Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Доп. образование / Статьи / Сабақта жұмыстың түрлі формаларын өткізу бойынша есеп

Сабақта жұмыстың түрлі формаларын өткізу бойынша есеп

  • Доп. образование

Поделитесь материалом с коллегами:

Сабақта жұмыстың түрлі формаларын өткізу арқылы оқушылардың көшбасшылық қасиеттерін қалай қалыптастыруға болады?

1- бөлім: Іc-әpeкeттeгі зepттeугe apнaлғaн тaқыpыпты тaндaуды нeгіздeу

Менің зерттеу үшін таңдаған тақырыбым мектептің оқушыларына, мақсаттарына, және заманауи талаптар сай оқушылар мен мұғалімдерге қарай отырып қарай отырып алынды.

Қазіргі кезде Халықаралық Бакалаврдың дипломдық бағдарламасында мұғалім болып жұмыс істеймін.

Дипломдық бағдарламаның ең басты мақсаттарының бірі – оқушыларды «өмірді түсініп, оның қиындықтарына қарай отырып, <…> өмірдің сапасын жақсарту үшін белгілі бір әрекеттерді жасай білуге» [1, с 3] бағытталған дағдыларды меңгерту болып табылады.

Мұғалімдердің алдына қойылған мақсаттар оқушылардың концептуалды және пәнаралық оқыту арқылы жүзеге асып, бұл пәндік және пәнаралық дамуына үлес қосады. Яғни, сабақтар арасында білімдердерді жүргізе білу, бір сабақта үйренген білімді басқа сабақта қолдана білу дамиды.Мысалға, «байланыс» концепциясын қарастырсақ, әдебиетте бұл автор мен уақыт, кейіпкер арасындағы өзара қарым- қатынас, химияда атом мен молекулалардың байланысуы арасында шыққан химиялық байланыстар, биологияда биологиялық процестерді талқылауды алуға болады. Пәндер арасындағы параллельдер жүргізе отырып , мектептегі пәндердің оқытылуы шектелмей, зерттеуге толық жағдай жасау орын алып, бұл оқушылардың бірыңғай дүниетанымының қалыптасуына әсер тигізеді. Осыған пәнаралық және пәнішілік байланыстарды жүзеге асыру туралы Л.В. Занковтың зерттеулері дәлел бола алады. Л.В. Занков сабақтардағы пәнаралық және пәншілік байланыстың жүзеге асырылуы «оқушыны зерттеуге бағыттауда бір- бірімен өзара әрекеттесе отырып, нәтижелі тапсырмалардың қалыптасуы іске асырылуына жағдай жасайды» [2, с 3]. Бұндай оқытуда заманауи қоғамның рухани, мәдени және қоғамдық алуан түрлілігі ескеріледі. Әрине, ең негізгісі – оқушылар мынау аумалы- төкпелі уақытта жылдам бағдар жасауға үйренеді. Сонымен қатар, ойлау қабілетінің дамуына үлкен назар аударылады. Өзіндік мүмкіндіктің дамуына баса назар аударылады: оқушылардың оқуда өз қалауы бойынша зерттеу дағдылары, өзіндік ойлары мен жұмыстарына жауапкершілікпен қарау, білімдегі олқылықтарды жою мақсатында кері байланыс жүргізу мен жоғары деңгейдегі нәтижелерге қол жеткізу. Бұдан басқа жеке тұлғалық сезімдерді дамыту бойынша жұмыс та бірге жүргізіледі.

Мектеп және қазіргі білім беру саласының алдына қойған мақсаттарды қатар қойып салыстырғанда ұқсастықты көруге болатындығын айта кеткеніміз дұрыс болар.

Қазіргі мұғалімнің міндеті оқушыларды тек қана біліммен қамтамасыз етуге емес, сонымен қоса оларды білім алуға үйретуге, қоғамда өзін-өзі қалай ұстауды меңгертуге жағдай жасау болып табылады. Мысалы, жалғыз не достарымен, бөтен адамдармен; далада болса, сабақта, кітапханада және т.б. Бұдан басқа, жаңа заманның оқушысы замануи технологияларды қалай қолдануды білуі қажет, ақпараттар ағымында дұрыс жол таба білуі керек : жұмысқа керек дереккөздерді табу, олардан пайдалы деректерді алу, әртүрлі фактілер мен болмыстар арасында өзара қарым- қатынасты көре білу және анықтау және т.б. Сондай- ақ, оқушы басқалармен жақсы қарым-қатынаста жұмыс істейді, өз ой-пікірін еркін білдіре алады, оны салмақты дәйектермен дәлелдейді, аяқ астынан туындаған мәселердің ерекше шешімін таба алуда басқаларға үлгі болады және үлкен өмірге нық сеніммен бой түзейді.

Оқушыға қойылатын негізгі талаптарды қарастырсақ, оған керек қабілеттердің туындауы мен ары қарай дамуына сәйкес дағдыларды қалыптастыру мұғалімде жатқанын айта кеткеніміз дұрыс болар. Осыған байланысты жаңа заманның мұғаліміне де қойылатын талаптар бар. Атап айтқандай, XXI ғ. мұғалімі – жасампаз, терең ойланатын тұлға. Оның педагогикалық тәжірибесі рефлексия негізінде қалыптасады. Ал оның сабақтары – педагогикалық шеберлікті дамуға керек материал мен жүргізілгеннен кейін туындаған сұрақтарға үнемі жауап іздеу. Жаңа заманның мұғалімінің бойынан табылуы керек маңызды компетенциалардың бірі – рефлексия жасау дағдысы, бұл оның ғылыми негізде өз әрекетін құруына көмек жасайтын оқушыларының жас ерекшеліктеріне сәйкес, пәнді оқудағы олардың қажеттіліктеріне орай сабақта олданылатын әдіс- тәсілдерді, кей жағдайларда мүмкін өзіндік технологияларды дұрыс қолдану мен дұрыс әдістемені таңдауды жүзеге асыру болып табылады. қабілеті маңызды компетенциялардың бірі мұғалімге меңгеру керек. Ол мұғалімге керек методиканы және оларды қалай қолдануы сабақта өткізуге көмектесе алады.

Әлбетте, мұғалім тұлғасына өте жоғары талаптар қойылады. Талаптарға сәйкес болу үшін мұғалімдер арасында көптеген семинарлар, жиындар, курстар өткізіледі; олардың мақсаты- жоғары білікті, қазіргі заманда тез шешім қабылдайтын, өз орнын таба алатын қызметкерлерді тәрбиелеу. Олар бәсекелестікке қабілетті, өздерінің білімдері мен дағдыларын үнемі дамыту үшін жұмыс жүргізілуде. Мұғалімнің кәсіби дамуы - бұл мұғалімнің жеке тұлға ретінде қалыптасуы, ол бүкіл педагогикалық қызмет барысында жүзеге асатын үдеріс. Және де педагогтың қалыптасуы оның жеке қасиеттеріне, моральдық құндылықтары мен сенімдеріне тәуелді. Жеке тұлғаның даму үрдісі – тек мұғалімнің өзіне байланысты, оның ішкі талпынысына байланысты. Атап айтқанда, осы қасиет педагогтың нәтижелілігін анықтайды.

Мен бүгінгі таңдағы нағыз мұғалімнің қандай болуы керектігін, оқыту мен білім беру үдерісі қалай жүзеге асуы керектігін Екінші (Негізгі) деңгей курсында оқып жүргенде аңғардым. Бұл зерттеуге қатысқан педагогтармен әңгімелесу менің аталған үдерістің мақсатын терең түсінуіме әсер етті.

Зерттеу бойынша жұмыс осы сұрақ бойынша әдебиеттерді: «Мұғалімге арналған нұсқаулық» теориялық материалын, Питт Даддлидің «Әрекеттегі зерттеу» жұмысымен танысып, тақырып бойынша ғаламтор ресурстарын оқуымнан басталды. Әрекеттегі зерттеуді жүргізу мақсаты мен талаптарымен таныса отырып, өзекті болып табылатын мәселені анықтадым.

Сонымен, зерттеу типі – мұғалімнің әрекеттегі жеке зерттеуі. [2, с 5]. 11- сынып.

Осы оқу жылында орыс тілінде оқытылатын 11- сыныпқа сабақ беремін. Бұл күнге дейін мен бұл оқушыларға сабақ беріп көрген жоқпын, сондықтан мен үшін бұл «таныс емес» оқушылар: олардың білім деңгейлері мен оқуда қандай қажеттіліктері барын білмейтін едім. Сондай- ақ, 11-сыныптар - «дипломдық» сыныптар.

Оқушылар негізгі мектепті бітіргеннен кейін Халықаралық бакалавриаттың Дипломдық бағдарламасында оқуын жалғастыруы жоспарланады. Сол себептен бұл сыныптарда оқушыларды жоғарғы мектепке дайындау жұмыстары өткізіледі. Соған байланысты оқушылар ана тілін орыс тіліне ауыстыруға мәжбүр болды: орыс тілі ана тілі ретінде оқытылды, ол бағдарламаның материалдарының күрделенуіне себеп болды.

Үш он бірінші сыныптармен жұмыс жүргізе отырып, назарымды бір сыныпқа аудардым: ол сыныпта пәнге деген қабілеттері әр түрлі оқушылар іріктелді, олардың темпераменттері де әртүрлі. Дәл осы сыныпта үш түрлі оқу жасындағы оқушылар бар: екі оқушы жастары бойынша мектеп бітірулері керек. Бір оқушы тоғызыншы сыныпта оқуға тиіс еді: сыныптастармен жас айырмасы бір жарым жыл, кейбіреуімен екі жыл.

Оқыту барысында оқушылардың көбі жасқаншақ екендігіне және ауызша жауап бергенде қателер жасаудан қорқатындықтарына назарымды аудардым. Оларды мақтағанда таңғалады, қайталап сұрайды Сол кезде: «Осы сыныптың оқушылары неліктен өздеріне сенімсіз?» - деген сұрақ туындады. Оларға бұл сенім сезімін қалайша күшейтуге болады? Нақты осы сұрақтардың туындауы зерттеу жұмысымның тақырыбын анықтауға себеп болды.

«Сабақта жұмыстың түрлі формаларын өткізу арқылы оқушылардың көшбасшылық қасиеттерін қалай қалыптастыруға болады?»

Бүгінгі таңда оқушылардың бойында, мысалы, мақсат қойып, оны жүзеге асыруда, өз бетімен шешім қабылдау кезінде осы қасиеттердің болуы талап етілетіндіктен бұл тақырып өзекті болып табылады.


2- бөлім: Eнгізілгeн өзгepіcтep жәнe пaйдaлaнылғaн дepeк жинaу әдіcтepі туpaлы eceп

Зерттеу жүргізу үшін, жоғарыда айтылып кеткендей, қазақ тілінде оқытылатын сыныптардың 11- сынып оқушылары таңдалып алынған болатын.

Мен зерттеу тақырыбын тренермен сөйлескенен кейін анықтадым.

Менің ойымша, бұл тақырып өзекті, себебі оқушылардың көшбасшылық қасиеттінің дамуы олардың «эмоционалды- танымдық сауаттылықтарын, оқуға эмоционалды – жағымды қатынастарының», бастысы «жан- жақты дамуларымен» байланыста дамуына әсер етеді [4, с 157]

Соған қоса әлеуметтік дағдыларды: қарқынды дамып жатқан әлемге бейімделе білуді дамытуға бағытталған жұмыстар жүріп жатыр. Оқушылардың «ғаламдық» [4, с 157] ойлау қабілеттерін: толеранттілікті, патриотизмді, басқа мәдентиеттерді құрметтей білу дағдыларын қалыптастыруды дамытуға да көңіл бөлініп жатыр.

Осыған байланысты мен келесі нәрселерді жүзеге асырдым:

  1. Мектеп пен пән алдында қойылған мақсаттарға жетуге арналған стратегияларды қарастыру;

  2. Зерттеу жұмысын жүргізу үшін оқушылар - А, Б және Е таңдалып, олардың оқу үдерісіндегі қажеттілігін анықтауға арналған жұмыс жасалды;

  3. Оқу үдерісін жетілдіру мақсатында оқу әдістері мен стратегиялар таңдалды.

Бұл тақырып «Оқушылардың жастық ерекшеліктері» мен «Оқушылардың дарындылықтарын дамыту» модульдерімен байланысты, себебі жұмыс барысында өзектілік туындап отырған мәселені зерттеуде маған оқушылардың жасын қарастыра отырып, оқу мақсаттарына қол жеткізу үшін деңгейлеп оқыту принциптерін қолдану қажет болды. Оқушылардың нәтижелері мен дағдыларын жетілдіру үшін рефлексия мен қалыптастырушы бағалау жұмыстарына ерекше көңіл бөлінді.

Зерттеу жұмысына бір сыныпта оқитын оқушылар қатысты, олардың жас айырмашылығы – 1,5-2 жас. Қатысушылардың жыныстық қатарына да ерекше көңіл бөлінді, себебі психологтардың зерттеулеріне сүйенсек, қыздар ұлдарға қарағанда, әсіресе, ақыл- ой жағынан ерте дамиды.



Зерттеу үшін өз сыныптастарынан 2 жас үлкен оқушы қыз таңдап алынды: ұл баланың жасы – 9 сынып. Сабақта оларды бақылай отырып, мынадай шешімге келдім: қыздар берілген тапсырманы орындауға жауапкершілікпен қарайды, кейде сыныптас ұлдардың «балалықтары» ұнамайды: орнында отырып айғайлау, кешігіп келу, сабаққа дайындалу туралы мұғалімнің үнемі ескерту жасауы, мұғалім белгілеп берген тапсырмаларды уақытында орындамай «кешігуі». Үшінші бақыланушы – олармен бір сыныпта оқитын қыз бала – менің сабағымды оқуда қиыншылықтарды сезінеді. Негізгі себеп – тілдік тосқауыл. Жазбаша жұмыстарды орындауда кейде сөз таңдауда қиындық тудыратын тілдік безендіруде қателер жібереді.

Жауап беру кезінде мәнмәтінге сәйкес емес сөздерді қолданады, сөйлем құруда қиналады. Бірақ жауапкершілігі жоғары, өз сәтсіздіктері үшін уайымдайды. Нақты осы оқушылар, әсіресе, қыздар ұялшақ, кейде өздеріне сенімсіздіктері де көрініп тұрады.

Бұл тақырыпты таңдауыма кітапханада қысқа ғана диалог себеп болды: сабақта жасалған жұмыс үшін қыз баланы (үшінші) мақтағаннан кейін ол маған: «Сіз бұл менің жұмысым екеніме сенімдісіз бе? Мені ешкіммен шатастырып алған жоқсыз ба?» деп сұрады.

Сол кезде мен өз оқушыларымның бойында осындай мәселе бар екенін түсіндім, оларды қалай қолдау керек деген сұрақ төңірегінде ойлана бастадым.

Алдыма қойған мақсатыма жету үшін менің тарапымнан келесі жұмыстар жүргізілді:

1) өз оқушыларыммен бақылау жасай бастадым және оны үнемі жазып отырдым:

а) сабақ барысында әртүрлі тапсырмаларды орындау: мысалы, қалыптастырушы жұмыс барысында, жеке тәжірибесінің рефлексиясын қажет ететін тапсырмаларды орындауда эйдос- конспект жасау және таныстырылым жасау;

б) үлкен үзіліс кезінде: олардың әрекеттері, пікірлері.

2) оқушылармен бейресми жағдайда жеке әңгімелесу жүргізу.

3) ата-анасымен, куратормен және пән мұғалімдерімен әңгімелесу.

4) Талдау:

- оқушылардың Дипломдық бағдарламада оқуды жалғастыру үшін пәнді таңдауы;

- жазба жұмысы.

Жүргізілген жұмыстың нәтижесі:

- зерттеу жұмысы өзекті;

- оқушылар арасында, менің және оқушыларымның арасында жылы қарым- қатынас орнату;

- қорқынышты жеңу бойынша жұмыс жүргізу.

Оқушылар туралы жиналған мәліметтер кейде менің бақылауларыма қарама- қайшы келіп жатты, бұл психолог портрет жасауда маған қиындық тудырды. Пән мақсатына сәйкес олардың жеке ерекшеліктерін үнемі ескеріп отыра алмадым.Себебі: ата- аналармен кездесуде олар балалар қысқа уақыт аралығында пән бойынша жоғары нәтижеге жету керек деген тілек білдірді. Бірақ, тәжірибе көрсеткендей бұл үшін уақыт керек.



3- бөлім: қорытынды мен талдау

Зерттеу жұмысын жүргізу үш оқушы бойынша ақпарат жинаудан басталды. Осыған байланысты менің тарапымнан оларға бақылау жүргізілді, сабақ уақытында да, сыныптан тыс кездерде де қысқаша жазбалар жүргізіліп отырды: себебі барлық ақпаратты ойда сақтау өте қиын. Куратормен тығыз әріптестік қарым- қатынас орнатылды. Мектепшілік іс- шаралар, «Ата- аналар конференциясы», «Оқушы мен ата- ана конференциясы» менің оқушылардың ата- аналарымен танысуыма, олармен достық диалог орната отырып олардың балаларының қызығушылықтары туралы, оқудағы қиындықтары туралы білуіме көмек көрсетті. Өз оқушыларымды жақсы танып- білуім үшін тіл мұғалімдеріне, оларға бұрын төменгі сыныптарды сабақ берген қазақ тілі мұғалімдерінен және өазір сабақ беріп жүрген пән мұғалімдерінен мінездеме берулерін сұрадым. Менің бақылауларым мен әңгімелерімнің қорытындысы оқушылардың толық портретін жасау болып табылды: дене сипаты мен ой қабілеті, сыныптан тыс уақыттағы қызметі, сабақ пен үзіліс кезіндегі тәртібіне талдау. Сонымен, өзім жинаған материалды жүйелеп, төмендегідей көрсеткіштер алдым:

Оқушының сипаттамасы


Таңдап алынған оқушыларды басқа да бақылаулар.

Жас ерекшеліктері

А

Орыс тілінде оқитын 11- сыныптың оқушысы. Жасы – 16-да, оқытылатын сынып жас ерекшеліктеріне сәйкес, оқушы өз жасынан кішкентай болып көрінеді.

Астана қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 8- сыныбында оқиды. Бұған дейін Астана қаласындағы НЗМ-да оқыған. Әкесінің (әскери адам) жұмыс орнының ауысуына байланысты оқушы тұратын жерін де, мектебін де ауыстыруға мәжбүр болған.

Б

Орыс тілінде оқитын 11- сыныптың оқушысы. Жасы – 17е, оқитын сынып жас ерекшелігіне сай емес: оқушы 11- сыныпта оқуы керек. Егер ол жалпы білім беретін мектепте оқитын болса, бұл жылы ол тектепті бітіруші еді. Оқушы Б. 7- сыныпта екі рет оқыған: жалпы білім беретін мектептің 7- сыныбында оқи жүріп, ол НЗМ-нің 7- сыныбына түскен.

Е

Орыс тілінде оқитын 11- сыныптың оқушысы. Жасы – 14-те, оқитын сынып жас ерекшелігіне сай емес. Жас ерекшелігіне сәйкес оқушы 9- сыныпта оқуы керек.

Себебі: оқушы 3- сыныпта оқымаған. Екінші сыныпты бітіргеннен кейін, оқудды 4- сыныпта жалғастырған.

Оқушының сыртқы бітімі 7- сыныптың оқушысы секілді.

Ақпан айында оқушы (осы есепті жазу барысында) өскенін, қыркүйекке қарағанда – оқу жылының басына қарағанда ол біршама есейіп қалғанын айта кеткеніміз жөн.


Отбасының сипаттамасы

А

Отбасы көпбалалы ретінде сипатталады: төрт балалы, балалардың барлығы қыз. Оқушы А – үлкені.

Қыз бала көпбалалы отбасында өсіп келе жатқандықтан кейде сабақта даусын көтеріп, сөйлеп жатқан адамды бөліп жібереді. Анасымен сөйлескен кезде аңғарғаным: отбасындағы әрбір бала әрқасысы өзін тыңдату немес жақсы жағын көрсету үшін бірін- бірі тыңдамай кетеді екен.

Б

Дәл қазіргі уақытта оқушы Б Астана қаласында әжесімен бірге, ал ата- анасы - Жезқазғанда тұрады.

Оқушы Б отбасындағы ең салмақты және жауапкершілігі жоғары бала, бірақ оған үлкен әпкесі көп назар аударады. Сеебебі, ол сіңлісінің жақсы оқуын талап етеді.

Е

Оқушы Е толыққанды отбасында өмір сүреді.

Ата- аналары баласының оқу қызметін жүйелі түрде бақылап отырады, себебі оның өзін- өзі басқаруының төмен деңгейінен мәселелер туындап тұрады: оқушы, мектепте де, үйде де үнемі жинақы бола бермейдң, кейде оған тапсырманы міндетті түрде есіне түсіріп отыруы керек..

Танымдық/ когнитивтік қабілеттер

А

Оның ой ұшқырлығы ерекше, тың идеяларға бай. А-ң дарындылығы тың идеяларында ғана емес екен. Ол қорытындыны анық терминдерді қолдана, өте қысқа айтады. Енді ең қиын сұрақтар мен тапсырмаларды да беретін болдым. Кейде алдын ала ескертіп те қоям. Алдын мен оны байқамай келгеніме өкіндім. Сабақтарда пікірталастар жүргізгенде ол көбіне саралаушы ретінде болады. Әр топ жұмысына өз көзқарасын білдіреді. Пікірін дәйектеуі де ерекше. Бұл оның жауапкершілігін арттырады, ойын әрі қарай дамытады. А сабақты өте ыждағаттылықпен тыңдайды. Әсіресе, көркем шығармаларды талдағанда ойы мен пікірі өте соны. Байқағаным түсініксіз сөздерді ол ешқашан сұрамайды. Барлығын өзідігінше тауып келеді. Кейде үзілісте сыныптастарына айтып жатқанын естіп қаламын. Өй-өрісінің кеңдігі салыстыру, талдау жұмыстарында анық байқалады.

Сыныптағы белсенді оқушылардың бірі. Берілген тапсырманы орындамайтын кезі жоқ. Көркем шығармаларды қызыға оқи бастады. Үзіліс кезінде әздеп келіп, кей сұрақтарын қояды. Бірінші партада отырады. Қай топқа салсаң да белсенді, сенімді, көшбасшы.


Б

Кейбір адамдарда топ алдында сөйлегенде өздерін еркін ұстай алмау, қобалжу болады. Оқушыларда да бар. Б деген оқушым бар. Топ алдында өлең немесе проза оқығанда, сабақ айтқанда өте көп тұтығады. (Жай сөйлескенде еркін, әлгіндей кедергісі жоқ ). Мен оған бір образды бердім. Сөзі көп, монологтары да маңызды. Алғысы келген жоқ. Сөзі аз кейіпкерді қалады. Мен берілген кейіпкерді алып шығатынын айттым. Репетиция кезінде мен оның жан-дүниесін толық түсіндім. Өзіне деген сенімсіздігі бар екен. Сөйлеуге кедергі болатын сол болуы мүмкін. Репетиция кезінде мен барынша өзімді ұмытып, барлық қимылдарды жасадым. Балалар алғашында іштей күлетін. Кейін түсінді. Оны Б үшін жасадым. Адамның өзіне деген сенімділігі кез келген жағдайдан алып шығатынан түсіндіруге тырыстым. Б-мен алдымен жеке жұмыс жасадым. Кейін біртіндеп басқа кейіпкерлермен тілдесуін бастадық. Өз образын сонша жақсы таныған Б өз сөздерін өзгерте бастады. Синоним сөздер қосты. Кей жерлерде өзгертулер енгізуді өтінді. Бұлардың ешқайсысы шығарма мазмұнына әсер етпейтінін ол түсінді. Мен, әрине, келістім. Қазақы, әзілқой, мейірімді, сөзшең, сарбаз жігіт образын сахнада жақсы көрсете алды. Монологын да жүрегімен ұғына оқыды. Тұтыққан жоқ. Қазір Б прозаны жатқа жақсы оқитын оқушыларымның бірі.

Жатқа оқуда өте қиналатын. Мен кейде жеке алып қалып сұрайтын едім. Сабақтан тыс уақытта ешқашан сөйлеспегенбіз. Мұғалім-оқушы қарым-қатынасын берік ұстанатын. Орташа белсенді оқушылардың бірі болатын.


Е

Оның суретті оқу, тану қабілеті мені таң қалдырды. Суреттегі әрбір деталь, әрбір обьект туралы айтып шықты. (Е сөйлегенде интерактив тақта сөндірулі болған, яғни, барлығын есіне сақтап қалыпты). Кейін байқадым, Е сыныпта суретті мықты салатындардың бірі екен. Демек оның ойында сөзге қарағанда әрі сурет көбірек сақталады көп ақпарат береді. Е мен ойлай алмайтын, мен көре алмайтын қырларын айтты. Енді оның сабаққа деген қызығушылығын суреттер, коллаждар арқылы арттыруға болатынын аңғардым. Слайдтарда сөз өте аз, өзі соншалықты көп ақпарат бере алды? Және суреттер арқылы аудиториямеен байланысы жақсы шықты.


Қазақша тілі шорқақтау. Сол үшін көп сейлемейтін. Өткен жылы бір тоқсанда «3» бағасына қорытылған. Кейде сабаққа дайындықсыз келеді. Қатесі болса да сөйлейді, өз ойын жеткізеді. Суреттермен, детальдармен жұмыс істегенде ашыла береді.


Эмоционалды (жеке тұлғалық)

А

Ашық, көңілді, өте белсенді, әр істі жетесіне жеткізе орындауға тырысады, тәрбиелі, аудитория алдында сөйлеуде қысылады: сынып алдында сөйлеген кезде қызарып, сөзін ұмытып, тұтығып қалады.

Оқушының кейде жақсы нәтижеге жетуі үшін көп тер төгуіне тура келеді, басты қасиеті – еңбексүйгіштігі мен жауапкершілігі.

Б.

Сыныптағы ең салмақты және жауапкершілігі мол оқушы, өз жұмысында жіберілген кішкентай ғана қателіктер үшін уайымдайды. Аудитория алдында өзін өте жақсы ұстайды.

Басты қасиетімақсат қоюшылық, сондай-ақ жауапкершілік, пәндер бойынша жоғары нәтижеге қол жеткізеді.

Е

Өте мейірімді және көңілді оқушы, кейде оның қылықтары күлкіңді де келтіреді. Үнемі жинақы бола бермейді, кей жағдайларда сыныптағы оқушылардың жұмыс ырғағына ілесе бермейді.

Оқушы кейде әр нәрсеге алаңдап отырады, көп жағдайда тапсырманы дұрыс орындамайды, кейде жұмысты тексеруге уақытында әкелмейді.

Қоғамдық рөлі

А

Сабақтарда пікірталастар жүргізгенде көбіне саралаушы ретінде болады. Әр топ жұмысына өз көзқарасын білдіреді. Пікірін дәйектеуі де ерекше. Бұл оның жауапкершілігін арттырады, ойын әрі қарай дамытады. А сабақты өте ыждағаттылықпен тыңдайды. Әсіресе, көркем шығармаларды талдағанда ойы мен пікірі өте соны.

Байқағаным түсініксіз сөздерді ол ешқашан сұрамайды. Барлығын өзідігінше тауып келеді. Кейде үзілісте сыныптастарына айтып жатқанын естіп қаламын. Өй-өрісінің кеңдігі салыстыру, талдау жұмыстарында анық байқалады.

Б

Өте асығыс. Сұрамаса ренжіп қалады. Үнемі «5» -ке қорытылып жүрген оқушы. Б-ң тіл байлығы жақсы. Сабақтың пікірталас пен салыстыру кезеңдерінде өте белсенді.

Қателіктер жіберген кезде қатты уайымдайды, қолдау көрсетуді, кеңес беруді қажет етеді.

Е

Оқушылар арасында сыйлы, әңгімешіл, көңілді, бірақ үлкендер жағынан үнемі қадағалауды қажет етеді: бұл оқушыға уақыт туралы, сабақта өзін- өзі ұстау, әдеп нормаларын, жинақылық пен ұмытшақтықты үнемі ескертіп отыруды қажет етеді.

Мектептің қоғамдық өміріне қатысуды қаламайды, үнемі бақылау қажет.

Жалпы мәселелер:

Оқушылар А,Б,Е, жас ерекшеліктеріне, ойлаулары, оқу жетістіктері, мінездері, дүниетанымдарына қарамастан бұл үшеуі де «А тілі: тіл мен әдебиет» пәнін оқуда сенімсіздік сезінеді. Ол жазбаша және ауызша жұмыстар, мұғаліммен диалог құруда достық қарым- қатынас арқылы анықталды.


Сонымен, бақыланатын оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарағанда, менің пәнімді оқуда қажеттіліктеріне сәйкес менің тарапымнан педагогикалық тәжірибемен біршама өзгерістер енгізілді. Бірақ, ең алдымен, мен сабақтың оқушы мен мұғалімнің арасындағы білім алмасу орны ғана емес, бұл бәрінен бұрын білім және тәрбие міндеттерін шешуді жүзеге асыру барысында жақсы жоспарланған жұмыс екенін ескертіп өтуді жөн көріп отырмын. Және де әрі білімділік, әрі тәрбиелік мақсаттарының бірегей жетістігі ХБ (MYP) негізгі мектеп бағдарламасының негізгі талабы болып табылады: «<… >жас балаларды зерттеуші, білімді және қамқоршыл етіп тәрбиелеу, <…> олардың ерекшеліктері бар басқа адамдар да дұрыс болуы мүмкін екенін түсінетін белсенді, елгезек және өмірлік оқушылар болуы керек» [2, с 2].

Көріп отырғаныңыздай, мен тұжырымдаған зерттеу тақырыбынан туындаған мәселе бір уақытта әрі білімділік, әрі тәрбиелік мақсаттарды шешуді талап етуді қажет етеді, бірақ алғашқы мақсат білімділік соңғы жаққа ысырылып кетеді де, оған жету үшін бәрінен бұрын тәрбиелік жағын жүзеге асырудан тәуелді болып табылады. Бақылау мен талдау барысында алынған қорытындыларға байланысты қалыптастырушы мен қорытынды бақылау жазғаннан кейін рефлексия жүргізу форматына түзетулер енгізуге шешім қабылдадым.Оқушылар орындаған жұмыстан кейін кері байланыс және қатемен жұмыс жасау да жүргізілетіні сөзсіз. Бірақ, 11- сыныпта жұмыс істеген уақытымда менің сабақта талқыланған ережелер бойынша қателер жіберілетініне назар аударуыма тура келді. Сонымен қатар, бұл ережелер алдыңғы сыныпта қарастырылған болатын. Бұл жағдай менің жүргізілетін кері байланыс түрін өзгертуіме әсер етті: келесі сабақта жұмыста жіберілген қателерді қарастыруды қойып, парақтар тараттым және олардың сол сұраққа жауап берулерін сұрадым:

- Сіз өзіңіз білетін немесе сабақта қарастырылған ережелер бойынша қателер жібердіңіз бе? Неліктен?

Талдау барысында келесі нәтижеге қол жеткізілді (тек бақыланған оқушылардың нәтижелері ұсынылды):

  1. «Өзіңіз білетін ереже бойынша қателер жібердіңіз бе?» деген сұраққа оң жауап алынды : «Иә» - 100%. (Қосымша 1)

Екінші сұрақ:

  1. Неліктен? Төмендегі диаграммада(1- сурет) себебі көрсетілген.

hello_html_m28aee793.png(1-сурет)

Бұдан әрі қарай, қысқаша сауалнама жүргізгеннен кейін, алынған жауаптарды бірден тақтаға жазып, көтерілген мәселені тереңірек қарау үшін оқушылардың нәтижелерін жетілдіруді зерттеуге себебі және нәтижелерін өз бетімен анықтауда жағдай туғызу мақсатында диалогтік оқытуды [4, с 182] қолдандым. Диалог құру барысында оқушылар негізгі қиындық – мұғалім белгілеген уақытта тапсырманы орындау деген қорытынды жасады. Олардың тапсырманы орындауы кезінде мазмұннан көрі уақытқа баса назар аударылады. Оқушылар өзін- өзі ұйымдастыру дағдыларын жетілдіру қажеттігі туралы қорытынды жасады. Сол кезде мен әрқайсысының «Мен үлгермей қаламын» деген қорқынышы мен сенімсіздігін жеңу мақсатында әртүрлі тапсырмаларды орындауды жетілдіру бойынша жоспар құруды өтіндім. Жазба жұмысында дұрыс жазу ережелері туралы неге ұмытып кетеміз? Материалды жеткізуде неліктен қателер жібереміз? Неліктен назар аудару қиын? Негізгі себеп - анықталғандай олардың үлгеруі туралы қорқыныш. Бұл жерде менің үш оқушым үшін, қазақ тілі - екінші тіл деген екендігіне тағы бір рет назар аудару қажет.

Әрине, бұл оқушылардың жұмысының сапасы бірден жақсарып кетеді дегенді білдірмейді, бірақ алғашқы қадам жасалынды: олар әртүрлі бақылау және қорытынды жұмыс түрін орындауға өз қатынастарын өзгертулері керектігін түсініп, қорытынды жасады: Өз уақытын басқаруға үйрену, «қайталап үлгермедім» , «менді мәселе…» сияқты сөздерді қолданбауға тырысу. Қиындық бар ма, оны шешу керек. Тапсырманы орындау барысында мазмұндық жағына баса назар аудару керек, әр маңызды жұмыстың алдында жоғары деңгейге қол жеткізу үшін жоспар құру керек (Қосымша 2). Алайда, менің ойымша, оқушылар мұғалімнің жетелеуші сұрақтары арқылы оң нәтижеге, кейбіреулеріне жоғары нәтижеге қол жеткізуі үшін олардың қалай оқулары керектігі туралы қорытындыға келгені негізгі шешуші сәттердің бірі болып табылады.

Келесі маңызды сәт - оқушылардың оқу үдерісіне менің тарапымнан енгізілген қорытынды бақылау жұмыстарын орындау кезінде тұрақсыз жұп құру. Әдеттегідей келесі қорытынды бақылау жұмысын өткізу түрін жоспарлауда мен сабақтың алдында жіктеліп қойылған қиылған картинкаларды жұп бойынша оқушыларды бөлуге шешім қабылдадым.

Әлбетте, жұмыс сабағында мен оқушылармен жұмыс жасау үшін жұпта және топта тұрақсыз құрамда жұмыс істеуге жағдай туғызылды, бірақ қорытынды бақылау жұмысын жүргізуде пәнді оқуда қиындығы бар оқушылармен табысты оқушылардың біріккен жұмысын ұйымдастыруға тырыстым. Осылайша, оқушы А қорытынды бақылау жұмысын өзімен бір деңгейдегі, оқушы Б білім бойынша тең, ал оқушы Е білімі жоғары оқушымен орындады. Жұмыс қорытындысы төмендегідей:

А:

Тең- тең

(орта деңгейлі қабілеттер)

Б:

Тең- тең

(жақсы қабілеттер)

Е:

Тең емес – тең

(орта және жақсы қабілеттер)

Жақсы жұмыс ұсынды. Оқушы А сөйлеу кезінде тілдік қателер жіберем деп уайымдап, тұтыға берді. Бірақ бұл жұмыс оның тарапынан ешқандай қарым- қатынас жасамайтын оқушымен орындалған. Бұл жағдай туралы мен кеш білдім.


Ұсыныстар: сенімді болу, сөйлеу тілін жетілдіру.

Өте жақсы жұмыс ұсынды.

Оқушы Б сөйлеу тілі өте жатық болды.



Ұсыныстар: сөйлеу тілін жетілдіру бойынша жұмысты жалғастыру, уайымдамау..


Өте жақсы жұмыс ұсынды. Оқушы Е сөйлеу тілін безендіруде шамалы қателіктер жіберді.



Ұсыныстар: сенімді болу.


Оқушы- ата- ана

конференциясында анасына: « Жоғары деңгейге оқушы А1 арқасында қол жеткіздім» деп айтты.


Осылайша, қорытынды бақылау тапсырмаларын орындауда оқушылардың жақындасуына көмектесетін, олардың көрінбейтін тұстарын көрсетуге, таныс емес жағдайдан шыға білу дағдысын, қорқынышты жеңуге тұрақсыз жұптарды құру қажет болып табылады деген қорытынды жасалды.


4- бөлім: Әрекетте зерттеу жүргізу үрдісіндегі шектеулер және келесі тәжірибе үшін салдары

Өзімнің әрекеттегі зерттеуімді қорытындылай отырып, қарастырып отырған тақырыбымның өзекті екенін, оның оқыту үдерісімен тікелей байланысты екенін ескертіп өткенім дұрыс болар. Аудитория алдындағы қорқынышыңды жеңу, сенімді болу, өз уақытыңды басқаруды үйрену – бұл пән бойынша, кейін- үлкен өмірде оқушылардың жоғары нәтижеге қол жеткізуі үшін қажет негізгі дағдылар. Мысалы, кейбір адамдарда топ алдында сөйлегенде өздерін еркін ұстай алмау, қобалжу болады. Өзіне деген сенімсіздігі сөйлеуге кедергі болуы мүмкін.

Менің көзқарасым бойынша, мен оқушылардың жазбаша кері байланысы мен диалогтік оқытуы арқылы өзара оқыту үшін жағдай туғыза алдым. Оқушылар өз ойын айтудан қорықпады, жақсы кері байланыс дағдысын көрсетті. (Қосымша 1, оқушы А). Әрине, «оқушы- оқушы» диалогтік оқытудың негізгі мақсаты – жаңа білім алу, бірақ менің жағдайымда менің оқушыларыма қалай оқу керектігін түсіну. Кері байланыс жүргізу кезеңінде (2-3 сөйлем) олардың тарапынан қателіктер жіберілген. Мүмкін, алынған нәтижеге байланысты көңілінің бұзылуы (оқушы А мен Б), оқушы Е ұзақ уақыт жинақтала алмағандықтан жылдам жаза бастады. Және нақты оқушылар және менің арамыздағы диалог (менің рөлім – бағыттаушы: пікірталас ұйымдастыру үшін сұрақтар қойдым) негізгі себепті анықтауға көмектесті – тапсырманы орындауға үлгермей қаламын деген қорқыныш, үлгермедім, уайымдап тұрмын, оқымадым, қайталамадым және т.б. Бастысы, бұның бәрі неліктен осылай болып жатыр? деген сұраққа жауап бердік. Біздің сенімсіздігіміз, қорқыныш, бәрінен бұрын, ұйымдаспағандық. Оқушылардың соңғы шешімі: өз жұмысын нақты жоспарлай білуге үйрену, өз уақытын, эмоциясын басқара білу, өз көзқарасын өзгерту. Менің тарапымнан жүргізілген жұмыстың нәтижесі атрибуция теориясына сай, «жеке тұлғаның жетістікке жетуі немесе олардың сәтсіздіктерді жеңуі олардың өз жетістіктерін түсіндіретін себептерге байланысты. [4, с 182]»

Оқыту үдерісіне өзгерістер енгізу барысында бақылау арқылы келесі қорытындыға келдім.

I. Оқушылар әртүрлі бақылау және қорытынды жұмыстарын орындау алдында қысқаша жоспар құру керек; бұл жұмысқа мүмкін 20- 25 минут бөлуге болады. Қазіргі уақытта олар 2 жоспар құрған болатын, орындау уақыты - шамамен 10 минут:

1) жіберілген қателерді жою жолы;

2) эссе жазу үшін жоспар құру.

Сабақтарда кері байланысты жазбаша жұмыс түрінде орындауға көбірек уақыт бөлу, салмақты/ қорытынды жұмыстарға жазбаша жоспар құру.

II. Маңызды жұмыстарды орындауда тұрақсыз құрамдағы жұптарды қолдану (тақырыптық жоспарға сәйкес). Маған мұғалім ретінде жұптық жұмысты жүргізу үшін:

  1. Олардың «қайталануынан» қашу;

  2. Топта, жұпта міндеттерді дұрыс және анық бөлу, тіл табысу талдауы бар бақылау.

III. Дағдыларды оқыту мен жетілдіруге ерекше көңіл бөлу. Бұл ХБ (MYP) негізгі мектеп бағдарламасының бөлінбейтін бір аспектісі болып табылатындығын ескеру қажет.

Қорытындылай келіп, мен әрекеттегі зерттеуді жүргізген сыныпта оқушылар өздерінің нақты мүмкіндіктерін, сәтсіздіктерінің себебін көрсеткенін атап өтуді жөн көріп отырмын. Олар ашық, ақкөңіл, өте маңызды ойларын айтуға қорықпайды. (сурет)

hello_html_4d0b9288.jpg

hello_html_7f848a88.jpg

hello_html_m367ed524.jpg

«Өте көп қателер жібердім» деп айту олардың өзара, мұғаліммен арасында сенімді қарым- қатынас бар екендігін көрсетеді.

Менің оқушыларымды бақылауым мен оқыту үдерісіндегі өзгерістер дұрыс болғандығына оқушы А шығармашылығы дәлел бола алады: «Дизайн» пәні бойынша «Тағам түрлерін дайындаудың брошюра жасау» тақырыбында қорытынды бақылау жұмысын орындауда оқушы қазақ дастарханын, ал қатысушы ретінде мені таңдап алады. Өзінің боршюрасын безендіру бойынша нұсқаулықтардың қажеттіліген орай қандай көркем туындыларды оқу керектігі туралы, кейде жасаған жұмысы бойынша өз әсерімен бөліседі.

Алайда, ең бастысы, менің көзқарасым бойынша, кез келген оқушыға қажет, бұл – мұғалімнің қолдауы мен мақтауы.







Әдебиет тізімі

  1. Қазақстан республикасының орта білім берудегі ұлттық стандартты жасау материалдары. Алматы, 2004 ж.//электронды ресурс, moodle.nci.kz/.../MATERIALY_K_RAZRABOTKE_STANDARTA_SR.

  2. MYP: Принципов тәжірибеге дейін. 2014 ж.

  3. Нечаева Н. «Жеке тұлғаның дамуыжаңа білім берудегі мақсат»//электронды ресурс

  4. ҚР педагог қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін көтеру бағдарламасы. Екінші (негізгі) деңгей. 2015 ж.

  5. Мұғалімге арналған нұсқаулық. Екінші (негізгі) деңгей. 2015 ж.

  6. ПиттДаддли «Әрекеттегі зерттеу».

  7. Пшенова Т.Н.,    Батырбаева Н.К. «Үздіксіз педагогикалық білім беру жүйесіндегі жаңа заман мұғалімінің кәсіби дамуы»//entre.ipksko.kz/index.php/search-solutions-experience?id=55


  1. Қосымша



hello_html_3a1f79e9.jpg hello_html_m68cef349.jpg

hello_html_m10254b45.jpg


  1. Қосымша



hello_html_m2ea012d0.jpg

16

Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 06.08.2016
Раздел Доп. образование
Подраздел Статьи
Просмотров114
Номер материала ДБ-152095
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх