Инфоурок Другое Другие методич. материалыСабақтан тыс шара "Менің көршім – ТАМАША!"

Сабақтан тыс шара "Менің көршім – ТАМАША!і"

Скачать материал

Менің көршім – ТАМАША!

 

Мақсаты: студенттер арасында (парталас көршілер) достықты, ауызбіршілікті, ұйымшылдықты, адамгершілікті насихаттау. 

 

Жүргізуші:

Құрметті ұстаздар және студенттер! Сіздерді жаңа жылдарыңызбен шын жүректен құттықтаймын. Жаңа жыл жаңа табыстарымен, жаңа жетістіктерімен, тек жаңа жаңашылдықтарымен келер құтты жыл болғай.  

Ей, жаңа жыл, жаңа бақыт ырысым.
Жақсылықтың жаршысы да нұрысын.
Адамдардың асқақтаған арманы,
Ақындардың таусылмайтын жырысың

Кел, төрлет, Жаңа жылым. Құтты жылым.
Өзіңді бүкіл елім күтті бүгін.
Қарсы алдық сені еңселі еңбекпенен,
Жарқырап әне алдымнан шықты күнім.

Жаңа жыл мерекесі құтты болсын,
Әрқашан мерекелік көңіл болсын.
Кеудеміз күмбірлеген жырға толып,
Қане, достар, күлкімен орта толсын. 

Олай болса жаңа жылдық  көңіл күймен  «Құқықтану» 7.15.14 тобы студенттерінің арасындағы «Менің көршім - тамаша» тақырыбындағы шараны бастауға рұқсат етіңіздер.

Бұл шара: топ студенттері арасындағы  достықты, ынтымақтастықты, ауызбіршілікті, ұйымшылдықты, сондай – ақ, бір-біріне деген қамқорлықты нығайту мақстында өткізіліп отыр.

Ендеше шарамыздың жүру барысымен таныстырып өтейін.

1.      Көршілердің бірін – бірі таныстыру бөлімі. Таныстыруға шектеу қойылмайды.

 

2.      Өнерлі көршілер бөлімі. Яғни көршілер  бірігіп өз өнерлерін көрсетеді.

 

3.      Кім ұтқыр бөлімі. Мұнда ер балалар арасында күш сынасудан байқау жүргізілсе, қыздарымыздың қырағылығы сыналатын болады, яғни, көршілерінің жазуын бір қарағаннан тану мүмкіндігі сыналады.

4.      Жаңа жылдық безендіру бөлімі.  Көршілердің бірігіп жасаған жаңа жылдық  шыршаны безендіруге арналған қолөнерлерін көретін боламыз. 

5.      Тосын тапсырма бөлімі.

6.      Жаңа жылдық тарту. Қыздарымыздың өз қолдарымен дайындалған жаңа жылдық дәм тартуы.

Олай болса 4 ай ішінде колледж қабырғасында бірге оқып, бірге парталас  отырып, көршісінің бар қасиеттерін 5 саусақтай біліп үлгерген, тобымыздың тату да тамаша көршілерін ортаға шақырамыз.

1.      Дәулет пен Аружан

2.      Аслан  мен Әсел

3.      Ғалым мен Гүлжахан

4.      Бейбарыс пен Мерей

5.      Бейбарыс пен Жансая

6.      Батырбек мен Әсем

7.      Нұрбол  мен Самал

8.      Дәурен мен Арайлым

9.      Дәурен мен Назерке

10.  Нұрлан мен Лаура

11.  Думан мен Сымбат

12.  Асылхан мен Гүлжан

Ендеше, шарамызды бастаймыз.  Сайысымызға төрелік ететін қазылар алқасымен таныс болыңыздар:

1.      Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары ___________________

2.      Әлеуметтік – гуманитарлық бөлім меңгерушісі___________________

3.      Хаимия пәнінің оқытушысы ___________________________________

4.      Ағылшын пәнінің оқытушысы _________________________________

5.       

6.      Колледж әдіскері ___________________________________________

Әр бөлім  5 балдық жүйеде бағаланады.  Сайыстың қорытындысы бойынша қатысушыларға әр түрлі номинациялар беріледі.

1.      «Ең тамаша көршілер»

2.      «Тату көршілер »

3.      «Өнерлі көршілер»

4.      «Сабырлы көршілер»

5.      «Сыйлас көршілер»

6.      «Жарасымды көршілер»

Жүргізуші:

Жаңа жыл қарсаңында топ ішіндегі көршілер  арасында сайыс өтіп жатырғанымен, біз қашанда бір – бірімізге доспыз.

Дос емес достың сөзін көтермесе,

Саған жердің түбінен жетем десе.

Не қылып дос атыңа қосылады,

Көтермей бір сөзіңді бүйтем десе.

Араға көп өкпе сап табандамас,

Көңілі татулықтың шабандамас.

Жақсының әрбір сөзін қайырмаңыз,

Жасыған жездей болып мойымаңыз.

Сыр алмаған біреумен дос болам деп,

Сыр алған досыңыздан айрылмаңыз.

Олай болса, жарыстан біріміз оза шауып, біріміз қалыс қалсақ та, бір – бірімізге деген адалдығымыз, қамқорлығымыз үзілмей, достығымыз нығая берсін деп сайсымызды аяқтаймыз. Келесі жаңа жылды бәріміз бірге қарсы алу үшін, аман болайық.

Сау болыңыздар.

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Сабақтан тыс шара "Менің көршім – ТАМАША!""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Кризисный психолог

Получите профессию

HR-менеджер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 662 993 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 02.04.2016 1088
    • DOCX 40 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Жусупова Шолпан Саламатовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Жусупова Шолпан Саламатовна
    Жусупова Шолпан Саламатовна
    • На сайте: 8 лет
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 7328
    • Всего материалов: 6

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой