Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / Сабаққа рефлексивті талдау жасау бойынша нұсқау

Сабаққа рефлексивті талдау жасау бойынша нұсқау

  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:






«Біреуін аласың-біреуін бересің» әдісі,

жұптық талқылау

Әдіс кезіндегі топтық талқылау

Білім беру үдерісінің нәтижелі болуы мұғалімдердің оқушы өздігінен меңгеріп,таныта білген білім-дағдыларымен амал ,көзқарастарын зейін қойып, зерделей білген білім модельдері аясында ғана жүзеге асырылады. Осы тұжырымдаманы басшылыққа ала отырып мектептегі тәжірибесді 3 сыныптағы дүниетану пәнінен бастадым. Ең алдымен мен оқу бағдарламасының талабына сүйенуді жөн көрдім. Дүниетану пәні бойынша 3 сынып оқушысының дайындық деңгейіне қойылатын талаптарға сай: табиғи және жасанды денелер, табиғат құбылыстары, денелер мен заттардың айырмашылығын білуі қажет. Оқу бағдарламасында орындалуға тиісті талаптарды ескере отырып сабақтың мақсатын келесі түрде белгілеп алдым: осы сабақ барысында денелердің өлі және тірі болып бөлінетінін білулері тиіс. Табиғи және жасанды денелерді ажырата алуы керек. Табиғат құбылыстарының адам өміріндегі маңызын ашып бере алулары керек. Қысқа мерзімді сабақ жоспарын Блум таксономиясының категорияларына сәйкес жоспарладым. Алдымен ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру мақсатында «Қуанамын мен де...» атты өлең жолдарын мұғалімнің соңынан қайталап отырып қасындағы көршісіне өзінің бүгінгі сабаққа деген пейілі мен ықыласын білдіру арқылы оқушыларды жаңа сабаққа дайындап алғым келді. Сабағымның осы тұсы маған ұнады. Себебі, өлең жолдары тілге оңай және сабақтың өн бойына тиімді әсер етті. Бұндай сәтті өткізілген психологиялық дайындықтан кейін «түстер палитрасы» әдісімен топқа бөлдім. Топқа бөлу кезінде қолданған стратегиям жүзеге асты деп ойлаймын. Себебі, үш деңгейлі оқушылардың әр топта отырғызылғанын көздеген едім. Сабақтың білу мен түсіну кезеңін, яғни жаңа тақырыпқа шығуды электрондық оқулықтағы қызықты, ой шақырар бейнероликті көрсету арқылы оқушылардың сыни тұрғыда ойланып, көрген ақпараттарындағы түйінді мәселені тауып, жаңа тақырыпты өздері ашқандарын қаладым. Бұл әрекетті қолданған себебім, менің тізбектелген сабақтар топтамасына оқыту мен оқуда өзгеріс енгізгелі жатқан тақырыбым мен мақсаттың орындалғанын жүзеге асыру еді. Дегенмен, бұл көзделген мақсат күтілген нәтижеге жеткізбеді. Себебі, түйінді мәселені табуға оқушыларға мұғалімнің бағыттауы қажет болды, ал сабақтың тақырыбы анықталғаннан кейін мақсатын өздері белгелей алды. Бұл жерде мен өзіме оқушылардың сыни тұрғыда ойлануға дағдыланбағандықтарын байқадым. Алайда, мен сабақ тақырыбы бойынша ақпарат алу, сабақтың жаңа тақырыбын өздіктерінен меңгеруге қатысты қойылған мақсатымның орындалғанын көрдім. Өздіктерінен білім алуға бағыттайтын «Біреуін аласың – біреуін бересің» деп аталатын Дадлидің белсенді оқыту тәсілі оң нәтиже берді. Бұл әдісті таңдамас бұрын, әдіс жайында мұқият ақпарат алып қандай тиімді жақтары барын зерттеп шықтым. Осы әдістің мақсаты бірлескен жұмыс; жұппен, топпен жұмыс жасау дағдысын қалыптастыруға ыңғайлы және бұл әдіс оқушылар арасында нақты ақпараттың ауқымды көлемін тарату тәсілінің оңтайлы түрі екені білдім. Мен ақпаратты өзім оқып бергеннен гөрі, оқушылардың өзі іспеттес құрбы, достарынан қабылдағандары тиімдірек болады деп есептедім. Осы тәсілдің жұмыс алгоритмі де оқушылардың диалогқа түсуіне мүмкіндік туғызды. Оқушыларға таратылған қағаздағы ақпаратты мүмкіндігінше жұптаса жүріп диалогқа түсу арқылы барлық сыныптастырына айтып, хабардар етіп шықты. Осылайша сынып ішінде жүріп өздерінің ақпараттарын басқа оқушылармен бөлісті. Бұл үрдісті көріп мен әдістің тиімділігіне және оны дұрыс таңғаныма көзім жетті. Оқушылар арасында бірлескен жұмыстар, соның есесінде диалог жүріп жатқанын көріп қалдым. Бірнеше рет қолданысқа тап болған ақпарат өздігінен оқушылардың санасында қалыптасып қалғандығын оқушылардың мысал келтіре алуларынан, өз түсініктемелерін толықтыра алуларынан анықтадым. Өз тұжырымдамаларын басқалардың тұжырымдамаларымен салыстырып, ортақтары болса тауып, ерекшеліктері болса іріктеп, тіпті байланыстыра алды. Олардың өз реакцияларымен, эмоцияларымен бөлісу мүмкіндігін, оларды не таң қалдырды, көңіл-күйлерін не түсірді, не көтерді, ақпарттың ішінде не маңызды болғанын белгілеп алып, өзінің оқуы туралы ойлануы мүмкіндігін болжаған едім. Оқушылардың алдарына таратылған әр түрлі ақпарат оқушылардың жұпта, топта талқылануы арқылы және оқушылар әдістің жұмыс алгоритмі бойынша әрекеттер орындаған кезде негізгі түйінді мәселелер табылып, оның шешу жолдары да қарастырылғанын көрдім. Осы жерде бұл тәсілді не үшін қолданудағы мақсатым да жүзеге асқанын байқадым. Тіпті, менің оқу үлгерімі төмен деңгейіндегі Д оқушы оқу үлгерімі орташа деңгейіндегі А оқушыға «Денелердің тірі екенін қайдан білесің? деген сұрақ қойып оған өзінің естігісі келген жауабын алды. Ал, оқу үлгерімі орташа деңгейіндегі оқушы А оқушыға менің тарапымнан «Тірі және өлі денелердің арасында қандай айырмашылық бар?» деген сынақтан өткізу сұрағы қойылған кезде А тек жауап беріп қана қоймай, ол өзін дәлел ретінде тірі денеге жатқызып, ал өзі отырған партаны өлі денеге жатқызып мысал келтіре алды. Ал, егер осы екі дене арасындағы байланысты түсіндіріп кетсе, онда оқу үлгерімі орташа деңгейіндегі оқушыға бағытталып қойылған мақсат толық орындалар еді. Оқу үлгерімі жоғары деңгейіндегі Д алдындағы ақпаратқа сүйеніп және өз білетін басқа да табиғат құбылыстарын атап бере алғаны мені таңғалдырды. Алайда, менің байқағанымша еш бір оқушы өз тарапынан тақырыпқа байланысты сыни тұрғыда пікір білдірмесе де, оқушылардың әрекеттеріне қарап мен, сабақтың түсіну мен қолдану кезеңі сәтті өтті деп ойлаймын. Себебі, алдарына таратылған жаңа тақырыптың мазмұнын өздіктерінен меңгеру мақсатында берілген тапсырма жүзеге асырылды. D:\Толкын\ІІІ денгей Толкын\Рахимова ТН Лебяжі ауданы\практика\фотки практика\1 сабақ\DSCF3541.JPGD:\Толкын\ІІІ денгей Толкын\Рахимова ТН Лебяжі ауданы\практика\фотки практика\1 сабақ\DSCF3569.JPGD:\Толкын\ІІІ денгей Толкын\Рахимова ТН Лебяжі ауданы\практика\фотки практика\1 сабақ\DSCF3572.JPG

«От шашу» атты сергіту сәті уақытымен өткізілді. Дегенмен, оқушылар темпінің баяулығы сабақ кезеңдерінің регламентіне әсері тиерін алдын-ала болжасам сергіту сәтін өткізбес едім, себебі, сынып ішінде оқушылар онсыз да оқыту әдісінің жұмыс алгоритміне байланысты емін-еркін жүріп-тұрып, жұптарымен, көршілерімен ауыстырылып отырғандықтан сергіту сәтінің қажеті болар ма еді деп ойладым.

Постермен жұмыс

Постер қорғау кезіндегі сыни пікір

Сабақтың талдау кезеңінде сыни тұрғыда ойлануға үйрету модулін іске асыруды басты нысанаға алып, оқушылардың жас ерекшеліктерін ескеріп, оқушыларға сыни тұрғыда ойланып орындауға үлестірмелі карточкалар тараттым. Түрлі сыни пікірлер есту үшін әр топта әр түрлі табиғат құбылыстары бейнелеген суреттер беруді жоспарладым. Олар сыни тұрғыда ойланып, жұбымен талдап, ортақ топқа талқылап, сыни пікірлер білдіру арқылы өз ойларын жинақтап постерге түсіру керек болды. Тапсырманың орындау оқушылар үшін қиындықтар туғызғанын мен уақыт регламентінің сақталмай қалғанынан анықтадым. Оқушылардың ойлары шашыраңқы болды, топта өзара сыни пікірлер білдіріп жатқандығы байқалмады. Топта жұмыс жасау барысында, жалпы сабақ үдерісі үстінде ынтымақтастық атмосферасын қалыпта ұстап тұру үшін және оқушылардың өзін-өзі реттеп отыру мақсатында қолданатын «Шаршының» қоңыр түсін көрсетіп уақыт сұрап жатты. «Зеректер» тобындағы оқушылар суретті дәлме дәл салып берді, өз тараптарынан ешқандай ой қоспаған. Постерлерін қорғау барысында өздері талқылаған ойларын бейнелеген суреттің көлемінде ғана жеткізе алды. Мен күткендей бұндағы оқу үлгерімі орташа деңгейіндегі оқушы А қорғау барысында айтылатын ойларын жинақтап беруге себін тигізді. «Тапқырлар» тобында бейнелеу өнерінен хабары бар оқушы отырғаны байқалды. «Өзгертілген сабақ жоспары» (Эйр) әдістемесінің көмегімен сыныпта ерекше қасиеттерімен ерекшеленетін шағын топтарда орындалатын тапсырмалар дайындауға болады, бірақ топ құру кезінде барлық оқушылар үшін тиімді оқыту үдерісін ұйымдастыру икемділікті талап етеді. Осы цитатаны басшылыққа алып жасалған әрекеттерім менің талантты және дарынды оқушыларды оқыту модулінің іске асыру мақсаты орындалғанын байқадым. Бұл топтың суреттері көркем, талапқа сай салынған, ал қалған жағдайда «зеректер» тобынан айырмашылығы болмады. Бұл топтағы оқу үлгерімі төмен деңгейіндегі оқушы Д бақылаушы рөлін атқарды. Оның тарапынан тек ортақ пікір, ортақ ой, өз рөлін атқарып қана жүрді. «Алғырлар» тобындағы оқу үлгерімі жоғары дейгейіндегі Д тапсырманы талапқа сай орындады. Суреттегі бейнеленген табиғат құбылысына сыни тұрғыда ойланып қарап шығып, жұмыстың қорғау әрекеттеріне дейін қарастырғандығы мен үшін күтпеген жағдай еді. «Алғырлар» тобы найзағайдан қорғану жолдарын көрсетіп, постерді қорғау барысында өз ойларын жеткізе алды. Блум таксономиясының талдау категориясына сәйкес талаптың орындалғанын мен оқушылардың меңгерген тақырып мазмұнын талданғанынан, тізбектелгенінен, салыстырылғанынан анықтадым. Сондай-ақ, оқушылардың сынақтан өткізуге бағытталған сұрақтарға берген жауаптарынан мен сабақтың тақырыбына сәйкес оқу үлгерімі әртүрлі оқушылрға бағытталған мақсаттың біртіндеп орындалғанын байқадым. Сабақтың талдау кезеңінде көп уақыттың кеткен себебі, постермен еш уақытта жұмыс жасап көрген емес және тапсырманың мәні мен мағынасына жетумен, қандай әрекеттер орындайтынынан дел-дал болғадынымен түсіндіре аламын. Сабақтың келесі кезеңінде ситуацияны қолға алып, қалайша кемшілігімді түзетсем екен деген сауал мазамды ала бастады. Сондықтан мен өз тарапымнан әр топқа жекелей жақындап бағыт беру әрекетін орындадым. Сол уақытта ғана оқушылар жинақталып, өз ойларын ортаға сала бастады. D:\Толкын\ІІІ денгей Толкын\Рахимова ТН Лебяжі ауданы\практика\фотки практика\1 сабақ\DSCF3650.JPGD:\Толкын\ІІІ денгей Толкын\Рахимова ТН Лебяжі ауданы\практика\фотки практика\1 сабақ\DSCF3674.JPG

Келесі кезеңде мен оқушылардың тақырыпқа сай алынған білім мазмұнын реттеуі, үлгілеп, тұжырымдауы, алдағы қадамдарын болжауы, өз ойлары мен білімдерін жинақтауы үшін сабақтың жинақтау кезеңінде ақпараттық – коммуникациялық технологияның көмегіне сүйендім.

Сондай-ақ, оқушылардың жұмыс темпін арттыру үшін сабақ жоспарыма өзгертулер енгізу қажет екенін түсіндім. Мен эксперттік топ құру оқу үлгерімі жоғары деңгейдегі оқушыларды іріктеп алуым керек еді. Алайда, мен үй тобынан жұмыс тобын құрмай, тек оқу үлгерімі жоғары деңгейдегі оқушыларды жеке өзім орналастырып, қалған оқушылардан өзім басқа екі топ құрдым. Эскперттік топтағы оқушыларға олардың міндеттері түсіндірілді, ал қалған екі топ интербелсенді тақтада «тақырыптық түйінді сөздер» сабақты аяқтау құралы бойынша жұмыс жасады. Аталмыш сабақты аяқтау құралын таңдаған себебім, уақытты ұтымды пайдалануға болады, тақырыпқа қатысты атауларды, түйінді мәселелерді дәл табуға себін тигізеді деп болжадым. Сонымен қатар, бұл құрал оқушылардың жас ерекшелігіне сай және тапсырманы орындау алгоритмі де бастауыш сынып оқушыларының танымдық қабілеттерін сәйкес келеді. Болжағанымдай, бұл кезеңде оқушылардың темпі арта түсті, себебі интербелсенді тақтада оқушыларға қаламмен жұмыс жасау әлде қайда қызықты екенін көрдім. Ал, эксперттік топ екі топтың дұрыс немесе бұрыс жауаптарын тексеріп ұпайлар қоюда формативті бағалау әдісін тиімді пайдаланғандары мені таңғалдырды. Сабақтың кезеңі бойынша көзделген мақсат жүзеге асты деп ойлаймын. Уақыт тиімді пайдаланылды және эксперттік топ та, басқа екі топтың мүшелері де белсенділік танытып, сыныптың іші қозғалысқа толы болды.

Кері байланыс

Бағалау – одан арғы оқу туралы шешімді қабылдау мақсатымен оқытудың нәтижелерін жүйелі түрде жиынтықтауға бағытталған қызметті белгілеу үшін қолданылатын термин деген тұжырымдамаға сүйеніп бүкіл сабақ үрдісі бойынша нәтижемді көру мақсатында «Стикер» деп аталатын оқыту үшін бағалау құралын сапалы таңдадым деп ойлаймын. Сабақтың рефлексиясын біз ең маңызды сұрақтарды басшылыққа ала отырып жүргізетініміз белгілі. Мен сабақ тақырыбының мазмұны қаншалықты меңгерілгенін «Оқушылардың неге үйренгендіктерінен, нені үйренгісі келетіндіктерінен, олар үшін не қиын болғандықтарынан» көре алатынымды болжадым. Сондықтан, бағалау кезеңінде мен «стикер» оқыту үшін бағалау құралын қолдандым. Стикерлерді әр түрлі түсте алдым, себебі сұрақтардың маңызды және түстерге сай болғанын көздедім: «жасыл түсте» нені үйренгендіктерін, «сары түске» нені үйренгісі келетіндіктерін, ал «қызыл түске» не қиын болғандықтарын жазуларын сұрадым. Себебі, сабақ барысы бойынша кері байланысты көру үшін маған оқушылардың жоғарыдағы сұрақтар төңірегіндегі жауаптарын анықтағым келді. Келесі сабағымның жоспарына қандай өзгерістер мен толықтырулар енгізетінімді жоспарлауды көздедім. Оқушылар жұмыс тобынан қайта үй тобына оралды. Оқушылардың қолдарына әр түрлі түсті стикерлер түсе салысымен менің жоғарыда аталған сұрауымды оқушылар бірден орындауға көшті. D:\Толкын\ІІІ денгей Толкын\Рахимова ТН Лебяжі ауданы\практика\фотки практика\1 сабақ\DSCF3726.JPG

Дегенмен, менің бағалауға қатысты тағы қосарым, формативті бағалауды жүзеге асыру үшін орындалған тапсырмаларға оқушыларға бір-бірін бағалауды ұсынған уақытта мен «смайликтерді» қолдандым. Үш түрлі көңілде күйде тұрған смайликтердің мәні түсіндірілместен бұрын - ақ, оқушылар олардың бағалау кезіндегі қызметтері жайлы бірден білді. Бұл біздің алғашқы сабағымыз болғандықтан мен оқушылардан постерлерін қорғау барысында, интербелсенді тақтадағы орындалған тапсырмаларға байланысты бір-бірін бағалауды сұрағанда олардың арасында бәсекелестік туып, бағалау барысында мін тауып, қайтсе де бағаларын төмендетіп көңілсіз смайликтерді көтерген ситуацияға тап болдым. Мұның себебі оқушылар берілген тапсырманың мағынасына емес, постерде бейнелеген суреттерге қарап бағалаулары. Бірінші күні бағалаудың сипаты мен мәні оқушыларға түсіндірілмеді. Бұл менің тарапымнан кеткен кемшілік болды. Сол жерде кемшілігімді түзету үшін бағалаудың мағынасын ашып, неге? және не үшін? бағалайтынымызды айтып түсіндіріп өттім. Бағалау кезеңінде менің тағы байқағаным, оқушылар арасында әңгіме, ал әңгімелесу барысында дәлелдемелер келтіріліп жатқандығы байқалды. «Дәлелдемеге идея мен мүмкіндіктерді алға жылжыту және келісу деген анықтама берілген. Оқушылар өздерінің құрдастарымен, сарапшылармен диалог жүргізу барысында тәжірибе жинақтап және ой әрекетінің жоғары деңгейіне көтеріле отырып, баламалы мүмкіндіктер туралы сыни тұрғыдан ойлап, зерттеу жүргізуге қабілетті бола түседі. Түсінуді басты назарға ала отырып ынтымақтастықпен оқу немесе мәселені шешу үдерісі оқушылардың тиімді дәлелдерді жүйелеу қабілеттерін жоғарылатады» деген тұжырымдаманың түп негізін, яғни теориялық білімім тәжірибемен ұштасқан уақытты түсіндім. Ал, жалпы сабақтың барысы бойынша бағалауды мен әр топтың спикеріне тапсырдым. Олар арнайы бағалау критерийлері бойынша өз тобындағы мүшелердің жинаған ұпайларын есептеп, тиісті бағаларын айтып шықты.

Сабақтың қорытындысында оқушылар «Денелер. Заттар. Табиғат құбылыстары» тақырыбы бойынша денелердің өлі және тірі болып бөлінетіні жайлы білді. Оны «біреуін аласың – біреуін бересің» белсенді оқыту тәсілі бойынша тақырып өздігінен меңгеруге берілгеннен кейін менің тарапымнан түрткі болар сұрақтарға берілген оқушылардың жауаптарынан көрдім. Сонымен қатар, оқу үлгерімі орташа деңгейіндегі А оқушының жауабын да айта кеткім келеді. Табиғи және жасанды денелерді ажырата алуға үйренгенін топтар арасында келтірілген мысалдардан анықтадым. Табиғат құбылыстарының адам өміріндегі маңызын ашып беру мақсаты оқу үлгерім жоғары деңгейдегі оқушыға бағытталған және оқу үлгерімі жоғары деңгейдегі Д оны сыни тұрғыда ойлап, постерге түсіруге берілген тапсырма барысында мүмкіндігінше ашып бере алды.

Сабақ барысын жоспарлау мен оны іс жүзінде іске асыру барысында мен сабақтың мазмұнын оқушыларға өздіктерінен меңгеруге тиімді болатын әдіс тәсілдердің ықпалы мен оның бастауыш сынып оқушыларының жас ерекшеліктеріне сай таңдап алуды үйрендім. Сондай-ақ сол әдістің тәжірибе пайдаланудың маңызы одан да күштірек екенін түсіндім. Оқушыларым болса, бірлескен жұмыстың не екенін түсігендей болды. Әңгіме мен диалогқа кірісу барысында пікірлерін еркін, сыныпта өздерін тәуелсіз ұстауға үйренді деп ойлаймын. Сабақты жоспарлаған уақытта да және іс жүзінде де мен диалогқа, әңгімеге көп көңіл бөлдім. Дадлидің «біреуін аласың – біреуін бересің» белсенді оқыту тәсілін таңдаған себебім де сабақ барысында айқын көрінді деп есептеймін. Адамдардың қай тұрғыдан алғанда да бір-біріне икемделуі құрмет пен сенімге негізделген. Диалогтік оқыту ұжымдық (мұғалім мен бала бірігіп тапсырманы орындайды) және өзара білім алмасуға жағдай туғызатын (мұғалімдер мен балалар бір-бірін тыңдап, идеялармен бөліседі және балама көзқарастарды қарастырады) және қолдаушы (балалар қате жауап бергені үшін қорықпай, өз идеяларын еркін жеткізіп, бір-біріне өзара түсіністікке жетулеріне көмектеседі.



Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Краткое описание документа:

Сабаққа қалайша дұрыс рефлексивті талдау жасай білуге бағытталған материал. Мысал ретінде 2 сыныптағы дүниетану пәнінің "Денелер.Заттар.құбылыстар" тақырыбы алынған. Саабақтың мақсаты, ол мақсатқа жеткізер сабақта қолданылған әдіс тәсілдер, олардың неге, не үшін қолданылғаны, мұғалім мен оқушылардың сабақ барысындағы өзара позициялары анық көрсетілген. Мұғалім оқушылардан күтер нәтижеге қалайша жеткендігі жайынша ашық жазылған.

Автор
Дата добавления 13.05.2015
Раздел Начальные классы
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров1199
Номер материала 278866
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх