Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Конспекты / Сабак "валеология" 3 сынып

Сабак "валеология" 3 сынып



Осталось всего 2 дня приёма заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)


  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

hello_html_m452d5b.gifhello_html_38ed9679.gifhello_html_38ed9679.gifhello_html_m452d5b.gifБекітілді: Оқу ісінің меңгерушісі:

МАТЕМАТИКА

1-тоқсан

1-сабақ.

Сабақтың тақырыбы: Заттардың қасиеттері, заттарды санау.


Мақсаты: а/ заттың қасиеттері бойынша оқушылардың алғашқы білім

деңгейін құбылыстар мен заттарды санай алу дағдыларын

анықтау. Баланың білім деңгейін, тапсырманы орындау жылдамдығын

анықтау.

ә/ ой-өрісін, математикалық термин сөздерін жетілдіре түсу.

б/ тазалыққа, тиянақтылыққа тәрбиелеу.


Көрнекілігі: сандар, жеке заттар, ойыншықтар.


Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру бөлімі: -амандасу, сыныпты түгендеу.

-психологиялық көңіл-күй. /мұғалімнің шеберлігіне

қарай/

II.Өтілгенді қайталау

1.Заттарды салыстыру.

2.Тура және кері санату.

III.Жаңа сабақ:

а) Кіріспе. Математиканы оқып-үйренудің маңызына тоқталу.

ә) Заттың қасиеттері туралы түсініктерді анықтау, заттарды салыстыру жұмыстарын ұйымдастыру.

1.Оқулықпен жұмыс:

1. Суреттің мазмұны бойынша әңгіме жүргізу. Балалар бейнеленген заттарды атап, олардың қызметін анықтайды және жіктейді. Оза оқыту әдісін қолдану.Кеңістік пен уақыт туралы түсінік беру.

-кім бейнеленген?

-оқушы өз портфеліне не салған?

2.

Екі суретті салыстыру. Оқу құралдары, оларды партада орналастыру туралы әңгіме.

3.

Санауды меңгеру деңгейін бақылау.

Сергіту сәті.

2.Дәптермен жұмыс.

Дәптердің орналасуларын айту, көрсету.

1. Заттар санау, оны жазу. -Ойыншықтары бар сөрені тауып, суретшінің қандай сурет салғанын табу.

-Неше пирамида, доп, санату.

Әр ойыншықтың бейнесінің жанына сол ойыншық неше болса, сонша таяқша сызу.

2.Заттарды салыстыру, санату. Түсі, жуандығы, ұзындығы бойынша әртүрлә қарындаштарды аяқтап салу.

3.Дәптермен таныстыру, қаламмен бастыруды түсіндіру.

4.Фигура туралы мәлімет. Қайталау толықтыру. Өз түстеріне қарай бояту.


ІV.Қорытынды. Сабақтың алғашқы жетістігіне талдау жасау.


V.Мадақтау.

-Сабақ аяқталды.




Бекітілді: Оқу ісінің меңгерушісі


МАТЕМАТИКА

2-сабақ.

Сабақтың тақырыбы: Пішін, өлшем туралы түсінік.

Мақсаты: а/ заттардың пішіні мен өлшемі туралы түсінік қалыптастыру,

заттардың ұқсастығы мен айырмашылығын анықтауға үйрету (түсі, пішіні,

өлшемі бойынша) ; заттарды санауға жаттықтыру.

ә/ мұқияттылыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

б/ заттарды санауға даңғдыландыру, ой-өрісін, математикалық термин сөздерін айта білуін дамыту.

Көрнекілігі: сандар, әр түрлі заттар, ойыншықтар.

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру бөлімі: -амандасу, сыныпты түгендеу.

-психологиялық көңіл-күй. Сабақта біздің көздеріміз

мұқият қарайды және барлығын көреді.

Құлақтарымыз мұқият тыңдайды және барлығын естиді. Миымыз өте жақсы ойлайды.

II.Тірек білімін жетілдіру.

1.Ауызша есеп: санай алу, әртүрлі белгілеріне қарай заттарды салыстыру, логикалық тапсырмалар.

Ойын «Эстафета»

III.Жаңа сабақ:

а)Ұқсастығын, айырмашылығын табуға арналған тапсырмалар. Әр оқушының пікірін тыңдап, қателерін түзеу.

ә)қоршаған ортадағы заттар.

б)геометриялық фигуралар, т.с.с.

1. Оқулықпен жұмыс:

а/ мазмұнды суреттермен әңгімелеу.

1. -көшеде жүру ережелерін еске түсіру.

-қандай машина көресіз?

-қайсысы үлкен?

-жолдан кім өтіп бара жатыр?

-қалай өту керек?

2. Заттардың пішіні туралы білімдерін нақтылау. Геометриялық фигураларды санату.жол белгілеріне және пішіндеріне назар аудару.

3. Көлік түрлерін атату: дөңгелек санын санау, жеке тұрған дөңгелекті санау, әр көлікке тиісті дөңгелекті санау.

4. -шаршы пішіндес зат нешеу?

-дөңгелек пішінді зат нешеу? /Жауаптарын дәлелдету/.

-Шам мен матрешканы алмұрт пішінді деп айтуға болады. Мұндай заттардан нешеу бейнеленген.

Ойын «Өрнек құр», «Артық фигураны тап»

Сергіту сәті.

2.Дәптермен жұмыс.

1. Бірдей фигураларды біріктіру, дәлелдеу.

2.Фигураны бастыру.

3.Заттарды аяқтап салу.

4. «Үлкен - кіші» тақырыбын қайталау. Қолшатырды иесімен қос.

ІV.Қорытынды. Өткен материалдар бойынша сұрақ-жауап.


V.Мадақтау. Өздерін бағалату.

-Сабақ аяқталды.

Бекітілді: Оқу ісінің меңгерушісі:


МАТЕМАТИКА

3-сабақ.

Сабақтың тақырыбы: Кеңістік туралы түсінік.


Мақсаты: а/ оқушылардың кеңістік туралы /жоғары-төмен, оңға-солға т.с.с./

түсініктерін қалыптастыру.

ә/ тиянақтылыққа, таза жазуға тәрбиелеу.

б/ ой-өрісін, математикалық термин сөздерін айта білуін дамыту.


Көрнекілігі: заттар, суреттер, ойыншықтар.


Сабақтың барысы:


I.Ұйымдастыру бөлімі: -амандасу, сыныпты түгендеу.

-психологиялық көңіл-күй.


II. Өткенді қайталау: 1.Көрсетілген белгі бойынша заттарды салыстыру.

2. «Артық фигураны тап» ойыны.

3. «Жұбын тап» ойыны.

4.Ауызша есеп: 1-10 дейін тура сана, кері сана.

«Қанша болса, сонша» ойыны.


III.Жаңа сабақ:

1.Машықтық жұмыс. Сол қолыңды көрсет. Сол шақ шекеңді көрсет. Оң жақ т.с.с. «Ұшақтың ұшуы» ойыны. «Дыбыс қайдан шықты?» ойыны. «Керісінше» ойыны.

2. Оқулықпен жұмыс: Сергіту сәті.

1. –кеңістіктегі орнын анықтау: алдында, артында, қасында, арасында,ішінде т.с.с. Мысалы:- Үйдің алдында не тұр?

-Әткеншектің алдында кім тұр?

-Балардың қайсысы жоғарыда, қайсысы төменде әткеншек тепті?

Сырғанақтың артынан келіп тұрған қызды тап.

2. Өз бетінше жұмыстану. Кеңістіктегі заттарды қолдану арқылы жаттығу.

«Жоғарыда, төменде, оң жақта, сол жақта» сөздерін қолдану.

3 тапсырма. Қуыршақты көрсету арқылы оң жақ, сол жақ ұғымын пысықтау.

«Қонақта» ойынын ойнату.

Сергіту сәті.

3.Дәптермен жұмыс.

1. Жай қарындашпен орындау.

2.Графикалық жаттығу /үзбей жазуға жаттығу/.

«Түйені ізі» өрнегін салу.

«Таулар» тапсырмасы. Алдымен балалар өрнекті үзік сызықтармен бастырады, содан соғ тапсырманы өз бетімен орындайды.

3. Бағытты көрсетіп тұрған бағдаршаны сәйкес түспен бояу.

4. Лабиринт бағытын дауыстьап айтып отырып, жүргізу.


ІV.Қорытынды. /сұрақ-жауап жұмысы/.

-Бүгін немен таныстық?

-Қандай тапсырмалар орындадық?

-С\ендерге не ұнады?

V.Мадақтау.

-Сабақ аяқталды.

Бекітілді: Уақыты:


МАТЕМАТИКА

Сабақтың тақырыбы: Бұрын. Кейін


Мақсаты: а/ оқушылардың уақыт туралы түсініктерін қалыптастыру,

уақытты анықтайтын терминдерді дұрыс қолдана білуді үйрету.

ә/ мұқияттылыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

б/ оқиғалардың ретін қоя білу дағдыларын дамыту.

Түрі:аралас

Әдісі: түсіндіру, ойын, көрнекілік

Көрнекілігі: суреттер, ойындар.

Пәнаралық байланыс: сауат ашу, қызықты математика

Сабақтың барысы:


I.Ұйымдастыру бөлімі: -амандасу, сыныпты түгендеу.

-психологиялық көңіл-күй.


II. Өткенді қайталау: 1.Заттардың қасиеті туралы айту.

2.Заттардың орналасу реті.

3.Ауызша есеп.Заттарды санау.

4. Машықтық жұмыс.Кеңістіктегі заттардың орналасуы.

5. Ойындар «Не өзгерді?», «Ұшақтың ұшуы», «Дыбыс қайдан шықты?»

III.Жаңа сабақ:

Ауызша жаттығулар: «Мен бірнеше сөздерді айтамын, сендер мұқият тыңдап, қай сөзді бұрын, қай сөзді кейін айтқанымды байқаңдар: дүйсенбі, сейсенбі т.б, 5-ке дейін санаймыз, қай санды бұрын айттық, екі ме, үш пе? »

  1. «Апта күндері», «Қай сан бұрын?» ойыны.

  2. Ертегі желісі «Бауырсақ»

2. Оқулықпен жұмыс:

1.Ретімен айту. «Күн тәртібі»

2.Отбасы мүшелерін өсу және кему реті бойынша айту.

3. «Ерте-кеш» түсінігін қолдану, уақыт туралы әңгіме жүргізу.


Сергіту сәті.


3.Дәптермен жұмыс.

1. Графикалық жұмыс дағдыларын дамыту. Тапсырманы түсіндіре отырып орындауға жаттықтыру.

2. «Не бұрын» ретімен орналастыру.

3. Заттарды өзара байланысты топтарға бөлгізу, сөздік қорларын бекіту. Заттарды өзара топқа бөліп, пайда болуын анықтау.

4. Өзіндік жұмыс. «Артық зат» ойыны.


ІV.Қорытынды. Сұрақ-жауап жұмысы.

Апта күндерін санату.


V.Мадақтау.

-Сабақ аяқталды.





Бекітілді: Оқу ісінің меңгерушісі:


МАТЕМАТИКА

5-сабақ.

Сабақтың тақырыбы: Заттарды әртүрлі белгілері бойынша салыстыру.

Бірдей. Әртүрлі.


Мақсаты: а/ заттарды ұзындығы, түсі, пішіні бойынша

салыстыру дағдыларын қалыптастыру.

ә/ ой-өрісін, есептеу дағдысын жетілдіру.

б/ мұқияттылыққа, тиянақтылыққа тәрбиелеу.


Көрнекілігі: сандар, жеке суреттер.


Сабақтың барысы:


I.Ұйымдастыру бөлімі: -амандасу, сыныпты түгендеу.

-психологиялық көңіл-күй.

II. Өткенді қайталау: 1. 1-10 дейін ауызша санау.

2. Ойын «Эстафета»

III.Жаңа сабақ:

Машықтық жұмыс.

а/ Текшелерді солдан оңға қарай санау. Бұл ойыншықтар туралы не айта аласыңдар?

ә/ Фигураларды топтастыру. Фигураларды мөлшері бойынша содан соң, түсі бойынша екі топқа бөлу.

б/ Мұғалім мен оқушының бойы, үзілген жіптердің ұзындықтары, партаның битіктігі, қуыршақтардың мөлшері салыстырылады.

Сергіту сәті.

1.Оқулықпен жұмыс.

1. Әр топтағы сурет салыстырылады /биіктігі, ені/.

«Хайуанаттар бағында жөндеу жұмысы жүргізілді. Сырлаушылар торды сырлады. Енді аңдарды өз торларына орналастыру керек. Түлкіні қай торға орналастырамыз? Неге? Түлкі мен оның торын крсет т.б. »

2. Автомобильдің ұсақ бөлшектері салыстырылады /зейінін дамыту/.

3. Үлкен зат - ауыр, кішкентай зат - жеңіл. Жеңіл заттарды атау.Салмағы бойынша заттарды салыстыру.

«Сенің портфелің дегі заттар қандай материалдан жасалған?»

«Жұбын тап», «Не өзгерді?» ойындарын ойнату.

4. «Жұбын тап», «Не өзгерді?», т.б.

2.Дәптермен жұмыс:

1. Ағаштарды ажырата білу. Теректі көрсет. Ағаштардың арасынан еменді көрсет. Жапырақтарын көрсетіп сызықпен қос.

2. 4 ұяшықтан тұратын 4 кестені қара. Кестенің ұяшығындағы суреттер бірдей болатындай етіп, қарандашпен суреттерін сал.

3. Өзіндік жұмыс. Сәйкес жіпті иненің көзінен өткізеді /өздерінің таңдауларын сұрау керек/.


ІV.Қорытынды. Сұрақ-жауап жұмысы.


V.Мадақтау.

-Сабақ аяқталды.





Бекітілді: Оқу ісінің меңгерушісі:


МАТЕМАТИКА

6-сабақ.


Сабақтың тақырыбы: Ұзын-қысқа, биік-аласа, кең-тар.

Мақсаты: а/ «Ұзын-қысқа», «биік-аласа», «кең-тар» ұғымдарын

қалыптастыру.

ә/ оқушыларды көрсетілген белгілері бойынша заттарды

салыстыра білу дағдыларын дамыту.

б/ мұқияттылыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: суреттер, ойындар.

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру бөлімі: -амандасу, сыныпты түгендеу.

-психологиялық көңіл-күй.

II. Өткенді қайталау: 1.Заттар тобын арттыру және кемітуге жаттығулар

/қарындашты үстелге неше рет тықылдатсам, сонша

шаршыны қой, мен неше рет санасам сонша рет енкей, т.б./.

2.Ойын: «Неше рет?», «Поезд құрастырайық».

3.Ауызша есеп.Заттарды әртүрлі белгілері бойынша

салыстыруға жаттығулар /«Артық затты тап», заттардың

қандай айырмашылығы мен ұқсастығы бар?/.

III.Жаңа сабақ:

1. Мұғалім ұзындығы, ені бойынша әртүрлі 3 жолақ қағазды көрсетіп тапсырма береді. «Егер ені жолаққа қарағанда ені кең жолаққа қарағанда ені тар болса, ол жолақтың түсі қандай?»

2. Оқулықпен жұмыс:

1.Ұзындығы, ені бойынша салыстыру, «егер шалбар ұзын болса,онда шолақ шаблар /немесе қысқа/ шалбар етуге болады. Ой қорытынды жасау.

2.Тіл дамыту жұмысы. Ұзынырақ - қысқарақ, биік - аласа, кең - тар сөздерін қатыстырып сурет бойынша сұрақ қойғызу.

3. Көзбен шамалай алуларын, зейіндерін дамытуға жаттығулар.

Сергіту сәті.

3.Дәптермен жұмыс.

1. Ауызша талдау, дәптерге орындату.

2. Фигураларды пішіні, түсі, мөлшері бойынша салыстыру.

3. Балаларды жазуға дайындау, тақтаға торкөзге қалай жазу керектігін көрсету.

4. Қарапайым кестемен таныстыру, бағаны қатары болатынын түсіндіру:

-екінші бағанның екінші қатарында үй орналасқан. Шатырын қандай түспен бояу керек? Қабырғасын ше?


ІV.Қорытынды. Сұрақ-жауап жұмысы.

-Бүгін қандай сөздермен таныстық?

-Естеріңде қалғаны не?


V.Мадақтау.

-Сабақ аяқталды.





Бекітілді: Оқу ісінің меңгерушісі

МАТЕМАТИКА

7-сабақ.

Сабақтың тақырыбы: Үлкен-кіші, жуан-жіңішке, қалың-жұқа.


Мақсаты: а/ Оқушыларды жуан-жіңішке, үлкен-кіші, қалың-жұқа

ұғымдарымен таныстыру.

ә/ оқушыларды көрсетілген белгілері бойынша заттарды

салыстыра білу дағдыларын дамыту.

б/ мұқияттылыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.


Көрнекілігі: суреттер, ойыншықтар.


Сабақтың барысы:


I.Ұйымдастыру бөлімі -амандасу, сыныпты түгендеу.

-психологиялық көңіл-күй.

II. Өткенді қайталау: 1. Заттарды әртүрлі белгілері бойынша салыстыруға

жаттығулар орындату.

«Эстафета», «Заттарды тап» ойындары.

«Неше рет?», «Поезд құрастырайық» ойындарын ойнату.

III.Жаңа сабақ:

1. Ауызша есептеу. Бірінші мен екінші, екінші мен үшінші кітаптарды салыстыр /Бірінші кітаптың екіншіге қарағанда қалың, үшінші кітаптың екіншщіге қарағанда жұқа екені айтылады, сымдардың жуандығы, қуыршақтардың, ағаштардың биіктіктері салыстырылады/.

2. «Керісінше» ойынын жүргізу.

Оқулықпен жұмыс:

1.Оқушылар заттарды қалыңдығы, жуындағы бойынша салыстырады.

«Сөйлемді аяқта» ойыны.

2. «Не өзгерді?» ойыны.

3. Ең кішкентай, орташа, ең үлкен сөздерін дұрыс қолдануға дағдыландыру.

4. Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту /әр қатардағы фигураларды салыстыр, ұқсастығы неде, айырмашылығы неде?/.

5 Логикалық ойлау қабілеттерін дамытуға арналған тапсырма.

«Әр қатардағы фигураларды салыстыру. Олардың ұқсастығы неде? Айырмашылығы неде?Әр бағандағы фигураларды салыстыр. »


Сергіту сәті.


3.Дәптермен жұмыс:

1.Суреттерді пішіні, түсі бойынша салыстыру.

2.Графикалық дағдыларын жетілдіруге арналған.

3.Мұғалім тапсырма береді, балалар тиісті түспен бояйды.

4 Жаңа сабақты қалай меңгергенін байқау. Оқушылар бояйды.

ІV.Қорытынды. Сұрақ-жауап жұмысы.


V.Мадақтау.

-Сабақ аяқталды.





Бекітілді: Уақыты:



МАТЕМАТИКА


Сабақтың тақырыбы: Артық. Кем. Сонша. Тең


Мақсаты: а/ «Артық», «кем», «сонша» түсініктерін қалыптастыру.

ә/ Заттардың саны бойынша, топтарды салыстыру дағдыларын дамыту.

б/ мұқияттылыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Түрі:аралас

Әдісі: түсіндіру, ойын, көрнекілік

Көрнекілігі: суреттер, ойыншықтар, кесте

Пәнаралық байланыс: сауат ашу, қызықты математика



Сабақтың барысы:


I.Ұйымдастыру бөлімі: -амандасу, сыныпты түгендеу.

-психологиялық көңіл-күй.

II. Өткенді қайталау: 1. Тапсырма бойынша заттар тобын арттыру және

кеміту, дыбыстарды санау жұмыстары.

2.Ойын: «Неше рет?», «Зейін сал», т.б.

3.Суреттер ілінеді, әртүрлі суреттен бастап санай

білу.

III.Жаңа сабақ:

Тақтаға ұл мен қыздарды шақырып, оларды ұл, қыз болып тұрғызу. Балалар ұлдар мен қыздардың тең (сонша) екендігіне өз беттерінше көз жеткізу. Тіл дамыту жқмыстарын жүргізу.

1. Оқулықпен жұмыс:

1.Заттардың екі тобын салыстыру. Арттыру, кеміту, теңестіруді үйрету.

2. Суретпен жұмыс. «Артық», «кем» сөздерін пайдалангып, бір-бірінен сұрақтар қою. Мысалы: «Егер ұлдар артық болса, қыздар кем болады» қарапайым қорытынды жасау.

Дәптер шартты белгісімен таныстыру.


Сергіту сәті.


2.Дәптермен жұмыс:

1.Оқулықтағы суретте неше көшет болса, сонша дөңгелекті боя. Не артық: көшет пе, шелек пе? Көшет пен шұңқыр тең болу үшін не істеу керек? Т.б.

2.Жазу жұмыстарын орындату.

3.Өзіндік жұмыс. Жаңа тақырыпты меңгеру деңгейін тексеру.

4.Балалардың логикалық ойлауын, тілін дамытуға жаттығулар. Тапсырманың орындалуын оңайлау үшін түрлі-түсті қатты қағаздан дайындалған фигуралар арқылы көрсету керек.

ІV.Қорытынды. Сұрақ-жауап жұмысы.

Теңестіру жұмыстарын орындату.

Логикалық тапсырмалар.

V.Мадақтау.

-Сабақ аяқталды.






Бекітілді: Оқу ісінің меңгерушісі:

МАТЕМАТИКА

9-сабақ.

Сабақтың тақырыбы: Реттік санау. Нешінші?

Мақсаты: а/ Оқушыларды «реттік санау» түсінігімен таныстыру. Кез келген

саннан бастап тура және кері бағытта санау үшін жаттығу

жұмыстарымен таныстыру.

ә/ Өтілген материалдарды бекіту.

б/ Тазалыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.


Көрнекілігі: суреттер, ойыншықтар, кесте.


Сабақтың барысы:


I.Ұйымдастыру бөлімі: -амандасу, сыныпты түгендеу.

-психологиялық көңіл-күй.

II.Тірек білімдерін жетілдіру. Тура және кері бағытта санау.

«Не өзгерді?», «Пойыз құрастыру» ойындары.

III.Жаңа сабақ:

1. Практикалық жұмыс:

Мұғалім оқушыларды қатарға тұрғызады: «Бірінші Айдос тұр, оның артында кім тұр? Ол екінші. Үшінші кім тұр?» Т.с.с.

Қатарда неше оқушы тұр? Марат пен Айгүлдің арасында кім тұр? Соңы кім?

2.Оқулықпен жұмыс.

1.»Шешуін тап» ойыны. «Бұл кейіпкер ... алдында, бірақ ... кейін тұрады. Бұл қай кейіпкер?» Қай ертегідегі кейіпкер екенін тапқызу.

Алған білімдерін бақылау бағытындағы сұрақ – жауаптар.

2.

-Өрт қай қабаттан шықты?

-Қай машина алда келеді?

-Реті бойынша мотоциклші нешінші келеді?

3. Егер бірінші қабаттағы терезеден ит пен әтеш қарап тұрса, онда жабық тұрған терезе – тасбақаның терезесі т.с.с.

Сергіту сәті.

3.Дәптермен жұмыс:

1. Солдан бастап санағанда үшінші, бесінші үйдің шатырын жасыл түспен боя. Төртінші қабаттағы пәтердің шамын жақ. Т.б.

2.Фигураларды пайдаланып өз қалауынша сурет салу.


ІV.Қорытынды. Сұрақ-жауап жұмысы.


V.Мадақтау.

-Сабақ аяқталды





Бекітілді: Оқу ісінің меңгерушісі:



МАТЕМАТИКА

10-сабақ.

Сабақтың тақырыбы: Түзу, қисық сызық. Тұйықталған,

тұйықталмаған қисық сызықтар.


Мақсаты: а/ Сызықтың түрлері туралы түсініктерін қалыптастыру. Түзу, қисық

сызықтарды дұрыс ажырата білуге үйрету.

ә/ Сызықтарды ажырата білуге үйрету.

б/ Тазалыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: суреттер, ойыншықтар, кесте.


Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру бөлімі: -амандасу, сыныпты түгендеу.

-психологиялық көңіл-күй.

«Геометриялар елі» деп аталатын фигуралардың сиқырлы патшалығына тап болдық. Бұл елде ерекше тұрғындар өмір сүреді. Қазір Сіздердің жолға дайындықтарыңызды тексереміз.

«Жұмылған көзіңмен тап» ойыны. Мұғалім оқу құралдарын атап, оларды көрсетулерін сұрайды. Оқушылар көздерін жұмған күйі аталған заттарды тауып, оны көрсетеді.

II.Тірек білімдерін жетілдіру.

«Сөйлемді жалғастыр», «Артық фигураны тап», «Жұбын тап» ойындары.

III.Жаңа сабақ:

1. Практикалық жұмыс:

Менің қолымда екі ұшынан оралған шумақ жіп бар. Екі орамадан жіпті екі жаққа таратамын. Жіпті қатты тартайық. Қандай сызық алдық. Жіпті екі жақ бағытта әлі тарқата беруге бола ма? Жіппен сызықтың қандай айырмашылығы бар? Егер жіпті босатсақ, онда ол қисық сызыққа ұқсас болып шығады. Сөйлемді аяқтаңдар:

2.Оқулықпен жұмыс.

1. Сіздер геометрия елінің маңызды тұрғындары сызықтармен танысасыңдар. Сызықтар түзу және қисық болады. Суреттегі қайсысы түзу қайсысы қисық? Түзу және қисық сызықтар сызыңдар.

Тапсырманы бір бет ақ қағазға орындап көру.

2. Сурет бойынша оқущылар сызық түрлерін атайды. Түзу жолдың ең қысқа жол екеніне назар аудару.

3. Қай фигураның артық екенін анықта. Фигураларды түсі, пішіні, мөлшері бойынша салыстыр. Оқушылар қай фигураның артық екенін анықтап, өз шешімдерін дәлелдейді.

Сергіту сәті.

3.Дәптермен жұмыс:

1. Сызықтарды түсті карандашпен бастырып, фигураларды дұрыс атау.

2.Тапсырманы мұғалім оқиды, балалар керекті фигураны тауып, оны бояйды.

3. Кестеге талдау жұмысы. Неше баған, неше қатар барын анықтау. Жетпей тұрған фигураны табу. Салынған фигуралардың атын атайды, олардың қасиеттері – пішіні, мөлшері, түсі анықталады.

Оқушылар пайымдап, талдауға дағдыланады.

ІV. Қорытынды. Сұрақ-жауап жұмысы.

-Түзу сызық дегеніміз не?

- Қисық сызығы бар нені білесіңдер?

V. Мадақтау.

-Сабақ аяқталды.



Бекітілді: Оқу ісінің меңгерушісі:


МАТЕМАТИКА

11-сабақ.


Сабақтың тақырыбы: Нүкте, кесінді. Ұзындықты әр түрлі

өлшемдермен өлшеу.


Мақсаты: а/ Оқушылардың нүкте, кесінді туралы түсініктерін қалыптастыру.

Геометриялық фигуралардың атауларынымен таныстыру.

ә/ Сантиметрмен таныстыруға кесінділердің

ұзындықтарын салыстыруды үйренуге дайындау.

б/ Тазалыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.


Көрнекілігі: суреттер, ойыншықтар, кесте, геометриялық фигуралар.


Сабақтың барысы:


I.Ұйымдастыру бөлімі: -амандасу, сыныпты түгендеу.

-психологиялық көңіл-күй.

II.Тірек білімдерін жетілдіру.

  1. «Не өзгерді», «сана және айт», «неше рет», «дыбыс қай жақтан шықты?» ойындары.

  2. Геометриялық фигураларды көрсету, өздеріңе белгілі фигураларды тап және ата.

III.Жаңа сабақ:

1.Мұғалім карточкаға жазылған «Сызық, кесінді, нүкте» сөздерін оқиды.

- бұл сөздердің барлығы сендерге кішкентай жаңалықтар ашуға көмектеседі. Сендер нүкте және кесіндімен танысасыңдар. Өткен сабақта танысқан сызық түрлерін естеріңе түсіріңдер. Оларды атңдар. Қайшыны алып түзу сызықтың бір бөлігін екі жағынан кесіп алдыңдар дейік. Енді кесінді пайда болды. Кесінді екі жағынан нүктемен шектелген. Яғни, оның басы мен ұшы бар. Сызықты біз екі жағынан шексіз соза береміз. Т.с.с.

2.Оқулықпен жұмыс.

1. «сызық пен кесіндінің қандай айырмашылығы, қандай ұқсастығы бар? Сызықтарды өлшеуге бола ма? Кесіндіні ше?» деген сұрақтар қою.

2. Бізге өлшеу үшін қандай да бір өлшем керек. Алия қызыл өлшемді алып кесіндіні өлшеді. Оның өлшемін кесіндіге неше рет сиғызуға болады. Балалардың назарын бірдей кесіндіні түрлі өлшеммен өлшеген кезде, әр түрлі шама шығатынына аудару.

3. Оқулықтағы өлшемді алып кесіндәіні өлшейді.

4. Ойлау қабылетін дамытуға жаттығулар.

Сергіту сәті.

Тербеледі ағаштар,

Алдымен жел еседі.

Кіп-кішкентай балалар,

Үп-үлкен боп өседі.


3.Дәптермен жұмыс:

1. Алдын ала дайындалған өлшемдерді пайдаланып жұмыстар жүргізу. №2,3 Геометриялық фигуралардың атауларын бекіту.

ІV.Қорытынды. Сұрақ-жауап жұмысы.


V.Мадақтау.

-Сабақ аяқталды.


Бекітілді: Оқу ісінің меңгерушісі


МАТЕМАТИКА

12-сабақ.


Сабақтың тақырыбы: Ұзындықты өлшеу.


Мақсаты: а/ Ұзындық түсінігін қалыптастыру.

ә/ Әр түрлі өлшемдердің көмегімен ұзындықты өлшеуді үйрету.

б/ Тазалыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.


Көрнекілігі: суреттер, ойыншықтар, кесте.


Сабақтың барысы:


I.Ұйымдастыру бөлімі: -амандасу, сыныпты түгендеу.

-психологиялық көңіл-күй.


II.Тірек білімдерін жетілдіру. Тура және кері бағытта санау.

«Не өзгерді?», «Поезд құрастыру» ойындары.

Заттардың кеңістікте орналасуы туралы түсінікті қайталау.

III.Жаңа сабақ:

1. Практикалық жұмыс:

Тақтаға екі оқушы шығады. Балалардың бойын салыстырып, қорытынды жасаңдар. Қағаздан жасалған жолақтардың ұзындықтары, парталарлдың биіктіктері, мұғалім мен оқушылардың бойы салыстырылады. Парта мен үстелдің ұзындықтарын салыстыру. Нәтижесәінде алынған шамалар арқылы қорытындысын жасау.

2.Оқулықпен жұмыс.

1. Тапсырма бойынша практикалық жұмысты орындау.

2. Шеңбер бойында неше бала тұр? Бас киім киген баладан, бұрымы бар қыздан бастап сана, т.б. көзілдірік таққан бала бұйымды қыздан бастап санағанда нешінші тұр? Егер оң жағынан бастап санаса ше? Сол жақтан ше? Бантигі бар қыздан бастап санағанда үшінші кім тұр? Т.б.

Сергіту сәті.

Ұзын құлақ сұр қоян,

Естіп қалып сыбдырды,

Ойлы-қырлы жерлерден,

Ытқып-ытқып жүгірді

3.Дәптермен жұмыс:

1. Екі нүктені қосу арқылы кесіндіні сызу. Пайда болған кесінділерді санау.

2.Өз бетімен жұмыс.

3. «Затты тап» ойыны. Ол заттың пішіні дөңгелек пе? Ол зат төменгі қатарда орналасқан ба? Т.с.с. Оқушыларды аз сұрақпен ақ жасырылған заттарды табуға үйрету.

4. Зейінді арттыруға тапсырмалар орындату.

ІV.Қорытынды. Сұрақ-жауап жұмысы.

  • - ол заттың пішіні дөңгелек пе?

  • -Ол зат төменгі қатарда орналасқан ба?

V.Мадақтау.

-Сабақ аяқталды.





Бекітілді: Оқу ісінің меңгерушісі:



МАТЕМАТИКА

13-сабақ.


Сабақтың тақырыбы: Фигураны бөліктерге бөлу және құрастыру.


Мақсаты: а/ Геометриялық фигураларды тани білу дағдыларын

қалыптастыру.

ә/ Фигураларды бөліктерге бөле және құрастыра білуге үйрену.

б/ Тазалыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.


Көрнекілігі: геометриялық фигуралар, кесте, ойыншықтар.



Сабақтың барысы:


I.Ұйымдастыру бөлімі: -амандасу, сыныпты түгендеу.

-психологиялық көңіл-күй.


II.Тірек білімдерін жетілдіру.

Ойын: «Менің не ойлағанымды тап.»

Мұғалім бір фигураны сипаттайды, оқушылар оның қандай фигура екенін табады.

Мысалы, «Мен үш бұрышы бар бір фигура ойладым. Мен қандай фигураны ойладым?»

«Не өзгерді?» ойыны. (Заттардың орнын, түсін, мөлшерін өзгерту, заттардың санын арттыру немесе кеміту)

III.Жаңа сабақ:

1. Практикалық жұмыс: Мұғалім екі фигура көрсетеді, қалай аталатынын түсін т.б. нақтылайды. Фигураларды еркін түрде бөліктерге бөліп, жинап алу сияқты жұмыстарды қайталау.

2.Оқулықпен жұмыс.

1. Адамның денесі қандай фигуралардан құрастырылған? Неше дөңгелек бар? Неше үшбұрыш? т.б.

2. Кран қандай фигуралардан құрастырылған? Неше шаршы, неше үшбұрыш . т.б.


Сергіту сәті.

Ал, балалар тұрайық

Алақанды ұрайық.

Оңға қарай иіліп

Солға қарай иіліп.

Бір отырып, бір тұрып

Бір тұнығып алайық.


3.Дәптермен жұмыс:

1. Оқушылар көрсетілген фигураны құрастыруға бөлікті бірнеше бөліктердің арасынан табады.

2. Алған білімдерін еске түсіру.

3. Денелердің неше геометриялық фигуралардан құрастырылып тұрғанын санайды.



ІV.Қорытынды. Сұрақ-жауап жұмысы.


V.Мадақтау.

-Сабақ аяқталды.


Бекітілді: Оқу ісінің меңгерушісі:



МАТЕМАТИКА

14- сабақ.


Сабақтың тақырыбы: Пысықтау.


Мақсаты: а/ Оқушылардың өтілген материалды меңгеру деңгейін тексеру.

ә/ Оқушылардың жіберген қателерін анықтау.

б/ Тазалыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.


Көрнекілігі: геометриялық фигуралар, кесте, ойыншықтар.




Сабақтың барысы:


I.Ұйымдастыру бөлімі: -амандасу, сыныпты түгендеу.

-психологиялық көңіл-күй.


II.Тірек білімдерін жетілдіру. Ойын: «Менің не ойлағанымды тап.»

Мұғалім бір фигураны сипаттайды, оқушылар оның қандай фигура екенін табады.


III.Жаңа сабақ:

1.Оқулықпен жұмыс.

1. Сурет бойынша жұмыстар жүргізу.

2. Көк шелек нешінші қыздың қолында?

3.Заттар тобы қандай белгісі бойынша топтастырылған?

4.Қандай фигураларды сонша деп айтуға болады?

Сергіту сәті.

Орнымыздан тұрайық,

Белімізді жазайық.

Жоғары-төмен қарайық,

Солға-солға түзу түр.

Оңға-оңға түзу түр,

Алға қарайбір адым,

Артқа қарай бір адым

Бойымызға күш жинап,

Бір дем алайық.


3.Дәптермен жұмыс:

1. Үшбұрыштар шығатындай сызық арқылы үш нүктеден қос.

2. Жасыл түспен тұйықталған, көк түспен тұйықталмаған қисық сызықтарды бастырып сыз.

3. Сиқырлы суреттер.

4.Қалдырылған фигураны сал.




ІV.Қорытынды. Сұрақ-жауап жұмысы.


V.Мадақтау.

-Сабақ аяқталды.



Бекітілді: Оқу ісінің меңгерушісі



МАТЕМАТИКА

15-сабақ.


Сабақтың тақырыбы: Білім деңгейлерін анықтау.


Мақсаты: а/ Оқушылардың алған білімдерін тиянақтау.

ә/ Білім мен дағдының деңгейін анықтау.

б/ Тазалыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.


Көрнекілігі: геометриялық фигуралар, кесте.



Сабақтың барысы:


I.Ұйымдастыру бөлімі: -амандасу, сыныпты түгендеу.

-психологиялық көңіл-күй.


II.Тірек білімдерін жетілдіру. Ойын: «Менің не ойлағанымды тап.»

Мұғалім бір фигураны сипаттайды, оқушылар оның қандай фигура екенін табады.


III.Жаңа сабақ:

Өзіңді тексер. 1 – нұсқа.

1.Дөңгелектер мен үшбұрыштар тең болатындай көк түспен үшбұрыштарды жасыл түспен боя.

2. Оң жақтан санағандағы ұшінші жұлдызшаны боя.

3. Тұйықталған және тұйықталмаған қисық сызықтар сыз.

4. Әр тор көзге қалдырылған фигураларды сал.

Сергіту сәті

Ал, қанеки ойнайық,

Ойнайық та, ойлайық.

Байлап қойып көзіңді,

Қоршап тұрмыз айнала.

Атыңды атап шақырған, арамызда қай бала?


Өзіңді тексер. 2 – нұсқа.

1. Дөңгелекті көк түспен, үшбұрыштарды жасыл түспен боя.

2. Сол жақтан екінші бұлтты боя.

3. Тұйықталған және тұйықталмаған қисық сызықтар сыз.

4.Әр бөлімге қайталанбайтын фигураларды сал.


ІV.Қорытынды. Сұрақ-жауап жұмысы.

- Өзіндік жұмыста жіберілген қателерді тексеру арқылы әр оқушының қателіктеріне тоқталу арқылы нені түсінген, нені түсінбегендерін қорытындылау.

V.Мадақтау.

-Сабақ аяқталды.







Бекітілді: Оқу ісінің меңгерушісі:

МАТЕМАТИКА

16-сабақ.


Сабақтың тақырыбы: «Көп, біреу» 1 саны және цифры. Сантиметр.

Мақсаты: а/ 1 санының мән мағынасын ашу, цифр туралы түсінік беру. Сан және цифр

туралы түсінік беру. 1 цифрын жазып үйрену.

ә/ Сантиметр туралы алғашқы түсініктерін қалыптастыру.

б/ Тазалыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу. Көркем жазуға дағдыландыру.


Көрнекілігі: Ойыншықтар, кесте, цифр.


Сабақтың барысы:


I.Ұйымдастыру бөлімі: -амандасу, сыныпты түгендеу.

-психологиялық көңіл-күй.


II. Өткенді қайталау: 1.Ойындар мен сандар қатарын еске түсіру. «Қандай сан жасырынған», «Тізбектер» ойыны.

Заттар тобын салыстыру, екі түрлі тәсілмен теңестіруге арналған жаттығулар.

III.Жаңа сабақ:

1. Практикалық жұмыс: Мұғалім ұлдардың орнынан тұруын сұрайды. Барлығы неше ұл? Сөреде неше машина? Жүк машинасы нешеу?

Геометриялық фигуралар, заттық суреттермен жұмыс.

2.Оқулықпен жұмыс.

1. Көп заттың ішінен бір затты бөліп алу. Кестеден бір және көп заттарды көрсетеді?

2. Аспанда бұлт көп, күн біреу, көп гүл және бір шырша.

Ойын «Бір және көп заттарды тап». Ойын барысында балалар бір және көп затты ажырата алуға, бір затты көп заттың бөлігі ретінде тануға жаттығады.

3.1 цифрының баспа және жазба түрімен таныстыру.

Сергіту сәті.

Жел соғады гу-гу

Жаңбыр жауады тырыс-тырыс.

Жаңбыр басталады.

Күн ашылады.


3.Дәптермен жұмыс:

1. 1 цифрының жазбаша үлгісін жазу.

2. Өз бетінше тапсырма орындау.

3. Неге мультфильм кейіпкерлерінің ішінде жыландардың ұзындығы әртүрлі болады? Заттардың ұзындығын дұрыс салыстыру үшін бірдей өлшемдерді пайдалану. Сантиметрмен өз дәптеріңнің енін өлше.

4. Сызғышпен таныстыру.Сызғыш, түзу сызық, кесінд, фигураларды сызуға өлшеуге арналған құрал.


ІV.Қорытынды. Сұрақ-жауап жұмысы.

-Бүгін қандай санмен таныстық?

-Сан дегеніміз не?

-Цифр дегеніміз не?

V.Мадақтау.

-Сабақ аяқталды.


Бекітілді: Оқу ісінің меңгерушісі:


МАТЕМАТИКА

17-сабақ.


Сабақтың тақырыбы: 2 саны мен цифры. Кесінді. Сәуле.


Мақсаты: а/ Оқушыларды 2 санымен, екі санынының жазылуымен

таныстыру.

ә/ Сәуле, кесінді туралы түсініктерін қалыптастыру.

б/ Тазалыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.


Көрнекілігі: Ойыншықтар, кесте, кеспе цифрлар.



Сабақтың барысы:


I.Ұйымдастыру бөлімі: -амандасу, сыныпты түгендеу.

-психологиялық көңіл-күй.


II.Тірек білімдерін жетілдіру. Тура және кері бағытта

санау. «Не өзгерді?», «Поезд құрастыру» ойындары.

III.Жаңа сабақ:

1. Практикалық жұмыс: 1-ді қосу арқылы келесі санды шығарып алу. Бір доп бейнеленген суретті көрсетеді:доп нешеу? екі доп болу үшін не істеуге болады? қалай екі доп болды?

Қолыңа бір шаршы ал. Екінші қолыңа тағы бір шаршы ал.қолыңдағы шаршылар нешеу болды? қорытынды жаса.

Ойын «1 немесе 2»

2.Оқулықпен жұмыс.

1. Суретте ненің екеу екенін сұрау.

2 цифрының жазылуына назар аударту.

2 цифрының жазбаша түрімен таныстыру.

2. 2 цифрының жазбаша түрі, жазылуы.

3. Өзіндік жұмыс.бір нүкте қойылған фигураларды бір түспен, екі нүкте қойылған фигураларды көк түспен бояту.

«Кесінді», «Сәуле», «бұрыш» ұғымдарымен таныстыру.

«Бұрыш» ұғымымен таныстыру үшін тақтада бір нүктеден тұрған екі сәулені кескіндеу.

  • Мұнда бұрыш бейнелеген, өйткені екі сәуле бір нүктеден шығып тұр.

4.Мұғалім шумақ жіпті өте ұзын етіп тарта беруге болатынын айтады, содан соң бір жағынан жіпті қиып, бұл басы, бірақ оның ұшы жоқ екенін көрсетеді.Сәуле ұғымы енгізіледі.Балалар сызбадан кесіндінің екі ұшын көрсетеді.

Сергіту сәті.

3.Дәптермен жұмыс:

1. Логикалық ойлау қабілеттерін дамытуға арналған.

2. Ойын «1 немесе екі заттты тап»


ІV.Қорытынды. Сұрақ-жауап жұмысы.

-Бұрышты қай жерден кездестіруге болады?

-Сәулені көрсетіңдер.

V.Мадақтау.

-Сабақ аяқталды.




Бекітілді: Оқу ісінің меңгерушісі:


МАТЕМАТИКА

18-сабақ.


Сабақтың тақырыбы: Қосу, азайту таңбалары. Өрнек. «+», «-», «=» таңбалары.


Мақсаты: а/ Математикалық өрнек және оның мәні туралы түсініктерін

қалыптастыру. Заттарды қосу (заттар жиынын біріктіру арқылы) және

азайту (заттар жиынынан бөлікті бөліп алу арқылы) туралы түсініктерін

қалыптастыру.

ә/ Таңбалардың көмегімен өрнекті жазуды үйрету,

ойлау қабілеттерін арттыру.

б/ Тазалыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.


Көрнекілігі: кеспе сандар, жеке заттар.


Сабақтың барысы:


I.Ұйымдастыру бөлімі: -амандасу, сыныпты түгендеу.

-психологиялық көңіл-күй.


II. Өткенді қайталау: Ойын «Допты ұтып ал». Бірден

онға дейін сана. Көршісін ата.


III.Жаңа сабақ:

  1. Практикалық жұмыс: Себетке саңырауқұлақтарды қосу. Қосу таңбасымен белгілеймін. Математикалық жазуды көрсетіп, оны оқудың үлгісін беру.

  2. Заттарды тақтаға орналастырып біріктіру немесе өзінің әрекетін түсіндіреді. Содан кейін математикалық жазу орындалады.

«Мен біріктіріп қостым, «+» таңбасын белгілеймін. Математика тілінде «өрнек» деп аталады. Неше болғанын жазу үшін тең таңбасын қоямын. 3+2=5 содан кейін жазуды дұрыс оқуды үйрету.

Сол бағытта азайту амалы да түсіндіріледі.

Өрнектер құрастыру. Оларды оқу және жазу.

2.Оқулықпен жұмыс.

1. Өрнектерді оқы, мәнін тап

2. Өрнектер құрастыр және жаз

3. Өрнектерге тиісті суреттерді таңда, мәнін тап


Сергіту сәті.

3.Дәптермен жұмыс:

1. Цифрлар мен белгілерді жазу. Өрнектер мен сәйкес суреттерді сызық арқылы қос

2. +, -, = таңбаларын жазу

3. Үшке дейін толықтыр, өрнектерді жаз


ІV.Қорытынды. Сұрақ-жауап жұмысы.

Қандай амалдарды қатыстырдық?

Бүгінгі сабақта не құрастырдық?


V.Мадақтау.

Сабақ аяқталды.


Бекітілді: Оқу ісінің меңгерушісі


МАТЕМАТИКА

19-сабақ.


Сабақтың тақырыбы: 3 саны мен цифры. Үшбұрыш.


Мақсаты: а/ Оқушыларды 3 саны және цифрымен таныстыру.

ә/ Сан сәулесі туралы түсініктерін қалыптастыру, үшбұрыш оның белгілері түсініктерін дамыту.

б/ Тазалыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.


Көрнекілігі: геометриялық фигуралар, кесте, ойыншықтар.


Сабақтың барысы:


I.Ұйымдастыру бөлімі: -амандасу, сыныпты түгендеу.

-психологиялық көңіл-күй.


II. Өткенді қайталау: Тура және кері бағытта санау. «Не өзгерді?», «Поезд

құрастыру» ойындары.


III.Жаңа сабақ:

1. Практикалық жұмыс: Мұғалім оқушының 1 көк және 1 үшбұрышты тақта алдына қоюын сұрайды: үшбұрыш нешеу болды? Үшбұрыштардың санын көрсететін карточканы қатарына қой т.б. 3 санының қалай таңбаланатынын көрсету.

Сан сәулесінің шексіз екенін түсіндіру. 3 санының сан сәулесіндегі орныны, 3 снының қалай таңбаланатынын көрсету.

2.Оқулықпен жұмыс.

1. 3 санының құрамымен танысу.

2. Тура және кері санау. «Оң жақтағы әр бағанда неше текше артық немесе кем?»Біреуі артық – бұл келесі сан. Біреуі кем – бұл алдыңғы сан.

Геометриялық материалды түсіндіру.

3. 2 мен 3 сандарының құрамын бектіу.Ойын: «Өнімді жина», «Арифметикалық лото»

Геометриялық фигуралардың элементтерін дұрыс атап, оларды сызбадан көрсеткізу.

4. Үшбұрыштың неше қабырғасы бар? Тағы қандай фигураларды атай аласың?

Логикалық ойлауды дамытуға арналған тапсырма.

Сергіту сәті.

3.Дәптермен жұмыс:

1.Цифрды жазу.

2 Нүктелерді ретімен өзара қосып, алынған фигураны атайды.

3 тапсырмадағы өрнектерді сәйкес сызық арқылы қосу.

4. Қарындаштардың түсі қандай? 1,2,3 қандай қарындаш тұр? т.б.


ІV.Қорытынды. Сұрақ-жауап жұмысы.

-3 цифры қалай жазылады?

-3 саны бар қандай заттарды білесіңдер?

3 санына байланысты сөздерді айту.

V.Мадақтау.

-Сабақ аяқталды.



Бекітілді: Оқу ісінің меңгерушісі:


МАТЕМАТИКА

20-21-сабақтар.


Сабақтың тақырыбы: Пысықтау


Мақсаты: а/ Математикалық өрнек және оның мәні туралы түсініктерін

қалыптастыру.

ә/ Таңбалардың көмегімен өрнекті жазуды үйрету, ойлау қабілеттерін арттыру.

б/ Тазалыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.


Көрнекілігі: кеспе сандар, жеке заттар.


Сабақтың барысы:


I.Ұйымдастыру бөлімі: -амандасу, сыныпты түгендеу.

-психологиялық көңіл-күй.

II. Өткенді қайталау:

Ойын «Допты ұтып ал». Бірден онға дейін сана. Көршісін ата.

«Эстафета » ойынын ойнау.

Ауызша есептеулер.

Өрнекті жаздыру.

III.Жаңа сабақ:

1. Практикалық жұмыс: Мұғалім тақтаға бір оқушыны шақырып, «Мен неше оқушыны шақырдым?» деп сұрайды. Содан кейін тағы екі баланы шақырады. «Мен неше баланы шақырдым? Тақтаның алдында барлығы неше оқушы тұр? Өрнекті жаз». Т.с.с.

2.Оқулықпен жұмыс.

1. Сурет бойынша өрнек құрастыру. 5+2=7, 7-4=3 олардың мәнін табу.

2. Сайқымазақтың доптарында жазылған сандар мен таңбалардан өрнек құрастыру.

Өрнектер құрастыру және оны дәптерге жазу.

3. Логикалық ойлау қабілеттерін дамыту. «Егер, онда» сөздерін қолдану.

Суретке талдау жасау. Әр суретке сәйкес өрнекті табу. Оқушылар тапсырманы өздерінің жауаптарын түсіндіре отырып орындайды.

Сергіту сәті.

Биік болып өсеміз,

Елкадай жайқалып,

Табиғатты сүйеміз.

Шетімізден шеберміз,

Денемізді бос ұстап,

Билеп-билеп аламыз.


3.Дәптермен жұмыс:

1. Өрнектерді оқып, мәндерін табу, сурет ойластыру.

2. Оқулықтағы 2 тапсарманы дәптерге олрындау. Мысалы: 1+1=2, 2+1=3, 3-1=2

3. Өз бетімен жұмыс. Теңдіктерді бір бағанға, теңсіздіктерді екінші бағанға жазу.

4. Геометриялық фигураларды түсті карандаштармен бастырады.


ІV.Қорытынды. Сұрақ-жауап жұмысы. Қандай амалдарды қатыстырдық?

Бүгінгі сабақта не құрастырдық?


V.Мадақтау. Сабақ аяқталды.



Бекітілді: Оқу ісінің меңгерушісі:


МАТЕМАТИКА

22-сабақ.


Сабақтың тақырыбы: 4 саны мен цифры. Төртбұрыш, шаршы.


Мақсаты: а/ Оқушыларды 4 саны және цифрымен таныстыру.

ә/ Төртбұрыш, шаршы туралы түсініктерін қалыптастыру, математикалық термин сөздерді айта білуін жетілдіру.

б/ Тазалыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.


Көрнекілігі: геометриялық фигуралар, кесте, ойыншықтар.



Сабақтың барысы:


I.Ұйымдастыру бөлімі: -амандасу, сыныпты түгендеу.

-психологиялық көңіл-күй:


II. Өткенді қайталау: Тура және кері бағытта санау. «Не өзгерді?», «Поезд

құрастыру» ойындары.


III.Жаңа сабақ:

1. Практикалық жұмыс: 4 санының құрамын шығарыап алу. 1 суретте бір түспен неше тор көз боялған? Нешеуін басқа түспен бояды? Мұны қалай жазуға болады? 2+2, қосу мен азайту арасындағы байланысты түсіну. Мысалдар төрттігін құру жолын түсіндіру.

2.Оқулықпен жұмыс.

1. 3+1 суреттер арқылы түсіндіру. 4 санының құрамын қайталау.

2. Өз бетімен жұмыс.

3. 4-ке дейін тура және кері санау.

5 тапсырма бекіту жұмысы.

Сергіту сәті.

Ормандағы аюдың,

Құлпынайы көп екен,

Теріп-теріп алайық.

Қалтамызға салайық.


3.Дәптермен жұмыс:

1. 4 цифрын тор көзге жазу, ауада жазып жаттығу.

2. Өрнектің мәні 4-ке тең болатын бос орынға сан таңдаймыз. 4 қарындаш алыңдар. Біреуін жеке қойыңдар. 4 шығу үшін 1 қарындашқа қандай сан қостық?

3. Төменде қандай сан көрсетілсе, сонша шаршының суретін салу.

4. Нүктелерді дұрыс қосу. Төртбұрыш туралы білімдерін нақтылау.


ІV.Қорытынды. Сұрақ-жауап жұмысы.

- қандай санмен таныстық?

- 4 цифры қалай жазылады?

-4 бұрышы бар фигураны не деп айтамыз?

V.Мадақтау.

-Сабақ аяқталды.



Бекітілді: Оқу ісінің меңгерушісі:


МАТЕМАТИКА

23-24-сабақтар.


Сабақтың тақырыбы: Қосу және азайту амалындағы сандардың атаулары.


Мақсаты: а/ Оқушыларды қосу және азату амалдарындағы

компонентттің атауларымен таныстыру.

ә/ Сөздік қорын, ойлау қабілетін дамыту.

б/ Тазалыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.


Көрнекілігі: геометриялық фигуралар, кесте, ойыншықтар.


Сабақтың барысы:


I.Ұйымдастыру бөлімі: -амандасу, сыныпты түгендеу.

-психологиялық көңіл-күй

II. Өткенді қайталау:

«Не өзгерді?», «Қандай фигура артық?»

« Жасырылған фигураны тап» ойындары.

Геометриялық фигураларды қайталау.

III.Жаңа сабақ:

  1. Практикалық жұмыс:

Математикалық терминдермен таныстыру.

Қосу мен азайтудың компоненттерін таныстыру.

қосу

Азайту

Бірінші қосылғыш 3, екінші қосылғыш 1. Өрнектің мәні 4.

Азайғыш 4, азайтқыш 1, айырманың мәні 3.

2-ні 1-ге арттыру

4-ті 1-ге кеміту.

2 плюс 1

3 минус 1

3 және 1 сандарының қосындысын тап.

3 және 1 сандарының айырмасын тап.

2-ге 1-ді қосу

3-тен 1-ді алу

Ойыншықтар арқылы демонстрациялап көрсету. .

2.Оқулықпен жұмыс.

1. Өрнектерді оқыту. Өрнектердің мәнін тауып, компоненттерін атау. 3+1=4, 4-1=3.

2. Алдымен сол жақтағы балдарды санаймыз /екі бала/, оң жақтағы суретте не өзгерді? Цифрлар мен таңбалардың көмегімен бұл амалдарды қалай жазамыз?

Сергіту сәті.

3.Дәптермен жұмыс:

1. Балдалар алғашқы екі бағандағы қалдырылған сагнды табады. Санау таяқшаларын пайдалану.

2. Өзіндік жұмыс. Неше фигура, мөлшері қандай? Финуралардың арасындағы қашықтықты, тор көздерді санаңдар.

3. Кеңістікті елестету дағдыларын дамыту.

ІV.Қорытынды. Сұрақ-жауап жұмысы.

V.Мадақтау.

-Сабақ аяқталды.





Бекітілді: Оқу ісінің меңгерушісі:


МАТЕМАТИКА

25-сабақ.


Сабақтың тақырыбы: «Артық», «кем», «тең» түсініктері


Мақсаты: а) «Артық», «кем», «тең» түсініктерімен таныстыру,

заттар жиынын саны бойынша салыстыруға үйрету

ә) «<», «>» таңбаларын дұрыс қолдана білуін жетілдіру

б) мұқияттылыққа, тиянақтылыққа тәрбиелеу


Көрнекілігі: геометриялық фигуралар, кесте, ойыншықтар.

Сабақтың барысы:


I. Ұйымдастыру бөлімі: -амандасу, сыныпты түгендеу.


II. Тірек білімдерін жетілдіру.

Ауызша есептеуге заттардың екі тобын салыстыру.

Тақтаға 4 үлкен дөңгелек, төменге

5 кішкентай дөңгелек қою

III. Жаңа сабақ:

Ауызша жаттығу

1. Мұғалім тақтаға 2 көк және 1 қызыл шаршы қояды. Қандай шаршылар көп? Цифр мен көк шаршының санын көрсет. Осы цифрды столдың үстіне қой. Қандай цифр заттардың санының артық екенін көрсетеді? «2>1» Заттар тобын теңестіру 3=3

«>» - артық таңбасы «<» - кем таңбасы

Заттар тобын теңестіруді орындап «=» таңбасын таныстыру.

Жаттығу барысында оқушыларға сандарды салыстыру. Математикалық жазулардың дұрыс оқылуын қадағалау.

2.Оқулықпен жұмыс.

1. Сурет бойынша теңдік, теңсіздік құру және оларды оқу

2 .Сурет бойынша жұмыс. Үстелдің үстіндегі заттарды санау.

3. Фигураларды атау, суреттен кесінділерді тауып, сызғышпен ұзындығын өлшеу.


Сергіту сәті.

3.Дәптермен жұмыс:

1. Теңсіздік белгісін жазуға жаттығу

2 . Торкөзге сәйкес сандар жазу, суретін салу

3. Фигураларды белгілеріне қарай топтау. Алдымен берілген сурет бойынша жұмыс жүргізу. Үстелдің бетіндегі заттарды санау. Қоршаудың ішіне салынған заттың санын анықтау.

IV. Қорытынды. Сұрақ-жауап жұмысы.

  • - қандай таңбалармен таныстыңдар?

  • - артық дегенде қандай таңба қойылады?

V.Мадақтау.

Сабақ аяқталды.






Бекітілді: Оқу ісінің меңгерушісі:



МАТЕМАТИКА

26-сабақ.


Сабақтың тақырыбы: Теңдік. Теңсіздік.


Мақсаты: а) «теңдік», «теңсіздік» туралы түсініктерін қалыптастыру.

ә) сәйкес терминдермен таныстыру, ойлау қабілеттерін жетілдіру.

б) ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу

Көрнекілігі: жеке суреттер, ойыншықтар, фигуралар.


Сабақтың барысы:


І.Ұйымдастыру бөлімі: -амандасу, сыныпты түгендеу.

-оқушылардың назарын сабаққа аудару


II. Тірек білімдерін жетілдіру.

Өтілген сандардың құрамын қайталау

Ойын: Эстафета, «Жауабын көрсет»

Ауызша есептету.

Санның құрамын анықтату.

Заттар тобын салыстыру.

III.Жаңа сабақ:

1.Балаларға дөңгелектердің санын салыстыруды, сәйкес салыстыру таңбалары қолданылған жазуды, оқуды ұсыну

2.Оқулықпен жұмыс.

1 тапсырма. «Теңсіздік » түсінігін таныстыру.

Осы тапсырманың екінші қатарындағы «=» таңбасымен жазылған жазуды оқиды. Мұндай жазулар «теңдік» деп аталатынын түсіндіру.

Екі санды ғана емес, сан мен өрнекті де салыстыру.

Сергіту сәті.

Ұсталардай тарсылдатып

Шегені де қағамыз

Әшекейлеп, әдемілеп

Жазуды да жазамыз

3.Дәптермен жұмыс:

1. Сурет пен оның астындағы сәйкес жазуды салыстыру

2 .Тақтадағы теңдік, теңсіздіктерді жазу

3. Өрнектерге талдау жасау, салыстыру жұмысы

4. Оқушылар машинаның жолы жазылған амалдарды орындау керек

Фигураларды атау, артық фигураларды бояу. 2<3


ІV.Қорытынды. Сұрақ-жауап жұмысы.

V.Мадақтау.

-Сабақ аяқталды.





Бекітілді: Оқу ісінің меңгерушісі:


МАТЕМАТИКА

27-сабақ.


Сабақтың тақырыбы: Өрнектерді салыстыру


Мақсаты: а) Өрнектерді салыстыру, құрастыру дағдыларын қалыптастыру.

ә) Логикалық ойлауларын дамыту

б) Мұқияттылыққа, тиянақтылыққа тәрбиелеу

Көрнекілігі: геометриялық фигуралар, кесте.


Сабақтың барысы:


І.Ұйымдастыру бөлімі: -амандасу,сыныпты түгендеу.

-оқушылардың назарын сабаққа аудару

II. Өткенді қайталау:

1.Ойын «Отыр - тұр»

2.Сандар құрамын еске түсіру.

III.Жаңа сабақ:

1. Тақтаға 4 шаршы, 2 дөңгелек қою, теңсіздік құрастыруды сұрау

Шаршының санын дөңгелектің санымен салыстыру


2.Оқулықпен жұмыс.

1. Мұғалімнің көмегімен тақтада орындау

2. Өрнектерді салыстыра алу, алдымен өрнектердің мәнін есептеп алу керектігіне көздерін жеткізу

3. Өз бетінше жұмыс

Осы тапсырмалар арқылы жаңа сабақты қалай меңгергендігін анықтау.

Сергіту сәті.

Қатты нөсер басылды

Күн жарқырап ашылады

Неше түрлі әдемі

Кемпірқосақ жасалды

3.Дәптермен жұмыс:

1. Сурет бойынша өрнектер құрастыру

Өрнектерді арнайы берілген торкөздерге жаздыру. Суретке сәйкес өрнектерді оқыту. Оларды салыстыру. Екі тәсілмен салыстыру.

  1. Алдымен өрнектердің мәнін тауып, содан кейін оларды салыстыру.

  2. Өрнектергек салыстыру жұмысын жүргізу.

2. Жазу дағдыларын жетілдіру

3. 3 бірдей түстегі ұшақ және 1 басқа түстегі ұшақ. «1+3» «3+1»

4. Өзіндік жұмыс. Мысалдарды дәптерге көшіріп жазу.

4 санының құрамын анықтату.,

ІV.Қорытынды. Сұрақ-жауап жұмысы.

-бүгін біз қандай тапсырмалар орындадық?

-нені салыстырдық?

V.Мадақтау.

-Сабақ аяқталды.




Бекітілді: Оқу ісінің меңгерушісі:


МАТЕМАТИКА

28-сабақ.


Сабақтың тақырыбы: 5 саны және цифры. Бесбұрыш

Мақсаты: а)5 санының құрылуымен 5 цифрының жазылуымен

және құрамымен таныстыру

ә) оқушылардың бесбұрыш және оның белгілері

туралы түсініктерін қалыптастыру

б) Мұқияттылыққа, тиянақтылыққа тәрбиелеу


Көрнекілігі: геометриялық фигуралар, кесте


Сабақтың барысы:


І.Ұйымдастыру бөлімі: -амандасу, сыныпты түгендеу.


II.Өтілгенді пысықтау

  1. Геометриялық фигураларды атау

  2. 4 санының құрамын атау

Ойындар ойнату.

  1. «Арифметикалық таразы»

  2. «Цифрмен көрсет»

  3. «Бір немесе көп затты тап»

III.Жаңа сабақ:

1. 1-ден 5-ке дейін тура және кері ретпен санау

2. Ауызша есеп: 1+2; 2+3; 1+4;


2.Оқулықпен жұмыс.

1. Тапсырмадан мысалдар төрттігін құрастыру

2. Сан құрамын анықтау

3. 1-ден 5-ке, 5-тен 1-ге дейінгі кері, тура санауға арналған

4. Фигураның неше бұрышы барын сана. Бес бұрышы бар фигураны қалай анықтауға болады? Фигураларды дұрыс атауын қадағалау.

Сергіту сәті.

Жаздық, жаздық бәріміз

Талып қалды қолымыз

Аздап қане дем алайық

Содан барып жазайық


3.Дәптермен жұмыс:

1. 5 цифрын дұрыс жазу дағдыларын қайталау

2. 4 санының құрамы туралы білімдерін тексеру


ІV.Қорытынды. Сұрақ-жауап жұмысы.

  • -бесбұрыш дегеніміз не?

  • --2-5 сандарының құрамын анықтату.

V.Мадақтау.

-Сабақ аяқталды.




Бекітілді: Оқу ісінің меңгерушісі:


МАТЕМАТИКА

29-сабақ.


Сабақтың тақырыбы: Қосу және азайту амалдарының өзара байланысы.

2-5 сандарының құрамы


Мақсаты: а) Оқушыларға қосу мен азайту арасындағы өзара байланысты

көрсету

ә) Мысалдар құру арқылы ойлау қабілеттерін жетілдіру

б) Мұқияттылыққа, тиянақтылыққа тәрбиелеу


Көрнекілігі: геометриялық фигуралар, санау таяқшалары


Сабақтың барысы:


І.Ұйымдастыру бөлімі: -амандасу, сыныпты түгендеу.


II.Өтілгенді пысықтау

  1. Ойын «Цифрмен көрсет», «Сандарға реті бойынша өз орнын табуға көмектес»

  2. Сандар құрамын қайталау, заттар тобын салыстыру


III.Жаңа сабақ:

1. Практикалық жұмыс:

- мысалдар құру: 3+2=5; 5-2=3


2.Оқулықпен жұмыс.

1. 5-ке дейінгі сандардың құрамы

2. Тұрғындардың орналасуын дұрыс айтуға үйрету (подъезд, қабат)

3. Сурет бойынша өрнек құрастыру5-ке дейінгі сандардың құрамын анықтату.тұрғындардың мекенжайын көрсету.

Әр подъезді, содан кейін қабатты анықтату.

Сергіту сәті.

Орнымыздан тұрайық

1,2 деп бастайық, топ-топ басайық

Сәл дем алып болған соң

Орнымызға барайық.


3.Дәптермен жұмыс:

1. Бос торкөздерді сандармен толтыру

2. Амал компоненттерінің атауларын пайдаланып өрнекті оқу

3. Өзіндік жұмыс

ІV.Қорытынды. Сұрақ-жауап жұмысы.

  • - 2 мен 3-тің қосындысы нешеге тең?

  • - өрнектерді қалай салыстыруға болады?

V.Мадақтау.

-Сабақ аяқталды.






Бекітілді: Оқу ісінің меңгерушісі:


МАТЕМАТИКА

30- сабақ.


Сабақтың тақырыбы: Пысықтау.


Мақсаты: а/ Оқушылардың өтілген материалды меңгеру деңгейін тексеру.

ә/ Ой өрісін сөздік қорларын дамыту. Математикалық тілде сауатты сөйлеулерін қадағалау.

б/ Тазалыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.


Көрнекілігі: геометриялық фигуралар, кесте, ойыншықтар.


Сабақтың барысы:


I.Ұйымдастыру бөлімі: -амандасу, сыныпты түгендеу.

-психологиялық көңіл-күй.


II.Тірек білімдерін жетілдіру. 1.Қосындыны білдіретін өрнектерді

айырманы білдіретін өрнектерді оқыңдар.

  1. Ойын «Кім тез?»

  2. «Кел, ойнайық!» ойын-жаттығуы


III.Жаңа сабақ:

1.Оқулықпен жұмыс.

1.Өрнек құрастыр, мәнін тап. 4-1=3

2.Бес қанқызды үш жапыраққа қалай орналастыру керек?

3.Өрнекті салыстыр.

4.Жазылмаған сандарды ата.


Сергіту сәті.

Ормандағы аюдың

Құлпынайы көп екен

Теріп-теріп алайық

Қалтамызға салайық.


2.Дәптермен жұмыс:

1. Әрбір қораптағы ең үлкен сан жазылған дөңгелекті боя.4 өрнек құрастыр.

2. 2,3,4,5 сандарын жаз.

3. Сиқырлы суреттер.



ІV.Қорытынды. Сұрақ-жауап жұмысы.


V.Мадақтау.

-Сабақ аяқталды.






Бекітілді: Оқу ісінің меңгерушісі:


МАТЕМАТИКА

31-сабақ.


Сабақтың тақырыбы: Қосудың ауыстырымдылық қасиеті.


Мақсаты: а/Оқушылардың есептеуде қосудың ауыстырымдылық қасиетін

қолдана білу дағдыларын қалыптастыру.

ә/ заттарды санау нәтижесінде цифрмен жазу дағдыларын

дамыту.

б/ Мұқияттылыққа, тиянақтылыққа тәрбиелеу


Көрнекілігі: геометриялық фигуралар, кесте, жинақ полотносы.


Сабақтың барысы:


І.Ұйымдастыру бөлімі: -амандасу, сыныпты түгендеу.


II. Өткенді қайталау: 1.Тура және кері санау.

2.Сандар құрамын қайталау.

3. Тек қосындыны білдіретін өрнектерді, тек айырманы білдіретін өрнектерді оқы.


III.Жаңа сабақ: 1.Практикалық жұмыс. Жинақ полотносына 4 көк және бір қызыл төртбұрыштыны қояды. Барлығы неше төртбұрыш? Математикалық өрнек жаз. Бірінші қосылғышты, екінші қосылғышты және қосындыны атаңдар. Содан кейін қаламдардың орнын ауыстыру. Бірінші орынға қызыл қаламды, содан соң 4 көк қаламды өояды. «Математикалық өрнектерді жазыңдар. Бірінші қосылғыштарды, екінші қосылғышты, қосындыны атаңдар. Қосындылардың мәндерін салыстырыңдар. Не өзгерді? Не өзгермей қалды?»


2.Оқулықпен жұмыс.

1.Өрнек құрастыр, мәнін тап. 3+2=5 2+3=5

  • Бұл қосудың ауыстырымдылық қасиеті.

  • Қосылғыштардың орнын ауыстырғаннан қосындының мәні өзгермейді.

  • Оқушыларға оқыту.

2.Сандарды салыстыр.

3.Тез есепте.

Сергіту сәті.


3.Дәптермен жұмыс:

1.Өрнек құрастыр, мәнін тап. 3+1=4

2. Өрнекті салыстыр.

3.Машиналарды әр түрлі болатындай етіп боя.

4 – аралас тапсырма. Үш машинаны үш түспен бояу керек.

ІV.Қорытынды. Сұрақ-жауап жұмысы.

-Қосудың қандай қасиеті бар екен?

-Ол қалай орындалады?

V.Мадақтау.

-Сабақ аяқталды.





Бекітілді: Оқу ісінің меңгерушісі


МАТЕМАТИКА

32-сабақ.


Сабақтың тақырыбы ; 0 саны және цифры


Мақсаты; а) Оқушыларды 0 санының мағынасымен, оның

сандар қатарындағы орнымен таныстыру

ә) 0 цифрын жазуды үйрету, сөздік қорларын дамыту

б) Мұқияттылыққа, тиянақтылыққа тәрбиелеу


Көрнекілігі: геометриялық фигуралар, кесте, шарлар.


Сабақтың барысы:


І.Ұйымдастыру бөлімі: -амандасу, сыныпты түгендеу.


II. Өткенді қайталау: 1) 2, 3, 4, 5 сандарының құрамы

2) ойын: «Үйшік», «Эстафета»

III.Жаңа сабақ:

1. Практикалық жұмыс: Мұғалім сөреге бір қуыршақты қояды. Сөреде неше қуыршақ? Егер мен 1 қуыршақты алып тастасам, неше қуыршақ қалады? Оны қандай амалмен істедім? Неше қуыршақ қалды? Егер ештеңе қалмаса 0 санымен белгілейміз. 1-1=0


2.Оқулықпен жұмыс.

1. Сурет бойынша өрнек құр, оның мәнін тап

2. Көрші сандарды ата

3. Өрнектің мәнін тап

4. Салыстыр

Сергіту сәті.

Бір отырып, бір тұрып

Біз бір дем алайық.

Түсірейік төменге

Міне былай, қарайық

Құстай қанат қағайық.

Түлкі болып қашамыз

Қырғауылдай тапқыр боп

Орнымызға қонамыз.

3.Дәптермен жұмыс:

1. 0 санын жазу

2. Суреттегі жемістерді салыстыр

3. Өрнекті жаз, салыстыр


ІV.Қорытынды. Сұрақ-жауап жұмысы.


V.Мадақтау.

-Сабақ аяқталды.






Бекітілді: Оқу ісінің меңгерушісі:


МАТЕМАТИКА

33-сабақ.


Сабақтың тақырыбы: + 0 , - 0, - = 0 түріндегі

қосу мен азайтудың ерекше жағдайлары


Мақсаты: а) Оқушыларды санға 0-ді қосу мен азайтудың

жағдайларымен таныстыру

ә) Ойлау қабілеттерін, сандарды дұрыс жазуларын дамыта түсу

б) Мұқияттылыққа, тиянақтылыққа тәрбиелеу


Көрнекілігі: геометриялық фигуралар, кесте, ойыншықтар.


Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру бөлімі: -амандасу, сыныпты түгендеу.


II. Өткенді қайталау:

1. Тура және кері санату

2. «Үндемес», «Көршісін ата» ойындары


III.Жаңа сабақ:

1. Практикалық жұмыс: Стол үстіне 9 дөңгелек қою, оларға 0 дөңгелекті қосыңдар. Сендер неше дөңгелек қостыңдар? Екінші қосылғышы 0 болатын тапсырма ойлаңдар.


2.Оқулықпен жұмыс.

1. Сурет бойынша өрнек құр «Суретті қараңдар, сол бойынша тапсырма құрастырыңдар. Осыған ұқсас тапсырмалар құрастырыңдар. Қандай қорытынды шығаруға болады?»

2. Қосындының астын сыз

3. Жазылмаған сандарды ата. Суретке қарап онда не болып жатқанын айтыңдар. «Неше» деген сөзді сұрақ етіп пайдаланыңдар. Оған жауап беріңдер.

Санға 0-ді қоссағ немесе 0-ді азайтсаң, сол санның өзі шығады.

а + 0 = а а – 0 =а


4. Қателеспей тез сана. «1-ші ит, 1-ші құс, 2-ші құс, 2-ші мысық, 2-ші ит, т.б.» Оқушы санау кезінде шатасып қалмауы керек.

5. Ойлан тап


Сергіту сәті.

3.Дәптермен жұмыс:

1. 0-і бар өрнектерді жаз

2. Өзіндік жұмыс

3. 2, 3, 5сандарын жазу

4. Нүктелерді сана, сәйкес түспен суретті боя


ІV.Қорытынды. Сұрақ-жауап жұмысы.

V.Мадақтау.

-Сабақ аяқталды.



Бекітілді: Оқу ісінің меңгерушісі:



МАТЕМАТИКА

34 - сабақ.


Сабақтың тақырыбы: Пысықтау.


Мақсаты: а) Өтілген материалды бекіту

ә) Алған білім мен дағдының деңгейін анықтау,

ойлау қабілеттерін дамыту

б) Мұқияттылыққа, тиянақтылыққа тәрбиелеу


Көрнекілігі: геометриялық фигуралар, кесте, ойыншықтар.



Сабақтың барысы:


І.Ұйымдастыру бөлімі: -амандасу, сыныпты түгендеу.


II. Өткенді қайталау: 1. Ауызша санау

2. Ойын «үйшікте», «Көршісін тап»


III.Жаңа сабақ:

1.Оқулықпен жұмыс.

1. Өрнектерді оқы, мәнін тап

2. Кесінділердің ұзындығын өлше

3. Санның құрамын анықта

4. Өрнекті салыстыр


Сергіту сәті.

Жел соғады гу-гу

Жаңбыр жауады тырыс-тырыс.

Жаңбыр басталады.

Күн ашылады.


2.Дәптермен жұмыс:

1. Көрші сандарды жаз

2. Санның құрамын анықта

3. 0, 1, 2, 3, 4, 5 сандарын жаз

4. Үзік сызықтарды бастыру


ІV.Қорытынды. Сұрақ-жауап жұмысы.


V.Мадақтау.

-Сабақ аяқталды.









Бекітілді: Оқу ісінің меңгерушісі:



МАТЕМАТИКА

35- cабақ.


Сабақтың тақырыбы: Білім деңгейлерін тексеру.



Мақсаты: а/ Оқушылардың алған білімдерін бекіту

ә/ Білім мен дағдының деңгейін анықтау, ойлауын дамыту

б/ Тазалыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.


Көрнекілігі: жинақ полотносы, жеке суреттер, кесте.


Сабақтың барысы:


I.Ұйымдастыру бөлімі: -амандасу, сыныпты түгендеу.

-психологиялық көңіл-күй.


II.Тірек білімдерін пайдалану. Ауызша есептеуге

жаттығулар мен ойындар.


III.Жаңа сабақ:

1.Оқулықпен жұмыс.

1. Сурет бойынша өрнектер құрастыру

2. Заттардың ұзындығын сызғыштың көмегімен өлше

3. Қосу, азайту таңбасын қой

4. Жалғасын тап

Сергіту сәті.

Ормандағы аюдың,

Құлпынайы көп екен,

Теріп-теріп алайық.

Қалтамызға салайық.


2.Дәптермен жұмыс:

1. Өрнектерге сурет сал

2. Өрнек құрып жаз

3. 1, 2, 3 сандарын жаз

4. Геометриялық фигураларды бастыр



ІV.Қорытынды. Сұрақ-жауап жұмысы.


V.Мадақтау.

-Сабақ аяқталды.







Бекітілді: Оқу ісінің меңгерушісі:


МАТЕМАТИКА

36-сабақ.


Сабақтың тақырыбы: Білімді қорытындылау және жүйелеу

Мақсаты: а) Оқушылардың білімдерін іскерліктері мен

дағдыларын қорытындылау және жүйелеу

ә) Логикалық ойлау қабілеттерін дамыту және сөздік

қорын арттыру

б) Мұқияттылыққа, тиянақтылыққа тәрбиелеу


Көрнекілігі: геометриялық фигуралар, кесте, ойыншықтар.



Сабақтың барысы:


І.Ұйымдастыру бөлімі: -амандасу, сыныпты түгендеу.


II. Өткенді қайталау: 1. Ауызша санау

2. «Ойлан тап» ойыны


III.Жаңа сабақ:

1.Оқулықпен жұмыс.

1. Кесте бойынша өрнек құр, мәнін тап

2. Өрнекті салыстыр

3. Кесінділердің ұзындықтарын өлше

4. Қандай заттарды бірдей деп айтуға болады? Олар қандай белгілері бойынша бірдей?


Сергіту сәті.

2.Дәптермен жұмыс:

Өзіңді тексер! 1- нұсқа 2-нұсқа

1. Кестені толтыр

2. Кесінділердің ұзындықтарын өлше және жаз

3. Үйлерге орналастыр

4. Есепте. Қосындының астын сыз.


ІV.Қорытынды. Сұрақ-жауап жұмысы.


V.Мадақтау.

-Сабақ аяқталды.










57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


Автор
Дата добавления 07.11.2015
Раздел Начальные классы
Подраздел Конспекты
Просмотров159
Номер материала ДВ-133025
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх