Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / Сабак жоспары "М.Жумабаевтын омири мен шыгармашылыгы"
Обращаем Ваше внимание, что в соответствии с Федеральным законом N 273-ФЗ «Об образовании в Российской Федерации» в организациях, осуществляющих образовательную деятельность, организовывается обучение и воспитание обучающихся с ОВЗ как совместно с другими обучающимися, так и в отдельных классах или группах.

Педагогическая деятельность в соответствии с новым ФГОС требует от учителя наличия системы специальных знаний в области анатомии, физиологии, специальной психологии, дефектологии и социальной работы.

Только сейчас Вы можете пройти дистанционное обучение прямо на сайте "Инфоурок" со скидкой 40% по курсу повышения квалификации "Организация работы с обучающимися с ограниченными возможностями здоровья (ОВЗ)" (72 часа). По окончании курса Вы получите печатное удостоверение о повышении квалификации установленного образца (доставка удостоверения бесплатна).

Автор курса: Логинова Наталья Геннадьевна, кандидат педагогических наук, учитель высшей категории. Начало обучения новой группы: 27 сентября.

Подать заявку на этот курс    Смотреть список всех 216 курсов со скидкой 40%

Сабак жоспары "М.Жумабаевтын омири мен шыгармашылыгы"

библиотека
материалов

Сабақтың тақырыбы: М.Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылығы

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: М.Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылығын таныстыруды жетілдіру, оқыту.

Дамытушылық: Ойларын іркілмей еркін жеткізуге дағдыландыру, сөйлеу тілдерін дамыту Тәрбиелік: Мағжан ақындай өз ұлтын, елін сүюге баули отырып, өзіміз өмір сүріп отырған тәуелсіз қоғамды бағалап сүюге, барлық білімімізді, сана сезімімізді саналы, эстетикалық биік талғаммен өмір сүруге арнауға тәрбиелеу.

Әдісі: Топпен жұмыс, ассосация, хронологиялық кесте, сұрақ – жауап.

Түрі: Аралас сабағы

Типі: Жаңа білімді игерту.

Көрнекілігі: М.Жұмабаев портреті, интерактивті тақта.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. С.Сейфуллиннің «Көкшетау» поэмасындағы Адақ пен Қалмақ қызының бейнесіиеті. Қасиеті іс – әрекеті. Қандай қасиетін білдің?

ІІІ. Үй тапсырмасын бекіту. Ақын осы поэма арқылы нені айтқысы келді?

ІV. Жаңа сабаққа әзірлік. Дәптермен жұмыс. Балалар бүгін біз М.Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылығына тоқталамыз. Ол үшін қазір үш топқа бөлінеміз. Біз төменгі сыныптарда Мағжанның қандай шығармаларымен таныстық? Оқушы жауаптары. Ендеше Мағжан кім екен?

V. Жаңа сабақ.Мағына тану. Мағжан – ең алдымен, сыршыл ақын. Ол жүректің қобызын шерте біледі, оның жүрегінен жас пен қаны аралас шыққан тәтті сөздері өзгенің жүрегіне тәтті у себеді. Мағжан не жазса, сырлы, көркем, сәнді жазады. Оқушының жүрегіне әсер бере алмайтын құрғақ өлеңді, жабайы жырды Мағжаннан таба алмайсыз. Топпен жұмыс. Олай болса ендігі міндетіміз мына мәтіндерді оқи отырып, тақырып қойып, қорғап шығуларың керек.Міне, балалар өздерің айтқандай Мағжанды барлық жағынан танып білдік. Олай болса мына кестеге көз салайық.

Хронологиялық кесте. (Түртіп алу әдісі) Жылы Оқиғасы. 1893 ж. 25 маусым. 1897 ж. 1910 ж. 1912 ж. 1913 – 1917 ж.ж. 1923 – 1927 ж.ж. 1922 ж. 1923 ж. 1929 ж. 1936 ж. 1937 ж.18 наурыз. 1937 ж. 30 желтоқсан.1893ж. Солтүстік Қазақстан облысы, қазіргі Жұмабаев ауданының Мағжан ауылында дүниеге келген.Әкесі ашқан мектепте білім алады.Уфаға барып, медресе Ғалияда оқиды.Қазанда «Шолпан» атты тұңғыш жинағы жарық көрді.Омбы мұғалімдері семинариясында оқиды.Мәскеудің әдебиет тану нститутында оқиды.Орынборда «Педагогика» оқулығын бастырады.Қазанда екінші жинағы жарық көрді.Ташкентте үшінші жинағы жарық көрді.Тұтқынға алынып, Мәскеудегі Бутырка түрмесіне жабылады.Қызылжарға қайтіп келеді.Сәкеннің шақыруымен Алматыға келеді.Қайтадан қамауға алынады.Дүниеден өтті.

Шығармаларына тоқталу. Поэзиясы. Поэмалары. Прозасы. Аудармалары «Шолпан» жинағы. М.Жұмабаев өлеңдері 1 жинағы. М.Жұмабаев өлеңдері 2 жинағы «Ертегі», «Қойлыбайдың қобызы», Оқжетпестің қиясында», «Батыр Баян», «Жүсіп хан», «Қорқыт», «Тоқсанның тобы», «Шолпанның күнәсі», М.Горькийдің «Сұңқар жыры»М.С.Ивановтың «Қазақ әңгімелері», М.Сибиряктің«Ақ боз ат».

VI. Сабақты бекіту. А) Ассосация әдісі: Мағжан

Ә) Графиктік диктант.

1. М.Жұмабаев қай жылы туылды?

2. М.Жұмабаевтың алғашқы жинағы қалай аталады?

3.М.Жұмабаев неше жасында хат таныды?

4. Қанша поэма жазды? Б) М.Жұмабаевтың «Сен сұлу» әнін орындау.

VII. Оқушыларды бағалау.

VIIІ. Үйге тапсырма беру. М.Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылығы оқу.

1. Мәтін- сұрақ. М.Жұмабаев-өз орнын өмірден үнемі іздеумен өткен бар білген- түйгенін соған сарп еткен суреткер.Оның шығармашылығының бір жағында- мұңлы толғаныс, өкіну және қайғы – қасірет жатса , таразының екінші басында- романтикалық өршілдік, махаббат, сүйеніш, арман, мақсат, үміт жатады.Ақын жырларында табиғат пен адамның жан дүниесібірге өріліп, бірге астасып жатады. Мысалы: «Жазғы түнде», «Қысқы жол», «Қайың», «Орман», «Алдамшы өмір», «Ой», «Жел» т.б. өлеңдері осының куәсі. Мағжан жазғы, қысқы табиғат көрінісіне өзінің сезім дүниесін қоса жырлайды. Лирикалық қаһарманның сезімі, оның бай қиялы тоғыса келіп, жанды, тірі сурет жасап тұр. Зерделі ақын тарихтың қым – қиғаш оқиғаларын, құбылыстарын өз өлеңдерінде боямасыз әрі әсерлі етіп суреттей білді.

2. Мәтін – сұрақ. Халқымыздың от жалынды, зор талантты ақындарының бірі М.Жұмабаев қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы, Булаев ауданындағы, Сасықкөл мекенінде 1893 ж. 15 мамырда дүниеге келген. Өз әкесі Бекен, бабалары Жұмабай қажы, Шоқай, Өтеген, Өтеміс – өз заманында даңқы шыққан белгілі кісілер. Мағжан өзінің Мүсілім, Қаһарман, Мұхамбетжан, Сәлімжан, Қалижан, Сабыржан, Күландаш, Гүлбаршын сияқты бауыр – қарындастарымен құлан – тайдай тебісіп, ауыл баласының қызықты, романтикаға толы тәтті, қимас шағын бастан кешірген.Кәрім, Мұқаметжан молдалар, Данияр қажы, Ахитден мұғалім – бұлар болашақ ақынның тілін сындырып, хат танытқан, арабша, парсыша, түрікше, орысша оқытқан алғашқы ұстаздары. Алдымен Қызылжарда медреседе Хасен молдадан дәріс алған Мағжан, Уфа қаласына барып, медресе Ғалияда татар халқының ұлы жазушысы Ғалымжан Ибрагимовтан оқыды. Жаңа заман рухы бойын билеген Мағжан орысша білім алуға ерекше талаптанып, 1913 ж. Омбы қаласына келіп, мұғалім болып жүрген Міржақып Дулатовтан сабақ алып, дайындалып, семинарияға түседі де, 1916 ж. бітіріп шығады.1929 ж. жазықсыз жала жабылып, түрмеге қамалып, одан Карелияға жераударылады.М.Горький және оның әйелі Е.Пешкованың араласуымен 1936 ж. босап келгенмен, репрессия тырнағына қайта ілініп, жазықсыздан – жазықсыз 1938 ж. 19 наурызда атылған.

3. Мәтін – сұрақ. Ел өміріндегі ұлы оқиғалар жас азамат, өршіл ақынды күрес толқынына тартып әкетеді. Мағжан 1919 ж. көктемінен бастап кеңес жұмысына араласып, әлеумет ісіне бел шешіп кіріседі. Қызылжардағы «Бостандық туы» газетінде редактор болды. Ташкентте Қазақ – қырғыз институтында сабақ берді. Мәскеуде «Күншығыс» баспасында аудармашы болады, Бурабайда техникумда, Қызылжарда партия кеңес мектебінде сабақ береді.

4. Мәтін – сұрақ. Талантты ақынның алғашқы өлеңдері Уфадағы, Омбыдағы қабырға газеттерінде жариялап, жұртшылық назарын аударды. 1912 ж. Қазанда «Шолпан» атты өлеңдер жинағы шыққанда, Мағжан не бары 18 - 19 жас шамасында болды. Абай кітабының басылғанына үш – ақ жыл өтседе, жас ақынның даңқы қазақ сахарасы аспанына қалай көтерілгенін ұғу қиынға соқпас. Ақын өлеңдері оқырман қолына екі рет жинақталып, топталып тиді. Бірінші рет 1922 ж. Берияз Күлеев Қазанда бастырып, екінші рет осы кітап толықтырылып, Сұлтанбек Қожановтың алғы алғы сөзімен 1923ж. Ташкентте шықты «Педагогика», «Сауатты бол» кітаптары, аудармалары басылды. Мағжанның қаламгерлік сапары бас – аяғы 20 жылға жетпей, тым ерте үзілді. Ақынның еңбектері еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін қолға алынды. Ең көлемді кітабы – 1923 ж. Ташкентте «Мағжан өлеңдері»деген атпен шықты.

5. Мәтін – сұрақ. Қазақ лирикасында үлкен көркемдік жаңалық ашып, соныәсемдік арналарды негіздеп, Еуропа, орыс әдебиетіндегі ізденістерді, бағыттарды ұлттық топыраққа батыл да еркін ендірген. Мағжан эпикалық жанрда поэманың ықшам формасын қалыптастырды. «Қойлыбайдың қобызы», «Қорқыт», «Батыр Баян» поэмалары – аңыз, тарихи оқиғаларға құрылса, «Жүсіп хан», «Ертек» поэмалары шығыстың сюжет, мысал, тұспалға құрылған.








Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 27 сентября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru

Общая информация

Номер материала: ДВ-505697

Похожие материалы

2017 год объявлен годом экологии и особо охраняемых природных территорий в Российской Федерации. Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы воспитания и социализации образовательные события, приуроченные к году экологии.

Учителям 1-11 классов и воспитателям дошкольных ОУ вместе с ребятами рекомендуем принять участие в международном конкурсе «Законы экологии», приуроченном к году экологии. Участники конкурса проверят свои знания правил поведения на природе, узнают интересные факты о животных и растениях, занесённых в Красную книгу России. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

Конкурс "Законы экологии"