Инфоурок Другое Другие методич. материалыСабақтан тыс шара "Ана – өмір гүлі"

Сабақтан тыс шара "Ана – өмір гүлі"

Скачать материал

Сабақтан тыс шара

Ана – өмір гүлі

Мақсаты: Анаға деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру, Ананы құрметтеу, сыйлай білуге, оқушылар бойындағы жеке қабілеттерімен таланттарын дамыту, адамгершілікке, ізгілікке, достықты қастерлей білуге тәрбиелеу.

Жүргізуші:

Біз ғана емес, қадір тұтқан бабалар.
Аналардан туған небір даналар.
Ана деген тіршіліктің тірегі,
Армысыздар, қасиетті аналар!


Құрметті ұлағатты ұстаздар, аяулы аналар және ару қыздарымыз. Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып, ерекше қуанышқа бөлейтін 8 - наурыз халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен  құттықтаймыз.  Осындай көркем мерекені баршамыз асыға күтетініміз сөзсіз. Өйткені , бұл күні аналарға, ару қыздарымызға  деген ыстық сезім, алғыс пен құрметті жаудыратын ерекше күн.  Олар - өмірдің гүлі, көңілдің жыры, әр отбасының алтын діңгегі. Мынау тынымсыз тіршілік пен кең дүниенің өзі тек аналармен ажарлы. Бүгінгі арайлап атқан нұрлы таңмен бірге әрбір сәби жүрегі өзің деп соқса, бүгінгі мерекелік кешіміз де аналар, сіздерге арналады.

Десек те уақытпенен жарыспайды,
Қияға қиялменен қарыштайды.
Шәкірттер шын жүректен тебіреніп
Өнерлерін анаға бағыштайды - дей келе колледжіміз үшін  «Құқықтану» 7.15.14 тобының студенттері, сіздер үшін сүйікті  ұл мен  қыз,  ал еліміз үшін  болашақ заңгерлердің  сіздерге арнаған «Ана – өмір гүлі» тақырыбындағы мерекелік тартуларын қабыл алыңыздар.

Сіздерден өскен балалар
Батырлар мен даналар.
Құттықтаймыз мейраммен,
Құрметті абзал аналар. – дей келе құттықтау сөз кезегін колледж директорының
 тәрбие  ісі  жөніндегі орынбасарына беріледі.

 (Осы сәтте тыныштықты сәбидің  жылағын дауысы мен сөйлеген сөзі бөледі, жай әуен жүріп тұрады)

Құдай:

Ия, періште - сәбиім, неге жылайсың сонша?

Сәби:

Маған жоғарыдан  ертең дүниеге келетінімді айтып жатыр, бірақ кішкентай,  әрі қауқарсызбын,  ол жерде қалай өмір сүрмекпін?

Құдай жауап береді:

Қорықпа, сен үшін, сенің өмір сүруің үшін  көптеген періштелердің ішінен біреуін  таңдап алдым. Ол сені күтіп алады және саған қамқорлық жасайтын болады.

Сәби:

Бұл жерде, яғни Аспанда маған бақытты болу үшін ән салу мен күлуден басқа ештеңе істеудің қажеті жоқ еді, ал  мен Жерде қалай өмір сүретін боламын?

Құдай:

Сенің періштең күн сайын сен үшін қуанып, сен үшін ән салатын болады. Оның махаббатын сезінгенде сен бақытты боласың.

Сәби:

Мен олардың тілін білмесем, адамдарды қалай түсінемін?

Құдайі:

Сенің періштең  сен үшін ең тамаша сөздерді айтады және саған сол сөздерді айтуға үйретеді

Сәби:.

Ал мен сенімен сөйлескім келген кезде не істеуім керек?

Құдай:

Сенің періштең саған қолдарыңды жайып ұстауға және дұға оқуға үйретеді.

Сәби:

Мен Жерде жаман адамдар бар деп естідім. Мені кім қорғайды?

Құдай:

Ол жерде сенің періштең өзіне  қаншалықты қауіп-қатер төнсе де  сені қорғайтын болады

Сәби:

Бірақта мен ол жерде  әрқашан мұңға бататын боламын, өйткені сені көре алмаймын ғой.

Құдай :

Жоқ, Сенің періштең саған Мен туралы жиі айтып беретін балады

(Осы сәтте  тып -тыныш бола қалады. Сәби асығыс соңғы сұрағын қояды)

Сәби:

Құдайым, Сені тастап кетуге кешігіп жатырмын ба? Өтінемін, менің періштемнің есімін айтшы.

Құдай:.

Оның есімнің ешқандай қиындығы жоқ. Сен оны жай ғана Ана деп айтатын боласың

Асылхан

Әр адам жарық дүниеге келгенде мейірімді, жүрегі жылы жанды көреді. Ол - Ана. Балапаның қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай бауырына басып, біз үшін жанұшыра шырылдайтын да - Ана. Ана деген сөзге лүпіл қақпайтын жүрек, мөлдіремейтін жанар жоқ. Әрбір ана отының өшпеуін, бақытының көшпеуін, шаңырағының құламауын, сәбиінің жыламауын, сұм соғыстың болмауын тілейді.. Ана - тіршіліктің гүлі, отбасының берекесі, бүкіл адамзаттың тәрбиешісі. «Ат биеден, алып анадан туады» дейді халқымыз. Дүниеде анасыз адам жоқ. Қаламы жүйрік жазушы да, данышпан ғалым да, ел бастаған көсем де, сөз бастаған шешен де ана көкірегінен нәр алып өскен.

Сымбат

Ана - барлық өмірдің бастауы. Ол өз сәбиін мәпелеп өсіреді, жақсы болуын қалайды. Адам бойындағы барлық асыл қасиеттер күннің нұрынан, ананың ақ сүтінен дариды. Ана - ұлы адам, қасиетті жан. Тіпті айта берсең сөз жетпейді. Ана бір қолымен бесікті тербетсе, бір қолымен әлемді тербетеді деген. Расымен, анасыз өмірді, әлемді елестету мүмкін емес. Әрбір жұмыр басты пенде бұл өмірге келгені үшін анасына қарыздар. Құдайдан кейінгі құдірет иесі - Ана. Сондықтан мына жарық дүниеге әкелген ана алдында бәріміз басымызды иеміз. 

Халық арасында ананы қадірлеу, ананың орны туралы даналық сөздер көп. Мұхамбет пайғамбардың хадистерінде де ең алдымен ананы құрметтеу парыз екені айтылады: «Әуелі анаңа, тағы да анаңа, содан соң әкеңе жақсылық жаса» делінген. «Кімде-кім ата-анасының ризалығын алған болса, соның өмірі ұзартылады», «Жұмақтың кілті - ананың табанында».

 

Жүргізуші:
Көңілің Алатаудың ақ қарындай,

Мейірімің күннің шуақ шақтарындай.
Қалайша аяулы ана тына алармын,
Ән болып сағыныштан ақтарылмай,- деп абзал аналарымыз бен қырмызы қыздарымыздың құрметіне Канатова Назеркені  «Ана»  әнімен қарсы алыңызыдар

Гүлжахан

Ия,  Осы сөзден кейін есі бар, жер басып жүрген бүкіл адамзаттың анаға бас иіп, тағзым етпеуі үлкен қателік. 

Мен де анамды қатты жақсы көремін. Сыйлаймын, амандығын тілеймін. Бірақ кейде оны ренжітіп алып жатамын. Мен өзім шыдамсыз, тез ашуланатын адаммын. Кейде анама бұлданып, қарсы сөйлеп қалатыным бар. Бірақ ашуым қайтқан соң «бекер айттым-ау» деп өкініп қалам. Қанша ашуға бой алдырмауға тырыссам да, болмай қалады ойлағаным. Бірақ анам кешірімшіл, ақылды, байсалды кісі. Ол менің мінезімді біледі. Кейде ол да маған қырсығып қалатыны бар. Артынша мен анама барып көңілін табуға тырысамын. Бетінен сүйіп, жылы сөздер айтамын. 

Бейбарыс

Анашым - отбасымныңтірегі. Барлығы, тіптіәкем де, жасыүлкен-кішітуыстарым да біріс бастарда, басқа да жағдайлардаанамменақылдасады. Олбарлықмәселеніңшешімінтауып, реттейді, кеңесбереді.. Оны қаттыжақсыкөремін, тек кейдеқателікжасапқаламын. Анашымсонда да менітүсінугетырысады. Анамауырмасаекен. Олсызөмірім не болмақ?! Мен қалайөмірсүрем, білмеймін. Құдайым, анам аман болсыншы! Барлық аналар аман болсын.

 

Хормен «Анаға сәлім» әні орындалады

 

Көркем сөз: Арайлым

 

(Студенттердің аналарын видеоролик арқылы құттықтауы жүреді)

Көркем сөз:  Жансая

(Экраннан Соқыр ана видеосы көрсетіледі )

Пікір: Гүлжанның «Соқыр ана» видеоролигі  туралы қорытынды сөзі  

Жүргізуші:
Теңіздей тербетіліп көл бетінде,
Бишілер билеп кетті тербетіле.
Аққудай қалықтаған теңіздегі,
Бишілер өнерлерін көрсетуде - дей отырып келесі кезекті тобымыздың биші қыздарына береміз.

Жүргізуші:

Анасыздар, кең байтақ даласыздар.
Жаны жайсаң жеңімпаз данасыздар.
Көлеңке жоқ көңлінде, қылауы жоқ,
Үлбіреген жауқазын баласыздар.

Сіздер — Күнсіз, аспанда жарқыраған,
Сіздер — өзен, тау суы сарқыраған,
Сіздер — ана, сіздер — жар, сіздер — қыздар,
Сіздер — жаңбыр, ақ нөсер сарқыраған.

Біз сіздерсіз тіршілік ете алмаймыз.
Дегенге де сіздерсіз жете алмаймыз.
Айнала ұшып сіздерді көбелек боп,
Өртеніп қастарыңнан кете алмаймыз.

(Экраннан ана мен бала арасындағы видео   жүреді)

Пікір: Нұрболдың  видео туралы қорытынды сөзі 

Жүргізуші:

Күй ойнайды қазағымның қанында,
Күй ойнайды қазағымның жанында.
Жүрегінің, жүрегінің  дүрсілі – 
Күмбірлеген домбырасы барында.

Бабамыздың мұңысың сен, домбыра,
Анамыздың сырысың сен, домбыра.
Қазағымның жүрегінен жаралған,
Даламыздың үнісің сен, домбыра!


Куспанов Думанның орындауында  «Ерке сылқым»  күйі, қабыл алыңыздар.

Жүргізуші

Дәл қазір аналарымыздан бұл дүниеде не тәтті, не сүйкімді, не қымбат, не артық деп сұрар болсақ, барлық аналардан бала тәтті, бала қымбат, бала артық деген  бір ғана ортақ жауапты еститініміз анық.

Бала – ата – ананың  көзқуанышы, олардың жанын рахаттандырып қуанышқа бөлейтін де, көңілін түсіріп жабырқататын да,  солардың ізін жалғастырып ұрпақ тарататын да бала. 

Ата – ана   сәбиінің дүниеге келген сәтінен бастап оған қорған болып балдай қылықтары, былдырлаған тәп-тәтті тіліне сүйсініп қызықтарына тоймай, жұмыстан шаршап келсе де  құшақтап бір иіскеп  бала үшін бәрін де ұмытатын аяулы жандар.  Әр баласының өзіне тән қылығы мен ерекшелігін мәңгі есте сақтап, ес жиғанда айтып беретін де біздің баға жетпес аналарымыз.

Олай болса, құрметті студенттер сенің есте сақтау қабілетің қаншалықты жақсы екендігін неге байқап көрмеске!

(Мақсаты: студенттердің есте сақтау қабілетін байқау, анасына деген жақындығын білу.  Слайдтан студенттердің анасынң туылған күні мен ұялы телефонының нөмірі  көрсетіледі, студенттер өз аналарының туылған күні мен телефон номерін  табуы тиіс.)

Жүргізуші:

Қазақта «Өнерге әркімнің де бар таласы», «Әу, демейтін қазақ жоқ деген» керемет сөздер бар. Олай болса, аналарымызбен бірге неге ән айтпасқа?!

(Караокеден аналар, қыздар туралы ән айтылады)

1.     Шәмші Қалдаяқов «Ана туралы жыр»

2.     Әбдіжаппар Әлқожа «Әке - ана»

3.     Марат Омаров «Анашым»

4.     Қарақат Әбілдина «Ару ғұмыр»

5.     Қарақат Әбілдина «Асыл әжем»

6.     Марат Омаров «Қыз сыны»

«Шаттық шеңбері» ойыны. Студенттер бір – бірінің қолын алып, ана туралы жақсы лебіздерін жолдайды.

Ана - тіршілік басы

Ана -  өмір гүлі

Ана  - отбасы берекесі

Ана - мейірбан

Ана -  данышпан

Ана  - жаны нәзік

Ана -  кешірімшіл

Ана – қайырымды

Ана – қамқор

Барлығы бірге: АНАМЫЗДЫ ҚАДІРЛЕЙІК.

Жүргізуші :

Халқымыздың билік айтар даналар,
Даналардың өзі анадан жаралар.
Жүрегінің бір бөлшегі бала үшін
Сізден жақын адам бар ма аналар?!

 

Ия, Ана өмір гүлі. Бәріміздің де өмірге келіп, ғұмыр кешуіміздің өзі аналарымыздың арқасы. Олай болса «Қамшының сабындай қысқа өмірде» өмір – гүлдеріңізді бағалай біліңіздер.  Келесі кездескенше аман – сау болыңыздар.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Сабақтан тыс шара "Ана – өмір гүлі""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Менеджер спортивного клуба

Получите профессию

Экскурсовод (гид)

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 657 040 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 02.04.2016 732
    • DOCX 69.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Жусупова Шолпан Саламатовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Жусупова Шолпан Саламатовна
    Жусупова Шолпан Саламатовна
    • На сайте: 8 лет
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 7314
    • Всего материалов: 6

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой