Инфоурок Начальные классы ВидеоурокиСабак жоспары:Жалкы есім мен жалпы есім,

Сабак жоспары:Жалкы есім мен жалпы есім,

Скачать материал

Сабақтың тақырыбы:Ш. Құдайбердиев. Адамның нашар мінезі

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды  Ш.Құдайбердиевтің өмірімен және   шығармашылығымен таныстыру.

Міндеттер:

1. Сын тұрғысынан ойлауды дамыту

2. Ұйымшылдыққа,шығармашылыққа,ізденіске баулу

3. Салауатты өмір сүруге тәрбиелеу 

Сабақтың барысы:

1. а)Ұйымдастыру кезеңі.

-Балалар терезеге қараңдаршы. Бүгін неткен тамаша, жарқын күн. Күн сәулесі бізге жылу, жарық, мейірім мен қуаныш, күлкі сыйлады. Жарқын күн нағыз сиқыршы. Сиқырлы күн бүгінгі сабақта бізге сенім мен табыс берсін. Бір-бірімізге қарап күлімсіреп сиқырлы күн сыйлайық.

ә)Сәлемдесу:

Үлкенге де «Сіз»

Кішіге де «Сіз»

Бар адамға құрметпен,

Бас иеміз біз.

«Ана тілім – ардағым»

2. Психологиялық дайындық.

 Шеңбер құрып   Қ.Мырза Әлидің «Болады- болмайды»  өлеңін оқу

Болады – болмайды

 

Күйші  болуға / болады /

Биші болуға  / болады /

Ерке болуға / болады /

Серке болуға  / болады /

Пысық болуға / болады /

Кішік болуға / болады /

Ақын болуға / болады /

Маман болуға / болады /

Жаман болуға / болады /

Айтпақшы!Жаман болуға / болмайды /!

Топқа бөліну,топ басшыларын сайлау, бағалау парағын тарату.

3. Үй жұмысын қорытындылау.Топтарға тапсырма.

1-ші топқа: мәтінді сахналау .

2-ші топқа: мазмұндау.

Қызығушылықты ояту. – Бүгінгі  сабақты Абай атаның «Ғылым таппай мақтанба» өлеңімен бастайық. (Өлеңді жатқа айту)

-. Абай атаның бес асыл іс деп отырғаны нелер? Талап . Еңбек . Терең ой . Қанағат . Рақым .

-Бес асыл сөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?

-Енді адам бойындағы жағымды, жағымсыз қасиеттерді еске түсірейік.

Жағымды: әдепті, ізетті, адал, сыпайы, инабатты, еңбекқор, алғыр

Жағымсыз: өтірікші, дөрекі, ызақор, надандық, ашуланшақ, еріншек, жалқау

-Жағымсыз қасиеттердің ең нашары не деп ойлайсыңдар? (Ызақорлық және еріншектік.) Одан аулақ болуымыз керек.

Мағынаны тану. -Олай болса, балалар, біз бүгін Ш. Құдайбердиевтің осы тақырыптағы «Ызақор», «Еріншек» өлеңдерін оқимыз. Шәкәрім суреті интерактивті тақтада көрініп тұрады. Автор туралы мағлұмат беру.

Шәкәрім Құдайбердиев 1858 жылы 11- шілдеде Семей облысы, Абай ауданында туған. Оның әкесі Құдайберді-ел билеуші аға сұлтан Құнанбай Өскенбаевтың баласы,Абайдың туған ағасы. Қазақтың ұлы ақыны, жазушы, философ, тарихшы, аудармашы, сазгер.

4. Оқулықпен жұмыс.

«Ызақор» өлеңін мәнерлеп оқу, талдау.

 -Өлең кімге арналған?

-Өлеңдегі негізгі ойды анықтайтын шумақты тап.

-Егер ашу қысқан кезде не істеу керек?

Ашу қысқан кезде өзіңді өзің ұстай біл.

Ашуланған кезде 1- ден 10- ға дейін іштей сана.

Жақсы нәрсе туралы ойла.

Өзіңді ұстамды, сабырлы адаммын деп есепте.

Басқа адамдарды ренжітетініңді ойла.

Соңынан өкінетініңді есіңе ал.

Ашуды ақылға жеңдір.

5. Сергіту сәті.

Қырға шықсаң өрлеп, (қолдарын кезек – кезек жоғары көтереді)

Мұның аты – Еңбек.    (екі қолын жаяды)

Кесте тіксең, зерлеп,   (оң қолын ине ұстап қимыл көрсетеді)

Мұның аты – Еңбек.    (екі қолын жаяды)

Сабағыңды жөндеп     (жанындағы көршісіне қарап қарап қолын жаяды)

Әзірленсін – Еңбек.     (екі қолын жаяды)

Қиындықтың бәрін     (құшағын ашады)

Еңбек қана жеңбек.     (екі қолын жоғары)

 -«Адал еңбек» дегенді қалай түсінесіңдер?

 6. Топтастыру.

Еріншек:  Надан    Олақ             Ойсыз       Ұйқышыл   Жалқау

Олай болса, Шәкәрімнің «Еріншек» өлеңін оқып көрейік. Мәнерлеп оқу, талдау. «Харекет» деген сөзге түсінік беріп кету.

- Ақын еріншекті қалай суреттейді? (Оқушылар өз пікірін айтады)

-Жаман мінезден қалай арылуға болады?

 7. Дәптермен жұмыс. Мақалдарды жазу.

 8. Ой толғау.- Қазір осы оқылған, өлеңдер, айтылған мақал- мәтелдер негізінде шығармашылық тапсырмалар орындайық.(Құмаңғазының күйін орташа дуысымен орындалады)

1-топқа: Ызақор адамның бейнесін салу.  

2-топқа:Еріншек баланың суретін салу.  

 

 

Әр топ шығып өз жұмыстарын қорғайды.

 

-Мақтаншақ адам қандай болады? Бейнеле. Салған суреттер «Оқушы шығармашылығы» ретінде тақтаға ілінеді.

- Осындай балаларға ұқсағымыз келе ме?

-Ендеше, қандай бала болуымыз керек?

Талапты     Талантты     Еңбекқор     Ақылды     Оқуда озат

-Нашар мінезден қалай арыламыз?

Қортынды.-Қалай ойлайсыңдар,Абай ата бізге не айтар еді?

-Қандай нақыл сөзін атар еді?

 Үйге тапсырма. Бағалау.

Әр топтың топ басшылары бағалайды.

 

 

                     

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақ тілі   2 сынып

 

Сабақтың тақырыбы:     Жалқы есім және жалпы есім

Мақсаты:   а) Оқушылардың зат есім жайлы алған білімдерін кеңейте           

 отырып, жалқы есім және жалпы есім туралы түсінік беру.

                     

ә)Оқушылардың ой өрісін дамыту, түрлі тапсырмалар орындау   арысында танымдық, іскерлік, есте сақтау,ізденімпаздық қабілеттерін дамыту. 

 

б)Оқу және жазу арқылыоқушыларды шығармашылыққа баулу,ұқыпты-лыққа, сауаттылыққа тәрбиелеу.

 

Сабақтың түрі:  қайталау

Сабақтың әдісі: интербелсенді тақта.сұрақ-жауап, түсіндіру, СТО әдістері, көрнекілік, талдау.                         

Сабақтың көрнекілігі:  кестелер, суреттер..

Пәнаралық байланыс  :әдебиеттік оқу, дүниетану.

 

                                         Сабақ барысы

I.Ұйымдастыру кезеңі

  1.1 Оқушылар назарын сабаққа аудару.

       Балалар, бүгінгі біздің сабағымыз ерекше болғалы тұр. Себебі, сабақ күндегідей емес, интерактивті тақтаны пайдалана отырып, келген қонақтарға өз білімімізді, тәртібімізді көрсете білейік.

1.2 Тренинг «Тілек шоғы»

    Ендеше сабағымызды « Тілек шоғы»  деп аталатын тренинг  келген қонақтарға арналмақ.

              

               - Сіздерге денсаулық

               -Шығармашылық табыс

               -Отбасылық бірлік

               -Адами қарапайымдылық

               -Үлкен парасаттылық тілейміз!

 

Ал мен балалар сендерге сабақтарыңа сәттілік тілеймін! Әр ісімізге мұқият болайық.

 

II. Қызығушылықты ояту

  2.1 Миға шабуыл( жедел сұрақ)

Олай болса, балалар миға шабуыл жасап өткенге көз жүгіртейік.

— Сөз таптары деген не?( оқушы жауабы)

Ноутбуктан сызба көрсету.

 

                                      Сөз табы

 

 

      Зат есім                                                   Етістік

                          Сын есім           Сан есім

 

-Зат есім деген не?( оқушы жауабы)

-Бізді қоршаған нәрселердің барлығын не деп атаймыз?( оқушы жауабы)

-Бізді қоршаған заттар қандай күйде кездеседі?

 Деректі заттар, дерексіз заттар

-Деректі заттар деген не?-көзбен көріп, қолмен ұстауға болатын заттар.

Дұрыс айтасыңдар балалар, айналамыздағы барлық көзбен көрінетін заттар деректі заттар екен.Олар мұғалім, оқушы, кітап, гүл, парта, мектеп.

-Дерексіз заттар деген не?-Олар елеусіз көзге көрінбейтін, қолға ұстауға болмайтын затттар.

Олар қандай заттар екен?-жел, ауа, ақыл, ой, арман, қиял, сезім, тілек, ән, жыр.

Сонымен, балалар зат есім дегеніміз заттың атын, құбылысты білдіретін сөздер екен.

Ендеше мына тақтадағы кестеге назар аударып қарайық, бұл кестеден зат есім сөзге кім? не? кімдер? нелер? деген сұрақтары болады.

 

                                 Зат есім

 

Сұрақтары                                                      Түрлері

 

Кім? Кімдер?                     Жалқы есім             Жекеше        

Не? Нелер?                        Жалпы есім             Көпше           

                       Кісі аттары,                  Деректі, дерексіз

                      Жер-су аттары,             заттар мен ұғымдарды

                      Жан-жануарларға         білдіретін атаулар,

                      қойылатын аттар         жалқы есімдерден басқа зат есімдер

 

 

                    Бас әріппен жазылады.                Кіші әріппен жазылады.

 

                        

 

III.   Мағынаны ашу

     3.1 Кестемен жұмысты жалғастыру

  

 Сонымен зат есімнің бірнеше түрі бар, соның бүгін жалқы есім және жалпы есім деген түрімен танысамыз.

Таныспас бұрын есімізге түсірейікші, бас әріппен жазылатын қандай сөздермен танысқан едік?( Оқушы жауабы)

 Сөйлем басында, кісі аты жөні, жер-су аттары бас әріппен жазылатыны рас. Ал бірақ неліктен кісі аты, жер-су аттары бас әріппен жазылатындығы жайлы  бүгінгі сабағымыздағы сендердің мақсаттарың олардың бас әріппен жазылу себебін танып білу.                          

Интерактивті тақта. Картамен жұмыс

-Суретте не көріп тұрсыңдар?-ҚР-ның картасы

-Картада нелер бейнеленген?-Қалалар,өзен, көлдер, таулар.

-Қала, өзен, көл, тау аттарын атату.

-Үй жануарларының суреттерін көрсету.

-Осы жануарлардың қайсысына ат қоямыз?( оқушы жауабы)

Дұрыс айтасыңдар, бұл кісі, қала, жер- су, жан-жануарға ғана тән, осы заттарға  қойылған жеке атауы екен.Осы заттарды  атына қарай біз оларды ажыратады екенбіз.

-Суреттегі Астана, Алматы, Талдықорған-бұлардың жалпы атауы қалай аталады?-қала

-Балқаш, Алакөл, Қаратал-бұлардың жалпы атауы ше?-өзен, көлдер

-Құлагер, Ақтөс, Марғау-бұлардың жалпы атауы ше?-жан-жануарлар

Қандай туыстық атауларды білесіңдер? әже, ата, аға, әпке, ата-ана т.б

Қорытынды:Сонымен, жалқы есімдерден басқа  зат есімдерді жалпы есім дейміз. Жалпы есімдер кіші әріппен жазылады екен.

IV. Жаңа сабақты бекіту, дамыту жұмыстары

4.1. Оқулықпен жұмыс

1-жаттығу (Ауызша) Өлеңді мәнерлеп оқу. Адам аттарын тауып, сұрақ қой. Олар қандай әріппен жазылған? Аталған батырлар туралы не білесіңдер?

 

Топтастыру.

Ұлы Отан                     Жоңғар-қазақ                Қазақ-ауыз әдебиеті

 соғысы                         соғысы                           батырлар жырынан

                         

                          — Олардың мақсаты не болды?

 4.2. Дәптермен жұмыс.

Ай, күнді жазу

Көркем жазу

Аа   Аа   Аа

Алмас     Астана   Алакөл   Ақтөс 

 

V. Ой толғаныс.

5.1Шығармашылық тапсырма

 1-топ.Суретпен жұмыс.

Сурет бойынша жалқы есім мен жалпы есімдерді қатыстырып, сөйлем құрастырып жаз.

2-топ.Сұраққа жауап бер.

Не қорқақ?      Не батыр?

 Көз суреті -----------------,  Қол суреті    -------------------.

( осы сұраққа жауап беретін сөздерді табу, мақал шығуы тиіс.

 VІ.Топтық жұмыс:1-топқа жалқы есім,2-топқа жалпы есімді топтастыру

 

VII . Үйге тапсырма беру.

  147-бет 5 жаттығуды орындау, ереже жаттау.

VIII.Білімдерін бағалау

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Грамматикалық ойындар

«1001 мақал,101 жұмбақ»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік
: оқушылардың білімін одан әрі дамыту, тереңдету, ізденушілігін арттыра отырып, ой - өрісін кеңейту.
Дамытушылық: тіл байлығын молайту, ауызша және жазбаша сөйлеу мәдениетінің, сауаттылығын арттыру, шығармашылық қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушылардың бойына адамгершілік қасиет дарыту, отанға, туған жерге, тілге деген сүйіспеншілік сезімін ояту. Еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: ойын сабағы.
Сабақтың әдіс - тәсілдері: іздестіру, салыстыру, мәтін құрастыру.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта.
Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті, орыс әдебиеті.

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі:
Сәлемдесу, сабаққа алдын - ала дайындық.
Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы - 1001 мақал, 101 жұмбақ. Ойынымызды бастауға рұқсат етіңіздер. Сабағымыз сайыс түрінде өтеді. Сынып оқушылары екі топқа бөлінді. Топ мүшелерінің білімдері ұпай сандарымен белгіленеді. Сайыс бірнеше айналымнан тұрады.
1 - топ: Тілші: Қане, тауып берші!
2 - топ: Тапқыш: Білейік, кім айтқыш!
1 - айналым
Топтық тапсырма. Әр топқа тірек сөздер беріледі. Сол сөздер қатысқан мақал - мәтел айту.
1 - топқа: жолдас, бата, еңбек, халық, еріншек, жер.
2 - топқа: ақыл, өнер, сөз, жалқаулық, білім, жігіт.

2 - айналым: Мақал - мәтелді аяқтау.


1. Білімсіз өмір...
2. Отансыз адам -...
3. Туған жердей жер болмас...
4. Отан үшін отқа түс -...
5. Не ексең соны -...
6. Оқу білім бұлағы -...
7. Жақсыға сөз ілеседі,...
8. Туған жердің қадірін,...
9. Бал тамған тілден,...
10. Жылы - жылы сөйлесең,..
11. Ерінбеген етікші.

 



3 - айналым: Мақал - мәтелдердің қазақ тіліндегі баламасын табу.


1. Труд человека кормит.
2. Добрый сын – родителям радость.
3. Хлеб всему голова.
4. Глаза бояться, руки делают.
5. Труд украшает жизнь.
6. Сила в знаний - знание в книгах.


 



4 - айналым.
«Кім тапқыр?» ойыны бойынша мақалдарды антонимдермен толқықтыру.

ә ) Ашу...................., ақыл...................
а)............ сөз - көмір,.................... сөз - алтын.
б )............ еңбектен -....................... нан.
в )............... қорқақ, қол.........................

5 - айналым
7, 3 сөзі қатысатын қандай тіркес, қандай халықтық ырым - тиымы бар, тиым сөздердің мәнін түсіндір
Қыздың басына ақ, қара орамал тартпайды.
Тізеңді құшақтама.
Үйде ысқырма.
Үйдегі жан басын санама.
Нанды бір қолыңмен үзбе.
Аққуды атпа.
Малды теппе, ақты төкпе.

6 - айналым
Аралас сөздерден мақал құрастыру.
1) Атандырады, ер, еңбек.
2) Ыстық, оттан да, Отан -.
3) Ер, болар, сүйген, елін.
4) Қазғандай, құдық, оқу -, инемен.
 
7 - айналым
Балалар, қазақша ай аттарын білеміз бе? Қәне, енді «Жаңылдырсаң да жаңылмаймын» ойынын ойнаймыз. Тақтаға жазылған қате жазуларды дұрыс жазып шығу.
1 - топқа: пақна, мазыт, деліш, суірә.
2 - топқа: мысума, зақан, арқаша, рыкүқыйке.

8 - айналым
Сурет бойынша мақал - мәтел құрастыру.
Ұстаз, ат, нан, көз, бас, қол.

9 - айналым
Жұмбақтарды шешу.


1. Қанаты жоқ ұшады,
Аяғы жоқ желеді,
Аузы жоқ ұлиды.

2. Иір - иір ізі бар,
Құлағы жоқ, көзі бар.

3. Аузы жоқ, қолы жоқ,
Ұшқан құстан озады.

4. Күндіз бар, түнде жоқ.

5. Қабат - қабат қаттама,
Ақылың болса аттама.

6. Кішкентай ғана бойы бар,
Қабат - қабат тоны бар.

7. Ақ сандығым ашылды,
Ішінен жібек шашылды.

8. Басында таяғы бар,
Төрт аяғы бар.
Иегінде сақалы бар.
9. Темір тілді,
Күміс үнді.
10. Түк білмей барасың,
Тәлімін аласың.
Есейіп кетсең де,
Қарыз болып қаласың.

11. Суға батпайды,
Отқа жанбайды.


10 - айналым
Тұрақты сөз тіркесінің мағынасын жазу.
1. Иығынан су кету -
2. Тонның ішкі бауындай -
3. Ат шаптырым жер -
4. Таяқ тастам жер -
5. Екі көзі төрт болу -
6. Тайға таңба басқандай -
7. Ит өлген жер -
8. Тілді үйіреді -
9. Көз шырымын алу -
10.
Қоян жүрек -
11 –айналым .Қазақ тіліне аударып шешуін табыңыздар.
1. На дворе горой,
А в избе водой.
2. Без рук, без ног, а рисовать умеет.
3. Зимой и летом одним цветом.
4. Не лает, не кусает, а в дом не пускает.
Оқушылардың білімін бағалау: шапшаңдық, сөздік қор, логикалық ойлау, мәнерлі сөйлеу, ойын анық жеткізе білу.Тілшілерге! « Озат тілші», тапқыштарға - «Тапқыш ұлан»деген атақ беру 

 

 

                        

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Сабак жоспары:Жалкы есім мен жалпы есім,"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист по выставочной деятельности

Получите профессию

Няня

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 660 227 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 19.11.2015 1076
    • DOCX 31.2 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Балпанова Гульмира Оразалиновна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 5 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 11883
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Технолог-калькулятор общественного питания

Технолог-калькулятор общественного питания

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Внедрение Федеральной образовательной программы начального общего образования

36/72/108 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 286 человек из 55 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 101 человек

Курс профессиональной переподготовки

Математика: теория и методика преподавания в сфере начального общего образования

Учитель математики в начальной школе

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 126 человек из 44 регионов
  • Этот курс уже прошли 179 человек

Курс повышения квалификации

Инновационные технологии управления профессионально-педагогической деятельностью учителей начальной и средней школы в условиях реализации ФГОС

72/144/180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 84 человека

Мини-курс

Финансовый анализ

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 20 человек из 12 регионов

Мини-курс

Дизайн-проектирование: практические и методологические аспекты

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психология детей и подростков с дромоманией

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 21 человек из 18 регионов
  • Этот курс уже прошли 14 человек