Инфоурок Другое Другие методич. материалыСабақтан тыс шара Сайыс "Ұлттық салт-дәстүрімізді қаншалықты білеміз"

Сабақтан тыс шара Сайыс "Ұлттық салт-дәстүрімізді қаншалықты білеміз"

Скачать материал

Выберите документ из архива для просмотра:

Выбранный для просмотра документ Сайыс ұлттық салт-дәстүрімізді қаншалықты білеміз.doc

 

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Жақия Шайжүнісов атындағы электронды колледж

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Ұлттық салт-дәстүрімізді қаншалықты білеміз?»

сайысы

 

 

                                                 Жалпы білім беретін пәндер

                                                            циклдық комиссиясы отырысында

                                          қаралды және құпталды

                                     «02» наурыз 2016 ж.

                       Хаттама №9

                                                   циклдық комиссия төрайымы

                                              ______ Садуакасова М.О.

                                                    Дайындаған қоғамдық пәндер

                                            оқытушысы Г.И.Қалиева

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Семей қаласы

2015-2016 оқу жылы

Өткізілген күні: 28.03.2016 ж.

Өтетін орны: №118 дәрісхана

Қатысушылар: І курс, 1 негізгі ҰҚ-1, 1 негізгі ҰҚ-2 топтары

 

Мақсаты: білім алушылар арасында ұлттық салт-дәстүрімізді, әдет-ғұрыптарымызды дәріптеу, ұлттық саналарын қалыптастыру, ұлтжандылыққа баулу, қазақ халқының ұлттық әдет-ғұрыптарының тәрбиелік мәнін ашып көрсету; білім алушылардың салт-дәстүр, әдет-ғұрып бойынша білім деңгейлерін бағамдау; ұлттық мәдениетімізді насихаттау.

 

Оқытушы: Тағы да гүл болып, жайраң қағып, төл болып ойнап, өмір көктемінің, көңіл көктемінің мерейлі мейрамы – Наурыз келді. Бүгінгі сайысымызды осы ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамына арнап өткізіп отырмыз. Наурыз мейрамы өте ерте заманнан бері әлемнің көптеген халықтары тойлап келе жатқан тұрмыстық мереке.

«Наурыз» сөзі парсы тілінен аударғанда «жаңа күн» деген мағынаны білдіреді. Наурыз мерекесінің пайда болуы аты аңызға айналған парсы патшасы Джамшид есімімен байланысты. Фирдоусидің «Алтын ғасыр» атты әйгілі поэмасында Джамшидтің патшалығының жетіжүз жылдығы сипатталады. Ол елді көп аралап, адамдарға аңның терісінің орнына матадан тігілген киім киюді үйретеді. Бір күні провинциялардың бірінде ең биік шыңға қымбат киім мен алмас тасы бар тәж киген Джамшид отырған қымбат тастармен көмкерілген алтын тақ орнатылады. Күн шыққан кезде ғажайып көрініс орнаған, бұл көктемгі теңесу күні болған. Халық сол шыңның етегіне жиналып «Навруз, навруз – жаңа күн» деп айғайлап патша мен Күнді қарсы алып, қошемет білдірген.

Жаңа жылды түпкі атамыз – көне түріктер ұлыс деп атаған. Сондықтан да наурызды қазақтар ұлыстың ұлы күні, жаңа жылдың басы деп біледі. Бұл күні жұрт ауыл-ауылды, үй-үйді аралап, жарапазан айтып, бір-бірін жаңа жылмен құттықтап, қонақ шақыратын, қарияларға соғымның шекесін тартатын болған, «наурыз көже» ішіп, жастар ән салып, күй тербеп сауық салады екен. Қыз қуып, көкпар тартып, балуан күрестіріп қысты шығарып салатын ойындар ұйымдастырған.

Сонымен, наурыз туралы біраз ақпаратқа қанық болсақ, сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер.

Сайысымыз «Ұлттық салт-дәстүрімізді қаншалықты білеміз?» деп аталады. Сайысқа бірінші курс 1 негізгі ҰҚ-1 және 1 негізгі ҰҚ-2 топтары қатысып отыр.

Сайысымыздың барысына әділ бағасын беретін әділқазылармен таныстырып өтейін. Олар: жалпы білім беретін пәндер циклдық комиссиясының төрайымы Садуакасова Миргуль Орынгалиевна, қазақ тілі пәнінің оқытушысы Тахаева Маржан Серикжановна, арнайы пәндер оқытушысы Сармаева Махабат Болатбековна.

 

Оқытушы: Енді командалармен танысып алайық.

Оқытушы: Сонымен командаларымызбен таныстық, ендеше, сайыс барысымен таныстырып өтейін. Сайысымыз 5 кезеңнен тұрады:

1 тур – «Ұлттық тағамды таныстырыңыз»

2 тур – «Бөшкедегі басқатырғылар» (жұмбақ шешу)

3 тур – «Шешендік өнер» (мақал-мәтел сайысы)

4 тур – «Ұлттық қолөнер»

5 тур – «Бәйге»

6 тур – «Киелі сандар»

 

1 тур – «Ұлттық тағамды таныстырыңыз». Ұлттық тағам түрін таңдайсыздар, бұл тағам туралы білетіндеріңізді ортаға саласыздар. Жауаптарыңыз   5 ұпайға дейін бағаланады.

 

2 тур – «Бөшкедегі басқатырғылар». Екі команда кезекпенен бөшкелерді таңдайды, онда қазақ жұмбағы жасырылған. Оны шешу арқылы командаларыңызға 5 ұпай иемденесіздер.

 

3 тур – «Шешендік өнер» - мақал-мәтел сайысы. Командалар таңдау бойынша түскен тақырыпта 5 мақал-мәтел айтулары шарт. Әрбір дұрыс жауап 5 ұпайға бағаланады.

 

4 тур – «Ұлттық қолөнер». Қазір сіздерге 1 парақ ақ қағаз және түсті қағаз беріледі. 5 минут уақыт ішінде сіздер түсті қағаздан ою ойып, ақ параққа жабыстыру арқылы ұлттық төсеніш – сырмақты жасап шағаруларыңыз керек. Бұл турда сіздер қиялдарыңызға ерік беріп, креативтілік, шынайылық, жылдамдық, ептілік, ұшқыр ой, шеберлік танытуларыңыз қажет. Өнер туындыларыңыз 10 ұпайға бағаланады.

 

Командалар сырмақтарын сырғанша, көрермендермен ойын өткіземіз. Ең белсенді көрерменге сыйлық бар.

Көрермендерге арналған сұрақтар:

1.     Киіз үй сүйектерін атаңыз (Кереге, уық, шаңырақ, сықырлауық)

2.     Ұлттық ойын түрлері (ақсүйек, орамал тастау, асық, т.б.)

3.     Мұсылмандар жаңа жылы қалай аталады? (Наурыз)

4.     Ақындардың әнмен жарысы қалай аталады? (Айтыс)

5.     Келіннің бас киімі қалай аталады? (Сәукеле)

6.     Қызды айттыру салты қалай аталады? (Құда түсу)

7.     Мерекелерде тәттілерді тарату қалай аталады? (Шашу)

8.     Баланың аяғын баса бастағанда өткізілетін салт (Тұсаукесу)

9.     Мұсылмандар сиынатын орын (Мешіт)

10.  Нәрестенің төсегі қалай аталады? (Бесік)

11.  Үкі таққан және құлақбауы бар әйел бас киімі (Қасаба)

12.                        Қазақтар аңға шығар уақытты қалай атайды (қансонар алғашқы қар түскен уақыт)

13.   Қазақта «ер қаруы – бес қару» деген сөз бар. Сол қаруларды атаңыз: (ату қарулары, түйрегіш қарулар, кесу қаруы, шабу қаруы айбалта, соғу қаруы)

14.   Ерлердің қорғаныс құралдары (сауыт, дулыға, қалқан)

                        

5 тур – «Бәйге». Әр командаға 10 сұрақтан қойылады. Әрбір дұрыс жауаптарыңыз 1 ұпайға бағаланады.

          

1-ші командаға сұрақтар:

1.     Салтанатты жиындардағы ат жарысы (бәйге)

2.     Келінді күйеу жігіттің үйінде қарсы алу рәсімі (беташар)

3.     Қалыңдық пен күйеу жігіттің алғашқы кездесуі (ұрын бару)

4.     Шекпен деген не?(түйе жүнінен дайындалатын жаздық сырт киім)

5.     Ер адамның ұлттық бас киім түрлері (тымақ, тақия, бөрік)

6.     Күбі деген не? (сүт тағамдарын сақтауға арналған ыдыс)

7.     Қазақтың үй жиһаздары (кебеже, абдыра, кереует, жастық ағаш, жүк аяқ, түс киіз, кілем)

8.     Қазақ қыздарының сыпайылығын, әдептілігін, инабаттылығын білдіретін әшекей түрі (шашбау)

9.     Ер балаларға қатысты жүргізілетін ұлттық салт-жоралғылар (сүндетке отырғызу, атқа отырғызу, үйлену тойы, енші беру, отауға шығару)

10.  Қазақ әйелдерінің ұлттық бас киімдері (тақия, сәукеле, орамал, кимешек, шәлі, кимешек шылауыш)

 

2-ші командаға сұрақтар:

1.     Келіге төленетін ақы (қалың мал)

2.     Үйлену тойында хормен айтылатын ән (жар-жар)

3.     Рамазан айында айтылатын ән (жарапазан)

4.     Айлы түнде ойналатын ұлттық ойын (ақсүйек)

5.     Ұлттық спорттық ойын түрлері (тенге алу, қыз қуу, көкпар, бәйге, аударыспақ, арқан тартыс, т.б.)

6.     Бие сүтіне арналған ыдыс түрі (торсық)

7.     Кебеже деген не? (көшіп-қонып жүргенде сүр ет, құрт-май сақтайтын ағаш ыдыс)

8.     Ұлттық музыкалық аспаптар ішіндегі ішекті аспаптар (домбыра, жетіген, қобыз, т.б.)

9.     Киім-кешек салатын, арнайы сәнді жасалған, беті ою өрнек-термен әшекейленген зат (Абдыра)

10.  Қазақтың бес тойын атаңыз (шілдехана, бесік той, тұсау кесер, сүндет той, үйлену тойы)

 

6 тур – «Киелі сандар» : «3», «4», «5», «6», «7». Сіздер таңдаған санға байланысты қазақ халқында қалыптасқан қасиетті сандарға байланысты ұғымдарды айтып бересіздер. Дұрыс жауап 5 ұпайға бағаланады.

Жеті қазына:                Жеті күн:

1. Ер жігіт                   1. Бүгін, Дүйсенбі

2. Сұлу әйел               2. Ертең, Сейсенбі

3. Ақыл, білім            3. Бүрсігүні, Сәрсенбі

4. Жүйрік ат               4. Арғы күн, Бейсенбі

5. Қыран бүркіт         5. Қасиетті күн, Жұма

6. Берен мылтық       6. Соңғы күн, Сенбі

7. Жүйрік тазы          7. Азына, Жексенбі

 

Жеті жоқ:                                 Жеті ата:

1. Жерде өлшеуіш жоқ           1. Бала

2. Аспанда тіреуіш жоқ          2. Әке

3. Таста тамыр жоқ                 3. Ата

4. Тасбақада талақ жоқ           4. Арғы ата

5. Аллада бауыр жоқ              5. Баба

6. Аққуда сүт жоқ                   6. Түп ата

7. Жылқыда өт жоқ                7. Тек ата

 

  Үш жұрт:                 Үш қадірлі:       Үш байлық:         Үш артық:

  1. Ағайын жұрт         1. Ырыс             1. Денсаулық        1. Адалдық

  2. Нағашы жұрт        2. Бақ                 2. Ақ жаулы          2. Еңбексүйгіштік

  3. Қайын жұрт          3. Дәулет           3. Он саулық         3. Өнерпаздық

  Үш арсыз:

  1. Ұйқы арсыз        2. Тамақ арсыз      3. Күлкі арсыз

 

   Төрт мұрат:                              Төрт мүлік:

  1. Дау мұраты-біту                1. Бас-сандық

  2. Саудагер мұраты-ұту        2. Тіл-кілт

  3. Қыз мұраты-кету               3. Қол мүлік

  4. Жол мұраты-жету.            4. Аяқ-азамат

 

   Төрт қорлық:                                       Төрт түлік:

 1. Шақырылмаған жерге бару              1. Түйе пірі – Ойсыл қара

 2. Бейбастақ сөйлеу                               2. Жылқы пірі – Қамбар ата

 3. Дұшпаннан жәрдем күту                  3. Сиыр пірі – Зеңгі баба

 4. Сараңнан қажет сұрау                       4. Қой, ешкі пірі – Шопан ата

   Бес қару:           Бес қатер:               Бес асыл, бес дұшпан

  1. Садақ            1. От                     Бес нәрседен қашық бол,

  2. Мылтық       2. Жау                   Бес нәрсеге асық бол,

  3. Найза            3. Борыш              Адам болам десеңіз...

  4. Қылыш        4. Ауру                  Өсек, өтірік, мақтаншақ,

  5. Айбалта       5. Сөз                    Еріншек, бекер мал шашпақ -

                                                          Бес дұшпаның білсеңіз.

                                                          Талап, еңбек, терең ой,

                                                          Қанағат, рахым ойлап қой -

                                                          Бес асыл іс көнсеңіз. (Абай).

 

 Алты алаш:             Алты игілік:              Алты асқар:

1. Ұлы жүз               1. Денсаулық           1. Ақыл

2. Орта жүз              2. Қазына                 2. Білім

3. Кіші жүз              3. Дос                        3. Жомарттық

4. Қарақалпақ          4. Әйел (жар)           4. Әділдік

5. Қырғыз                 5. Білім                     5. Шыншылдық

6. Қазақтың            6. Бала (Ұрпақ)      6. Кең пейіл

құрама рулары

 

Оқытушы:

Әдет-ғұрып, салт-дәстүрі қазақтың

Жарасымды, үйлесімді ғажап шын.

Ұмыт болған дәстүрлерді сақтайық,

Насихаттап, жаңартудан сақтайық – деп, осымен біздің сайысымыздың барлық кезеңдері аяқталды. Енді сөз кезегін әділқазыларға берейік.

        

Әділқазылар сөзі.

 

Оқытушы:

Туылған соң адам боп,

Білімсізден жаман жоқ.

Ел дәстүрін білмесең,

Жұрт айтады надан деп.

Ата – бабам ардақты,

Жамандыққа бармапты.

Ардай тұтып үлкенді,

Ата жолын жалғапты.

Ендеше жаңа жылдарыңыз қайырлы құтты болсын. Жаңа жылда жаңа бақытқа жете беріңіздер.

Құрметті көрермендер, осымен Наурыз мерекесінің құрметіне арналған сайысымызды аяқтаймыз. Назарларыңызға көп рахмет!

 

 

 

                                      Оқытушы             Г.И.Калиева

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жақия Шайжүнісов атындағы электронды колледж

«Ұлттық салт-дәстүрімізді қаншалықты білеміз?»

сайысына талдау

 

Өткізілген күні: 28.03.2016 ж.

Өткен орны: №118 дәрісхана

Қатысушылар: І курс, 1 негізгі ҰҚ-1, 1 негізгі ҰҚ-2 топтары

 

Мақсаты: білім алушылар арасында ұлттық салт-дәстүрімізді, әдет-ғұрыптарымызды дәріптеу, ұлттық саналарын қалыптастыру, ұлтжандылыққа баулу, қазақ халқының ұлттық әдет-ғұрыптарының тәрбиелік мәнін ашып көрсету; білім алушылардың салт-дәстүр, әдет-ғұрып бойынша білім деңгейлерін бағамдау; ұлттық мәдениетімізді насихаттау.

Шараға кіріспе ретінде оқытушы наурыз туралы біраз ақпарат берді. Сайыс «Ұлттық салт-дәстүрімізді қаншалықты білеміз?» деп аталды. Сайысқа бірінші курс 1 негізгі ҰҚ-1 және 1 негізгі ҰҚ-2 топтары қатысты. Сайыстың барысына әділ бағасын берген әділқазылар: жалпы білім беретін пәндер циклдық комиссиясының төрайымы Садуакасова Миргуль Орынгалиевна, жаратылыстану пәндерінің оқытушысы Сыдыққызы Айым.

1 нег ҰҚ-1 тобы «Шаңырақ» және 1 нег ҰҚ-2 тобы «Дәстүр» командаларын таныстырды. Сайыс 5 кезеңнен тұрды:

1 тур – «Ұлттық тағамды таныстырыңыз»

2 тур – «Бөшкедегі басқатырғылар» (жұмбақ шешу)

3 тур – «Шешендік өнер» (мақал-мәтел сайысы)

4 тур – «Ұлттық қолөнер»

5 тур – «Бәйге»

6 тур – «Киелі сандар»

1 тур – «Ұлттық тағамды таныстырыңыз». Ұлттық тағам түрін таңдап, сол тағам туралы білетіндерін ортаға салды. Жауаптары 5 ұпайға дейін бағаланды. 2 тур – «Бөшкедегі басқатырғылар». Екі команда кезекпенен бөшкелерді таңдап, онда жасырылған қазақ жұмбағын шешу арқылы командаларына 5 ұпай иемденді. 3 тур – «Шешендік өнер» - мақал-мәтел сайысы. Командалар таңдау бойынша түскен тақырыпта 5 мақал-мәтел айтулары шарт. Әрбір дұрыс жауап 5 ұпайға бағаланды. 4 тур – «Ұлттық қолөнер» командаларға 1 парақ ақ қағаз және 2 түсті қағаз берілді. 5 минут уақыт ішінде түсті қағаздан ою ойып, ақ параққа жабыстыру арқылы ұлттық төсеніш – сырмақты жасап шағарулары керек болды. Бұл турда қиялдарына ерік беріп, креативтілік, шынайылық, жылдамдық, ептілік, ұшқыр ой, шеберлік танытулары қажет болды. Өнер туындылары 10 ұпайға бағаланды.

5 тур – «Бәйге»: әр командаға 10 сұрақтан қойылды. Әрбір дұрыс жауаптары 1 ұпайға бағаланды. 6 тур – «Киелі сандар»: «3», «4», «5», «6», «7». Командалар таңдаған санға байланысты қазақ халқында қалыптасқан ұғымдарды айтып береді. Дұрыс жауап 5 ұпайға бағаланды. Команда 5 тур тапсырмасын орындап жатқан кезде көрермендермен виктормина ойналды, ең белсенді қатысқан көрермен шоколадпен марапатталды. Сайыс қорытындысы бойынша «Шаңырақ» командасы 206 ұпай, «Дәстүр» командасы 188 ұпайды иеленіп, «Шаңырақ» командасы жеңімпаз атанып, мақтау қағазымен марапатталды.

 

 

 

Оқытушы                Қалиева Г.И.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Сабақтан тыс шара Сайыс "Ұлттық салт-дәстүрімізді қаншалықты білеміз""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист по сертификации продукции

Получите профессию

Интернет-маркетолог

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Выбранный для просмотра документ Презентация.pptx

Скачать материал "Сабақтан тыс шара Сайыс "Ұлттық салт-дәстүрімізді қаншалықты білеміз""

Получите профессию

HR-менеджер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Описание презентации по отдельным слайдам:

  • «Ұлттық 
    салт-дәстүрімізді   қаншалықты 
білеміз?»

    1 слайд

    «Ұлттық
    салт-дәстүрімізді қаншалықты
    білеміз?»

  • Сайыс кезеңдері
1 тур – «Ұлттық тағамды таныстырыңыз»
2 тур – «Бөшкедегі басқ...

    2 слайд

    Сайыс кезеңдері
    1 тур – «Ұлттық тағамды таныстырыңыз»
    2 тур – «Бөшкедегі басқатырғылар» (жұмбақ шешу)
    3 тур – «Шешендік өнер» (мақал-мәтел сайысы)
    4 тур – «Ұлттық қолөнер»
    5 тур – «Бәйге»
    6 тур – «Киелі сандар»

  • 1 тур  
«Ұлттық тағамды таныстырыңыз»

    3 слайд

    1 тур
    «Ұлттық тағамды таныстырыңыз»

  • 4 слайд

  • 2 тур  «Бөшкедегі басқатырғылар» (жұмбақ шешу)

    5 слайд

    2 тур «Бөшкедегі басқатырғылар» (жұмбақ шешу)

  • 3 тур  
«Шешендік өнер» 
(мақал-мәтел сайысы)

    6 слайд

    3 тур
    «Шешендік өнер»
    (мақал-мәтел сайысы)

  • 12345

    7 слайд

    1
    2
    3
    4
    5

  • 1 – білім туралы

     2 – тәрбие туралы

        3 – Отан туралы...

    8 слайд

    1 – білім туралы

    2 – тәрбие туралы

    3 – Отан туралы

    4 – сандар туралы

    5 – тіл туралы

  • 4 тур  
«Ұлттық қолөнер»

    9 слайд

    4 тур
    «Ұлттық қолөнер»

  • 5 тур

    10 слайд

    5 тур

  • 6 тур 

 «Киелі сандар»

    11 слайд

    6 тур

    «Киелі сандар»

  • Әдет-ғұрып, салт-дәстүрі қазақтың
Жарасымды, үйлесімді ғажап шын.
Ұмыт болған...

    12 слайд

    Әдет-ғұрып, салт-дәстүрі қазақтың
    Жарасымды, үйлесімді ғажап шын.
    Ұмыт болған дәстүрлерді сақтайық,
    Насихаттап, жаңартудан сақтайық

  • Туылған соң адам боп,
Білімсізден жаман жоқ.
Ел дәстүрін білмесең,
Жұрт айтад...

    13 слайд

    Туылған соң адам боп,
    Білімсізден жаман жоқ.
    Ел дәстүрін білмесең,
    Жұрт айтады надан деп.
    Ата – бабам ардақты,
    Жамандыққа бармапты.
    Ардай тұтып үлкенді,
    Ата жолын жалғапты.

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Выбранный для просмотра документ Бағалау парағы.doc

«Ұлттық салт-дәстүрімізді қаншалықты білеміз?»  

сайысының бағалау парағы

 

Команда атауы

1 тур

 «Ұлттық тағамды таныстырыңыз»

2 тур

«Бөшкедегі басқатырғылар»

3 тур

«Шешендік өнер»

4 тур

 «Ұлттық қолөнер»

5 тур

 «Бәйге»

6 тур

 «Киелі сандар»

Жалпы ұпай саны

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ескерту: Әрбір дұрыс жауап 5 ұпайға бағаланады.

 

 

 

Әділқазы _______________________________

                                                                                                                           Қолы                       Ф.А.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Сабақтан тыс шара Сайыс "Ұлттық салт-дәстүрімізді қаншалықты білеміз""

Получите профессию

Няня

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Получите профессию

HR-менеджер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 654 513 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 13.04.2016 4375
    • RAR 8.5 мбайт
    • 248 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Калиева Галия Ибраевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Калиева Галия Ибраевна
    Калиева Галия Ибраевна
    • На сайте: 8 лет
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 17198
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой