Инфоурок Другое Другие методич. материалыСабақ"Кіші калибрлі винтовкадан атыс жүргізу кезіндегі қауіпсіздік шаралары"

Сабақ"Кіші калибрлі винтовкадан атыс жүргізу кезіндегі қауіпсіздік шаралары"

Скачать материал

Сабақтың тақырыбы: Кіші калибрлі винтовкадан атыс жүргізу кезіндегі қауіпсіздік шаралары.

1.       Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларға атыс жүргізу кезіндегі қауіпсіздік шараларын үйрету.

       2. Есте сақтау, ойлау қабілеттерін дамыту.

       3.Отанын, Елін, жерін, халқын сүюге, Отан қорғауға тәрбиелеу, патриоттық сезімге баулу.

2.       Уақыты: 45 минут.

4.       Өткізілетін орны:

5.       Өткізілетін  күні:

6.       Көрнекілік құралдар: АӘД оқулығы, ИЖ-38 винтовкасы

7.       Сабақтың барысы:

    а) Ұйымдастыру кезеңі – 5 минут.

Взвод командирі оқушыларды сапқа тұрғызады, оқытушыға рапорт береді, амандасу, түгендеу, оқушылардың сырт көрінісін тексеру.

       ә) Өтілген тақырыпты сұрау кезеңі –  10 минут.

-           автоматты (пулеметті) тазалау қандай мақсатта, қай уақытта және қандай майлармен  жүргізіледі?

-           автоматты (пулеметті) тазалау және майлау реті қандай?

-           бөлімшелердің кзармада және далада орналасуы кезінде автоматты (пулеметті) сақтау жағдайлары туралы айтыңдар.

-           автоматтан (пулеметтен) ату кезінде қандай ақаулықтар болады және оларды ұандай жолдармен жоюға болады?

 

  б) Негізгі бөлім – 25 минут.  

 Кіші калибрлі винтовкадан атыс жүргізу ережелері мен тәсілдері.

Кіші калибрлі винтовкадан атыс жүргізу кезіндегі қауіпсіздік шаралары.

Атыс жүргізу кезіндегі қауіпсіздік олардың нақты ұйымдастырылуымен, атыс алаңында немесе ТИР-де белгіленген тәртіп пен ережелерді білу және қатаң сақтау арқылы, барлық атысқа қатысушылардың жоғары тәртіптілігімен қамтамасыз етіледі.

Атыс алаңында немесе ТИР-де атыс жүргізушілермен қатар айналадағы адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және сәтсіз жағдайларды болдырмау мақсатында:

-     атысты ақаулы қарудан жүргізуге және ақ жалау көтерілгенде атыс жүргізуге;

-     атыс басшысының пәрменінсіз қаруды алуға және оқтауға;

-     тіпті оқталмаған автоматтың өзін айналадағы адамдарға, сондай-ақ нысанаға, тылға, осы бағытта адамдар бар болатын болса, бағыттауға немесе көздеуге;

-     оқтаулы қаруды атыс шебінен шығаруға;

-     атыс басшысының пәрменінсіз оқтаулы қаруды басқа адамдарға беруге немесе оны қай жерде болсын қалдыруға;

-     «Ат!» пәрменінен «Тоқтат!» пәрменіне дейін бөгде адамдарға атыс шебінде болуға тиым салынады.

Атқыш қаруды оқталғанына немесе оқталмағанына қарамай, бұрышын 60град асырмай жоғары қарата ату бағытында ұстап тұруға міндетті.

Кіші калибрлі винтовкадан атудың тәсілдері. Кіші калибрлі винтовкадан дәлдеп атуға үйрену үшін ату тәсілдерін орындауға жаттығу қажет. Винтовкадан ату тәсілдері атысқа оңтайлану, көздеу, шүріппені басудан тұрады.

Атуға оңтайлану. Атуға дұрыс оңтайлану винтовканың тұрақтылығын қамтамасыз етеді.

Атуға ең ыңғайлы жағдай – жатып ату, өйткені ол атқыш пен винтовканың ең жақсы тұрақтылығын қамтамасыз етеді.

Жатып атуға ыңғайлануға оқтау мен винтовканы орнықтыру жатады.

Жатып атыс жүргізу үшін жағдай. Винтовканы ауыз жағын алға қаратып, оң қолда ұстап тұрып, атқыш оң аяғымен алға және сәл оңға толық адым жасайды. Алға қарай еңкейіп, сол тізесіне тұрады. Сосын, сол қолмен жерге тіреліп, сол аяқтың жамбасы мен сол қолдың білегіне ығысады. Сол бүйіріне жатып, аяқтарының ұштарын сыртқа қаратып аздап алшайтады. Бұл кезде дене корпусы атыс жазығына қатысты 25-30градус болатындай етіп жатады. Винтовка құндағымен сол қолдың алақанына салынады.

Кіші калибрлі винтовканың оқталуы оң қолымен жүргізіледі. Бекітпені ашып және артқа қарай жылжытып, оқсауытты бас және сұқ саусақтарымен алып, оқтыққа оқты енгізу керек; бас бармақпен патрондағы оқсауыттың шеті ұңғыға тигенінше итеріліп, бекітпе жабылады.

 Кіші калибрлі винтовканы орнықтыру үшін сол қолдың шынтағы винтовканың астына келтіріледі, ал білегі винтовканың құндағы саусақтарда емес, сол қолдың алақанына жататындай етіп алға жіберіледі. Оң қолмен дүм алынады да, иыққа тіреледі. Сосын оң қолмен дүм мойны орап алынып, сұқ саусақтың бірінші буыны ағытқыш ілмекті басады да, шынтақ жерге тіреледі. Басы сәл алға еңкейтіліп, оң жақ беті дүмнің жоғарғы бөлігіне тигізіледі. Атқыш винтовканы орнықтыруды аяқтап, көздеуге кіріседі, сосын бірнеше секундқа екі көзін жұмады да, оң не сол көзін ашып қаруды нысанамен салыстырғанда, қай бағытқа бағытталғанын қарайды.

Егер қарауыл көздеу нүктесінен солға (оңға) қарай орналасқан болса, онда бүкіл денені сол (оң) жақ шынтақты қозғамай, солға (оңға) қарай бұрады. Егер винтовка төмен қарай бағытталған болса, онда алға қарай жылжиды. 

Тексеру кезінде қарауыл көздеу нүктесінің дәл астында қалатын жағдай дұрыс болып есептеледі.

Жатып ату жағдайында тіреу қолдануға болады. Тіреуден ату кезінде сол қол саусақтары тіреуге қойылады да, оның үстіне винтовка сағағымен қойылады. Тіреуге қатысты алғанда дене тұрқының дұрыс жағдайда атқыш оны өзіне ыңғайлы және дұрыс қалыпқа келгенше, аз ғана алға не артқа жылжытады.

Көздеу дегеніміз – қарудың ұңғы арнасына нысананы жоюға қажетті бағыт беру деген сөз. Ол көздеуіш пен қарауыл арқылы жүргізіледі.

Ашық көздеуіштен ату кезінде сол жақ көзді қысып, ал оң көзбен көздеуіштің ойығы арқылы қарауылға қарап, қаруыл ойықтың ортасында, ал оның төбесі көздеу тақташасы қырының жоғарғы шеттерімен бірдей болатындай етіп бұру керек.

Қарауылдың мұндай жағдайы «тегіс қарауыл» деп аталады.

Қара шеңберлі («алмамен») нысанаға атыс жүргізу кезінде көздеуді атқыш көздеу кезінде «алма» (нысана) жартысын және қарауыл ұшын айқын көретіндей кішігірім жарық сәулесімен жүргізу керек. Үйренуші атқыштардың көздеу кезіндегі орын алатын қателіктері мыналар: ұсақ қарауыл кезінде – ойылмалар төменде болады, ірі қарауылда – көздеу нүктесінен жоғары болады.

Тыныс алу. Атыс дәлдігіне атқыштың тыныс алуы маңызды әсер етеді. Егер шүріппені басу кезінде дем шығарылса, онда қару көлденең және тік бағытта тербеледі, өйткені дем шығару кезінде төмен түсіріледі, ұңғы жоғары қарата көтеріледі, ал дем алғанда, керісінше болады. Бұл жағдайларды болдырмау үшін, көздеу және шүріппені басу кезінде дем шығармау керек. Шүріппені басар алдында тыныс алу, сосын жартылай дем шығару және 7-10сек. Дем шығармай тұру керек. Бұл уақыт дұрыс көздеу мен шүріппені басу үшін жеткілікті.

Шүріппені ағыту үшін автоматты сол қолмен құндағынан немесе оқжатардан тік ұстап, ал оң қолмен тапаншалық тұтқасынан ұстап, иыққа қысып, демді ішке тартып, атыс болғанша ағытқыш ілмекті жайлап басу керек. Шүріппені ағытқанда тегіс қарауылдың көздеу нүктесі тұсында сәл тербелгеніне мән беруге болмайды. Тегіс қарауылдың көздеу нүктесімен ең жақсы үйлесуі сәтінде ағытқыш ілмекті ақырына дейін басуға тырысқаннан ағытқыш ілмек, әдетте, жұлқи басылады да, атыс дәл болмайды. Егер көздеу және ағытқыш ілмекті басу кезінде бұдан әрі дем алмай шыдауға болмайтыны сезілсе, қайта дем алып, дем шығарғанда қайта тоқтап, көзді дәлдеп барып ағытқыш ілмекті басу керек.Атыс дәлдігінің тұрақтылығы дұрыс көздеу мен шүріппені басудан тұрады.

Жақсы көздеп тұрып ағытқыш ілмекті кілт басып қалса, онда оқ үлкен ауытқумен ұшады, өйткені саусақтың кілт қозғалысы көздеуді бұзады. Сондықтан демді ішке тартып, ағытқыш ілмекті еппен және тегіс басып, сонымен бірге ойықтағы қарауыл мен көздеу нүктесінің дұрыс орналасқанына бақылау жасау керек.Сұқ саусақты ілмекке оң қолмен қойып, ал саусақ қысымының күші ұңғы арнасы осінің бойына тегіс бағытталуы керек. Ілмек саусақты дұрыс қоймаса, қысым бұрыш астына бағытталады, бұл винтовканың орнын ауыстырып жіберіп, көздеудің бұзылуына әкеп соғады.

    В) Қорытынды бөлім – 5 минут.

          Сұрақтар мен тапсырмалар:

-           Кіші калибрлі винтовкадан атыс жүргізу кезінде қандай қауіпсіздік шаралары қабылданады?

-           Атыс жүргізуге дұрыс оңтайлану нені қамтамасыз етеді?

-           Жатып ату үшін оңтайланудың дұрыстығын тексеру қалай жүргізіледі?

-           Тегіс қарауыл деген не және оның көздеу кезіндегі рөлі қандай?

-           Көздеу және шүріппені басу кезіндегі орын алатын қателіктерді атаңдар?

-           Көздеу кезіндегі қателіктердің ұрыста неге әкеліп соқтыратынын айтыңдар?

 

Тексерген:

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Сабақ"Кіші калибрлі винтовкадан атыс жүргізу кезіндегі қауіпсіздік шаралары""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Менеджер спортивного клуба

Получите профессию

Менеджер по туризму

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 654 263 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 07.04.2016 5691
    • DOCX 45 кбайт
    • 16 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Сулейманов Каныбек Муратбекович. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 1 месяц
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 5780
    • Всего материалов: 1

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Методист-разработчик онлайн-курсов

Методист-разработчик онлайн-курсов

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 120 человек из 43 регионов

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 34 человека из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 151 человек

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 477 человек из 69 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 319 человек

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 284 человека из 67 регионов
  • Этот курс уже прошли 846 человек

Мини-курс

Управление рисками в бизнесе: анализ, оценка и стратегии

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Методические навыки и эффективность обучения школьников на уроках литературы

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Создание контента и заработок в онлайн среде: регулирование, продвижение и монетизация

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 240 человек из 60 регионов
  • Этот курс уже прошли 60 человек