Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Начальные классы / Конспекты / Сабак жоспары "Боран" анатілі 4 сынып
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Начальные классы

Сабак жоспары "Боран" анатілі 4 сынып

библиотека
материалов

Тақырыбы: М.Әуезов « Боран» 
Сабақтың мақсаты
: 1. Оқушыларға Мұхтар Әуезов туралы тусінік беру. 
« Боран» әңгімесінің мазмұнын ашу; 
2. Оқушылардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне ықпал ету, сөздік қорын молайту, ой – өрісін, дүниетанымын кеңейту; 
3. Туған жерін , табиғатын сүйе білуге тәрбиелеу. 
Сабақтың түрі:танымдылық сабақ. 
Сабақтың өту әдісі: баяндау, сұрақ – жауап, тіл дамыту, қайталау. 
Көрнекілігі: М.Әуезовтың бейнесі, қыс суретті, аққала тапсырмалары, мақал – мәтел, М.Әуезовтың жеке кітаптары. 
Сабақтың барысы:  І Ұйымдастыру кезеңі. 
ІІ Өткенді қайталау
. С.Сейфуллинің «Қызыл шұнақ» өлеңін жатқа айту, сұрақтарға дайындалу. 
Аққала тапсырмалары: 
а) «Қызыл шұнақ аяз» деп қандай аязды айтамыз? 
ә) «Екі санын сабады» деп ақын үскірік аязды кіммен салыстырады? 
б) «Құлақтанған қызыл күн»дегенді қалай түсінесіңдер? 
г) Өлең неге «Қызыл шұнақ ( аяз)» деп аталған? 
Абай « Қыс» және С.Сейфуллин«Қызыл шұнақ» салыстыру. 
ІІІ Жаңа сабақ 
1. Балалар жаңа сабақты бастамас бұрын мынаны айтыңдаршы, өткен сабақтарда Абай атамыз жырлағандай « Басын сілкісе, қар жауып мазаңды алды »немесе Сәкеннің « Шұнақ аяз жалаңдап , екі санын сабады » дегендей осы құбылыстың барлығы қай мезгілде болады? Ал қар неге жауады? Дүниетану сабағында өткен болатынбыз, естеріңе түсіріңдер. Ендеше балалар, кім қыс туралы жұмбақтар біледі? Соны жасырайық. 
2. Жұмбақтар шешкізу : 
а) Табаныма байладым, қос таяқпен айдадым.  ( Шаңғы) 
ә) Таусылмайтын ақ мақта, 
Қысы – жазы тау жақта.  ( Қар) 
б) Тоңғақты таниды, 
Беті қолын қариды.  ( Аяз) 
в) Көрінбейтін өзі, 
Айтатын жоқ сөзі. 
Ысқырып тұрады,Серуен құрады. ( Боран)  Ой толғау  Боран 
3. Кіріспе әңгіме: Міне, балалар бүгінгі тақырыбымызда қыстың бір құбылысына байланысты « Боран » деп аталады, авторы М.Әуезов. 
М.Әуезов 1897 жылы Семей облысы, Абай ауданында дүниеге келген. Мұхтар атасы Әуез, әжесі Дінәсілдің тәрбиесінде болған. Жастайынан Абай өлеңдерін жатқа айтып өскен. Алғаш Абай ауылындағы бастауыш мектепті, сосын Семей қаласындағы орыс мектебінде оқып, содан кейін білімдерін әртүрлі оқу орындарында жалғастырды. 
Мұхтардың ең құнды шығармасы – « Абай жолы» эпопеясы. ( Абай жолы кітабын көрсету). 
4. Мәтін бойынша жұмыс. 
1. Қысқаша мәтіннің мазмұнын айтып кету. 
2. Тізбекткеп оқыту. 
3.
Сөздік жұмыс 
Жұмырланған – қатты су қар 
Толассыз - тоқтамай жүру 
Сарылған – ұзақ уақытқа созылған 
4. Керекті жерін тауып оқыту. 
1. Боранның күшейе түскенін әңгіменің қай жолдарынан білуге болады? 
2. Абайдың мазасы кеткен жерін тауып оқыту. 
3. Әңгіменің ең соңғы сөйлемін қалай түсінесіңдер? 
4. Мәтінге сүйеніп үсінгеннен сақтану жолдарын (тауып оқы) айтып бер. 
5. Әр бөлімге ат қой.( топпен жұмыс) 
Өздерің боранды қалай суреттер едіңдер 
6. Ерте кезде халық ауа райын қалай болжаған? 
( балалардың өздерінің білетін болжамдарын айтқызу) 
ІV Қорытындылау: Қыс туралы мақал – мәтел айтқызу және оның мәнін түсәндірткізу. 
а) Жеріне қарай егін ек, 
жолына қарай жегін жек. 
ә) Қыс азығын жаз жина 
б) Қыстың қамын жаз ойла 
в) Қыс – арбаңды, жаз шанаңды сайла 
г) Қар - қара жердің көрпесі 
Мәтін бойынша бір – екі сұрақ қою. 
1. Қандай тақырып? Авторы кім? 
2. Кім туралы? 
3. Абайдың қандай өлеңін білесіңдер? 
V . Үйге тапсырма: Мәнерлеп оқу, мазмұндап келу. Мәтінге сүйене отырып, суретін салып келіңдер. 
ҮІ Бағалау. 
ҮІІ. Бекіту.


Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 31.03.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Конспекты
Просмотров219
Номер материала ДВ-571237
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх