Инфоурок Технология Рабочие программыСабак жоспары "Үйді жиһаздау"

Сабак жоспары "Үйді жиһаздау"

Скачать материал

Сабақтың тақырыбы: Үйді жиһаздау

Сыныбы: 8

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: оқушыларға тұрғын үй іш көріністерінің композициясы туралы түсінік беру;

Дамытушылық: оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту;

Тәрбиелік: қыз баланы үй шаруашылығына икемді болуға, ұқыптылыққа, өзара көмек көрсетуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндірмелі, сұрақ-жауап

Сабақтың көрнекілігі: оқулық

Пәнаралық байланыс: бейнелеу

Сабақ барысы

I Ұйымдастыру кезеңі

Сәлемдесу, оқушылардың көңіл-күйіне, денсаулығына баса назар аудару. Жоқ оқушыларды белгілеу, кезекшілерді анықтау, құралдарды тексеру.

II Үй тапсырмасын сұрау

  1. Менеджмент дегеніміз не?

  2. Менеджмент процесі дегеніміз не?

  3. Менеджмент қызметі қандай?

  4. Маркетинг дегеніміз не?

  5. Маркетингтің негізгі принциптері қандай?

  6. Шығын дегеніміз не?

ІІІ Жаңа сабақ

Жаңа үйге көшіп бардық делік. Үйдің жобалануы қазіргі заманның барлық талабына сай. Әзірше бөлмелердің іші бос. Көшіп келушілер жиһаздарын, заттарын өз талғамдарымен орналастыра бастайды.

Барлығынан бұрын кез-келген пәтерде қозғалыс сызығы және қозғалыссыз орын болатынын және бұл сызықтардың бірімен-бірінің қиылыспайтынын білу керек. Үйдің ішінде жүріп-тұруға ыңғайлы болуы үшін пәтер ішін дұрыс бөліп алу керек.

Пәтер ішін жиһаздағанда барлық уақыт «алтын қағиданы» сақтаған дұрыс: жиһаз қаншалықты аз болса, сонша жақсы. Бөлмелерге әбден ойланып, тек қана өте керек жиһаздарды қою қажет.

Қазіргі заман ғылымы түстердің біздің өміріміздегі рөлінің ерекше екенін дәлелдеп отыр, ол адамның жүйке-жүйесіне, көңіл күйіне әсер етеді.

Бөлмені қандай да бір түске бояудың алдында, бөлмедегі перденің, кілемнің, жиһаздың, т.б. тсүтерін ескеріп, түстер композициясын құру керек. Сол сияқты қандай бөлмені сырлайтын болсақ та, бөлменің неге арналғандығын ,көлемін кең немесе тар, жарықтың түсуін, т.б. барлығын ескеруіміз қажет.

Сары, қызғылт сары және қызыл түстер – жылы, сәулені, белсенді түстер болып есептеледі. Мұндай түстер адамға қуаныш, көтеріңкі көңіл күй, өмірге деген құлшыныс сыйлайды. Бұл түстермен ортақ бөлмелерді, балалар бөлмесін, сондай-ақ жұмыс орнын, асханаларды яғни күні бойы көп уақытыңды өткізетін бөлмелерді бояуға болады. Егер бөлменің терезесі күн түсетін жаққа қараған болса, осы түстермен бояйтын болсақ, бөлме шұғылалы, жайлы бола түседі. Ашық көк, жасыл, сия түстер адамды тыныштандырады және бөлмені кең етіп көрсетеді.

Қонақ бөлмедегі түстер үйлесімділігін салыстырмалы түрде алу керек. Қонақ бөлмеге, алдымен, негізгі сипат беретін түсті таңдайды. Бірақ бөлменің едені, қабырға, есік, терезе, төбесі барлығы бір түсте болмауы керек. Егер барлығы бір түсте болса, онда керісінше адам шаршап кетеді. Жалпы, түстер бір түстен келесі түске ауысқанда, үйлесімділік сезіліп тұруы керек және бұл түстер «туыстас» түстер болғаны дұрыс.

Қазіргі заманғы пәтерлерді жарықтандыру мәселесін шешудің екі түрлі жолы бар – жалпы және жергілікті жарықтандырғыш қолдану. Жалпы жарықтандыру бөлмедегі біркелкі жарықты қамтамасыз етеді, оның жарығымен көзге онша күш түспейтін жұмыстармен шұғылдануға болады.

Жалпыға арналған бөлмеде оқуға, қолөнермен айналысуға, т.б. арналған жалпы жарық болуы керек. Ол ілінген шамдар, қабырғалық тоспалы ұзын тіреуіштерге орнатылған шамдар, болуы мүмкін.

Жатын бөлмесінде жалпы және жергілікті жарық болуы керек. Жергілікті жарықты түнгі арнайы шамдардың көмегімен қамтамасыз етуге болады.

Балалар бөлмесінде де жалпы шашыраңқы және жергілікті бағытталған жарықтар болуы керек. Балалар бөлмесін жиһаздағанда терезеден түсетін жарықты да ұмытпау керек.

Ас үйде жергілікті жарықты жұмыс істейтін ендікке бағыттау керек.

Үйлердің кіп-кішкентай балкондарына гүлдер отырғызу үйді безендіріп қана қоймай, өте жағымды климат тудырады.

Терезе. Терезені өңдегенде, қауіпсіздігін, жабдықтардың орналасуына естен шығармау керек. Қазіргі кезде терезенің пердесін стационарлық жағдайда ұстағанды дұрыс көреді, ал мамандардың айтуы бойынша, оңай жылжитын перделер дұрыс.

Терезені безендірудегі ең көңіл сүйсіндірер элемент – стиль жасау. Стильдер өте көп: Рим пердесі, Австрия пердесі, арка, түзу, қабаттастырылған, тор перделері, т.б. Қазіргі заманғы интерьерде фактураның сыйымдылығы матаның құрамының ерекшелігіне сол сияқты аксессуарларға: карниз, ұстатқыш, шыны тетіктерге ерекше көңіл бөледі.

Бөлмелерді безендірудегі тағы бір маңызды элемент – жастықтар. Жастықтар бөлмеге нақты түс және сән береді. Кез-келген бөлмеге олар жайлылық әкеледі. Жастық сырттарын жыл маусымына қарай өзгертуге болады. Қазіргі кезде жұмыр жастықтар дәуірлеп тұр. Оларды дивандарға немесе тоқылған жиһаздарға бүйірлік ретінде қолдануға да болады.

Жұмыр жастықтар түрік жастықтары деп аталады. Олар терең дивандар үшін өте ыңғайлы. Орындықтар үшін жалпақ жастықтарды пайдаланады.

ІҮ Жаңа сабақты бекіту

1. Үйдің ішіндегі жиһаздар қалай орналастыру керек?

2. Үйдің түстер үйлесімділігі қандай?

3. Балалар бөлмесі қандай болу керек?

4. Бөлмелерді қандай заттармен безендіруге болады?

Ү Сабақты қорыту. Сонымен бүгінгі сабақта біз тұрғын үй іш көріністерінің композициясы туралы түсінік алдық.

ҮІ Үйге тапсырма. § 24 оқу.

ҮІІ Оқушының білімін бағалау. Баға қою.

ҮІІІ Рефлексия

ІХ Жұмыс орнын ретке келтіру











Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Сабак жоспары "Үйді жиһаздау""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Логопед

Получите профессию

Технолог-калькулятор общественного питания

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 662 847 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 02.03.2016 3123
    • DOCX 37.5 кбайт
    • Рейтинг: 4 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Бакелекова Динара Болатхановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 74401
    • Всего материалов: 28

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

HR-менеджер

Специалист по управлению персоналом (HR- менеджер)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы преподавания технологии в условиях реализации ФГОС

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 240 человек из 62 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 071 человек

Курс повышения квалификации

Специфика преподавания технологии с учетом реализации ФГОС

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 297 человек из 66 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 086 человек

Курс повышения квалификации

Методика инструктажа и обучения в социальном учреждении по вопросам трудовой деятельности

180 ч.

3300 руб. 1650 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Политология: теория, практика, законодательство

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Техническое обслуживание и диагностика сельскохозяйственной техники

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Эмоциональная сфера детей: диагностика, особенности и регуляция

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 28 человек из 15 регионов
  • Этот курс уже прошли 13 человек