Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Технология / Конспекты / Сабак жоспары: Шалбарды пішу

Сабак жоспары: Шалбарды пішу



57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


  • Технология

Поделитесь материалом с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Шалбарды пішу

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: оқушыларға шалбарды пішу үйрету туралы түсінік беру;

Дамытушылық: қызығушылығын, іскерлігін арттыру, эстетикалық талғамын дамыту;

Тәрбиелік: еңбекке баулу, ұқыптылққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндірмелі, сұрақ-жауап

Сабақтың көрнекілігі: бурда, шитье и крой журналдары

Пәнаралық байланыс: алгебра, сызу

Сабақ барысы

І Ұйымдастыру кезеңі

Сәлемдесу, сабаққа дайындықтарын тексеру, оқушылардың назарын сабаққа аудару.

ІІ Үй тапсырмасын тексеру

  1. Көркем модельдеу деп нені айтады?

  2. Киімді модельдеу ережелерін айтыңдар.

  3. Киімді техникалық модельдеу процесі қандай кезеңдерден тұрады?

ІІІ Жаңа сабақ

Дайындық жұмыстары. Пішуші мен тігіншінің жұмысын қоса атқару үшін біздерге екеуінің де құрал-жабдықтары керек болады.

Матаны пішу үшін үлкен үстел керек. Үстелден басқа үтіктегіш тақтай (немесе қалыңдап төселген үстел), дәке немесе жұмсақ мата қажет.

Жұмысты бастағанда тігінші үстелінде тек қажетті заттар жатуы керек: сол жақта – пішілген бөлшектер; оң жақта – қайшы, сызғыш, бор (сабын), жіп, инелер, түйреуіш, оймақ, қазықша. Тігіншіде сантиметрлік таспа, кескіштер, негізгі және қосымша бөлшектерді сызу үшін миллиметрлік қағаз, лекало қию үшін орауыш қағаз, сондай-ақ сызықтарды тексеру үшін, бүкпелерді көшіру үшін калька болуы қажет.

Сондықтан оның көшірмесін түсіріп алу керек. Ол үшін сызба сызылған қағазды «жұмысшы» қағазға жабыстырып, арнайы сызба тақтаға бастырмамен түйреп қояды. Содан кейін өткір тісті кескішпен асықпай, онша қатты баспай бүкіл сызықтардың (ұзын түзу сызықтарды сызғышпен) үстінен дөңгелете отырып (көлденең, тік, констуркциялы сызықтарды, бүкпелер мен иініштерді, қалталардың орнын) сызбада не бар болса, соның бәрін көшіріп сызып шығады. Егер бөлшектер кірігіп тұрса (көйлектің бүйірлері), оларды жеке сызып өтеді. Негізгі бөлшектерден басқа қосымша бөлшектерді де көшіріп түсіреді. Сонымен бірге сызбада жоқ әдіп пен қалтаға кірер тұстың көмкерме әдібін, қалта қапшығын, резеңке үшін өткермелер, шеттіктеу үшін қиғаш жолақтар және т.б. бөлшектерді сызады.

Пішкенде матаны екі қабаттап жаятын болсақ, бұйымның жартысына ғана лекало керек. Егер барлық немесе кейбір бөлшектерді бір қабат етіп жайылған матада пішу керек болса (дене бітім немесе модель асимметриялы болса, мата ірі өрнекті болса, түк қиғаш орналасса), лекалоның барлық жиынтығы қажет.

Матаны пішуге дайындау. Пішудің алдында барлық матаны дерлік (түкті маталардан басқасын – барқыт, шибарқыт, саржа, кейбір жасанды жібек маталарды) декатирлейді.

Декатирлеу - тігер алдында мата отырмас үшін ширату. Мақта мата, зығыр, штапель матаны суға салып, сығып (бұрап сықпайды), бойлық жіп бойымен тегістеп жаяды. Содан кейін матаны шала кептіріп, бойлық жіп бойымен терістеме жағынан бастыра үтіктейді.

Барлық матаны пішіп қиюдың алдында үтіктейді.

Матаның өң жағын, түгінің бағытын, ақауын анықтау. Жүн маталарды орағанда өңін ішке қаратады. Мата жиегіндегі түйрелген іздердің талпиған жағы өң жаққа қарайды. Сәтен матаның өң жағы (көлденең жіптің ширатылуына байланысты) жылтыр болады. Сәтен матаның өң жағы мен терістеме жағы бірдей болса, онда салыстырмалы алғанда сапалы жағы өңі деп есептеледі.

Қолданудың алдында матаның екі жағында мұқият қарап шығады. Ақауы бар жерлерін (түйіндер, тесіктер, дақ, орнамент өшіңкі, т.б.) тігінші борымен немес инешаншымдармен белгілейді. Пішу кезінде ақаулы жерлерді айналып өтеді немес онша көрінбейтін бөліктерге жібереді.

ІҮ Жаңа сабақты бекіту

  1. Матаны пішудің алдында не үшін декатирлейді?

  2. Матаның өң жағын қалай анықтайды?

  3. Декатирлеу дегеніміз не?

  4. Маталардың, бөлшектердің түрлеріне байналысты тігіске қалдырылатын қосымшалар кеңдігі қанша?

Ү Сабақты қорыту. Бүгінгі сабақта біз сіздермен матаны пішуге дайындауды туралы білдік.

ҮІ Үйге тапсырма. § 21, 22 оқу.

ҮІІ Оқушылардың білімін бағалау

ҮІІI Рефлексия

IX Жұмыс орнын ретке келтіру






57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


Автор
Дата добавления 25.01.2016
Раздел Технология
Подраздел Конспекты
Просмотров133
Номер материала ДВ-377875
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх