Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Воспитательная работа / Конспекты / Сабақтан тыс мереке :Табиғат наурызымен ажарлы
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Воспитательная работа

Сабақтан тыс мереке :Табиғат наурызымен ажарлы

библиотека
материалов

ВКО г.Семей

КГУ «СОШ №9»

Малдыбаева Дана Зарипканқызы

учитель казахского языка в русской школе


Наурыз ­ мейрам ғажабы.

Мақсаты:

1.Оқушыларға Наурыз мерекесінің мән­мағынасын ұғындыру, білген, түйгенін одан әрі толықтыру.Наурыз айындағы көктемгі даланы суреттеуі, табиғаттағы өзгерістер туралы түсінік беру.

2.Мәнерлеп оқу.

3.Ұлттық ойындарды білуге,табиғатты сүюге тәрбиелеу.

Әдісі: түсіндіру,сұрақ­жауап.

Тәрбие сағатының барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі.

1­жүргізуші:

Уа, халайық, құтты болсын мерекең,

Құтты болсын, құтты болсын берекең!

Наурыз тойы тойланады біздерде

Қош келдіңдер мерекені көруге.

2-жүргізуші:

Қош келдіңіздер, құрметті қонақтар! Міне, көптен күткен Ұлыстың ұлы күні тыныштық пен бейбіт күннің есігін айқара ашып келіп жетті.Баршаңызды Наурыз мерекесімен құттықтаймыз!

Ән: “Наурыз көктем”.Орындайтын:

II.1-жүргізуші.

Ойын:«Қоржын той».

Қоржынның бір жағында нөмірленген асықтар,екінші жағында той адам сарқыттары.

Күн мен түннің теңелуі дегеніміз не?

Халық наурызда кім келеді деп санаған?

Наурыз айында қандай мейрам бар?

Наурыз неліктен жылбасы деп есептеледі?

III. 2-жүргізуші.

Наурыз күні жақсылық пен жамандықтың, күн мен түннің, суық пен жылының, қайырымдылық пен қатыгездіктің, қыс пен жаздың бір­бірімен адам баласының өзіне де құт­береке, ырыс­қазына, яғни жалпы жақсылық атаулының кеңінен орын ала бастаған күні деп ұйғарылады. Сондықтан бұл күні халқымыз Ұлыстың Ұлы күні деп атайды.

Ән: “ Наурыз ”.Орындайтын:

IV. 1- жүргізуші:

Оқушылырымызға мәнерлеп оқуға сөз береміз.

1-оқушы: Наурыз тойы құтты болсын ағаларға,

Наурыз тойы құтты болсын аналарға.

Жыл сайын тойланатын мәңгі­бақи,

Наурыз тойы құтты болсын баршаңызға!

2-оқушы: Наурыз тойы ­ көңіл тойы, көктем тойы,

Жақсылық болса дейтін өмір бойы.

Биыл да былтырғыдай ақ көбейсін,

Елдегі бақыт, байлық, бақ көбейсін.

V. 2- жүргізуші:

Мың бұрала халқымыз биге басып,

Келеді міне ортаға шалқып тасып,

Қара жорға сыйлаған халқым менің,

Көңілді қошеметпен қарсы алайық.

Би: “Қара жорға”.

1-жүргізуші:Ұлыстың Ұлы күні күн мен түн теңеледі.Адамдар бір­бірін шақырып, көже ішеді.Бұлақтардың қасына ағаштар отырғызады.“Бір тал кессең, он тал ек” деген сөз осыдан шыққан.Жастар алтыбақан басында ойындар,сауық құрған.

VI. 2-жүргізуші:

Наурыз ­ бірлік, ынтымақ мейрамы.Сондықтан да оның тарихи маңызы бар.Наурыз ­ халқымыздың салт­ санасы, әдет­ғұрпы.Мен осы сұрақтарым арқылы кімнің қаншалықты білгір екенін байқайын.

1.Ертеде неліктен жеті жігіт жаңа жылда жеті шырақ жағып ауылды аралайды екен?

Жаманшылық ескі жылмен кетсін деген ниетпен шырақ жағып ауылды аластайды﴿.

2. Қыдыр ата қай күні адамдар арасына келетін болған?

21-наурыз﴿.

3.Наурыз көжеге қосылатын қасиетті дәмдерді ата.

Ет, сүт, күріш, тары, сүзілген құрт, тұз, су﴿.

4.Наурыз айында өсетін жапырақты, түрлі түсті қауашақты әсем өсімдік.Осы өсімдік қалай аталады?

Наурызшешек﴿.

5.“Наурызша” дегеніміз не?

Наурыз айында жұп­жұқа қиық қар түседі.Оны халық “наурызша” деп атайды﴿.

6.“Наурызкөк” дегеніміз не?

Наурыз айында ұшып келетін көктем құсы﴿.

VII. 1-жүргізуші:

Наурыз ­ жаңарған тіршілікті алып келген жыл басы.Табиғат ажарының көріктенген, әлемнің әдемілік әнін, сұлулық сәнін әкелген Ұлы күн.Наурыз мерекесі ­ халқымыздың табиғат­анаға аялы алақаны, жылы жүрегі, ыстық ықыласы ауған күн! Бұл мереке халқымыздың ғасырлар бойы жалғасып келе жатқан табиғатқа жаңашырлық, қамқорлық көрсетуінің де өнеге ­ үлгісі болып саналады.Наурыз мерекесі ­ халықты достыққа, бірлікке жұмылдыратын күн, достық мерекесі.

2-жүргізуші:

Ұсынарын ұрпаққа біледі ізгі ел,

Сол ізгі елдің ұрпағы мына біздер.

Салты солай Наурыздың, ей адамдар,

Аталардан ақ бата тілеңіздер!

Бата беру:

Үлкені мен жасыңа:

Береке берсін басыңа.

Наурызға” келген халайық

Жамбылдың жетсін жасыңа.

Ырыс, дәулет мол болсын,

Ал қанекей жол болсын,

Дәулетті бас берсін,

Бақытты жас берсін.

Ұлыстың ұлы күнінде

Ұлың оңға қонсын,

Қызың қырға қонсын,

Қыруар малың өріске толсын.

Дәулетіңді асырсын,

Дұшпаның басылсын.

Ұлы өмірдің өзіндей

Жайнай берсін жасымыз.

Енді қайғы көрмесін

Ақ қыраулы басымыз.

Барлық халық тең болсын,

Бір­бірімен қауышқан

Дос­туысқан ел болсын!

Менің берген ұлы батам

Ұлыс күнге сақтап жүрген жыр болсын!

1-жүргізуші:

Наурыз тойы асқақ әнмен шарықтасын,

Халқымыз той­думаннан жалықпасын.

Жер жүзі бейбітшілік заман болып,

Ұрпақтар әрқашаша аман болсын!

2-жүргізуші:

Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мерекесіне арналған тәрбие сағатымыз аяқталды.Сау­саламатта болыңыздар!








Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 06.02.2016
Раздел Воспитательная работа
Подраздел Конспекты
Номер материала ДВ-421328
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх