Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / География / Конспекты / Сабақтақырыбы, "Қазақстанның физикалық географиясы"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • География

Сабақтақырыбы, "Қазақстанның физикалық географиясы"

библиотека
материалов

hello_html_m2b2d71d6.gifhello_html_487e9eb7.gifhello_html_5957b51d.gifhello_html_43279beb.gifКүннің жады: 06.02.2014ж. КласыПәні: Қазақстанның физикалық географиясы

Сабактың тақырыбы: Қазақстанның орманды дала және дала зонасы.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды Орманды дала және дала табиғат зоналарымен таныстыра отырып, олардың маңызы мен ерекшеліктеріне тоқталу.



Білімділік: Қазақстанның орманды дала және дала зоналары тақырыбы бойынша оқушыларға осы екі зонаның жер бедері мен климаты табиғат зоналарының қалыптасуына қалай әсер ететінін түсіндіру. Табиғат компоненттерінің өзара байланысы табиғат зоналарыны дамуына қалай ықпал ететіні жөнінде айту.

Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілеті мен икемдігін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру, алған білімдерін күнделікті пайдалана білуге үйрету.

Тәрбиелік: Орманды дала, дала зоналарының табиғатын ұқыптылықпен сақтап, тиімді пайдалану жолындағы көзқарастарын қалыптастыру.



Сабақтың тегі: Жаңа сабақ.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақтың әдісі: кесте,тірек сызба,көрнекілік, сұрақ- жауап, баяндау.

Сабақтың тәсілі: жеке оқушымен, жалпы класпен.

Көрнекілігі: Қазақстанның физикалық географиясы,кеспе қағаз, тірек сызба, қазақстанның табиғат зоналарының картасы.

Пән аралық байланыс: экология, биология,валеология т.б.

Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру

1.Сәлемдесу

2.Түгелдеу

3.Оқушылар зейінің сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

1)Қазақстандағы өсімдіктердің негізгі типптерін атаңдар?

2) Республика аумағында жануарлардың таралуына өсімдік жамылғысы қалай әсер етеді?

3) Өсімдіктер пен жануарлар дүниесінің қалыптасуына климаттың қандай әсері бар?

4) Таулы аудандарда өсімдіктер мен жануарлардың биіктік белдеулері байқалуының себебі неде?

5) Өсімдіктер мен жануарлардың қандай түрлері «Қазақстанның Қызыл кітабына» енгізілген?

Жаңа сабақты түсіндіру:

Табиғат зона деген не?

Табиғат зонасы – белдеу, климат жағдайлары, топырақ, өсімдік жамылғысы және жануарлар дүниесі біртектес ендік, өңір екенін айтады.

Қазақстанның табиғат зоналары



Шөл зонасы

Орманды дала Дала зонасы Шөлейт зонасы



Қазақстан жеріне орманды дала зонасының тек оңтүстік шеті сүйірленіп кіреді. Жазық далада шоқ-шоқ болып ормандар өседі. Қазақстанның орманды дала зонасы Батыс Сібір жазығы мен Жалпы Сырт қыратының аз ғана бөлігін алып жатыр. Жалпы көлемі 1 млн га Қазақстан аумағының 0,4%. Орманды дала зонасының жер беті тегіс. Онда шағын ойпаттар кездеседі, бұлардың кейбіреулерін көл алып жатыр.



Зонада 6 мыңнан астам көл бар. Орманды дала зонасының климаты басқа зоналарға карағанда біршама қолайлы. Жылдық жауын-шашынның орташа мөлшері 300-350 мм, оның көбі жазда жауады. Жазы қоңыржай ыстық, шілденің орташа температурасы 18°-20°С. Қысы едәуір суық, кей күндері қатты аяз болып, ауаның температурасы -51°-53°С-қа дейін төмендейді. Қаңтардың орташа температурасы -17°-19°С.

Өзендері түгелдей дерлік қар суымен толығады. Ертістің, Жайықтың, Тобылдың,Есілдің, т.б. бірқатар ірі өзендердің суы халықтың тұрмыс қажеті үшін ғана емес, өнер-кәсіп мақсаты үшін де пайдаланылады.

Топырағы:Зонаның солтүстік бөлігінде қара топырақты қабаттың қалыңдығы 75 см-ге жетеді, оның құрамының 9%-ына жуығы шірінді болады. Зонаның оңтүстігіне таман қара топырақтың қалыңдығы кеми түседі, шіріндінің мөлшері де 6%-ға дейін азаяды. Қазакстандағы орманды дала топырағының Шығыс Еуропа жазығындағы орманды дала топырағынан айырмасы - ойпаң жерлері сортаң болып келеді. Зонада көбінесе дала және шалғынды дала өсімдіктері өседі. Солтүстігінде, солтүстік-батысында шоқ-шоқ ормандар кездеседі.

Өсімдік жамылғысы:Өсімдік жамылғысы жыртылмаған үлескілерді жауып тұратын қалың және әр түрлі шөптер, дәнді дақылды өсімдіктерден тұрады. Мұнда қызғылт сабақты боз, шоқ түпті бетеге, бұралған жер бидайық өте көп. Біраз жерді қарабас шалғын мен қылқансыз арпабасалып жатыр. Астық тұқымдас өсімдіктерге сәбізшөп, жұпар иісті алтын түстес гүлдері өседі. Бұршақ тұқымдастардан сары гүлді беде, көк түсті бұршақ бар. Батыс Сібір жазығының ормандарында шоқ-шоқ қайың мен көктеректер өседі. Жалпы Сырт қыраты ормандарында жалпақ жапырақты ағаштар - емен, жөке, қандыағаш басым болады. Шоқ-шоқ болып біткен қайыңды, көктеректі ормандар арасында өсетін бұталарға: тал, долана, итмұрын, қара қарақат жатады. Сабағы жіңішке, шырынды, қызыл күрең түсті жемісі бар тошала жиі кездеседі. Орман шетінде аңқыған иісі бар, қызыл күрең түсті бүлдірген көздің жауын алады. Ағаш тұқымдастарының құрамы жағынан батыстың орманды даласы Шығыс Еуропа даласына ұқсайды. Орман өсімдіктері өзен аңғарларын бойлай оңтүстікке де таралады. Мәселен, дала зонасындағы Жайық өзенінің аңғарында шоқ-шок ормандар, Ертіс жағасын бойлай құм шағылдары үстінде жіңішке алқапта карағайлы ормандар, Сарыарқаның Көкшетау, Қаркаралы, Баянауыл және т.б. тауларының гранитті массивтерінде карағайлы ормандар таралған. Олар тау шоқтары мен беткейлеріндегі көлдерді қоршап жатқан далада ерекше көркем табиғат көріністерін бейнелейді. Бұл әдемі табиғатты аудандарда сауықтыру және демалыс үйлері орналасқан. Орман байлықтары - шоқ қайыңдар мен шоқ қарағайлар және бұталар 10 млн гектардан астам ауданды алып жатыр. Дуброва, Мамлют қорықшаларындағы ормандар мемлекет тарапынан қорғауға алынған.

Жануарлары:Орманды даланың өзіне ғана тән ерекше жануарлары болмайды. Мұнда да көршілес зоналардың жануарларындай: сарышұнақтар, сұртышқандар, қосаяқтар, аққіс, қояндар (ақ қоян, ор қоян, сусар, түлкі, қасқыр, т.б. кездеседі, шоқ карағай ормандарында - тиіндер бар. Соңғы жылдарда мұнда солтүстік ормандардан бұландар мен сібір еліктері мекен ауыстырған. Басқа жақтан адамдар алып келген, кәсіптік маңызы бар ондатр кездеседі. Бауырымен жорғалаушылардан кесірткенің екі түрі (жорғалауыш және тірі туатын), сары бас және улы сұр жыландар кездеседі. Орманды далада құстар өте көп және әр түрлі. Шоқ қайыңды ормандарда ақ құр, ақ тұмсық қарға, сауысқан, тоқылдақ, көкек, сұңқар, күйкентай ұялайды. Ашық жерлер мен орман шеттерінде бұлдырық, бөдене, бозторғай, шәуілдек жүреді. Көл жағасындағы нулы қамыс, қамыс құрағы, қоғалар мен басқа да өсімдіктер арасында әр түрлі суда жүзетін құстар көп-ақ. Мұнда көптеген қаздар мен үйректер, сондай-ақ шағалалар да байқалады. Үлкен көлдерде - аққулар, ал төмпешікті және қияқты батпақтарда — кезқүйрыққа ұқсас сұр тырналар мен қамыс құладыны болады.

Орманды дала зонасы - Қазақстанның ең жақсы игерілген табиғат зоналарының бірі. Онда дала үлескілерінің көп бөлігі жыртылған. Бұл жерлерде дәнді дақылдардан - бидай, жүгері, т.б. дақылдар егіледі. Мұнда көптеген жаңа елді мекендер бой түзеді. Зонаның жыртылмаған бөлігі - шүйгін шабындық, көк балаусалы жайылым, сондықтан мұнда етті-сүтті бағыттағы мал шаруашылығы басым дамыған.

Дала зонасы.Дала зонасы 77 млн га жерге таралған Қазақстанның біраз аумағын, дәлірек айтқанда, 29%-нан астамын алып жатыр. Дала зонасы орманды дала зонасының оңтүстігінен басталып, батыстан шығысқа қарай 2200 км-ге созылып жатыр. Дала зонасы Батыс Сібір жазығының оңтүстік шеті, Торғай үстіртінің солтүстігі, Мұғалжар тауының түгелдей дерлік, Жалпы сырт сілімдері, Каспий маңы ойпатының солт. Жартысы, Орал етегі, Жем үстірті, Сарарқаның солтүстігі мен орталық аудандары жатады.

Климаты

Өзен-көлдері

Топырағы

Өсімдіктері

Жануарлары

Қысы қатаң, қары жұқа болады.қаңтар -16-18С,шілде +18+23С.Жауын-шашын 220-310 мм.

Ертіс,Есіл,Тобыл,Жайық,Нұра,Торғай,Ырғыз.

Қара және қызыл қоңыр топырақ типіне жатады.қара шіріндісі солт. 6%,оңтү.қарай 3%-ға азая береді.

Боз,бетеге,атқонақ,еркекшөп,кермек,қаңбақ,бидайық,қияқ,құрақ,жанаргүл,итмұрын т.б.

Саршұнақ,тышқан,алақоржын,түлкі,күзен,қарсақ,кезқұйрық,қасқыр,ақбөкен,дуадақ,тырна,қараторғай т.б.



Тақырыпты бекіту:

1) кескін картаға орманды дала және дала зоналарын түсіру.

2) Орманды дала, дала зоналарының басты-басты өсімдіктерін дәптерге жазу.

3) Орманды дала мен дала зоналарында қандай жануарлар мекендейді?

4) Екі зонаны салыстыру.

Бағалау.

Оқушыларды сабақтағы белсенділігіне қарай бағалайды. Күнделіктеріне бағаларын қойылады.

Сабақты қорытындылау.

Үйге тапсырма.№38 орманды дала және дала,кескін картамен жұмыс.


Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 08.01.2016
Раздел География
Подраздел Конспекты
Просмотров271
Номер материала ДВ-314680
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх