Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Биология / Другие методич. материалы / Сабақтағы соны серпінмен тың өзгеріс тақырыбындағы мақала
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Биология

Сабақтағы соны серпінмен тың өзгеріс тақырыбындағы мақала

библиотека
материалов

C:\Users\Дом\Desktop\видео\20140403_143018.jpg

Амиржанова Сауле Ботиқызы

Астана қаласы.

73 мектеп-лицейінің

биология пәні мұғалімі




Сабақтағы соны серпінмен тың өзгеріс


Мен, Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курсының Екінші (негізгі) деңгей мұғалімдерін даярлайтын курсында оқи отырып, көп нәрсені жадыма түйдім. Бұл курста жалпы мұғалімдік кәсіби түсінігімді қалыптастырып, тәжірибелік дағдыларымды жетілдірумен қатар, білім берудегі әдістемелік жұмыстың тиімділігін қамтамасыз ететін үдерістерді қолдай отырып, әріптестерімнің тәжірибесін жетілдіру мақсатында қандай шаралардың іске асуы қажет екендігін түсіндім. Мектептегі тәжірибе кезеңінде Кембридж университеті білім факультеті оқытушыларының Қазақстан педагогтарының біліктілігін арттыру бағдарламасының 7 модулі негізінде, оның ішінде топтық жұмыс арқылы бірлескен оқуды ұйымдастыру жұмысын алдым. Бірлесіп, яғни, жұптасып немесе топтасып жұмыс жасау арқылы оқушы ең алдымен өзінің тұлға екендігін сезінеді, тағы да өз жолдастарына көмек қолын созуды үйренеді, сонымен бірге, ынтамақтастықта жұмыс істейді.Бірлескен оқу ортасында оқушылар әлеуметтік және эмоционалдық тұрғыдан да дами түседі, өйткені олар түрлі көзқарастарды тыңдап, өз идеяларын айтуға және қорғауға мәжбүр болады. ( Smith and MacGregor,Нұсқаулық, 2014ж. 78-бет) Сондықтан да мен бірлескен оқудың тиімділігін пайдалану мақсатында, мына тақырыпты өзіме таңдап алдым:«Биология сабағында топтық жұмыстар арқылы оқушылардың бірлескен оқуын ұйымдастыру».Ендеше, биология сабағында жаңа әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы бірлескен оқуды қалай ұйымдастыруға болады? деген сауал менің зерттеуімнің басты сұрағы болды.

Зерттеудегі мақсатым: Биология сабағында топтық әдістерді қолдану арқылы оқушылардың бірлесіп оқуына, ынтымақтастықты қалыптастыруына жағдай туғызу,олардың өзара әрекеттестік барысындағы белсенділігін арттыра отырып сапалы білімге қол жеткізу.

Зерттеудегі міндеттер:

-Оқушылардың сабақта бірлесе жұмыс жасау арқылы жаңа білімді

меңгеруіне жағдай жасау;

-Оқушылардың бірлесіп оқуына мүмкіндік тудыратын тапсырмалар жүйесін беру;

-Оқушылардың бірлесіп оқуын ұйымдастыруға жағдай туғызу;

-Сыныптастарының бір-біріне көмек, ынтымақтастық, бір-бірін тыңдауға, сыйлауға мүмкіндік жасау дағдыларын қалыптастыру;

-Оқушының сабақтағы белсенділігін бірлесе жұмыстар жасау арқылы дамытуға мүмкіндік жасау;

-Мәселені шешуді бірлесе іздей отырып, қиындықты бірлесе жеңуге бағыттау.

Күтілетін нәтиже: биология сабағында топтық жұмыстарды тиімді қолдану арқылы оқушылардың бірлесіп оқуына жағдай туғыза отыра бір-біріне көмек, ынтымақтастық, бір-бірін тыңдау, сыйлауға мүмкіндік жасау дағдылары қалыптасатын, шығармашыл да білімді жеке тұлға қалыптасады.

Зерттеуді жалпы білім беретін мектептің 6 сыныбына арналған биология оқулығы бойынша «Күрделігүлділер тұқымдасы» - 1 сағат, «Лалагүлділер тұқымдасы» - 1 сағат «Жуа, пияз тұқымдастары» -1 сағат, «Астық тұқымдастары»-1сағат тақырыптарына орта мерзімді және қысқа мерзімді жоспар құрудан бастадым. Жоспарды жеті модулді кіріктіріп жасақтадым. Әр сабақты шағын топпен, әдіс-тәсілдерді қолдана отырып өткізуді жоспарладым. Тізбектелген сабақтарымда:Біріншіден, сабақтың жоспарын өзгерттім: оқушыларға психологиялық ахуал тудыру үшін сергіту сәтінің жаттығуын жасатып, топ ережесін өздеріне құрғызып, шағын топқа бөлдім.Оқытуды басқару және көшбасшылық модулін басшылыққа ала отырып, топ ішінен белсенді, ұйымдастыру қабілеті жоғары, жауапкершілігі мол оқушыларды шығару мақсатында топтарға өз ішінде қызметтерін бөліп алуды тапсырдым. А  тобы мен В тобы өз қызметтерін өзара ынтымақтаста бөліп алды. С,Д тобы қызметтерін жеребе тастау арқылы бөліп алды.Екіншіден, жаңа сабақты өздеріне тапсырма ретінде, бір-біріне түсіндіру әдістерін сыни тұрғыдан ойлау стратегиялары арқылы үйреттім, оқушыларды ой-пікір айтуға дағдыландырдым.

Үшіншіден, оқушыларға бағалау критерийлерін ұғындырып, өзін-өзі және өзара бағалау арқылы өзін бағалауды, бірін-бірі бағалауды, топты бағалауды үйретіп, сабақтың соңында кері байланыс орнатып отырдым. Оқушылардың топтық жұмысқа белсінділігін арттыру үшін сабақтарымда Мерсердің әңгімелесудің түрлерін, «Блум таксаномиясын», «3 қадамды сұхбат», «ДЖИГСО», «Ойлаудың 6 қалпағы», «Қатесін тап» оқыта үйрету ойыны, «Галереяға ой шарлау», «Ыстық орындық» «6 неліктен?» т.б стратегияларын қолдандым.

C:\Users\Дом\Desktop\практика\практика Астана\№4 сабақ\Фото\IMG_0362.JPGC:\Users\Дом\Desktop\зерде практика 55555\наззззз\YP20140326125347.jpegОқушылардың жасаған Топқа бөлу әдістері

топтық ережесі

Күрделігүлділер тұқымдасы –кең таралған өсімдіктер тақырыбына арналған сабақта, үй тапсырмасын сұрау мақсатында биологиялық диктант алдым.Бұл тапсырма топ бойынша берілді.Сөйлемнің алынған бөлігін толықтырып аяқтау керек. Алынған сөздерді пайдаланып аталған тұқымдасқа сипаттама беру керек. Әр дұрыс жауап екі ұпаймен бағаланады.Топпен жұмыс кезінде байқағаным топ басшысы болған А. есімді оқушы топ мүшелерімен өте қызу түрде ой бөлісіп, басқалардың да ойларын тыңдап, ортақ пікірге келуге тырысты. Бұл топ уақытты тиімді пайдалана білді, өз уақытында дұрыс жауап беріп 2 ұпай алды.Алынған ұпай санын топ басшысы бірден бағалау парағына түсірді. Асқабақ, қарбыз, қауын, қияр тұқымдасқа жататын өсімдіктер қандай мақсатқа пайдаланылады? деген сұрақтың жауабын табуда өз үлесін қосып топтың сеніміне енді және өзіне деген сенімнің жоғарлағанын байқадым. Үй тапсырмасын сұраудың келесі кезеңі сұрақтармен белгілі бір өсімдікті сипаттау.Команда мүшелері алғашқы сұрақ оқылғанда қандай өсімдік екенін бірден тапса 10 ұпай. Әр қосымша сұрақ оқылған сайын 10 ұпайдаң 2 ұпай алынып отырады. Команда мүшелері өзара ақылдасып бір-ақ рет жауап береді. Топтағы сыни тұрғыдан ойлау арқылы оқушының белсенділігі артып, пәнге деген қызығушылығы жақсарды.«Жалпы сын тұрғысынан ойлайтын оқушылар белсенді болады, олар сұрақ қойып, дәлелдерді талдайды, мағынаны анықтау үшін саналы түрде стратегиялар қолданады; олар ауызша, жазбаша, көзбен шолу дәлелдеріне сенімсіздікпен қарай отырып, ештеңеге сенбейді, мұндай адамдар жаңашыл идеялар мен келешекке ашық болады». (Мұғалімдерге арналған нұсқаулық,49-бет). Оқушының сабаққа, білім алуға деген көзқарастарына өзгеріс енгіздім.Жаңа сабақ ЖИГСО мозайкалық әдісі бойынша өтілді. Оқушыларға мәтінмен жеке жұмыс жасауға 5 минут берілді. Бұдан кейін топта талқылап, төраға топтың әр мүшелерін бақылап баға береді. Әр топ постерлерін жасап қорғауға дайындалды. Сабақ бастамас бұрын менде оқушылар постер қорғай алар ма екен, тапсырманы орындай алар ма екен деген күдік басым болды. Бірақ оқушылардың тапсырманы орындауларына қарап риза болдым. Тапсырмаларды орындау барысында А , Б, Н, Ж есімді оқушылар топ көшбасшысы ретінде танылып, тобындағы оқушылардан көмегін аямады. Топқа қандай күрделі тапсырмалар берілсе де, барлығы бірігіп орындады. Оқушылар постер қорғау, бір-біріне сұрақтар беру кезінде бір-бірін смайликтер арқылы бағалады. Әрі қарай үйге тапсырма берілді. Сабақ соңында кері байланыс жазылды. Іс-әрекетімнің алғашқы сабағы болған соң қобалжығанмын, бірақ сабақтың қалай тез өткенін байқамай қалдым.

C:\Users\Дом\Desktop\практика\практика Астана\№1 сабақ\№1 сабақ\1 урок\DSCN1478.JPGC:\Users\Дом\Desktop\практика\практика Астана\№1 сабақ\№1 сабақ\1 урок\DSCN1471.JPG




.






Сыни тұрғыдан ойлану модулін басшылыққа ала отырып, оқушылардың көзқарастарын, түсініктерін білу мақсатында, өмірмен байланыстырып, салыстыра білуі үшін  Венн диаграммасын қолдандым. Оқушылар АКТ ның мүмкіндіктерін тиімді пайдалана білді. Келесі тапсырма семантикалық картамен жұмыс болды.

Бұл жұмыс әр оқушыға жеке тапсырма түрінде беріліп, орындап болғаннан кейін тақтаға дұрыс жауабы жазылды, сол арқылы жұптық бағалау жүзеге асырылды.

Сабақ соңында оқушылар: Бір тал гүлдің үні...тақырыбына эссе жазды.

Сабақ барысында оқыту мен оқудағы әдіс-тәсілдерді үйрете отырып, топтық жұмыстарды ұйымдастыру тиімділігін арттыруға арналған жұмыстар жасалды. Топтық жұмыстардың тиімділігі мен нәтижесінде оқушылар постер қорғауды,өзара бағалауда араларынан дарынды, талантты оқушылар анықтала бастады. Әсіресе Ж., Б., А. (А), Н. есімді оқушылар шығармашылық жұмыстар орындаған кезеңде, алдарына жан салмай, сынып оқушыларының алды бола білді. Қарым-қатынас ортасында қалыптасқан ынтымақтастық атмосфера оқушыларыма үйрете отырып, өзімнің үйренуіме жол ашты. Әрине, кездескен кедергілер болды. Мысалы, өз пікірін айту, қорғау кездеріндегі өзіне деген сенімсіздігі, ауызша өз ойын білдіргенмен жазбаша орындай алмау.Бұл кедергілерді бірлесе отырып, жеңдік. Аз да болса жоспарлаған өзгерістерімнен алған нәтижелерім мені қатты қуантты. Яғни, күтілген нәтижеме жеттім. Оқушылар өмірде «МЕН» қағидасынан гөрі «БІЗ» тұжырымының анағұрлым пайдалы екендігін аңғарды. Бұл позицияның гумманистік идеяларға негізделгендігіне көздерін жеткізеді (А.Қ. Әлімов, Алматы 2013 ж.)


Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 09.10.2015
Раздел Биология
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров258
Номер материала ДВ-044951
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх