Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Доп. образование / Статьи / "Сабақта диалогтік әңгімені қолдана отырып, оқушылардың когнитивті дамуын жетілдіру" тақырыбы бойынша шығармашылық есеп

"Сабақта диалогтік әңгімені қолдана отырып, оқушылардың когнитивті дамуын жетілдіру" тақырыбы бойынша шығармашылық есеп



  • Доп. образование

Поделитесь материалом с коллегами:

Шығармашылық есеп

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі: Нархашова Рабия Нуралбаевна

Тақырыбы: Сабақта диалогтік әңгімені қолдана отырып, оқушылардың когнитивті дамуын жетілдіру.

Когнитивті даму- адамның когнитивтік ортасының, атап айтқанда оның қабылдауының, есте сақтауының, ойының, тілінің қиялының қалыптасуы мен дамуы процесі.

Екінші деңгейлі мұғалім ретінде міндеттерім:

1. Екінші деңгей бағдарламасының негізгі идеялары туралы рефлексивті ойлау;

2. Іс- әрекетті жоспарлау және жүргізу.

3. Мұғалімдер тобын оқытуды басқару мақсатында коучинг және тәлімгерлік жүргізу.

4. Екінші деңгей бағдарламасының жеті модулі ықпалдастырылған тізбектелген сабақтар топтамасын жоспарлау және жүзеге асыру үдерісіндегі тәлімгерлік.

Атқарылған жұмыстың есебі


1

16. 10. 2015 ж.

"Белсенді оқыту стратегиялары арқылы оқушылардың функционалдық оқу сауаттылығын дамыту" коучингі

Коучингті не сәтті өтті?

Коучингте жоспарланған стратегиялардың бәрі де сәтті өтті деп айта аламын. Себебі, қатысушы әріптестерімнің бал- бұл жанған жүздерін, ризашылықтарын көріп, менің де марқайып қалғаным рас. Коучингтің әрбір сәтін ой елегінен өткізіп тек бақытқа бөлендім. Коучингте екінші деңгей бағдарламасының негізгі мазмұны өзара байланысты жеті жеке модуль шеңберіндегі Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, диалогтік оқыту, бірлескен оқу, Сын тұрғысынан ойлауға үйрету, Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау түрлері қамтылды. Мұғалімдерді белсенді әдіс- тәсілдер арқылы сын тұрғысынан ойлауға,ой -пікір, пайымды қалыптастыруға, диалогтік оқуын ықпал ете білдім деп ойлаймын.Коучинг арқылы Чиксентмихайдың "өзіндік мақсат" деп атайтын, және Райан мен Декидің "ішкі уәж" деп атайтын қасиеттерінің болуына жағдай жасауға тырыстым. Басқаша айтқанда,

әріптестерім өзін- өзі ынталандыруға әсер етіп қызығушылығын оята білдім деп ойлаймын.

  • Мен өткізген коучинг сабағының нәтижесінде менің мұғалім әріптестерім нені үйренді:

  • 1. Белсенді оқыту стратегиялары арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жолдарын үйренді.

  • 2. Сын тұрғысынан ойлауға қалай үйретуге болатынын үйренді.

Сұрақ қою маңызды дағдылардың бірі болып табылатытын, себебі сұрақ дұрыс қойылған жағдайда оқудың тиімді құралына айналатынын және оны жақсарта және кеңейте алатынын түсінді. Жіңішке сұрақтар- қарапайым сұрақтар, ал жуан сұрақтар - талдауды, жинақтауды, бағалауды қажет ететін сұрақтар екенін түсінді.

1. "Шатастырылған логикалық тіркестер"стратегиясы,

2. Ойлан- жұп, тауып ал, Бөліс" стратегиясы,

3. "Желпігіш" стратегиясы негізінде "Жуан және жіңішке сұрақтар"

4. "Ақылды үкілер" стратегиясы,

5. "Блум түймедағы" стратегиясы

6. "Ойлаудың алты қалпағы" стратегияларымен танысты, оларды сабақта қалай пайдалануды үйренді.

2

09. 11. 2015 ж.

Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер- Диалогтік оқыту

Бұл коучингте диалогтік оқытумен қатар, Оқу үшін бағалау және оқуды бағалау , СТО модулдері қамтылды. Әрбір тапсырманы өздері алдымен тәжірибеде орындап содан соң сол тапсырма жайлы теориялық ақпарат алуы жүйелі, әрі нақты орындалған жұмыс деп айтар едім. Әріптестер тапсырма орындау барысында қандай әрекеттер жасағанын санамалап айта отырып, өздері ереже шығарып, тұжырым жасай білуі бүгінгі коучингтің мақсатқа жетуінің бірден- бір себебі.

Мен өткізген коучинг сабағының нәтижесінде менің мұғалім әріптестерім нені үйренді?

1.Топқа бөлудің әдістерін үйренді. 2. Диалогтік оқытудағы әңгіме түрлерімен танысып, тәжірибе арқылы толық түсінді. 3. Диалогтік оқытуда сұрақ қою маңызды дағдылардың бірі екенін түсінді. Сұрақ қоюға дағдыланды.

Коучинг барысында әріптестерім диалогтік оқытуда әңгіме түрлерінің бір- бірінен айырмашылығын түсінді, диалогтік оқытуда сұрақ қою маңызды дағдылардың бірі екенін біле отырып, сұрақтың түрлерімен танысу нәтижесінде сұрақты дұрыс әрі нақты қоя білуге дағдыланды. Осы сұрақ қою барысында 1- топтағы Эралиева Раноның, Худайбергенова Зухралардың қарсы топқа қойған ұтымды сұрақтары көңілімнен толықтай шықты. Сұраққа жауап беру барысында мұғалімдер өз идеяларымен таластыра да білді. Қарсы топқа әңгіме түрлерін қатыстырып, әңгіме- дебат түрін сахналауын да тапсырма етіп берді. Тапсырманы бойынша әңгіме -дебатты топ сәтті орындап шықты

3

09. 12. 2015ж.

А. Байтұрсынов "Ақын ініме" ашық сабақ


Мұғлімдерді Lesson studyге тарту, оқу саласындағы зерттеулер туралы кәсіби пікір алмасуға бастама жасадым.

3

14. 12.2015 ж.

Кіріктірілген білім беру бағдарламасы бойынша "Жақты және жақсыз" сөйлемдер тақырыбында ашық сабақ

Сабақты Б.Блум таксономиясы негізінде жоспарладым. Білу деңгейі бойынша "Ұжымдық әңгіме" әдісін пайдаланып өткен тақырыпты пысықтадық. Мұндағы мақсат: оқушылар бір тақырып төңірегінде логикалық байланысты сақтай отырып, бір -бірінің сөзін үзбей жалғастырып кету. Бүгінгі жаңа тақырыпқа бағыттау негізінде жай сөйлем туралы түсініктерін жандандырып өттім.

Бұл сабақта менің оқушыларым нені үйренді:

1. Жақты және жақсыз сөйлемді ажырата білуге үйренді. Жақты сөйлемнің баяндауышы жасырын түрде де келетінін, жақсыз сөйлемнің жасалу жолдарын меңгерді.

2. Попс формуласы", "Төрт сөйлем, Блум деңгейлік тапсырмалар орындау тәсілі бойынша мәтінді зер салып оқуды, мәтіннің мазмұнын түсіне отырып, оған өз пікірлерін дәлелмен жеткізе білуді үйренді. Өмірден алған мысалдар негізінде ойларын дәлелдеп, қорытынды жасай білді.


Мен өз сабағымда ұлттық мектептің оқушылар болғандықтан " Патшаның даналығы " мәтінін ала отырып, тапсырманы топтық жұмыс ретінде беруді ұйғардым. Мәтін бойынша 1- топқа "Төрт сөйлем" әдісі, 2- топқа "Попс формуласы", 3- топқа мәтін негізінде Блум деңгейлік сұрақтары, 4- топқа "Попс формуласы" бойынша мәтінге өз көзқарасын білдіруге жетеледім. Тілдік төрт дағды арқылы оқушыларым грамматикалық тақырыпты да мәтінмен жұмыс жасауды да сәтті орындап, қатысушыларды таң қалдыра білді. Сабақта барлық оқушы толық қамтылды.


4

20. 02. 2016ж.

Сын тұрғысынан ойлау арқылы оқушылардың шығармашылық қабілетін арттыру

Коучингте не сәтті өтті?

Коучингте орындалған стратегиялардың бәрі де сәтті өтті деп айта аламын. Себебі, қатысушы әріптестерімнің бал- бұл жанған жүздерін, ризашылықтарын көріп, менің де марқайып қалғаным рас. Коучингтің әрбір сәтін ой елегінен өткізіп тек бақытқа бөлендім. Өз мақсатыма жеттім деп толықтай айта аламын. Себебі мен бұл коучингті жоспарлау кезеңінде әріптестеріме берілетін тапсырманы өз бойымнан өткізіп, өзім де ерекше сезімге беріліп, бар ынта- жігеріммен жоспарладым. Және мұның сәтті өтуіне кәміл сендім. Алғашқы тапсырмадан -ақ мұғалімдер өз бойындағы шығармашылық деңгейлерін байқата білді. Әсіресе жас мамандар жағы әрбір тапсырманы ерекше, ынтамен орындап өз қабілеттерін ортада байқатқысы келді. Бұл да жас мамандардың арасында бәсекелестіктің туындауы. Бәсеке болған жерде өсу, даму болары сөзсіз. Мен бұған қуандым. Қатысушы топтар әрбір тапсырманы бағалау критерийлерін еркере отырып, жоғары деңгейде орындап шықты. Ізденіп, бірінің ойын бірі толықтырып, топта ынтымақтастық орнады. Әрбір тапсырманы үлкен махаббатпен орындады. "Ойлаудың алты қалпағы әдісін" де көптеген мұғалімдер енді танысып отырғанын айтып, әдісті сабақтарына кіріктіруге қызығушылықтары артты.

Бағдараманың идеяларына қатысты мұғалімдерді оқытуды бағалау

Мен өткізген коучинг сабағының нәтижесінде менің мұғалім әріптестерім нені үйренді:

1. Сын тұрғысынан ойлау арқылы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттыру жолдарын үйренді.

2. Бағалау критерийлерінің мақсатқа жету жолындағы маңыздылығын түсінді.

3. Айтылым, Тыңдалым дағдыларының сабақта пайдалану жолдарын, оның тиімділінін үйренді.

4. Болжау стратегиясының маңыздылығын түсінді.

5. Сын тұрғысынан ойлаудың жаңа бір әдісі "Ойлаудың алты қалпағы" әдісімен танысты.Әр түске орай түрлі пікір айтуды үйренді

5

2015- 2016 оқу жылында-ғы жетістік-терім


Мен жеткен жетістіктер:

1. Кіріктірілген білім беру бағдарламасы бойынша "Тыңдалым", "Айтылым", "Оқылым", "Жазылым" дағдыларын дамытуға арналған оқыту семинарын аяқтап сертификатталдым.

2. Өрлеудің 50 жылдың мерейтойына арнап шығарылған "Деңгейлік бағдарламалар аясындағы игі істер, тәжірибелер, пікірлер" тәжірибелік жинағына "Өрлеу- өресі биік жаңалық жаршысысың!" тақырыбындағы пікірім жарияланды.

3. Педагогтардың кәсіби шеберлігін анықтау барысында ұйымдастырылған I Республикалық "Жылдың үздік 100 мұғалімі" атты конкурс жеңімпазы атанып, төсбелгімен марапатталдым. Үздік сабақ үлгісі деп танылған сабағым Республикалық журналға жарияланды.

4. Бейне коучинг-сабақтарды формативті бағалау арқылы екінші(негізгі) деңгей бағдарламасы бойынша сертификатталған мұғалімдердің озық тәжірибелерін анықтау мақсатында өткізілген "Мен және менің коучингім" байқауында "Коучинг сабағының үздік жоспары" номинациясымен марпатталдым.

5. Портал бойынша "Жаңашыл, инновациялы мұғалім" номинациясына ие болып, 42 300 ұпайға ие болдым.


6

Жыл бойы

Екінші деңгей бағдарламасының міндеті: Өз әріптестерінің тәжірибесін жетілдіру мақсатында оларды оқыту, тәлімгерлік ету.

Тәлім алушыларым:

1. Исмаилова Рано

2. Исмаилова Севара

3. Фахрутдинова Тахмина

4. Бекова Қарлығаш

5. Божбанбаева Шолпан

6. Искендерова Гульназ

7. Тойлыбаев Эльдар . Тәлім алушылармен оқыту тәдірибесін жетілдіру мәселелері бойынша жұмыс жүргізілді. Оң нәтиже байқалды.


7



Жыл бойы



Өз сабақтарымда


"Сабақта диалогтік әңгімені қолдана отырып, оқушылардың когнитивті дамуын жетілдіру" мақсатында Яғни, атап айтқанда, оқушылардың қабылдауының, есте сақтауының, ойының, тілінің, қиялының қалыптасу мен дамуы.

Мен 2015- 2016 оқу жылында 8- "А", "Б","В" және 5- "А", "Б","В" өзбек сыныптарына қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен сабақ беремін. Оқу жылының басында өз пәнім бойынша әр сыныпқа арнап орта мерзімді жоспар құрып мектеп директоры бірінші деңгейлі мұғалім Сихамбекова Ж.А. тарапынан бекіттірдім. Орта мерзімдегі жоспарға сай қысқа мерзімді сабағымды жоспарлап келемін. Сабағымды Б.Блум таксономиясы деңгейіндегі оқу тапсырмалары негізінде жоспарлап жүрмін. Блум жүйесінде сабақтағы мұғалімнің іс- әрекеті- жеке тұлғаға қарай бағытталған тапсырмалар ұсынушы, нақты мақсат қоюшы, бағыт бағдар беруші, оқушының жетістігін құптаушы, ынталандырушы, мақсаттарға жетелеуші. Мен осы қасиеттерді бойыма сіңдіре отырып, оқушының өз пәнімді ынта - ықыласпен оқуына, үнемі өз бетінше ізденуіне ықпал ете білдім деп ойлаймын. Мен биыл ғана жаңадан алған 5 - сынып оқушыларым жаңаша әдіс- тәсілдерге жан- тәнімен кіріседі десем артық болмас. Сабақтарымда оқушыны диалогтік әңгімеге тарта отырып, ауызекі сөйлеу мәдениетін қалыптастыруға, ойы мен қиялын дамытып, ерекше ойлауға бейімдеуге көп көңіл бөлдім. Алғашқы айларда түрлі тақырыпта шығармалар жазуға бейімделді. Ол үшін оқушы өздігінен үйде жан- жақты ізденіп жазатын болды. Ол жазып келген шығарма, ой толғауларына оқушылармен бірге алдымен критерий құрып, оқушы жақсы баға алу үшін сол критерийлерге сай етіп тапсырма орындауға әрекеттенді. Оқушылар шығармашылық жұмыспен айналысуға қызығушылығы арта түсіп, сабақта уақыт жетіспейтіндіктен оқушылар сабақтан тыс уақытта келіп өз шығармаларын оқып бойларын қуаныш сезім биледі. Оқушылардың мұндай әрекеттері мені одан да жігерлендірді, ерекше тәсілдер тауып оларды жан- жақты ашуға әрекеттендірді. Тез қабылдайтын қабілетті оқушылардың ынтасын арттырып, барып оларға үлгерімі төмен оқушыны дамытуға бірге ат салысуға үндедім. Осылайша бүгінгі 5- сыныптағы оқушыларым топтық, жұптық жұмыс жасау негізінде бірін- бірі дамытып, табысты оқуға қол жеткізіп келеміз. Менің сабағыма деген ата- аналардың көзқарасы да мені қуантырады. Үйге берілген тапсырманы ата- аналарының көмегімен орындауға да тапсырамын. Осылайша ата- ананың да өзімнің пәнімен деген ерекше құрметін арттырғым келеді.

Диалогтік оқытуда сұрақ қою маңызды дағдылардың бірі болып табылады. Сондықтан да мен сабақта ашық сұрақ, жабық сұрақ , түсіндірме сұрақтар, жетектеуші сұрақтар, түрткі сұрақтар, сынақтан өткізу сұрақтары , басқаға бағыттау сұрақтарын пайдаланудың нәтижесінде бүгінгі күнде оқушылар да сұрақты пайыммен дұрыс қоя білуге, оған дәлелмен жауап бере білуге дағдыланып келеді.Әр сабақта оқушыларды селт еткізерлік жаңалықпен жоспарлағанды ұнатамын. Оқушыларым да соған үйренген. Менің түсінгенім, оқушыларды бір дұрыс бағыт беріп анық жолға салып қойсаң өздері -ақ ілгері басуға әрекеттенеді екен. Тек дұрыс бағыт беріп, айқын жолды көрсетіп отырсаң болғаны. Сегізінші сыныптарыма екі жылдан бері интербелсенді әдістермен сабақ өтіп келемін. Олар әбден төселген деп те айта аламын. Осы жылы қараша- желтоқсан айларында НЗМ де кіріктірілген білім беру бағдарламасы бойынша "Тыңдалым", "Айтылым", "Оқылым", "Жазылым" дағдыларын дамытуға арналған оқыту семинарына қатысып, өз тәжірибеме тағы да жаңалықтар қостым. Оқушыларыма сабақта тәжірибе жасап оң нәтижесін байқадым. Әріптестерімді шақырып ашық сабақ өттім. Оқушылар грамматикалық тақырыпты меңгерумен қатар мәтінмен жұмыс жасап, оқу сауаттылыған да арттырды. "Төрт сөйлем " тәсілі бойынша мәтінді зер салып оқуды, мәтіннің мазмұнын түсіне отырып, оған өз пікірлерін дәлелмен жеткізе білуді үйренді. Өмірден алған мысалдар негізінде ойларын дәлелдеп, қорытынды жасай білді. Бұл тәсілдер менің зерттеу жұмысымның мәнін ашатына анық.

Баланың кез- келген нәрсеге пікірін сұрап отыру оны қолдап отыру негізінде қашанда мұғалім мен оқушы арасында достық қарым - қатынас, сенімділік пайда болатынына өз тәжірибем арқылы көз жеткіздім.

"Попс формуласы" бойынша мәтіндегі ой негізінде өз көзқарасын жеткізе білуге, мысалдар, фактілермен дәлелдеуге, қорытынды ой айта білуге бейімделді.

Ал, Блум деңгейлік тапсырмаларын орындау барысында оқушылар білу, түсіну, қолдану, талдау, жинақтау, бағалау деңгейлері бойынша сұраққа нақты жауап беруге, мәтін бойынша өз көзқарастарын білдіруге үйренді. Бірінің ойын бірі толықтырып, ой мен қиялдың дамуына ерік бере білді. Мәтіннің негізгі идеясын анықтап, оған өмірден алынған мысалдар мен мақал- мәтелдер, даналық өсиет сөздер негізінде ойларын толықтырып отырды. Оқушылардың жас ерекшелігіне сай дұрыс ұйымдастырылған сабақ оқушы мен мұғалімнің арасында достық, сыйластық, құрмет сезімдерін оятады. Мен бұл сабақты тәртібі нашар, сабаққа немқұрайлы қарайтын сыныппен өткіздім. Бірақ оқушылар өздерінің сабаққа белсенді қатысқандарын, қызыққандарын айтып өздеріне көңілдері толды. Қатысқан мұғалімдер де дән ризашылықтанын білдірді.
















6


Автор
Дата добавления 06.06.2016
Раздел Доп. образование
Подраздел Статьи
Просмотров176
Номер материала ДБ-111498
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх