Инфоурок Иностранные языки ПрезентацииСабақта қолданылатын Әдістер барлық пән мұғалімдеріне арналған

Сабақта қолданылатын Әдістер барлық пән мұғалімдеріне арналған

Скачать материал
Скачать материал "Сабақта қолданылатын Әдістер барлық пән мұғалімдеріне арналған"

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Руководитель научной организации

Описание презентации по отдельным слайдам:

  • Интербелсенді әдістер

    1 слайд

    Интербелсенді әдістер

  • Мұғалім әдістерді  көп білуге тырысу керек, оларды өзіне сүйеніш, қолғабыс ет...

    2 слайд

    Мұғалім әдістерді көп білуге тырысу керек, оларды өзіне сүйеніш, қолғабыс ету әрбір маманның жадында болуы тиіс.
    А. Байтұрсынұлы

  • Оқытудың кейбір тәсілдерін қолданғанда мәліметтің 24 сағат ішінде есте сақт...

    3 слайд



    Оқытудың кейбір тәсілдерін қолданғанда мәліметтің 24 сағат ішінде есте сақталуы (Н.Сандерстің кестесі)


    Лекция – 5%
    Оқу-10
    Аудио-видео -15
    Көрнекіліктер -30
    Пікірта-лас -50
    Практика -75
    Білімді дереу қолдану-90

  • Мәліметтің игерілуі (Вильям Глассердің кестесі)Тыңдағанда  – 20%Оқыған-да...

    4 слайд



    Мәліметтің игерілуі (Вильям Глассердің кестесі)


    Тыңдағанда – 20%
    Оқыған-да-10
    Көргенде -30
    Көріп, тыңдағанда -50
    Пікірта-ластырғанда -70
    Тәжірибе жасағанда -80
    Басқаны үйреткен-де-90

  • Ойсергектер

    5 слайд

    Ойсергектер

  • Танысу ойсергектері

    6 слайд

    Танысу ойсергектері

  • Биопоэма (Өмірбаяндық поэма)Есімім
Мен қандаймын?
Сүйікті іс-әрекеттерім
Неде...

    7 слайд

    Биопоэма (Өмірбаяндық поэма)
    Есімім
    Мен қандаймын?
    Сүйікті іс-әрекеттерім
    Неден қорқамын, сескенемін?
    Өмірлік қағидам
    Сүйікті ақын-жазушыларым
    Сүйікті тағамдарым
    Менің жетістіктерім
    Менің арманым
    Фамилиям

  • Қар көшкініҚатысушылар шеңбер құрайды. Әрбір қатысушы өз есімін атап, оған ба...

    8 слайд

    Қар көшкіні
    Қатысушылар шеңбер құрайды. Әрбір қатысушы өз есімін атап, оған бастапқы әрпінен басталатын 1 сын есім қосады. Мысалы, Алғыр Айнаш. Келесі қатысушы алдыңғылардың есімдері мен эпитеттерін қайталайды.

  • Есім-акронимӨз атының бастапқы әріптерінен өзін сипаттайтын сын есімдер келті...

    9 слайд

    Есім-акроним
    Өз атының бастапқы әріптерінен өзін сипаттайтын сын есімдер келтіруі керек
    А – АҚЫЛДЫ
    Қ – ҚАЙРАТТЫ
    М – МЕЙРІМДІ
    А – АЛҒЫР
    Н – НАМЫСШЫЛ
    А – АРМАНШЫЛ
    Т – ТАЛАПШЫЛ

  • Есім әріптерінен басталатын сөйлемӨз атының бастапқы әріптерінен сөйлем құрай...

    10 слайд

    Есім әріптерінен басталатын сөйлем
    Өз атының бастапқы әріптерінен сөйлем құрайды.
    Анам құрақ матадан айшықталған нақыштағы алжапқыш тікті.

  • Өзі туралы кластерҚатысушы өз атын парақ ортасындағы дөңгелекке өз атын жазад...

    11 слайд

    Өзі туралы кластер
    Қатысушы өз атын парақ ортасындағы дөңгелекке өз атын жазады. Одан таратылған шеңберлерге өмірдегі өзінің 5 рөлін жазады. Мысалы, бала, әке, дос, бауыр, оқытушы. Әр рөлден туындайтын шеңберлерге осы рөлдегі ахуалын сипаттайтын сын есімдерді жазады.
    Ақманат
    Қыз
    Ана
    Оқытушы
    Әріптес
    Бауыр
    Түсінгіш
    Еңбек-сүйгіш
    Талапшыл
    мейрімді

    Тәртіпті

    бедел-ді
    Ізденімпаз

    өнегелі

    Елгезек
    қайырымды

  • Өзіңнің таңбаңды жаса1.Өз есімін жазу
2. телефон, электронды пошта жазу
3.Сүй...

    12 слайд

    Өзіңнің таңбаңды жаса
    1.Өз есімін жазу
    2. телефон, электронды пошта жазу
    3.Сүйікті пәнін жазу
    4. Зерттеу тақырыбын жазу
    5. Өз қолымен жасайтын 2 заттың суретін салу
    6. Өзін жақсы сезінетін жердің суретін салу
    7. Өмірдегі ең үлкен жетістігін жазу
    8. Өміріне ықпал жасаған 3 адамның суретін салу
    9.Өмірдегі қол жеткізгісі келетінін1 сөзбен жазу
    10. Өзі туралы естігісі келетін 3 сөзді жазу


  • 13 слайд

  • Жағымды психологиялық ахуал қалыптастыратын  ойсергектері

    14 слайд

    Жағымды психологиялық ахуал қалыптастыратын ойсергектері

  • СәлемдесуСабақ басында оқушылар бір-біріне қол беріп амандасады, қал-жағдайын...

    15 слайд

    Сәлемдесу
    Сабақ басында оқушылар бір-біріне қол беріп амандасады, қал-жағдайын сұрасады. Сәлемдесуде бір-бірін мақтағаны өте орынды. Мысалы, «Бүгін ерекше құлпырып кетіпсің», «Сен өте әдепті жансың» т.т.

  • Өзіңізге тілегенді – басқаларға тілеңіз!10-15 сек. Уақыт ішінде өзіне ізгі ті...

    16 слайд

    Өзіңізге тілегенді – басқаларға тілеңіз!
    10-15 сек. Уақыт ішінде өзіне ізгі тілек тілеу тапсырылады. Содан кейін қатысушылар жұпқа бөлініп, өзіне тілегенді жұбының қолын ұстап тұрып, соған айтады.
    «Сүйікті адамыңызға тілегенді – өзгелерге де тіле!» ойыны осыған ұқсас.

  • Көңіл-күйді анықтауОқушылар өзінің көңіл-күйлерін келтіретін смайликтерді сал...

    17 слайд

    Көңіл-күйді анықтау
    Оқушылар өзінің көңіл-күйлерін келтіретін смайликтерді салады немесе табиғат құбылыстары арқылы да көрсетуге болады. Олар суреттерді бір-біріне көрсетеді. Сабақ соңына дейін көңіл-күйді көтеріңкі деңгейге жеткізу жұмыстары жүргізіледі.

  • АйнаҚатысушылар жұптасып қарама-қарсы тұрады.Олардың біреуі әр түрлі қимылдар...

    18 слайд

    Айна
    Қатысушылар жұптасып қарама-қарсы тұрады.Олардың біреуі әр түрлі қимылдар жасайды, екіншісі айна секілді қайталайды; оңды сол қылады, солды оң қылады.
    «Маймыл» ойыны да осыған ұқсас, бірақ оң оң, сол сол болып қалады.

  • Сыныптағы заттарОқушылар сыныптағы заттарды таңдап, бір минут ішінде оны өзін...

    19 слайд

    Сыныптағы заттар
    Оқушылар сыныптағы заттарды таңдап, бір минут ішінде оны өзіне немесе өзінің көңіл-күйіне ұқсастығын ойластырып, бір-біріне айтып беруі керек. Мысалы, Төбедегі шам маған ұқсас, менің көңілім де жарқырап тұр.

  • Өзгертулерді тап!Жұбына қарама-қарсы тұрып, бір-біріне 10-15 секундтай қарап...

    20 слайд

    Өзгертулерді тап!
    Жұбына қарама-қарсы тұрып, бір-біріне 10-15 секундтай қарап алады. Сырт айналып, арқасымен тұрып, 3 өзгерту енгізеді. Қайта бір-біріне қарап, өзгертулерді табады.

  • Сөздерден әңгіме құрастыруОқушылар 1 сөзден айтады. Шағын топтағы оқушылардың...

    21 слайд

    Сөздерден әңгіме құрастыру
    Оқушылар 1 сөзден айтады. Шағын топтағы оқушылардың сол сөздерінен ауызша әңгіме құрастырады. Әңгімеде топ мүшелерінің аттары аталулары керек.

  • Атомдар мен молекулалар Жүргізуші «Атомдар» дегенде ойыншылар броундық қозғал...

    22 слайд

    Атомдар мен молекулалар
    Жүргізуші «Атомдар» дегенде ойыншылар броундық қозғалыстағы атомдар іспетті қозғала береді. Ал «Молекулалар» деп, 1 санды айтқанда (мысалы, үш) ойыншылар сан құрамында топтарға бірігуі керек. Қалыс қалған ойыншы бір тапсырманы орындайды.

  • Екі қолды жұмысқа жұмылдыруОң қол5 үшбұрыш5 шеңберӨз есімінСол қол5 төртбұрыш...

    23 слайд

    Екі қолды жұмысқа жұмылдыру
    Оң қол
    5 үшбұрыш
    5 шеңбер
    Өз есімін
    Сол қол
    5 төртбұрыш
    5 үшбұрыш
    Өз фамилиясын

  • Қарын мен төбеСол қолмен қарынын сипалап, оң қолмен төбесін ұрады. 3-4 деген...

    24 слайд

    Қарын мен төбе
    Сол қолмен қарынын сипалап, оң қолмен төбесін ұрады. 3-4 деген команда берілгенде керісінше, оң қолмен қарынын сипап, сол қолмен төбені ұруы керек.
    «Мұрын мен құлақ» ойыны да осыған ұқсас.

  • Ән шырқауТоптарға танымал, ел арасында көп тараған әндердің бір шумағы жазылғ...

    25 слайд

    Ән шырқау
    Топтарға танымал, ел арасында көп тараған әндердің бір шумағы жазылған карточкалар таратылады. Әр топ сол әнді орындайды.

  • Ортақ портретҚатысушылар өз тобының ортақ портретін құрастырады. Біреудің көз...

    26 слайд

    Ортақ портрет
    Қатысушылар өз тобының ортақ портретін құрастырады. Біреудің көздері мен екіншінің қолдары, үшіншінің иықтары, төртіншінің құлақтары, яғни дене мүшелерін бөліп, ауызша біріктіріп, суреттейді.

  • БірлікОқушылар шағын топ құрамында бір қолдарын жұмылдырып, бір мезгілде саус...

    27 слайд

    Бірлік
    Оқушылар шағын топ құрамында бір қолдарын жұмылдырып, бір мезгілде саусақтарын ашады. Мақсат, оқушылардың барлығының бір саусақ көрсетуі керек. Ойын кезінде сөйлесуге тыйым салынады.

  • Логикалық ойлауға негізделген ойсергектер

    28 слайд

    Логикалық ойлауға негізделген ойсергектер

  • Орнын ауыстырған әріптерРАМЛҮИГ (ГҮЛМИРА)
МАОТРЖ (ЖОМАРТ)
ААЫНҚТБЖ (БАҚЫТЖАН)...

    29 слайд

    Орнын ауыстырған әріптер
    РАМЛҮИГ (ГҮЛМИРА)
    МАОТРЖ (ЖОМАРТ)
    ААЫНҚТБЖ (БАҚЫТЖАН)
    «Тақырыпты жасыру» ойыны осыған ұқсайды.

  • Есімнен сөз құрауОқушылар өз есімдерін жазып, оның астына есімдерінде кездесе...

    30 слайд

    Есімнен сөз құрау
    Оқушылар өз есімдерін жазып, оның астына есімдерінде кездесетін әріптерден сөз құрастырады. Мысалы, Ақманат
    Ата
    Ана
    Тама
    Ақ
    Аманат
    Атаман
    Мата
    Мақта
    Қанат


  • Халық жұмбағыБір қырдың басында тұрған қойшы екіншісіне былай деп айқайлапты:...

    31 слайд

    Халық жұмбағы
    Бір қырдың басында тұрған қойшы екіншісіне былай деп айқайлапты:
    Ей, Дүйсенбай, сен маған бір қойыңды берсең, онда менің қойым сенен екі есе көп болады.
    Жоқ, Сейсенбай, сен маған бір қойыңды бер! Сонда қойымыз тең болады.
    Сұрақ: Екі қойшыда қой саны қаншадан болған?

  • ХирургАвтомобиль апатынан бір жігіт қатты жарақат алады. Ал қасында отырған ә...

    32 слайд

    Хирург
    Автомобиль апатынан бір жігіт қатты жарақат алады. Ал қасында отырған әкесі мерт болады. Жігітті жедел түрде ауруханаға жеткізеді. Алайда, хирург бұл жігітке операция жасаудан бас тартады.
    Мен өз балама операция жасай алмаймын! – дейді.
    Сұрақ: Хирург жігітке кім?

  • СөзжұмбақБірлік, бекінген, күш, төрткүл, бесік, қалтырау, қажеті, сегізаяқ, т...

    33 слайд

    Сөзжұмбақ
    Бірлік, бекінген, күш, төрткүл, бесік, қалтырау, қажеті, сегізаяқ, тоғызқұмалақ, қонақ.
    Сұрақ: Бұл сөздерді қай жәйттер біріктіреді?

  • Сөз төркініПарсы тілінде «кемер кузах» тіркесі «әшекейлі күмбез» дегенді білд...

    34 слайд

    Сөз төркіні
    Парсы тілінде «кемер кузах» тіркесі «әшекейлі күмбез» дегенді білдіреді.
    Сұрақ: қазақша бұл қай сөз?

    Орыстың лошадь қазақ (түркі) тілінде екі сөзден құралған
    Сұрақ: қазақша бұл қандай тіркес?

  • СөзжұмбақБірінші сөзді аяқтап, екінші сөзді бастайтын сөзді табу.
Мысалы, О (...

    35 слайд

    Сөзжұмбақ
    Бірінші сөзді аяқтап, екінші сөзді бастайтын сөзді табу.
    Мысалы, О (...)ЛЫҚ
    А (...) ҚАРЫ
    ҚАР (...) ТА
    КІ (...)СЫРМА

  • Сөзді тап!Жақша ішінде тасталып кеткен сөзді табу керек.
Ол екі сөздің де бір...

    36 слайд

    Сөзді тап!
    Жақша ішінде тасталып кеткен сөзді табу керек.
    Ол екі сөздің де бірінші буынындағы әріптерді кері қарай қойғанда шығады.
    Мысалы: ақпан (қала) алқоры
    Рақымшыл (...) қамқорлық
    Абсерватория (...) атлас
    Ыждағаттау (...) қарбыз

  • Сандық жұмбақ
14

84

10

4012

6016

?

    37 слайд

    Сандық жұмбақ

    14

    84


    10

    40
    12

    60
    16

    ?

  • Жауабы: 112. Төменгі сан жоғары санды квадратқа шығарып, 2-ге бөліп, одан жо...

    38 слайд

    Жауабы: 112.
    Төменгі сан жоғары санды квадратқа шығарып, 2-ге бөліп, одан жоғарыдағы санды алғаннан құралады. Мысалы: 14 квадраты 196, 2-ге бөлгенде 98, одан 14-ті азайтқанда 84.
    16*16 = 256/2 = 128 – 16 = 112

  • «Буриме» ойыны... білімділер,
... сенімділер.
... әрқашанда,
... шегі...

    39 слайд








    «Буриме» ойыны

    ... білімділер,
    ... сенімділер.
    ... әрқашанда,
    ... шегінбеңдер.

  • «Білімділер» сайтының ұраныӘлемнің басын идірген – білімділер!
Сөзіне өздерін...

    40 слайд

    «Білімділер» сайтының ұраны
    Әлемнің басын идірген – білімділер!
    Сөзіне өздерінің сенімділер.
    Білім өзін сыйлатар әрқашанда,
    Тек алға, артқа еш шегінбеңдер!
    (өңделген)

  • Ойша сана, байқампаз бол!Қатысушылардың бірі 1-10 аралығындағы сандардың біре...

    41 слайд

    Ойша сана, байқампаз бол!
    Қатысушылардың бірі 1-10 аралығындағы сандардың біреуін атаса, екіншісі қосу, азайту, көбейту секілді амалдарды айтады. Осылай ойын 5-6 бала жалғастыра береді. Мұғалім тең болады дегенде келесі оқушы нәтижесін айтуы керек.

  • КүлмесқызБаяғыда ханның қызы болыпты. Ол ешқашан күлмейді екен. Сол себепті х...

    42 слайд

    Күлмесқыз
    Баяғыда ханның қызы болыпты. Ол ешқашан күлмейді екен. Сол себепті хан қызы Күлмес қыз атаныпты.
    Неліктен ханның қызы күлмейді деп ойлайсыздар?
    Күлмесқыздың күлуі үшін не жасау керек деп ойлайсыздар?

  • Батырдың жол таңдауыБатыр өзіне жар іздейді. 3 жыл іздеп, арып-ашып, үш жолды...

    43 слайд

    Батырдың жол таңдауы
    Батыр өзіне жар іздейді. 3 жыл іздеп, арып-ашып, үш жолдың торабына келіпті. Ол жердегі таста мынадай сөз жазылыпты: «Солға жүрсең – атыңды жоғалтасың. Оңға жүрсең – өзіңді жоғалтасың. Тура жолмен жүрсең – ештеңе де таппайсың.
    Сіздер батырдың орнында қандай жолды таңдар едіңіз? Неге?

  • Сол жолды таңдағандар – прагматиктер. Олар өз мақсаттарына аз шығынмен жеткен...

    44 слайд

    Сол жолды таңдағандар – прагматиктер. Олар өз мақсаттарына аз шығынмен жеткенді қалайтын сақ адамдар, Ерлік жасай алмайтындар. Оң жолды таңдағандар – жаңалықты, жаңғыртуды іздегендер, нағыз батырлар.
    Тура жүргендер – өмірде нақты ұстанымы бар, мақсатына тура жолмен жететіндер.

  • Мен қандаймын?2 қолымен 1-10 аралығындағы сандарды жазады. Сосын соның ішінде...

    45 слайд

    Мен қандаймын?
    2 қолымен 1-10 аралығындағы сандарды жазады. Сосын соның ішінде 2 қолымен бірдей, бір-біріне ұқсас жазылған сандарды табады.

  • 1 – эгоистер2- іскер адамдар, болашақ басшылар3- бейбіт өмірді жақтайтындар...

    46 слайд

    1 – эгоистер
    2- іскер адамдар, болашақ басшылар
    3- бейбіт өмірді жақтайтындар
    4-өз басына қиындық туғызып, оны жеңе білетіндер
    5-ақылдылар
    6- өз жынысының нағыз өкілдері
    7-жан-жақты дамығандар
    8- қауіптілер
    9-сенімділер

  • Өзін-өзі бағалау деңгейі

    47 слайд

    Өзін-өзі бағалау деңгейі

  • Қасқыр, ит, мысық, тышқан
1-жолға ең ұнайтынын,
2-3 жолдарға азырақ ұнайтында...

    48 слайд

    Қасқыр, ит, мысық, тышқан
    1-жолға ең ұнайтынын,
    2-3 жолдарға азырақ ұнайтындарын,
    4-жолға ұнамайтынын тігінен жазу.
    Қасына несімен ұнайтынын жазады.
    Психологиялық тест «Менің қасиеттерім қандай?»

  • Жоғары жолға жазған қасиет – өзімізге жетіспейтін қасиет, біз оны жетілдіруім...

    49 слайд

    Жоғары жолға жазған қасиет – өзімізге жетіспейтін қасиет, біз оны жетілдіруіміз қажет.
    Екінші жолға жазған қасиет – өзімізді бар деп есептейтін қасиетіміз, біз өзімізді осылай түсінеміз.
    Үшінші жолға жазған қасиет – басқа адамдардың бізді қабылдайтынын білдіреді, біз жұртқа солай көрінеміз.
    Төртінші жолға жазған қасиет – біздің неден қашқақтайтынымызды көрсетеді, біз тұла бойымызды осы қасиеттен арылтуға ұмтыламыз.

    Психологиялық тестің жауабы:

  • Адамның суретіАдамның бет-әлпетін салу тапсырылады.
Адамның көздері үлкен бол...

    50 слайд

    Адамның суреті
    Адамның бет-әлпетін салу тапсырылады.
    Адамның көздері үлкен болса – оқушы өте сезімтал;
    Аузы үлкен болса – қарым-қатынасқа жеңіл кіре алатын адам;
    Құлағы үлкен болса – басқаларды тыңдай білетін адам;
    Шашы қалың болса – ойшыл адам;
    Денесі де салынса – шығармашыл адам
    Қолында гүлі бар адам салса – ашылмаған құпия сыры бар адам болғаны

  • ДельфинОқушы өзін ашық теңізде дельфинмен бірге жүзіп жүргендей сезінеді. Осы...

    51 слайд

    Дельфин
    Оқушы өзін ашық теңізде дельфинмен бірге жүзіп жүргендей сезінеді. Осы жағдайдағы өз сезімдерін 3 сөзбен жазады.
    Жауабы: дельфин – өмірлік серігінің символы. Яғни жазылған сезімдер отбасылық өмірдегі сезімдері

  • Орманда адасуОрманда адасып қалып, жолаушыдан жөн сұрадыңыз. Ол Сізге жол сіл...

    52 слайд

    Орманда адасу
    Орманда адасып қалып, жолаушыдан жөн сұрадыңыз. Ол Сізге жол сілтеді.
    Сіз сол адамның айтқанымен жолды табасыз ба әлде ол адамға жолды бастап, шығарып жіберуін сұрайсыз ба?
    1 – өздігімен үйренетіндер
    2- өздігімен үйрене алмайтындар

  • Қорытынды ойсергектер

    53 слайд

    Қорытынды ойсергектер

  • Көршінің сұрағына жауапСабақ аяғында оқушы параққа қарастырылған тақырып бойы...

    54 слайд

    Көршінің сұрағына жауап
    Сабақ аяғында оқушы параққа қарастырылған тақырып бойынша 1 минут ішінде 1 сұрақ жазады да, сағат тілі бойынша көршісіне береді. Көршісі жазбаша жауап жазады. Жауапты болған топта оқиды, талқылайды.

  • Үшбу хатСабақта қарастырылған мәтін, мақала, шығарма, формула т. б. бойынша а...

    55 слайд

    Үшбу хат
    Сабақта қарастырылған мәтін, мақала, шығарма, формула т. б. бойынша авторға хат жазған орынды. Дегенмен, хатты оқытушыға, басқа бір оқушыға, белгілі ғалымға, қоғам қайраткеріне т.б. жазуға болады.

  • Жазбаша дөңгелек үстел (Раундробин)Оқушы семинар, практикалық сабақтар бойынш...

    56 слайд

    Жазбаша дөңгелек үстел (Раундробин)
    Оқушы семинар, практикалық сабақтар бойынша өз ойын параққа жазады. Келесі оқушы ол ойды жалғастырады.Ең соңында парақтың иесі қайтып оралған хатты оқып, қорытынды тұжырымдама жазады.

  • Бестармақ (Синквин)Оқушылар өз ойын тек 11 сөзді қолдану арқылы береді. Ол 5...

    57 слайд

    Бестармақ (Синквин)
    Оқушылар өз ойын тек 11 сөзді қолдану арқылы береді. Ол 5 жолдан тұрады.
    1 зат есімнен
    2 сын есімнен
    3 етістіктен
    Оқушының ойын, пікірін қатысын, көңілін білдіретін кез келген сөз таптарынан тұратын 4 сөзден
    Бастапқы атаудың баламасы, синонимнен тұрады

  • Бестармақ - Бес жолды өлеңВезувий
Жалынды, күркіреген
Атқылайды, шашады, арқы...

    58 слайд

    Бестармақ - Бес жолды өлең
    Везувий
    Жалынды, күркіреген
    Атқылайды, шашады, арқырайды
    Помпеяны құртқан сұмдық тау
    Тажал

  • Төрт сөйлем 1. Пікір. Оқушы пікірін 1 сөйлеммен келтіру керек.
2. Дәлел. Оқуш...

    59 слайд

    Төрт сөйлем
    1. Пікір. Оқушы пікірін 1 сөйлеммен келтіру керек.
    2. Дәлел. Оқушы пікірін 1 сөйлеммен дәлелдеу керек.
    3. Мысал. Оқушы өз пікіріне 1 сөйлеммен мысал келтіруі керек.
    4. Қорытынды. Пікірді пысықтап, 1 сөйлеммен қорытынды жазу керек.

  • Топтарға бөлу тәсілдері

    60 слайд

    Топтарға бөлу тәсілдері

  • Қағаз қиындыларыҚағазды топтағы бала санына қарай қиып, араластырып, оқушылар...

    61 слайд

    Қағаз қиындылары
    Қағазды топтағы бала санына қарай қиып, араластырып, оқушыларға таратып беру керек. Олар сол қиықтардан бүтін құрастырып, сол бойынша топ құрайды.

  • Ұқсас ерекшеліктерБірдей ерекшеліктеріне қарай бөлу.
Туған жылдары, айлары, ж...

    62 слайд

    Ұқсас ерекшеліктер
    Бірдей ерекшеліктеріне қарай бөлу.
    Туған жылдары, айлары, жұлдызнама, киген киімдері, шашының түсі, ата-әжесінің болуы, үйдің нешінші қабатында тұруы, кенже балалар, телефондарды, немесе машиналардың маркасына қарай бөлінеді.
    «Сап түзеу» ойыны да осыған ұқсас.

  • Жұбыңды тапҚағаздарға сыңарлары бар ертегі, аңыз, әңгімелердегі кейіпкерлерді...

    63 слайд

    Жұбыңды тап
    Қағаздарға сыңарлары бар ертегі, аңыз, әңгімелердегі кейіпкерлердің аттары жазылады да, оқушылардың артына жапсырылады. Ол өзі қай кейіпкер екенін білмейді. Тек сұрақ қою арқылы анықтайды. Мысалы, Алпамыс пен Гүлбаршын, Қобланды мен Құртқа, Асан мен Үсен, ақтақыз бен мысық т.т.

  • СанамақТоптарға санамақ айта отырып, бөледі. 
Қуыр-қуыр, қуырмаш, 
Балапанға...

    64 слайд

    Санамақ
    Топтарға санамақ айта отырып, бөледі.
    Қуыр-қуыр, қуырмаш,
    Балапанға бидай шаш!
    Тауықтарға тары шаш!
    Бас бармақ,
    Балалы үйрек,
    Ортан терек,
    Шүлдір шүмек,
    Кішкентай бөбек.
    Топтар сол аттармен аталады.

  • ЖануарларЖан-жануарлардың аты жазылған карточкалар тартылады. Олар сол жануар...

    65 слайд

    Жануарлар
    Жан-жануарлардың аты жазылған карточкалар тартылады. Олар сол жануардың қылықтарын қайталай отырып, шағын топ болады. Бұл жерде дыбыс шығаруға болмайды.

  • Аяқталмаған ойлар... айналысқанды жақсы көремін.
Мен көңілсіз болғанда, ........

    66 слайд

    Аяқталмаған ойлар
    ... айналысқанды жақсы көремін.
    Мен көңілсіз болғанда, .....
    Бәрінен де мен ....
    .... ғана адамдар мені сыйлайтын сияқты.

  • ТитаникСуға батып бара жатқан кеменің жолаушылары өзін құтқару шлюпіне жіберу...

    67 слайд

    Титаник
    Суға батып бара жатқан кеменің жолаушылары өзін құтқару шлюпіне жіберу үшін дәлелдер келтіруі керек. Барлығын тыңдап болғаннан кейін кімнің құтқаруға лайықты екені қағазға жазылады. Содан соң дауысқа салынып, қорытындысы жасалады.

  • Бразилиядан келген әжеҚатысушылар шеңберге тұрып,»Менің Бразилияда әжем бар....

    68 слайд

    Бразилиядан келген әже
    Қатысушылар шеңберге тұрып,»Менің Бразилияда әжем бар. Оның мынадай аяғы бар, Мынадай қолы, мынадай басы бар! Ол былай секіреді де «Мен дүниедегі ең әдемі әжемін! Деп айқайлайды» деп сол дене мүшелерін қозғалтады, секіреді. Бұдан әрі қатысушылар осы қимылдарды қайталайды.

  • Күн сәулесін төгедіБәрі орындықта шеңбер болып отырады. 1 оқушы ғана орындықс...

    69 слайд

    Күн сәулесін төгеді
    Бәрі орындықта шеңбер болып отырады. 1 оқушы ғана орындықсыз тұрады. Ол «Күн ... Сәулесін төгеді» дегенде, сол сипаттамаға сәйкес келетіндер орындарын ацыстырады. Ал ортада тұрған адам олардың орнына отырып үлгеруі керек. Нүктенің орнына «көзілдірік кигендер», «компьютер ойындарын жақсы көретін» деген тіркестерді келтіруі керек.

  • Есімдер тарихыЖұпқа бөлінген оқушылар бір-бірінен сұхбат алады да, «Менің көр...

    70 слайд

    Есімдер тарихы
    Жұпқа бөлінген оқушылар бір-бірінен сұхбат алады да, «Менің көршімнің есімінің тарихы» деп жұбын бүкіл сыныпқа таныстырады.
    «Мен сіздерді .... таныстырғым келеді» келеді ойыны осыған ұқсас, бірақ онда тек есіміне емес көршісі туралы жалпы ақпарат береді.

  • КеңседеБанктегі кеңсе. 
А – несие бөлімінің қызметкері
В- қарыз алушы

Оқушыл...

    71 слайд

    Кеңседе
    Банктегі кеңсе.
    А – несие бөлімінің қызметкері
    В- қарыз алушы

    Оқушылар рөлдерін ойнайды.
    Соңында А тобы несие беретінін, бермейтінін талқылайды.
    В тобы өзіне қойылған сұрақтарды талқылайды.

  • Саябақтағы орындықСыныптағы 1 оқушы орындықта отырады. Қалғандары жартылай ше...

    72 слайд

    Саябақтағы орындық
    Сыныптағы 1 оқушы орындықта отырады. Қалғандары жартылай шеңбер құрып отырып, орындықты босату үшін көндіру қажет. Орындықта отырған адам орнын босатып бергісі келмейді. «Көндірушілер» өз мақсатына жету үшін әртүрлі рөлдерді қолданады. «Отырған адам» орнында қалу үшін дәлелді дәйектерді келтіреді.

  • Жадыны дамытуға арналған тапсырмалар

    73 слайд

    Жадыны дамытуға арналған тапсырмалар

  • Жасырынбақ ойыны

    74 слайд

    Жасырынбақ ойыны

  • Бой жазуӨміріңіздегі есте қаларлық сәтті атаңыз
Қараша айының 30-да қайда бол...

    75 слайд

    Бой жазу
    Өміріңіздегі есте қаларлық сәтті атаңыз
    Қараша айының 30-да қайда болдыңыз?

  • Сиқырлы шаршы

    76 слайд

    Сиқырлы шаршы

  • 12 саны шығатын шаршы құрастыру

    77 слайд

    12 саны шығатын шаршы құрастыру

  • КемшіліктерНақты бір пән немесе тәжірибелік сабақ бойынша кемшіліктер тізімін...

    78 слайд

    Кемшіліктер
    Нақты бір пән немесе тәжірибелік сабақ бойынша кемшіліктер тізімін жасату

  • ӘліпбиТақырыпта немесе категорияға қатысы бар сөздердің тізімін А-дан Я-ға де...

    79 слайд

    Әліпби
    Тақырыпта немесе категорияға қатысы бар сөздердің тізімін А-дан Я-ға дейін тізбектеп жазу

  • ББТЗО кестесі

    80 слайд

    ББТЗО кестесі

  • ББҮ кестесі

    81 слайд

    ББҮ кестесі

  • Жұлдыз                     Ұсыныс

Жақсы...

    82 слайд

    Жұлдыз Ұсыныс

    Жақсы Назар аудару керек еді
    Өте жақсы Әліде ойлану керек
    Керемет Толықтыру керек
    Ғажап Айқындау керек
    Жарайсың
    Шебер

    Екі жұлдыз, бір ұсыныс

  • Бірге ойлап, сөйлейміз. Есептеу

    83 слайд

    Бірге ойлап, сөйлейміз. Есептеу

  • Тұлғаға бағытталған оқытудың 10 тәсіліТапсырма
Нәтиже
Жұмыс қарқыны
Қолдау
Р...

    84 слайд

    Тұлғаға бағытталған оқытудың
    10 тәсілі
    Тапсырма
    Нәтиже
    Жұмыс қарқыны
    Қолдау
    Ресурстар
    Топтау
    Ақпарат
    Рөлдер
    Үй жұмысы
    Диалог

  • Сабақ  қалай өтті?Сіз үшін сабақтың құнды жайттері қандай?Бүгінгі үйренгені...

    85 слайд

    Сабақ қалай өтті?
    Сіз үшін сабақтың құнды жайттері қандай?
    Бүгінгі үйренгеніңіз Сізге болашақта қажет болады деп ойлайсыз ба?
    Қандай сұрақтарыңыз бар?
    Сабақтың өту барысы бойынша қандай пікірлеріңіз бар?

  • 86 слайд

  • «Карусель» ойыныЕкі сақина жасалады. Ішкі және сыртқы сақиналар. Ішкі сақин...

    87 слайд

    «Карусель» ойыны

    Екі сақина жасалады. Ішкі және сыртқы сақиналар. Ішкі сақина – бұл қозғалмай отырған оқушылар. Сыртқы сақина –бұлар әрбір 30 секунд сайын ауысып тұрады. Осылайша, олар бірнеше минутта бірнеше тақырыпты айтып шығады. Және әрқайсысы өзінің дұрыстығына әңгімелеушісінің көзін жеткізуге тырысады.

  • Аквариум Бірнеше оқушы шеңбер ішінде ситуацияны жасырады. /разыгрывают/, ал...

    88 слайд

    Аквариум

    Бірнеше оқушы шеңбер ішінде ситуацияны жасырады. /разыгрывают/, ал қалғандары оларды бақылап тұрып әрекеттеріне талдау жасайды.

  • Есептеу ағашы Сынып сандары бірдей 3 немесе 4 топқа бөлінеді. Әр топ өз сұр...

    89 слайд

    Есептеу ағашы

    Сынып сандары бірдей 3 немесе 4 топқа бөлінеді. Әр топ өз сұрақтарын талдап, ағаштың өздеріне тиісті тармағына (ватман парақ) жауап жазады, содан соң топтар орындарын ауыстырып, көршісінің ағашына өз идеяларын жазады.

  • Броундық қозғалыс Броундық қозғалыста оқушылар бүкіл сынып ішінде қозғала жү...

    90 слайд

    Броундық қозғалыс
    Броундық қозғалыста оқушылар бүкіл сынып ішінде қозғала жүріп берілген тақырып бойынша ақпарат жинайды.

  • Өз позицияңды ұстанҚандай да бір ұйғарым, көзқарас оқылады, содан кейін оқу...

    91 слайд

    Өз позицияңды ұстан

    Қандай да бір ұйғарым, көзқарас оқылады, содан кейін оқушылар Иә не Жоқ деген аймаққа бөлінген тақтаға /плакатқа/ барады. Өз позицияларының мәнін түсіндіреді.

  • Оқушылардың арнайы қателерді бағалауыТапсырмада не дұрыс емес, неліктен...

    92 слайд





    Оқушылардың арнайы қателерді бағалауы

    Тапсырмада не дұрыс емес, неліктен дұрыс емес, оны қалай түзетуге болады?

    1. Тіктөртбұрыштың ауданы оның ұзындығының көбейтіндісіне тең.

    2. Шаршының периметрінің формуласы оның қабырғаларының ұзындығының қосындасына тең.
    3. Жылдамдық 70 км\сағ болғанда t=1 сағ, 2 сағ болғанда қашықтық S =70км, 140 км десек қашықтық уақытқа тәуелді болмайды

  • 93 слайд

  • 94 слайд

  • «V» – егер сіздің оқып отырғаныңыз, сіздің білгеніңізбен сәйкес келсе;
«-» -...

    95 слайд

    «V» – егер сіздің оқып отырғаныңыз, сіздің білгеніңізбен сәйкес келсе;
    «-» - егер оқып отырған ақпарат сіздің білгеніңізбен сәйкес келмесе;
    «+» - егер алынған ақпарат сіз үшін жаңа, бұрын естимеген болса;
    «?» – егер ақпарат сізді таңқалдырса, тақырып туралы тереңірек білгіңіз келсе.

  • Ойлан/жұптас/ талқыла1. Әр қатысушы өз бетімен ойланады және жазады – 3 мин...

    96 слайд

    Ойлан/жұптас/ талқыла

    1. Әр қатысушы өз бетімен ойланады және жазады – 3 минутқа жуық уақыт беріледі.
    2. Мұғалімнің тапсырмасы бойынша оқушылар бір-біріне бұрылып, жазғандарымен бөліседі.
    3. Мұғалімнің бағыттауы бойынша топта жұмыс жасайды – топ ортақ тізім жасайды.
    4. Әр команда ортақ тізімге бір-бір сөзден қосады.

  • Әдеби үйірмелер (топтық тергеу)Баяндап беруші – оқиғаның мазмұнын дайындау...

    97 слайд


    Әдеби үйірмелер (топтық тергеу)

    Баяндап беруші – оқиғаның мазмұнын дайындау.
    Зерттеуші - басты оқиғаны меңгеру және сипаттау.
    Сұрақтар құрастырушы – жалпы мазмұн бойынша сұрақтар дайындайды.
    Сілтемелер табушы – әңгіменің тақырыбын ашатын сілтемелер табу.
    Бейнелеуші-суретші – әңгімедегі оқиғаны ауызша суреттеу.
    Дәнекер – өмірмен байланыстыру.

  • «Ұстаздық ету өз уақытыңды аямау,өзгенің бақытын аялау»-оқушылармен етене жақ...

    98 слайд

    «Ұстаздық ету өз уақытыңды аямау,өзгенің бақытын аялау»
    -оқушылармен етене жақын болуды; - оқушының пікірімен санасуды;
    - оқушылардың бағасын өздерімен талқылап бағалауды;
    -нақты ,айқын жоспар қоя білуді;
    - оқушының оқу деңгейіне қарай тапсырма беріп отыруды;
    - оқушының іс әрекетін мадақтап отыруды;
    -оқушының жауабын немесе пікірін аяғына дейін тыңдауды;
    -уақытты бағалауға;
    -күнделікті сабақтан соң рефлексия жазуды;


    Менің алдағы қызметіме енетін өзгерістер:

  • Назар қойып тыңдағандарыңызға рахмет!Кездескенше күн жақсы болсын!

    99 слайд

    Назар қойып тыңдағандарыңызға рахмет!

    Кездескенше күн жақсы болсын!

Получите профессию

Интернет-маркетолог

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 662 946 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 01.10.2015 13022
    • PPTX 1 мбайт
    • 32 скачивания
    • Рейтинг: 1 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Бақытжанқызы Гүлжан .. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Бақытжанқызы Гүлжан .
    Бақытжанқызы Гүлжан .
    • На сайте: 8 лет и 6 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 21589
    • Всего материалов: 7

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Бухгалтер

Бухгалтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 23 человека из 16 регионов

Курс повышения квалификации

Методы билингвального обучения иностранным языкам

36 ч.

1700 руб. 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 85 человек

Курс повышения квалификации

Методика обучения немецкому языку

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 27 человек

Курс профессиональной переподготовки

Теория и методика преподавания иностранных языков в профессиональном образовании: английский, немецкий, французский

Преподаватель иностранного языка

500/1000 ч.

от 8900 руб. от 4150 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 107 человек из 41 региона
  • Этот курс уже прошли 229 человек

Мини-курс

Информационные технологии в науке и бизнесе: от концепции до реализации

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Эффективное управление запасами

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Преодоление фобий: шаг за шагом к свободе от социальных источников страха

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 32 человека из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 16 человек