№
47 орта мектептің бейнелеу өнері пәні мұғалімі Махамбеткеримова
Индира Бодаубекқызының 6 «в» сыныбында «Кітап
графикасы» тақырыбында өткізілген ашық
сабағына жазылған рефлексия.
28.11.2014 ж. 6 «в» сыныбымен өткізілген «Кітап
графикасы» тақырыбында ашық сабақ өткіздім. Сабақта сыныппен психологиялық
ахуалды туғызу үшін, мен оқушылардан «бүгін аптаның қай күні?» деп сұрадым,
олар: «жұма» деп жауап берді. Мен «Жұманың қазақ үшін қандай күні?» дегенде,
олар «қасиетті, иманды күн» деп жауап берді. Мен «Ендеше қазақта жұма күні
айтылған тілек қабыл болады екен деген сөз бар, қазір топтар бір бірімізге
тілектер айтайық » дегенде, олар шын жүрегімен тілектер айтып жатты. Осы
стратегиямен сыныптағы психологиялық ахуал өте жақсы орнады деп есептейді.
Үй тапсырмасын сұрауда оқушылармен диалог түрінде
теориялық білім тексерілді. Оқушыларға үйге берілген практикалық жұмыстары
мольберттерге ілініп, оның көркемдік ерекшеліктері 1-2-3-4-1 топтар арасында
бағаланды. Сабақта белсенді оқушылардың әлеуетін пайдалану арқылы топ
басышысының бағалауы қолданылды. Бағалау парағы сабақ басында оқушыларға
түсінідірілді. Ол оқушылардың бүгінгі сабақ барысында оқушылардың не үшін
жұмыс жасап жатқандарын түсіну үшін маңызды болды.Бағалаудың «Үй
тапсырмасы», «шығармашылық жұмыс», «топтық жұмыс» бөлімдері бойынша «2», «3»,
«4», «5» бағаларының дискрипторлары бойынша ұсынылды. Бағалау парағы топ
басшыларына таратылып, топ мүшелеріне жариялы болды.
Жаңа сабақтың тақырыбын ашуда тірек суреттерді
қолдандым. Кітаптың ерекше біздің материгімізде кездеспейтін түрлерін көрсету
арқылы оқушыларды ойландырдым. Дарынды оқушы Нұрсұлтан іздеген сөзді, кілт
сөздерді қолданусыз-ақ ашып қойды. Тақырып ашылған соң, ол сөздің бүгінгі
сабақпен қандай байланысы бар екендігі сұралды. Бұл оқушылардың ойлау жүйесін
шыңдауға себін тигізді деп ойлаймын.
Жаңа тақырыптың мазмұнын түсіндіргенде оқушыларға
әлемдегі ерекше кітаптардың суреттерін көрсетуді қолдандым. Қызықты
ақпараттармен бөлісу арқылы оқушылардың тақырыпқа деген қызығушылықтары артты
деп ойлаймын.
Ой толғаныс кезінде топтағы оқушыларды «суретшілер»
және «өнертанушылар» деп екі топқа бөлдім. Бұл сыныптағы оқушылардың жеке
қабілеттеріне қарай бөлу мақсатында қолданылды. Суретшілер топқа бөлінген
атаулар /оқулық, музыкалық аспаптар, ертегілер, қызыл кітап/ бойынша кітап
мұқабаларын жасады. Топтағы оқушылар жұмыла жұмыс жасады. Жұмыс уақыты
аяқталғанда жұмыстар жиналып, мольберттерге ілініп, топтармен критерийлермен
бағаланды. Бұл кездегі бағалар өзін өзі бағалаудан анағұрлым төмен болды. бұдан
оқушылардың өзінен гөрі басқаның кемшіліктерін қатты мойындайтыны көрінді.
Сабақты қорытуда Эдуард де Бононың «Ойлаудың алты
қалпағы» стратегиясы арқылы оқушыларға «Қазіргі кедегі электронды құрылғылар
кітапты алмастыра алады ма?» сауалы тасталды. Бұл тақырыпты өмірмен
байланыстыруда ұтымды жол болды есептеймін. Нәтижесінде оқушылар өз ойларын еркін жеткізіп, кітаптың адам
өміріндегі маңызы жайлы айтып берді.
Сабақ
соңында топ басшыларының бағалауын ескере отырып жиынтық баға қойылды.
Бұл
сабақта жеткен жетістігім: тақырып толығымен талданды,
себебі оқушылар әр түрлі танымдық тапсырмалар орындай отырып, алға қойған
мақсаттарына жете білді. Тақырыптың негізгі түйінін ашты, шығармашылық жұмыс
жасауда теорияны практикамен өздері ұштастыра алды.
Сабақ
беру барысында жеті модульдің жетеуі толығымен қамтылды деп
ойлаймын, оған нақты дәлелдер келтірер болсам:
1.
Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер.
Сабақ барысында оқушы да, оқытушы да жаңа тәсілдер арқылы білімдерін толықтыра
түсті бір-бірін өзара оқытты.
2.
Суреттер мен кілт сөздер арқылы болжау, топтық шығармашылық жұмыс жасау сыни
тұрғыдан ойлау қасиеттерін дамытуға қолданылған жұмыстардың бірі екенін айтуға
болады деп ойлаймын. Сұраққа жауаптың ең негізгі түйінін ашу барысында міндетті
түрде сыни тұрғыдан ойлауды қажет ететіндігі.
3. Оқыту
үшін бағалау және оқуды бағалауда, топ басшысының бағалауы, топтар
бір-бірін бағалауы, ынталандыру ретінде бағалау, сабақ барысында оқушылардың
білімі қаншалықты деңгейде екенін біліуіме үлкен көмегін тигізді.
4. Білім
беруде АКТ-ды пайдалануға құрылған слайд, таймерді қолдануымды айтуға
болады.
5. Білім
берудегі басқару және көшбасшылық сабақ барысында өте жақсы байқалды.
Мұғалім көшбасшылығы ретінде сабақтың тиімді жоспарланып, сұрақтар қою арқылы
оқушыларды жетелеуді, сабақтың мақсаты толығымен орындалып, нәтижеге
жеткендігімді айтуға болады.
6. Дарынды
оқушының жұмысы байқалды. 2 топ оқушыларының Нұрсұлтан мен Ақбөпенің
деңгейі тапсырманы бірінші болып аяқтап, топ ішінде түсіндіруі, топтар
мүшелеріне көмектесуі.
7.
Оқушының жас ерекшеліктеріне байланысты модулге оқушылардың деңгейлері
бойынша топта атқарған жұмыстарын айтуға болады деп ойлаймын.
Жеті
модульді ықпалдастырып, әр түрлі стратегиялық әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалану
арқылы сабақты ұйымдастыру, оқушылардың білімге деген құштарлықтары мен өз
бетімен іздену дағыдысын арттырып, сыни тұрғыдан ойлауға қабілетті тұлға
ретінде қалыптастыруға болатындығына көзім жетті.
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.