Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Математика / Другие методич. материалы / Сабақта және сабақтан кейін де ойнайық.
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Математика

Сабақта және сабақтан кейін де ойнайық.

библиотека
материалов

hello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m4df21043.gifhello_html_m4df21043.gifhello_html_m4df21043.gifhello_html_m4df21043.gifhello_html_m4df21043.gifhello_html_m4df21043.gifhello_html_m4df21043.gifhello_html_m4df21043.gifhello_html_7e51f3ee.gifhello_html_7e51f3ee.gifhello_html_46732874.gifhello_html_78926d2.gifhello_html_m7a8a41d.gifhello_html_m6f1bdcff.gifhello_html_m6f1bdcff.gifhello_html_m6f1bdcff.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m58d480e8.gifhello_html_m58d480e8.gifhello_html_m72dbb79b.gifhello_html_m72dbb79b.gifhello_html_m72dbb79b.gifhello_html_m72dbb79b.gifhello_html_m72dbb79b.gifhello_html_m58d480e8.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_25ee4a2f.gifhello_html_m20509d31.gifhello_html_8bdbcd6.gifhello_html_8bdbcd6.gifhello_html_53e73f44.gifhello_html_1aeeedb9.gifhello_html_m3bbb76c8.gifhello_html_m35c4a6a1.gifhello_html_28dbabe3.gifhello_html_2ede5088.gifhello_html_m3bbb76c8.gifhello_html_m3bbb76c8.gifhello_html_m3bbb76c8.gifhello_html_m3bbb76c8.gifhello_html_m3bbb76c8.gifhello_html_m3bbb76c8.gifhello_html_m3bbb76c8.gifhello_html_m3bbb76c8.gifhello_html_m7370db86.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m1d51facf.gifhello_html_m5bbfba08.gifhello_html_39d79966.gifhello_html_m7b4cb98b.gifhello_html_m6ab1f12a.gifhello_html_3201539e.gifhello_html_m4e2faae3.gifhello_html_149f9154.gifhello_html_m6ab1f12a.gifhello_html_m590b86b6.gifhello_html_m7836a526.gifhello_html_m6d878e8d.gifhello_html_m1910bc9f.gifЖас оқырманға!



Сабақққа дайындалып болғанннан кейін, бос уақыттарыңда көпшілігіңнің түрлі жұмбақтар мен басқатырғыштар шешуді, қызықты тапсырмаларды орындауды және жалықтырмайтын ойындар ойнағанды ұнататындарың белгілі.

Бұл тек қызықты ғана емес, сонымен қатар пайдалы іс. Мұндай іс-шаралар барысында сендер өздеріңнің ойлау, есте сақтау қабілеттеріңді дамыта отырып, мектепте немесе кітаптан оқығандарыңды еске түсіресіңдер.

Бұл жерде сендер әр түрлі басқатырғыштаp және ойындармен танысасыңдар.

Математикалық ойындар жайлы ұсыныстарыңыз бен жаңа ойларыңыз болса хабарласыңыздар! Қандай-да болмасын пікірлеріңізді қуана қабылдаймыз. sdm_bz@mail.ru



























І. Математика сабағында ойнайық


Бастауыш сынып оқушыларының математика пәніне деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында, сабақты түрлі ойындардың көмегімен өткізген тиімді. Әсіресе математикалық ойындарды сабақты бекіту үшін кеңінен пайдалануға болады.

Бұл балалардың тақырыпты оңай меңгеріп кетуіне жәрдемдеседі. Себебі, кез келген бала ойынды жақсы көреді, сондай-ақ ойын барысында ешкімнен қалысқысы келмейді.

Төменде келтірілген ойындардағы тапсырмалар көбінесе 1-ші және 2-ші сыныптарға арналған. Оларды мұғалім өз қалауынша күрделендіре немесе оңайландыра алады. Ойындарды кез келген тақырыпты өткенде икемдеп пайдалануға болады.


  1. Жаңылма

Мұғалім магнитті тақтаға кезекпен бірнеше суреттер іледі және оларды санап шығуды ұсынады. Осыдан кейін допты алып бір оқушыға лақтырады да, қолымен солдан оңға қарай қимыл жасайды; допты қағып алған оқушы суреттердің санын айтады жйне сол саннан 20-ға дейін санап шығады, егер мұғалім оқушыларға қарап қолмен оңнан солға қарай қимыл жасаса, онда оқушы 20-дан сол санға дейін кері санайды. Мұғалімнің шапалақ ұруымен санақ аяқталады. Мұғалім басқа суреттерді іліп, ойын осылай жалғасады.

Сол сияқты бұл ойынды мұғалімнің өз қалауынша өзгертуіне болады. Мысалы, допты лақтырып, бір санды атайды. Оқушы сол санның алдындағы және келесі 3 санды атайды т.с.с.


  1. Қандай сандар жетіспейді?

Мұғалім екі сан айтады, ал оқушылар олардың арасындағы сандарды атауы керек. Мысалы, мұғалім: «14, 17» - дейді. Оқушылар қағазға жазып әкеліп, кезектесіп мұғалімге көрсетеді.


  1. Ғажайып шаршы

Шаршының торкөздерінің ішіне кез келген ретпен 1-ден 16-ға дейін сандар жазылған. Мұғалім оқушыларға ішінен бір сан таңдауды ұсынады. Мұғалім (немесе дайындалған оқушы) таяқшамен сандарды көрсетіп тұрады, оқушылар өз ойлаған сандарына әрбір көрсеткен сайын бірді қосып отырады. Бірнеше рет бірді қосқанннан кейін, 20 саны шыққанда олар: «Тоқта!» - дейді. Бұл уақытта таяқша ойлаған санға келіп тоқтайды.

3

5

8

10

7

1

12

15

11

14

4

6

2

9

16

13


Мұның сыры мынада: мұғалім (не дайындалған оқушы) алғашында кез келген үш санды көрсетеді. Төртінші болып ол 16 санын көрсетуі керек, бесінші – 15, алтыншы – 14 және т.с.с. Бұл жағдайда 16 санын ойлаған оқушы 4 рет бірді қосады(мұғалім 3 рет басқа сандарға, ал төртінші рет 16 санын көрсетті, 16 = 20-4; 15 санын ойлаған оқушы 15-ке 5-ті қосады, ал 14-ті ойлаған оқушы 6-ны қосады және т.с.с.). Мұғалім оқушының ойлаған санына көрсеткенде оқушыда жиырма саны шығады да, ол: «Тоқта!» - дейді.

  1. Дүкен

Оқушылардың арасынан сатушы, есепші, бақылаушы және сатып алушылар іріктеліп алынады. Сатушылар бағалары көрсетілген тауараларды реттеп қояды. Сатып алушылар тиындарын, есепшілер тауарларға арналған чектерді дайындайды. Сатып алушылар тауарлар таңдайды, олардың бағасын есептейді. Есепшіге барып ақшасын төлейді де, чек пен қайтарым ақшасын алады. Бақылаушылар есептудің және төлемнің дұрыстығын тексереді. Сатушы тауардың бағасын тексеріп жіберіп отырады.

Мысалы: 1) Оқушы есепшіге 20 тиын берді. Ол бағасы 4 тиын тұратын 3 дәптер сатып алды. Қайтарымына неше тиын алады?


  1. Саяхат

Магнитті тақтаға мәшиненің суреті бекітіледі. Тақтаға екі оқушы шақырылады. Бірі жүргізушінің рөлін атқарады, екіншісі – саяхатшы. Олар нөмірлері мысалдармен берілген қаларға саяхат жасайды. (Тақтаға бір-бірінен біршама қашықтықтарда өткен тақырыпқа байланысты мысалдар ілінеді). Саяхатшы есептеу жүргізіп, қалалардың нөмірлерін атап тұрады, ал жүргізуші оны бір қаладан екінші қалаға апарады (мәшиненің суретін кезекпен бір мысалдан екінші мысалға жылжытып отырады). Қалған оқушылар тексерушінің қызметін атқарады – егер жол дұрыс таңдалса, жасыл дөңгелек, ал қате болған жағдайда қызыл дөңгелек көрсетеді. Егер саяхатшы қателессе оны басқасы ауыстырады. Мысалдар ауыстырылады. Тақтаға ойыншылардың екінші жұбы шақырылады. Ойын алғашқыдағыдай жалғасады. Барлық жіберілген қателер ойын соңында талданады.

  1. Танграм

Бұл - ескілікті ойын. Ойынға дайындық үшін мұғалім шаршы қиып алып, оны суретте көрсетілгендей (5-бет) сызықтармен қиып шығуды тапсырады. Қиятын сызықтарды қағазды бүктеу арқылы алуға болады. Әрбір бөлігі нөмірленіп, қиып алынады. Мұғалім магнитті тақтаға шаршы және одан құрастыруға болатын суреттердің бірін іледі. Ол геометриялық фигуралардан сондай сурет құрастыруды ұсынады. Ойын басталмай тұрып оның ережісімен таныстырады:

  1. Шаршының қиындылары бірін-бірі шетімен болсын жаппауы керек.

  2. Әрбір суретті құрастыруға шаршының барлық жеті бөлігі де қолданылады.

2

1





5

6

7

Кейбір суреттерді (сабақта бірден) оқушылар үлгі бойынша, басқаларын елестету арқылы құрастырады. Тексеру мақсатында мұғалім балалардың құрастырған суреттерін тақтаға іледі.

4

2

3

5


1

6


3 4

6



7 5 2



1








7

6

7

2


2

3

1


3 4

5



  1. Санды қақпаға гол соқ

Тақтаға доптар мен санды қақпа салынады. Доптардың оң жағына мысалдар жазылады. Мұғалім оқушыларға ойын ережесін баяндайды. Доптың бағыты мысалмен жасырылған.



5

2

3

4

6

1

7

8

9

15

16

14

12

17

18

1

3

5

6

7

9

2

8

4

8+7

j0299763

6+9

7+9

9+5

j0299763

8+6

7+5

9+8

6+8

j0299763

8+4

9+9

7+7

Әрбір мысалдың шешу жолын санды қақпадан тауып алуға болады. Оқушылар алдымен мысалдың шешу тәсілі көрсетілген екі санды қақпаның арасын сызықпен қосып, содан кейін допты мысалдың жауабы жазылған үшінші қақпаға апарады. Оқушылар кезекпен шығып ойнайды. Шешу тәсілін (мысалдағы екінші қосылғыштың құрамы болатын екі санды сызықпен қосады, оның бірі бірінші қосылғышты 10-ға дейін толықтыруы керек)және жауабын дұрыс қосқан оқушы гол соққан болып есептеледі.


  1. Санды тауып көр

Тақтаға «сиқырлы кесте» сызылады және былай толтырылады:


1-ші

2-ші

3-ші

4-ші

1

2

4

8

3

5

7

9

11

13

15

3

6

7

10

11

14

15

5

6

7

12

13

14

15

9

10

11

12

13

14

15



«Осы кестенің көмегімен, - дейді мұғалім, - мен сендердің ағаларыңның, апайларыңның және достарыңның неше жаста екенін біле аламын Тек сендер маған өздерің ойлаған жасқа сәйкес келетін сан қай бағанда кездесетінін айтыңдар». - «Мен ойлаған сан бірінші, екінші және төртінші бағандарда тұр»,- деді Айгүл. «Сен кім туралы ойладың» - «Ағам туралы» - «Сенің ағаң 11 жаста», - деді мұғалім. Мұғалім Айгүлдің ағасының жасын қалай тапты.

Т ү с і н д і р м е: Ойланған санды табу үшін аталған бағандардың(1-ші, 2-ші, 3-ші) бірінші жолындағы сандарды қосу керек (1+2+4+8). Басқа жағдайларда да осылай табуға болады, яғни аталған бағандардың бірінші жолдарындағы сандарды қосады.

Мұғалім түсіндіргеннен кейін тақтаға бірнеше оқушы шығып, басқа балардың ойлаған сандарын табады.

  1. Ұшақтың бағытын анықта

Тақтаға әр қатардан(топтан) үш оқушы(ұшқыштар) шақырылады. Олар өздерінің ұшақтарын жауаптарының бірі – дұрыс, екеуі – қате жазылған мысалдармен жасырылған, белгіленген бағытпен, алып жүреді. Ұшқыштар мысалдарды төменнен жоғары қарай шешіп, дұрыс бағытты төмендегі суреттегідей нұсқамамен көрсетулері керек:






17 15 13 14 12 13 10 11 12


7 + 4



8 + 4



9 + 4




12 15 14 14 15 12 16 14 15


8 + 7

7 + 7

9 + 7




15 14 17 14 13 18 13 11 12


6 + 6



7 + 6



9 + 6



20 18 14 17 19 14 14 13 15


8 + 5

9 + 5

8 + 6




j0233070

j0233070

j0233070





  1. Допты кімге беру керек?

(І нұсқа)

Мұғалім оқушыларға мектепте жарыс өткізу үшін, бір топта 10 оқушыдан болатындай, сыныптарды топтарға бөлгенін хабарлайды. Әр оқушы өзіне нөмір алды. ІІ сынып футболшылары 11-ден 20-ға дейінгі нөмірлерді алды. Олар математикалық футбол ойнайды. Мұғалім оқушылардың ойынға деген ынтасын байқайды және ойын ережесімен таныстырады. Ол оқушыларды топтарға бөледі. Алдымен 1-ші топ оқушылары ойнайды. Қалғандары төрешінің қызметін атқарады(Оқушылар дұрыс ойнаса, жасыл қағаз көрсетеді; олай болмаған жағдайда қызыл қағаз көтереді). Оқушылар мынадай ережемен ойнайды: доптың бағыты тапсырмамен жасырынған. Тапсырманы дұрыс орындап, олар допты келесі қай ойыншыға беру керектігін анықтайды. Тапсырманың жауабында доп берілетін ойыншының нөмірі жасырылған.

Олардың ең соңғысы қақпаға доп соғады.

Мұқият болыңдар, ойын басталды!

  • Он бірінші нөмір допты қай футболшыға берді? (Он үшінші нөмірге)

  • Оны қайдан білдіңдер? (20-7=13).

  • Он үшінші нөмір допты кімге береді? (Он сегізіншіге).

  • Оны қалай білдіңдер? (9+9=18). Т.с.с.

  • Қақапаға допты кім соқты? (Оныншы нөмір).


Отсканировано 24


Осыдан кейін мұғалім өшіріп, алдын ала даярлаған басқа тапсырмаларын жазады. 2-ші топ ойнайды, қалғандары төреші қызметін атқарады. Осы сияқты 3-ші топ та ойнайды. Жарыс аяқталғаннан кейін қорытынды шығарылады. Бірде бір қате жібермеген немесе ең аз қате жіберген топ жеңімпаз болады.

Ескерту: Сынып, топтағы оқушылар саны, тапсырмалар мысал үшін келтірілді. Бұл ойынды мұғалім басқа ойындар сияқты қалауынша өткізе алады.


  1. Допты кімге беру керек?

(ІІ нұсқа)

Магнитті тақтаға футболшылардың және қақпаның суретін орналастыру керек. Ойынды бастаушының астына тапсырма жазып, қалғандарының астына екі сан ғана жазып қояды. Мысалы:


Отсканировано 24


Он бірінші нөмір он үшіншіге беретінін білгеннен соң, оқушылар кезекпен тақтаға шығады. Олар әрбір келесі ойыншы допты кімге беру керектігін табулары керек. Оқушылар әлі доп алмаған футболшыларға қарап мысалдардағы көпнүктенің орнына «+» немесе «-» таңбасын қоюлары кекрек. Мысалы, онүшінші нөмірлі футболшының астында 20 және 8 деген екі сан жазылған. Оқушы екі санның арасына «-» таңбасын қояды, өйткені ол ойыншылардың арасынан он екінші нөмірліні көріп тұр (сол ойыншыға дейін сызық жүргізіп қояды). Келесі шақырылған ойыншы он екінші нөмірлі ойыншының астында жазылған екі санды басқа футболшылардың нөмірімен салыстырып, таңбаны қояды – сызықты он бесінші нөмірге қарай жүргізеді және т.с.с.

Жарысқа барлық топ қатысады. Мұғалім тақтада жұлдызшамен топтардың ұйымшыл жұмыстарын бағалап отырады. Жұмысты жылдам және қатесіз орындаған топ жеңіске жетеді.




































Қызықты басқатырғыштар




Цифларды алмастыр



3 қатарға 2, 2, 2, 3, 3, 3, 4, 4, 4 цифрлары орналастырылған. Бұл цифрларды барлық бағытта (тігінен, көлденеңінен және диагональ бойымен) қосындылары бірдей болатындай етіп орналастыру керек.























15 болсын















1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9 цифрларын квадраттың торкөздеріне көлденеңінен, тігінен және екі диагональ бойымен нәтижесі 15 болатындай етіп орналастыр. Төрт түрлі тәсілмен шығады.





















Бәрі 34


1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12

13 14 15 16


















j0299125

Квадраттың ішіне жазылған 1-ден 16-ға дейінгі сандарды нәтижесі 34 болатындай, суреттегі тігінен, көлденеңінен және диагональ жүргізілген сызықтар бойында орналасқан дөңгелектердің ішіне орналастыр.




Нәтижесі 60


Тігінен және көлденеңінен әрбір қатардың қосындысы 60 болатындай, бос тор көздерге қандай да бір сандарды қойыңдар.


16




16


16




16

16






16


16


16


16














Алты рет 10-нан

½

4

5

7


1














Берілген 9 санды дөңгелектердің ішіне тігінен де, көлденеңіненде қосқанда 10 шығатындай етіп орналастыр, нәтижесінде алты рет 10-нан шығады.








3

9

7

6

3

9

7

6

3

4

7

1

1

7

4

3

Бәрі 20

Квадратты төрт тең бөлікке бөліп, барлық бағытта торкөздердегі цифрлардың қосындысы 20 болатындай етіп құрастыр. Бұны жасау аса қиын емес, тек ойлану керек.























Тақташаларды іліңдер





















Сандар жазылған тақташаларды суреттегі қабырғаға көлденеңінен, тігінен және екі диагональ бойымен қосындылары бірдей сан шығатындай етіп орналастыр.



Кубтың сыры

Кубтың төбелеріндегі дөңгелектердің ішіне 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8 цифрларын кубтың алты жақтарының әрбір жағындағы төрт цифрдың қосындылары бірдей болатындай етіп орналастыру керек.












12 шығады






















1-ден 7-ге дейінгі сандарды әрбір шеңбер бойымен және әрбір түзу бойымен қосқанда 12 шығатындай етіп дөңгелектердің ішіне орналастыру керек. Фигураның ортасында анықталған сан тұру керектігін көрсетіңдер, оны орналастырмай тұрып есептеп табыңдар.





Жол таңда


1

7

1

1

2

3

5

9

3

4

5

8

6

2

7

7

2

3

9

1

3

4

1

9

5

















Жүру басталатын нүкте – оң жақ астыңғы бұрыш. Бізге төртбұрыштардың ішіне қойылған цифрлардың қосындысы 45 болатындай жолды таңдап, сол жақ астыңғы бұрыштан шығу керек.



































=

7

+


-


+


-


5

=

5


-

+


+


-


+

2



=

-


+


+

-



=



=



6

=



-

7

=


-

5

+

==


Санды кілемше




Бос торкөздерге барлық сегіз амал да дұрыс орындалатындай цифрлар жазып шық.










Сағаттағы құпия


12

42

32

2

12

92

82

72

62

52

11

10












Сағаттың циферблатын кесінділердің көмегімен әрбір бөліктегі сандардың қосындысы бірдей болатындай етіп үш бөлікке бөліңдер.








Сиқырлы үшбұрыш


1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9 сандары берілген. Бұларды үшбұрыштың әрбір қабырғасында қосындылары 20-ға тең болатындай орна-ластырыңдар.













100

32

31

34

33

35

36

Тең қабырғалы үшбұрыш түрінде орналасқан дөңге-лектердің ішіне 31, 32, 33, 34, 35, 36 сандарын барлық қабырғаларында қосынды-лары бірдей және 100-ге тең болатындай етіп орналастыр.
















Ертедегі басқатырғыш


Ерте заманда бір хан өзінің үш ақылшы даналарын сынап көрмекші болады. Өзеннің жағалауын-дағы құмға тоғыз кішкене бөліктерге бөлінген квадрат









сызады (суретті қара) және бірдей көлемдегі ұсақ тастарды жинап әкелуді бұйырады. Жиналған тастардан 36 тас алып, квадраттың әрбір қабырғасында 15 тастан болатындай етіп орналастырады. Қасына бірінші дананы шақырып алып, хан үйіндіден 4 тас алады да, жерде жатқан 36 тасқа квадраттың қабырғаларындағы тастардың саны тағы да 15-тен болатындай етіп орналастыруды тапсырады. Бірнеше минут өтпей бірінші дана тастарды ханның айтқанындай орналастырып шығады.

Сонда хан тағыда 4 тас алып, тура сол тапсырманы, бірақ енді 44 таспен орындауын сұрайды. Екінші дана 44 тасты шарт бойынша орналастырып шығады: квадраттың әр қабырғасындағы тастардың саны 15.

Хан қолына тағы да 4 тас алып, енді тастарды қажетті ретпен орналастыру қиынға түсетінін ойлады, өйткені 36 тасқа 12 тас қосылды.

Бірақ үшінші дана да 48 тасты квадраттың әрбір қабырғасында 15-тен болатындай етіп орналастырып шықты.

Сонда хан өзінің даналарының ақылы мен тапқырлығына тағы да көзін жеткізді.

Сендер де осы қызықты басқатырғышты шешіп көріңдер.

Күннің екінші жартысына арналған ойындар


  1. Математикалық лото

Қатты қағаздан алынған тіктөртбұрышты парақ(қарта) 6 торкөзге бөлінеді. Торкөздерге сандар жазылады: мысалы:

200

5

840

15

600

83




Кішкентай қағаздарға(қарташаларға) жауаптары осындай тапсырмалар жазылады, мысалы:

200 - 117

40 × 15

480 + 360

350 : 70

180 : 12

50 × 4





Әрбір ойыншы өзіне осындай қарта мен қарташалар даярлап алады.

Барлық қарташалар араластырылып, жазулары төмен қаратылып қойылады. Ойыншылар кезекпен бір қарташадан алып, онда жазылған тапсырманы оқиды; барлығы бұл тапсырманы орындайды. Шыққан нәтиже қай ойыншының алдындағы қартадағы санмен тең болса, сол ойыншы қарташамен сол санды жауып қояды.

Өз қартасында жазылған барлық сандарды кім бірінші жауып болса, сол ойыншы жеңімпаз атанады. Бұдан кейін ойыншылар қарталарымен алмасып, ойын жаңадан басталады.


  1. Жылдам санақ

Ойнаушылар дөңгеленіп отырады. Бір ойыншы екіншісіне, айталық, доп лақтырады және бір тапсырманы қоса айтады, мысалы: 170-90. Доп барған ойыншы тез жауабын айтып, қалаған адамына допты лақтырады және оған қандай да бір тапсырма береді, т.с.с.

3 рет қате жауап берген ойыншы ойыннан шығады. Егер тапсырма өте қиын болса, онда оны айтқан ойыншы өзі орындайды; дұрыс жауап болмаған жағдайда оған қателік жарияланады. Ойынның аяғына дейін екіден көп қателік жібермеген ойыншы жеңеді.


  1. Кім бірінші ақырғы затты алады?

Үстел үстіне 20 зат қойылады, мысалы қарындаштар. Ойнаушылар, 2 адам, 1-5-ке дейін заттарды кезекпен алады. Ең ақырғы затты кім алса, сол жеңеді.








  1. Арифметикалық домино

Алдын ала қатты қағаздан(жұмсақ пластмассадан болса тіпті жақсы) ұзындығы 4 см, ені 1,5-2 см болатындай ойын тақташаларын дайындап аламыз.

=238 30 × 7

=210 35 + 47

=47 17 × 40

=82 240 : 6

=40 71 - 24

=680 460+470

=280 40 × 24

=16 650 -370

=930 400 : 25

=125 850 : 50

=17 135 - 50

=30 25 × 9 × 4

=900 205 × 4

=820 490 : 7

=70 760 : 40

=960 130 × 4

=520 420 : 3

=140 900 : 30

=81 270 - 32

=165 648 : 8

=644 200 - 35

=85 92 × 7

=19 50 × 19

=950 80 + 45













=950 80 + 45

=19 50 × 19

=960 130 × 4

=19 50 × 19

Ойын ережесі кәдімгі домино ойынындағыдай. Төрт ойыншы ойнайды, әркім өзі үшін немесе екеуі екеуіне қарсы. Ойынды ең үлкен сан бар тақташа кімнің қолында, сол ойыншы бастайды (әрине, басқаша да келісуге болады). Қойылған тақташаға келесі ойыншы оң жағынан немесе сол жағынан – қалауы бойынша өз тақташасын қояды. Мысалы, тақташасының оң жағына

=70 760 : 40

тақташасын қоюға болады, сондай-ақ, сол жағына мына тақташаны да

қоюға болады, т.с.с. Келесі ойыншы

=19 50 × 19

=950 80 + 45

=70 760 : 40


=125 850 : 50


тізбегінің оң жағына тақташасын немесе сол жағына

=820 490 : 70

тақташасын қоя алады, т.с.с. Егер ойыншының қолында тізбектің оң жағына немесе сол жағына қоятын тақташасы болмаса, ол кезегін келесі ойыншыға береді. Қолындағы тақташаларды бұрын қойып бітірген ойыншы жеңімпаз атанады.


  1. Кім бірінші «жүз» деп айтады?

Ойнаушылар (2 адам) кезектесіп сандарды атайды – 1-10 қоса алғанда - және қарсыласының алдыңғы айтқан санына қосып отырады. Мысалы: 1-ші ойыншы – 8, 2-ші – 14(6 қосты), 1-ші – 24(10 қосты), 2-ші – 31(7 қосты) және т.с.с.

«Жүз» деп бірінші айтқан ойыншы жеңеді. Бұл ойынды санамақтың (таяқша, тас және т.б.) көмегімен де ойнауға болады. Жүзінші санамақты кім қояды, сол жеңеді.


  1. Кесте және жұлдызшалар

1

.

.

13

.

.

.

.

.

.

.

.

4

.

.

16



Әр ойыншы 16 торкөзден(4×4) тұратын квадрат пішінді кесте дайындап алады. Екі жолды немесе екі бағанды сызып тастағанда, ең болмағанда бір жұлдызша сызылмай қалатындай етіп жеті жұлдызшаны(әр торкөзге бірден) орналастыр.






Тапсырманы бірінші орындаған ойыншы жеңімпаз.





  1. Болотуду

Бұл Африканың құмда ойнайтын ұлттық ойыны. Бұл ойынды ойын алаңын қағазға сызып та ойнауға болады.

Ойын алаңы – құмға сызылған 30 торкөзден тұратын тіктөртбұрыш. Өзіңізге 12 ұсақ тас жинап алыңыз, ал қарсыласыңызға 12 таяқша беріңіз және оған түсіндіріңіз. Ол және сіз кезектесіп, кез келген екі торкезге таяқша не тасты қойып отырасыздар. Оларды қатарынан үш торкөзде (тігінен және көлденеңінен) бірдей болмайтындай етіп орналастырыңыздар.


hello_html_2cf611d9.gif

hello_html_2cf611d9.gif




hello_html_2cf611d9.gif

hello_html_2cf611d9.gif

hello_html_2cf611d9.gif

hello_html_2cf611d9.gif

hello_html_2cf611d9.gif

hello_html_2cf611d9.gif

hello_html_2cf611d9.gif


hello_html_2cf611d9.gif

hello_html_2cf611d9.gif






а

b

c

d

e

1 2 3 4 5 6

Орналастыру – ойынның негізгі сәті және көбірек ойлау мен аңғарымпаздықты талап етеді. Жеңістің кілті осында жатыр.

Барлық тастар мен таяқшалар орналастырылғаннан кейін ойнаушылар кезекпен өздерінің бір тасын (таяқшасын) тігінен немесе көлденеңінен орын ауыстыра бастайды.

Өзінің үш тасын (таяқшасын) бір қатарға орналастыра алған ойыншы, сол қатарға іргелес жатқан қарсыласының бір тасын алу құқығына ие болады. Сондай-ақ ойыншының жүретін тасы осы үштіктің құрамына кіруі керек.

Ойын қарсыластардың бірінде екі тас қалғанға дейін жалғасады, ол, әрине ұтылады, өйткені үштік жасай алмайды. Қарсыластар ойынды жандандыруға батпай бір жүрісін қайталай берсе, ойын тең аяқталды деп саналады.


  1. Өз орнына


А


Ә


Б


1 2 3 4 5 6 7 8 9 10

        



Қатты қағаздан тоғыз 1-ден 9-ға дейін нөмірленген дөңгелектер даярлап алыңыздар. Арнайы алаңда дөңгелектерді сандармен сәйкестендіріп орналастырыңыздар, тек 1 жазылған дөңгелекті 10-шы торкөзге қойыңыздар, ал 1-ші тор көз бос тұрсын.

Дөңгелектерді алаңнан алмай, тек көрші торкөзге жылжыту арқылы 1 цифры жазылған дөңгелекті 1-ші торкөзге ауыстырыңыздар.

Уақытша А, Ә және Б торкөздеріне 1 дөңгелектен қоюға болады. Бір дөңгелекпен басқа дөңгелектерден «аттауға» болмайды.


  1. Бір «А», екі «А», үш «А»

Суреттегідей кесте сызылған беттерді дайындап алып, ойынға қатысуға ниет танытқандарға таратып береміз.

Бір «А»

Екі «А»

Үш «А»

_А_ _

_А_А _

_А_А_А_

_А_ _

_А_А _

_А_А_А_

_А_ _

_А_А _

_А_А_А_

_А_ _

_А_А _

_А_А_А_

_А_ _

_А_А _

_А_А_А_

_А_ _

_А_А _

_А_А_А_

_А_ _

_А_А _

_А_А_А_

_А_ _

_А_А _

_А_А_А_

_А_ _

_А_А _

_А_А_А_

_А_ _

_А_А _

_А_А_А_

Ойынның шарты мынадай, әрбір ойыншы тездетіп, бетке жазылған әріптерді пайдаланып, 30 сөз жазып шығуы керек.

Көріп тұрғандарыңыздай бірінші бағандағы он сөздің әрбіреуінде бір «А» әрпі, екінші бағанда – екі «А» әрпі және үшінші бағанда – үш «А» әрпі болуы керек.

Ойынды басқа әріптермен де ойнай беруге болады.


  1. Нөлге қой

Торкөзді қағаздың ұзын бөлігін алып, торкөздерді 0, 1, 2, 3, ... , 13, 14 сандарымен нөмірлеп шығамыз. 15 торкөздің бірінде тас тұр.















0 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14


Екі ойыншы кезек-кезек тасты солға қарай бір, екі, үш немесе төрт тор көзге жылжытады. Жүрісі жоқ болып қалған ойыншы жеңіледі (демек, тасты нөлге қойған ойыншы жеңеді).


  1. Логикалық домино

Екі адам ойнайды. Әрбір ойыншының қолында өлшемдері әр түрлі және қызыл, көк, жасыл, сары түстерге боялған фигуралар болады: дөңгелек, тіктөртбұрыш, шаршы, үшбұрыш. Бірінші ойыншы үстелге фигураны қояды. Қарсыласы оған жалғастырып, осы фигурадан бір ғана өзгешелігі бар фигура қоюы керек: не формасы, не түсі, не өлшемі. Мысалы: егер бірінші ойыншы үстел үстіне үлкен қызыл үшбұрыш қойса, онда екінші ойыншы оған жалғастырып, не кішкене қызыл үшбұрыш, не үлкен сары үшбұрыш, не үлкен қызыл дөңгелек және т.с.с. Егер ойыншы тұрған фигурадан айырмашылығы жоқ фигураны немесе одан өзгешелігі бірден артық фигураны жалғастырып қойса, онда жүріс қатеге саналып, ойыншының бір фигурасы алынып тасталады. Қолында фигурасы біткен ойыншы жеңіледі.


Краткое описание документа:

Жас  оқырманға!

 

 

     Сабақққа  дайындалып  болғанннан  кейін,  бос  уақыттарыңда  көпшілігіңнің    түрлі  жұмбақтар  мен    басқатырғыштар шешуді,  қызықты тапсырмаларды  орындауды және  жалықтырмайтын  ойындар  ойнағанды  ұнататындарың  белгілі. 

     Бұл  тек  қызықты  ғана  емес,  сонымен  қатар  пайдалы  іс.  Мұндай  іс-шаралар  барысында  сендер  өздеріңнің  ойлау,  есте  сақтау  қабілеттеріңді дамыта  отырып,  мектепте  немесе  кітаптан  оқығандарыңды  еске  түсіресіңдер.

      Бұл  жерде  сендер  әр  түрлі  басқатырғыштаp  және  ойындармен  танысасыңдар. 

     Математикалық  ойындар  жайлы  ұсыныстарыңыз  бен  жаңа  ойларыңыз  болса  хабарласыңыздар!  Қандай-да  болмасын пікірлеріңізді  қуана қабылдаймыз. sdm_bz@mail.ru

     

Автор
Дата добавления 22.01.2015
Раздел Математика
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров523
Номер материала 328913
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх