы:Бунақденелілер отрядтардың өкілідері ішіндегі орман және ауылшаруашылығы өсімдіктердің зиянкестері. Бунақденелілерді қолға үйрету, мысалы тұт және емен жібек көбелектері

Сабақтың тақырыбы

Осы отрядтардың өкілідері ішіндегі орман және ауылшаруашылығы өсімдіктердің зиянкестері. Бунақденелілерді қолға үйрету, мысалы тұт және емен жібек көбелектері

Сабақтың мақсаты

Бунақденелілердің отрядтардың ішіндегі орман және ауылшаруашылығы өсімдіктердің зиянкестерің білу; бунақденелілерді ерекшеліктеріне қарай ажырата алу; мәселені анықтау, шешу жолдарын табу, қосымша ақпартпен жұмыс жасау біліктіліктерің дамыту; бір-бірін тыңдауға, бірлесіп жұмыс жасауға тәрбиелеу.

Оқу нәтижелері

Бір сабақ ішінде жеке, жұппен және топпен жұмыс істеу арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығы дамиды

Түйінді идеялар

Тапсырманың түйінің бірлесе отырып анықтау

Ресурстар

Үлестірме материалдар, оқулық, таныстырылым

Қолданатын әдістер

СТО, АҚТ, «жұптас-ойлан-бөліс», тест тапсырмалары



Сабақ кезеңі

Мұғалім іс-әрекеті

Оқушы іс - әрекеті

Ұйымдастыру кезеңі

Білу

3 мин

1.Ынтымақтастық ортаны орнату.



2. Мұғалім сабақтың тақырыбын жариялайды


«Жылы лебіз» оқушылар бір-біріне тілек білдіреді.

«Табыс критерийі» Оқушылар сабақтың мақсатын құрастырады.

Білімдерің тексеру кезеңі



Түсіну



8 мин


1.Мәліметтерді қайталау мақсатында сұрақтар қойылады.

Миға шабуыл

Бунақденелілер қалай дамиды.

Шала түрленіп дамитын бунақденелілердің қандай отрядтарын білесіңдер

Шала және толық дамудың сызбанұсқасы

2. І тапсырма:

Суретті түсіндіру

А

hello_html_m22aba34e.jpg1

hello_html_m5cb03999.jpg2

hello_html_cf322.jpg3

hello_html_m25ea4d40.jpg4

В

hello_html_m452f1ef3.jpg1

hello_html_37f262be.jpg2

hello_html_45d4acd.jpg3


ІІ тапсырма

Сәйкесеңдіру

1.Бунақденелілердің даму түрлері

I.Шала түрленіп даму

II.Толық түрленіп даму


А:инелік

В:дәуіт

С:қоңыздар

Д:шегіртке

Е:балара

Ж:қандала


З:құмырсқа


И:көбелек


К:маса

2.Бунақденелілердің ауыз аппараты

I.Сүзіп жалаушы

II.Шаншып сорушы

III.Кеміріп жалаушы

IV.Кеміруші

V.Түтік тәрізді ауызбен сорушы

А:көбелік

В:маса

С:балара

Д:шыбын

Е:тарақан

Ж:қандала

З:қоңыз

И:дәуіт


3. Отрядтар, өкілдері

I.Турақанаттылар

II.Тарақандар

III.Жартылай қатқылқанаттылар

А:жикен тарақан

В:қандала

С:шегіртке, шекшек, шілделік







Сұрақтарға жауап береді













Бір топ ішінде бір бірін тексеру



А: 1-ересек түрі 2-жұмыртқа

3-дернәсіл 4-қуыршақ











В:1-ересек(имаго) 2-жұмыртқа

3-дернәсіл





I.А, В,Д,Ж,

II.С,Е,З,И,М





















I.Д

II.В,Ж

III.С,

IV.Е,З,И

V.А













I.С

II.А

III.В



Жаңа білім кезеңі

Талдау

10 минут

+12 минут



1. Зиянкес бунақденелілер туралы жалпы ақпарат.

2.Оқулықпен, мәтінмен жұмыс

1.Азиялық шегіртке (221бет),қосымша1

2.Өсімдік қандалары. Қосымша 2

3.Жібек көбелегі. Қосымша 3

4.Алмажегі көбелегі. Қосымша 4

5.Ауып келген алақоңыз (колорад қоңызы. Қосымша 5





Оқушылар берген тақырыптар бойынша жұмыс жасап, қорғайды

Критерийлер:

Мазмұны(сипаттамасы, тіршілік ортасы, маңызы)

Интерпретация(сурет, схема, постер)

Бірлескен жұмыс

Топ ережелері

Ораторлық

Тәртібі

Бекіту кезеңі

Талдау

3 минут



Оқушының қалайша жұмыс істегенін тексеру.

«Дұрыс-бұрыс» тұжырымдар

1.Шегірткенің аталықтарының дыбыс

шығару мүшесі аяқтарының сан бөлімінде орналасады+

2.Бұзаубас қосқанатылар отрядына жатады

3.Сүңгуір қоңызы өсімдіктерге зиян келтіреді

4.Қолорада қоңызының отаны-Солтүстік Америка+

5.Көбелектер шала түрленіп дамитын бунақденелілер

6.Азиялық шегіртке-өте қауіпті, зиянкес жәндік+

7.Бунақденелілерді зерттейтін ғылым-энтомология+

8.Ересек шегірткелердің жинақталуы-үйір+

9.Жабайы түрі табиғатта кездеспейтін жәндік-алмажегі көбелегі-

10. Азиялық шегіртке өз дене салмағынан 10 есе көп қоректі пайдаланады+

Оқушылар дәптерлеріне белгілейді





Бір-бірінін дәптерін тексереді

Дұрыс жауапқа 1 ұпай.

Жалпы 6 ұпай

































Синтез

3 минут

1.Синквейн құрастыру «Бунақденелілер» тақырыбына

2.Ғылыми гипотеза құрастыруға ұсыну

Зат есім(1)

Сын есім(2 сөз)

Етістік(3 сөз)

Мағынасын ашатын сөйлем(4 сөз)

Синоним(1 сөз)

Бағалау

4 минут

Қарастырылған сұрақтар бойынша қорытынды шығару

Бір-бірін бағалау.

Бағалау парақтарын толтырады, комментарий жасайды

Үй тапсырмасы

2 минут

Дәптер бойынша дайындалу, аралар және құмырсқалар туралы таныстырылым жасау



































Бағалау парағы (топ ішінде)

оқушы

Сұрақ

жауап

тест

Топтағы жұмыс

+,-

синквейн














































Бақалау парағы(топтар бір-бірін)

оқушы

мазмұны

интерпретация

топ ережесі

ораторлық

тәртібі

сұрақ

жауап












































































1.Азиялық шегіртке (221бет),қосымша1

Турақанаттылар отрядының қысқа мұртшалылар отряд тармағының өкілі-көкқасқа шегіртке(азиялық шегіртке, саранча, обыр шегіртке). Оның қәдімгі шегірткеден айырмашылығы –мұртшалары мен аналығының жұмыртқа салғышы қысқа болады. Аталықтарының дыбыс шығару мүшесі аяқтарының сан бөлімінде, есту мүшесі құрсағының екі бүйірінде орналасады. Аналықтары дыбыс шығармайды. Дене тұрқы 50-55 мм, аталығы аналығынан кішірек. Бұлар көбіне өзен, көл жағалауларындағы қамыстардың арасын мекендейді.

Көбеюі.Жаздың екінші жартысында аналығы сопақша пішінді ұрықтанған жұмыртқаларын топыраққа салады. Жыныс безінен көбікті сұйық зат бөліп, қапшық тәрізді қалташа жасап, ішіне 4 қатар етіп ұзын әрі жіңішке қызғылт түсті жұмыртқаларын салады. Әр қалташада 55-115 жұмыртқа болады. Қалташаның ұзындығы 50-75 мм, диаметрі 7-10 мм. Бір аналық 2-3 қалташаға жұмыртқаларын салады.

Көктемде жұмыртқалардан дернәсілдер дамиды. Дернәсілдердің жылдам немесе баяу дамуы тіршілік ортасына байланысты. Дернәсілдер топырақтан шығып, басын төмен салбыратып, өсімдікке ілініп тұрады. Олар бірнеше рет түлейді, түлеген сайын дене пішіні өзгереді әрі бұл кезде қоректі көп мөлшерде қажет етеді.

Ыстық күндері дернәсілдерге су қажет. Су жетіспесе өсімдікті кеміріп, шырынымен қоректенеді. Қанаттары толық жетілген дернәсілдер қорек іздеп, шоғырымен басқа жерге орын ауыстырады. Шегірткелердің бір жерге жиналған топтарын «шоғыр» деп атайды. Осындай үлкен шоғырға жиналған барлық шегірткелердің салмағы 2 т-дан асады. Осындай шоғырдағы шегірткелер 3 млн гектардай жасыл желекті аймақты аз уақыт ішінде тып-типыл етіп жайпап кетеді. Бір шоғырдағы әрбір шегіртке өз дене салмағынан 10 есе көп қоректі пайдаланады. Шегірткелердің осындай жойқын әрекетін байқаған халқымыз «шегірткелер егін жер, екпей, сеппей тегін жер» деп дәл тауып айтқан. «Шегірткеден қорыққан егін екпес» деген ұғым да шегірткелердің егістікке көп зиян келтіретінін білдіреді. Олар ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің зиянкестері болғандықтан күрес шараларын күшейту қажет. Көкқасқа шегірткелермен қоректенетіндер: ұзақ қарға, қырғауыл, қара қарға, қызғылт қараторғай.


2.Өсімдік қандалары. Қосымша 2

Пішіні де, реңі де алуан түрлі. Пішіндерінің әр түрлі болып өзгеруі тіршілік ортасына байланысты. Мысалы, шөлді жердегі сусымалы құмда тіршілік ететін қандаланың пішіні шар тәрізді, себебі аяқтары сусымалы құмды қазуға бейімделген; Оңтүстік Америкада кездесетін таяқша қандаланың денесі, ұзын, жіңішке таяқ тәрізді. Ол қандалаға тіпті ұқсамайды. Адам мен жануарлардың денесінде, ағаш қабығында паразитті тіршілік ететіндердің денесі жалпақ болады. Қандалардың реңі қара, сары, қызыл, сарыала, қызылала, ашық дақты.

Қоршаған ортада мұндай айқын түстер көзге оңай байқалады. Қандала үшін мұнын мәні зор, себебі қандаламен басқа жәндіктер қоректенбейді. Абайсызда, байқамай қоректенетін болса, оған екінші рет жоламайды. Айқын түсі есте мәңгі сақталатын болады. Сонымен қатар көкірегінде, жағымсыз иіс шығаратын бездер бар. Тұмсығы ұзын, жіңішке, жай уақытта (көректенбегенде) көрінбей төмен қарай бүгіліп тұрады.

Көбею. Жұмыртқалардың пішіні сопақша, цилиндр, ұршық тәрізді, оның үстіңгі жағында дернәсілдері дамып, сыртқа шығарда ашылатын қақпақшасы болады. Дернәсілдері дамып

шыққанға дейін аталығы ұрпақтарына қамқорлық жамсайды.

Қыстап шыққан қандалалар көктемде жапырақтың астыңғы жағына алғаш сары, біртіндеп жасыл түске енетін ұрықтанған жұмыртқаларын салады. Екі қатар тізіп орналастырады. Әр қатарында 6 жұмыртқа. Жұмыртқалардың дамуы сыртқы ортаға байланысты. Ол 6-30 күн аралығында жетіледі. Дернәсілдер жұмыртқадан шыға салып өсімдіктің жұмсақ бөліктеріне жабысып, шырынын сорады. Дернәсілдерінің ересек түрінен айырмашылықтары:а)қанаттары болмайды ә)құрсағының үстіңгі жағынан иіс шығаратын бездерінің тесіктері көрініп тұрады б)аяқтары екі бунақты(ересектерде үш бунақты) в)мұртшалары төрт бунақты(ересектерде бес бунақты)

Дернәсілдері 5 рет түлейді, үшінші түлегеннен бастап қанаттары дами бастайды.

Қандала өсімдікке келтіретін зияны.

1.тұмсығымен жапырақ пен өркендерінің қабығын тесіп, шырынын сорады. Тесілген жерлерінде нүкте тәрізді дақ қалады. Зақымданған өсімдік сарғайып, өсуі тоқтап, ақыры солып,құрап қалады.

2.гүл шығаратын өркендерді зақымдайды. Нәтижесінде гүлдері құрап, жеміс пен тұқымдары дамымайды.

3. қырыққабат қаудан түзген кезде шырынын 3 қандала сорса, өнімі 47 % ға, 15қандала сорса, өнім 100% ға дейін тқмендеп, ақыры құрап қалады.

4.қалқаншалы қандаланың дернәсілдері(вредная черепашка) күздік бидай мен жаздық бидайдың түптену, масақтану сатысында өркенін, масағын жарақаттайды. Тұқымына зиян келтіреді. Шырыны сорылған тұқым семіп қалады, тағамдық сап

асы жойылады. Ұны нан пісіруге жарамайды, иленген қамыр ашытқанда сұйылып, желімге ұқсас жабысқақ болады.


3.Жібек көбелегі. Қосымша 3

Жибек көбелегі қанаттары болса да ұшпайды, оның себебі қолға үйретіп өсіруге байланысты. Денесі жуан, қалың түкті, ақ түсті қанаттарының ұзындығы 4-6 см. Аталығы аналығымен салыстырғанда кішірек, құрсағы жіңішке, мұртшалары қауырсын тәрізді. Жібек көбелегі табиғатта кездеспейді. Шыққан жері(отаны)- Гималай, одан Қытайға әкелінген. Жібек өндірісі Қытайда 5000 жыл бұрын дамыған деп есептеледі. Ол басқа елдерге Қытайдан таралған. Жібек шаруашылығы қазіргі кезде Қытай, Жапония, Индия, Корея, Бразилия, Оңтүстік Еуропа елдерінде, Орта Азияда, Кавказда және Қазақстанның оңтүстік өңірінде кеңінен дамыған. Жібек көбелегінің генетикасы мен селекциясын зерттеуде орыс ғалымы Б.Л.Астауровтың еңбегі өте зор. Ол мол өнім беретін жібек көбелегінің буданды қолтұқымын шығарды.


Пішіні құртқа ұқсаған сон жібек көбелегін жібек құртты деп те атайды. «Құрт» дегеніміз жібек көбелегінің дернәсілі, бірақ оның құрылысы құртқа мүлдем ұқсамайды. Жібек көбелегінің дернәсілдері тек тұт ағашы мен емен ағашының жапырақтарымен қоректенетіндіктен, «тұт- жібек көбелегі», «емен- жібек көбелегі» деген екі түрі өсіріледі.

Көбею. Аналық пен аталықтың шағылысу мерзімі жақындағанда дәкеден тігілген арнайыи қапшыққа жұптап орналастырады. Қапшықта әр аналық 300- ден 600-ге дейін жұмыртқа салады. Жаңадан салған жұмыртқалар ақшыл -сары түсті, біртіндеп сүр түске айналады. 3 аптадан сол жұмыртқада ұрық дамиды. Жұмыртқалардағы ұрық қыс бойы өзгермейді, көктемде одан жұлдызқұрттар дамиды. Жұмыртқалардың қабығын тесіп, жұлдызқұрттар сыртқа шығады. Жұлдызқұрттарды пілләсін алу үшін өсіреді. Піллә дайын болғанда жұлдызқұрттардың біразын қалдырып, басқасын жібек жіп алу үшін пайдаланады. Пілләнің пішіні, мөлшері, түсі әр түрлі болады. Пішіні сопақ, домалақ, бір ұшы сүйір болады. Мөлшері: ең ұсағының ұзындығы 1,5 см, ірісі 4-4,5 см-ге жетеді, түсі шымқай ақ, сары, алтынсары, жасыл болады. Көбелектер тесіп шыққан пілләлар жібек өндірісіне жарамайды, себебі олардың жібек жіптері үзіліп қалады. 1 кг жібек алу үшін

жібек көбелегін 17-18 кг тұт ағашының жапырағымен қоректендіру қажет. Жібек өндірісіне дайындау үшін пілләні ыстық буға ұстайды, ішіндегі қуыршағы өледі де,

содан соң әрбір жібек жібін жеке тарқатып алады.


4.Алмажегі көбелегі. Қосымша 4

Алмажегі көбелегі(аққұрт)- қанаттарын жайғанда 15-20 мм-ге жететін көріксіз кішкентай көбелек. Алдыңғы жұп қанаттары күңгірт – сұр, көлденең иректелген жолақтары бар. Күндіз ұшпай, ағаш діңіне қонып, күн батқанда ұшады. Аналық көбелек жапыраққа ақшыл –жасыл түсті 160-тай жұмыртқа салады. Алма ағашының жапырағының үстіңгі бетіне(жылтыр), алмұрт жапырағының астыңғы(жылтыр)жағына салады. Олар жұмыртқаларын ешқашан жемістің бетіне салмайды. Шамамен 8-12 күн өткенде (ауа райына байланысты) жұмыртқалардан жұлдызқұрттар шығады. Алдымен ақ, біртіндеп қызғылт түсті, басы ақшыл-қоңыр түсті болады. Денесін түгелдей сұр сүйелшелер қаптаған, әрбір сүйелшесінде бір – бірден түктері бар. Жұлдызқұрттар алдымен жапырақтың жұмсағымен қоректенеді немесе дереу жас жемістерді іздей бастайды. Кеміріп, ішіне енеді.Кірген тесігін алма қабығымен жауып қояды. Жұлдызқұрттар бірнеше рет түлеп, жемістің жұмсағын ары қарай кеміріп, тұқым орналасқан ұяшыққа жетеді. Бұл жерде екінші рет түлеп, ұяшыққа жайғасып, тұқымымен қоректенеді. Үшінші рет түлеген соң жұлдызқұрт алманың ішінен жалпақ жол жасап, сыртқа шығады. Енді ол жаңа алманың ішіне еніп, тұқымымен кеміреді. Төртінші рет түлеген соң алмадан шығып, қуыршақтануға дайындалады. Жұлдызқұрттардың дамуы бір айға созылады, оның ұзындығы 12-18мм –ге жетеді. Зақымданған жемістер үзіліп түседі. Жұлдызқұрттар ағаш қабығының саңылауларына, жартылай ашылып қалған қыртыстарына кіріп тығыз піллә жасап, соның ішінде қыстайды. Көктемде құыршаққа айналады. Қуыршаққа айналу мерзімі бір айға, ал құыршақ сатысы 2-3 аптаға созылады. Одан көбелек шығады. Сонымен, «алма құрты» дегеніміз ол «алмажегі» көбелегі. Қазақстанда кеңінен таралған зиянкестің бірі –алхоры жемісжегі көбелегі. Күресу шаралары «алмажегі» көбелегіне ұқсас.

«Алмажегі» көбелегімен күресу шаралары.

1.ағаш діндерін ескірген қабығынан тазарту; жарлыған жерін бітеу; түскен қабықтарды өртеу.

2.бақтарды былтырғы жылдан қалған үйінді қоқыстардан тазарту және оны өртеу

3.жеміс салған ыдыстарды қайнаған суға салып жуу.

4. ағаш діндерін қалын қағаз, тығыз маталар, ағаш ұнтақтары, қураған шөппен белбеулеп байлау, қалын қағаз бен маталардың енін 15 см етіп кесіп, діңге орап, сыртын кендір жіппен байлау; кейде қағаз бен матаны тиофоз эмульсиясының ертіндісіне малып алу керек. Ерітіндінің концентрациясы: 30 г тиофосты 1л суға ерітеді. Белбеуді 10 күнде бір тексеру керек;

5.ағаштың түбіне түскен зақымданған жемістерін жинап алып, өртеу.



5.Ауып келген алақоңыз (колорад қоңызы. Қосымша 5

Әсіресе картоптың жауы(зиянкесі) колорадо қоңызының отаны- Солтүстік Америка. Ол алғаш рет 1859жылы Колорадо штатынан табылған, сондықтан колорадо қоңызы деп аталады. Ең алғаш тек арамшөптермен қоректеніп, кейін картоп өсімдігіне ауысты. Елмен елдің арасындағы сауда –саттықтың өркендеуіне байланысты бұл қоңыз басқа елдерге тараған. Оның дене тұрқы 7-12мм. Денесінің үстіңгі жағы томпақтау, сары түсті қара сызықтары, ал басында қара дақтары бар. Қатқыл қанаттарында 5-5- тең қара сызығы болады. Өте өсімтал, орташа есеппен жылына әрқайсысы 400-ден 800-ге дейін жұмыртқа салады. Жұмыртқалардың ұзындығы 1мм, қызғыльт –сары түсті, картоп жапырағының астыңғы бетіне тізіп, топтап жабыстырады. Жұмыртқалардың дамуы температураға байланысты. Мысалы: 18-22°С –та дамуы 1-2 апта; 22-26° С –та 4; 6 күн; 12° С –тан төмен болса дамуы тоқтайды. Дернәсілдері жұмыртқадан шыққанда сұр, бірінші рет түлегенде қызыл, үлкейе бастағанда қызғылт-сары түсті болады. Аяқтары қара , денесінің екі бүйірінде 2 қатар қара дақтары болады, дернәсілдердің ұзындығы 15-16мм. Дернәсілдері жұмыртқадан шыға сала жұмыртқаның қабығын, содан сон картоп жапырағының астыңғы бетінің жұмсағын кеміреді. Ол күндіз де түнде де демалыссыз қоректенеді. Өсімдік жапырақтарын тауысқан сон сабағына көшеді. Үш рет түлейді. Ересек дернәсілдері 5-6 күн қоректенген соң жылжып барып топырақтың 15-20 см тереңдігіне көміледі. Топырақтан үңгір ұяшық жасап 3-5 күн қозғалмай жатып, төртінші рет түлеген соң қуыршаққа айналады. Қуыршағының пішіні қоңызға ұқсас болғанымен қызғылт – сары түсі біртіндеп ақшыл-сары немесе ақшыл-күлгін түске айналады, ұзындығы 9мм. Қуыршағының даму кезеңі 6-15күнге созылады. Қуыршақтан шыққан жас қоныздар топырақ бетіне шығып, жылдам қоректене бастайды.

Колорадо қоңызы қысты 20-65см – ге дейін тереңдіктегі топырақта өткізеді. Ауа райы өте ыстық болса жаздың ортасында қыстап шығуға дайындалады, ал жылы, жаңбырлы болса суық түскенге дейін тіршілік етеді. Аналық қоңыз екі рет қыстайды, екі жаз мерзімінде жұмыртқалар салады. Көктемде топырақтың қызуы 14-15°С-қа жеткенде қыстап шыққан қоңыздар жер үстіне шығады. Жаз бойы колорадо қоңызы 2-3 ұрпақ береді. Колорадо қоңызы өте зиянды, тек картоп емес, баклажан(баял), қызанақ өсімдіктерімен де қоректенеді. Гүлдерін, жапырақтарын құртып, тек қураған сабақтарын ғана қалдырады. Зиянкеспен күресудің әр түрлі жолдары бар:химиялық препараттар шашу; топырақты өңдеу; егістіктің жері аз болса, теріп алып өртеу.











Краткое описание документа:

"Бунақденелілер отрядтардың  өкілідері ішіндегі орман және ауылшаруашылығы өсімдіктердің  зиянкестері. Бунақденелілерді қолға үйрету, мысалы тұт және емен жібек көбелектері"тақырыптағы сабақ жоспары . Оқушылардың білімдерің тексеруге арналған тапсырмалар-суретпен жұмыс және сәйкестеңдіру тест, жауаптарымен бірге берілген. Жаңа білімді оқушылар үлестірме материал мен өздігінен жұмыс жасап менгереді. Білімді бекіту мақсатында "Дұрыс-бұрыс" жаттығу орындалады. Оқушылардың қызығушылығын дамыту мақсатында синквейн құрастыру және тақырып бойынша ғылыми гипотеза жасауға ұсынылады.

Автор
Дата добавления 13.01.2015
Раздел Биология
Подраздел Конспекты
Просмотров2494
Номер материала 294639
Получить свидетельство о публикации

"Инфоурок" приглашает всех педагогов и детей к участию в самой массовой интернет-олимпиаде «Весна 2017» с рекордно низкой оплатой за одного ученика - всего 45 рублей

В олимпиадах "Инфоурок" лучшие условия для учителей и учеников:

1. невероятно низкий размер орг.взноса — всего 58 рублей, из которых 13 рублей остаётся учителю на компенсацию расходов;
2. подходящие по сложности для большинства учеников задания;
3. призовой фонд 1.000.000 рублей для самых активных учителей;
4. официальные наградные документы для учителей бесплатно(от организатора - ООО "Инфоурок" - имеющего образовательную лицензию и свидетельство СМИ) - при участии от 10 учеников
5. бесплатный доступ ко всем видеоурокам проекта "Инфоурок";
6. легко подать заявку, не нужно отправлять ответы в бумажном виде;
7. родителям всех учеников - благодарственные письма от «Инфоурок».
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://infourok.ru/konkurs


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ


Идёт приём заявок на международный конкурс по математике "Весенний марафон" для учеников 1-11 классов и дошкольников

Уникальность конкурса в преимуществах для учителей и учеников:

1. Задания подходят для учеников с любым уровнем знаний;
2. Бесплатные наградные документы для учителей;
3. Невероятно низкий орг.взнос - всего 38 рублей;
4. Публикация рейтинга классов по итогам конкурса;
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://urokimatematiki.ru

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх