Инфоурок Начальные классы Рабочие программыСабақтың мақсаты: «Өнегелі өміріне еліктейміз»

Сабақтың мақсаты: «Өнегелі өміріне еліктейміз»

Скачать материал

Сабақтың мақсаты: «Өнегелі өміріне еліктейміз»

Сабақтың мақсаты:Батыр апамыз Молдағұлованың өмір жолынан, ерлік істерінен мәлімет беру. Халқымыздың ерлік дәстүрлеріне Отансүйгіштікке, адамгершілікке деген сезімдерін тәрбиелеу. Ұрпақтар бірлігін сақтай отырып, сабақтастығын қалыптастыру.

 Көрнекіліктер: слайд, Ә Молдағұлованың балалық шағынан бастап, бүкіл өмірін ашатын тарихи суреттер, даналық сөздер жазылған плакаттар, бүктемелер, Отан соғысындағы батырдардың суреттері, Әлия ескерткіші, мәңгілік алау.

    Сабақтың барысы: Ұйымдастыру бөлімі.

    Құрметті балалар, бүгінгі тәрбие сағатымыз «Өнегелі өміріне еліктейміз, өшпейтін ерлігіңді дәріптейміз» тақырыбына арналып, онда кешегі естен кетпес екінші дүние жүзілік соғысты бастаған неміс басқыншыларының Отанға жасаған әділетсіз соғысына қарсы жанқиярлықпен күрескен ата-аға, ана-апаларымыздың ғасырдан-ғасырға, ұрпақтан-ұрпаққа үлгі болар, жыр болар мәңгі есте сақталар ерліктері туралы әңгімелейміз.

    Гитлершілдер бүкіл елімізді жойып жіберген миллиондаған адамдарымызды құртуды, құлға айналдыруды көздеді. Бірақ, сүйікті Отанға қауіп төнген кезде елін, жерін, бостандығын, тәуелсіздігін қорғау бүкіл ел үлкен демей, кіші демей қолдарына қару алып, теңдесі жоқ ерлік жасады. Ер адамдармен бірге аналар да соғысқа аттанды. Бұл соғыс адамзатқа көп қиыншылық әкелуімен бірге көптеген батыр ағаларымыз бен апаларымздың есімдерін қалдырды.

   -Қане, кімдер еді олар: Талғат, Бауыржан, Мәлік, Ідіріс, Мәншүк.

    Үнтаспадан:

Дәл осынау жадыраңқы мамыр күні,

Болса-дағы қай ғасырдың қай жылы

Ұлы Отаным басын иіп бір минут,

Есіне алмақ сол бір апат қайғыны.

Осыдан кейін бір минут үнсіздік.

Үнтаспадан:

Тверьдің орманы жас, жері кәрі

Ата қоныс санайды жұрттың бәрі.

Сол жерге Әлияның қаны сінген,

Соғып тұр мерген қыздың жүрегі әлі.

Шаттансаң, қыз тудым деп қазақ шаттан,

Әлия-Ұлы Отанға болған мақтан.

Казачиха маңында тұлғасы тұр,

Дегендей ерлікке аттан, жеңіске аттан!

Сол жер мен сонау заман Пушкин өткен,

Желдіртіп қоңыраулы атын жеккен.

Сол жерді жаудан сақтап қаламын деп

Қазақтың Әлия қызы қанын төккен.

    -Міне, балалар, бұл қазақ халқының көзінің ағы мен қарашығындай болып, Шығыстың қос шолпаны атанған, Отан соғысында теңдесі жоқ ерлік көрсеткен, батыр атағын алған екі апамыздың бірі-Әлия Молдағұлова туралы Яков Хмелевский жазған өлеңі.

  -Мен сендерге батар апамыз Әлия Молдағұлова туралы мына жоспармен баяндаймын.

1. Балалық шағы.

2. Әлия оқушы.

3. Соғыстың басталуы.

4. Әлияның балалық жәрдемі.

5. Әлия мергендер даярлайтын училищеде.

6. Әлияның майданға аттануы.

7. Майдандағы ерліктері: а) мергендігі;     ә) тапқырлығы.

8. Әлияның ерлікпен қаза табуы.

9. Әлия апа есімін ұрпақпен бірге.

1слайд.  Әлия МОЛДАҒҰЛОВА 1925 жылы Ақтөбе облысында, Қобда ауданында дүниеге келген. Әлия да сендер сияқты кішкентай болды, ойнады. Анасы Маржан Әлия 3 жасқа келгенде қайтыс болып, нағашы ағасы Әубәкір Молдағұловтың тәрбиесінде болды. Әлияның шын есімі-Ылия.

2слайд. Алғаш мектепке 1933 жылы Жамбыл қаласында барады. Осының алдында нағашысы Әубәкір жұмысына байланысты Шалқарда да бір жылдай болған. Нағашысының әскери оқуға түсуіне байланысты Млсква, Ленинград қалаларына келіп тұрады. Әлия мектепте өте жақсы оқиды. Оны дем алуға «Артек» лагеріне жібереді. Әлия шыншыл, ойшыл, өжет.

3 слайд. Осылай бақытты балалық шағын Отан басына төнген қауіп бөліп кетті. 1941 жылы 22 маусымда Отан соғысы басталды. Отан үшін майданға бүкіл елмен бірге қазақ халқының ұл-қыздары да атанды.

4слайд. Әлия мектепте оқып жүр еді. Тұрған қаласы Ленинградты жау қоршап алады, бомбылайды. Осы кезде Әлияның кішкентай жүрегі бұлқына соқты. Қаласын қиратып жатқан жауды өте жек көрді. Қолынан келсе, көзді ашып-жұмғанша жойып жібергісі келді. Сөйтіп, ол қолынан келгенінше, балалық жәрдемін жасады. Ұзақ түндер бойы үйлердің төбесінде күзеттер тұрды, қираған үйден бала-шаға, кемпір-шалды  құтқарысты, оларды балалр үйіне, ауруханаға апарды. Өртенген үйді, оқтан өлген баланы, ананы көрді. Әлияның жас жүрегінде жауды өлтіруім керек, оның жүрегінен оқ атуым керек деген кек берік отырады.

5слайд. Әлия онымен тынбады. Майданға барып жаумен бетпе-бет шайқасқысы, елін қорғағысы келді. Ол «мені майданға жіберіңізші»-деп әскери басқармаға күнде барды. Ақыры 21 рет барғанында ғана Әлияның өтініші ескеріліп, Мәсеудегі атқыштар мектебінде оқуға жіберілді. Мергендер әзірлейтін бөлімде нысана атаудың барлық түрінен үздік тапсырып шықты. Әлияға мергендігі үшін 956 мылтық сыйлады. Мылтықты сүйіп тұрып, жаудың көзін жоюға уәде етті. Осы мылтығымен талай жаудың көзін жойды да.

    Нысана-көздеу нүктесі

   Мылтық- винтовка.

6слайд. Әлия көкірегін кере дем алды. Ертең майданға аттанады. Мергендер тобы мінген машина майданға, соғыс бөлімшелеріне бет алып келеді. Әлияның жүрегін қашан соғыс майданына жетемін, қашан жауынгерлік міндеттемені аламын деген олар мазалады. Осы толқу үстінде Әлия туған жерін-Қазақстанды еске алып, жол үстінде хат жазды.

                                                                                      1943 жыл, 28 июль.

Жол үстінен сәлем!

Қайырлы таң, қымбатты Сапура! Менің хатымның саған қашан жететінін білмеймін, бірақ сонда да болса өзімнің жауынгерлік өмірімдегі соңғы жәйтті хабарлауға асығамын. Қазір мен жол үстіндемін, алдыңғы күні аттанғанбыз, бүгін сірә көздеген жерге жетіп қалармыз деп ойлаймын. Бірақ дәл айта алмаймын.

      Менің қайда келе жатқанымды өзің де түсінетін шығарсың. Бәрақ бұған қамықпай-ақ қой, өтінем сенен, өйткені мектепке әлі біраз уақыт қалдыра тұрса да, майданға өзім сұрандым ғой. Өз өміріме өкінбеймін, салтанатпен шығарып салды, жақсы келе жатырмыз.

       Дегенмен, жүректе бір мұң бар, өзімді ойлаймын, сен, балаларды, апайды және жалпы туыстарымды көре алмай бара жатқаныма өкінемін. Апайға менің атымнан хат жазуды көптен-көп өтінемін. Ол кісі балаларды адал, батыр, халық ісіне шын берілген және әсіресе, өз ата-анасымен жақындарына бауырмал етіп тәрбиелесін. Тағы да көп нәрселер айтуға болар еді, бірақ оның бәріне шама жоқ. Ал сен екеуіміз келесі хаттарда шер тарқатысамыз ғой, осымен аяқтаймын.

                                                                     Сау бол, сүйікті Сапура!

   Әжеме, нағашы атама, жеңешеме, Розажанға, Макске, Сапарға және басқа да көптеген қымбат та жақын кісілерге сәлем айт. Саған бар жақсылықты тілеуші Әлия.

   Осы хаттан Әлияның бауырмалдығын, жағындарына ыстық сезімін, сүйіспеншілігін көруге болады.

7слайд. Мергендер келе жатқан машина «Н» бөлімшесіне келе жатты. Полковник Уральский Әлияның жастығын ескеріп, майданға жұмсауды қимады. Оны әскери ауруханаға қалдырылсын,-деді. Бірақ, Әлия полковниктің ұсынысына қосылмады. –Мен мұнда фашистерді құрту үшін келдім,-деді берік сеніммен Әлия. Әлия көнбесін түсінген полковник оны майданға жіберді.

   Жап-жас Әлия қажымай-талмай фашистермен майданда қаһармандықпен шайқасты. Әлия Молдағұлованың майдандағы қаһармандығын мына жазылған хатынан байқауға болады.

                                                                                          1943 жыл, 30 желтоқсан

           Қазір біз алдыңғы шепте тұрамыз. Хатты терең окопта отырып жазудамын. Айнала қу ағаш. Немістермен бетпе-бет кездесіп тұрамыз. Менің басымда каска, белімде граната, оң қолымда винтовка бар. Мен жасқаншақ болармын деп ойлаушы едім, қазір олай емес. Қазір мені көрсеңіздер, менің осындай болғаныма сенбес едіңдер. Тіпті солдаттардың өздері де таң қалады. Фрицтерді аямаймын, рас, алдыңғы кезде аз да болса толқушы едім.

       Ертеңгісін линейкада тұрғанымызда командирім мені қадам алға шақырды. Ол: мерген Әлия Молдағұлова үш күнде 14 фашисті өлтірді. Осы ерлігі үшін командование атынан алғыс жариялаймын! –деді. Бұдан соң  адамдардың алдында өзінің туған баласындай мені сүйеді. Мен ұялғаннан тіпті қызарып кеттім. Кездескенше сау бол! Жеңіспен қауышармыз!

         Әлия нысанға дәл тигізетін мерген болды. Әлия таң ата барлауға шығады. Түнде қар жауса, үстіне ақ халат киіп алады. Міндеті-ұрыс даласында қираған танкіге жетіп, жау жаққа барлау жүргізу керек. Танкіге дейін 500 метрді жер бауырлап жетіп, өзіне ыңғайлы паналайтын ор қазды. Жау қорғанысы 50 метрдей жерде ғана. Ол өзінің паналайтын орын, қираған танкіні пайдаланды. Танкінің люгіне кіріп, жаудың алдыңғы шебін бақылады. Осы кезде жау шебінде орда жатқан екі фашисті көрді. Бірінің басында каска, екіншісінде шлем. Анық көрініп жатыр. Әлия нысанаға солдаттың шлемін алды да,шүріппені басты, оқ дәл тиді. Оқтың қайдан шыққанын білмеген екіншісі басын шығарып қарай бергенде, Әлия оны да атып салды. Үшінші рет жаудың бақылайтын стереотрубасын атты. Жау танкіні миналай бастады. Әлия бұл кезде шапшандықпен өзінің орнына келіп орналасты. Әлия үшінші күні шабуыл орнына келді. 250 метрдей ғана жерде пайда болған бөшкені көрді. Ол мылтығымен үш рет атты. Бөшкедкен ешкім шықпады және оған жау келген жағынан ешкім болмады. Кешкісін екі немістің еңбектеп келе жатқанын көзі шалды. Ол екеуін оқпен сұлатқан Әлия шабуыл орнын өзгертті. Бұл оны қатерден құтқарды.

       Төртінші күні соғыс бөлімшесінің жасаған шабуылы жеңіспен аяқталғаннан кейін, жауынгерлер кешегі бөшкені келіп көрді. Бөшке ішінде телефон жастанып, Әлия атқан оқтан үш жерден жараланып, өліп жатқан неміс офицерін көрді.

      Әлия майданда өзінің мергендігімен қоса, тапқырлығын көрсетті. Әлия барлауға шықты. Ол жаумен екі арада оқтың арасында емін-еркін жайылып жүрген атқа сезіктене қарайды. Оны үш рет атады. Атқан ат құламайды, не кісінеп аспанға атылмайды. Әлия күдіктенеді. Кешкісін Әлия Молдағұлова атқан атты әкеліңдер деп бұйрық береді. Жасанды ағаштан жасалған аттың ішінен неміс офицері шықты, өлмеген, жараланған. Жасанды атты атып, қолға «тіл» түсірген Әлияның мергендік даңқы бүкіл майданға тарады.

8слайд. Әлия соңғы ұрыс қимылында:

-Туысқандар, маған еріңдер! Біздің адамдар шегінбейді, -деп тез неміс орларына қарай жүгіре жөнеледі.

     Үнтаспа: Бұл кезде траншея батальонның көрші бөлімінің жауынгерлері де ұмытылады. Жекпе-жек алғашқы соғысы басталады. Немістер төтеп бере алмады, шегіне бастады. Әлия немістерді траншеяда өкшелей қуып ұзақ кетті. Өте терең етіп қазылған траншеяда неміспен жалғыз өзі бетпе-бет шайқасты. Осы бір сәтте ойламаған оқиға болды.

       Ұрадан неміс офицері шыға келіп, Әлияны ұстап алды. Бірақ, өжет Әлия бұл жерде саспады, неміс офицерімен қолма- қол айқасты. Күштен емес, ол неміс қолынан жұлқына шығып, автоматын кезеді. Бірақ зұлым жау бірінші қимылдап үлгереді. Әлияның кеудесінен пистолетпен атып қалды. Оқ деген қыс ауыр жараланды. Бірақ автоматын түсірмеді. Ақтық күшін жинап фашистке автоматына кезек берді. Гитлерші құлап түсті. Бұл Әлияның соңғы өлтірген дұшпаны. Басы айналып, көзі қарауытты. Траншея қабырғасына сүйене түсіп, өзіне қарап тебіреніп тұрған солдаттарға ақырғы ұран тастады.

         Әлия:  -Маған қарамаңдар, жолдастар! Алға!

Мұғалім: Жолдастар «Алға!», «Әлия Молдағұлова үшін» деп ұран сап, жауды артына шегіндіріп қуып бара жатты.Осы кезде жан досы Надя Әлияның қан жуып кеткен денесін сүйіп, басын көтерді.

      Үнтаспадан: Әлия қап-қара жәудір көздерін ашып, үнсіз жатты. Ол өзінен қалып бара жатқан тілсіз табиғатқа, көзі жасқа толы жолдастарына қарады. Ол туған елін, туысқандарын, әкесіндей болған Әубәкірді ойлады.

Әлия: -Жаман емеспін, Надя. Мен өлетін шығармын, Ленинградқа, Қазақстанға мен туралы жаз. Ұмытпасын! Өмірімнің қысқа болғаны өкінішті-ақ!

        Үнтаспадан: Ол  өзінің  ыстық  жүрегінің   бар  қызыуын  туған  елінің  қажетіне  еркін  жарата  алмай, ерте  сөнгеніне  өкінді.

        Мұғалім:  Әлияның  майдандос  достары  Әлия  үшін  кек аламыз!-деп неміс орларына жауынгерлер басып кірді. Әлия өмірі фашистерге қымбатқа түсті. Әлияның майдандос достары Әлия үшін кек алды.

9слайд.  Батырдың ғұмыры қысқа-дейді халық.

    Әлия Молдағұлова... бұл есімді естігенде бірде –бір адам тебіренбей қала алмады. Әлияның өмірі қысқа болды. Қысқа болса да мазмұнды Саналы өмір жолы (картадан көрсету).

      Әлияның аз ғана өмірінде кейінгі ұрпақтар айтып жүрерлік ұмытылмастай ерлік жасап үлгерді. Оны бүгін халқымыз, өсер ұрпақ мақтан етеді. Әлия өлді. Оның ерлігі ұрпақ есінде мәңгі сақталады. Әлияның ерлігіне ақындар жырларын, жазушылар өз кітаптарын жазады. Әндер шығарылды. Әлия есімді мектептерге, көшелерге берілді. Әлиядай боласын деп, анасы қызына «Әлия» деп ат берді. Кинолар түсірілді. Әлияның есімі шетелдерде де құрметпен аталады. Шетел оқушылары Әлияның есімін алу үшін күреседі. Олар Әлия туралы деректер жинайды. (Сапураға ГДР пионерлеріен келген хатты көрсету).

Ән. «Әлия»

     -Тәрбие сағаты ұнады ма? Ұнаса, мына сұрақтарға жауап беріңдер: Әлия апамыз туралы қандай тақпақ, өлең, әңгімелер білесіңдер? Әлия апамыздан басқа Отан соғысына мектеп ауласында гүлге оранып тұрған қызымыз, батыр атағын алған Ідіріс Үргенішбаев қатысты.

    Әлия апа ерлігін қайталап, өз Отанын қорғау үшін жанын пида еткен тағы да қандай батыр қыздарымыз бар?

       -Сәбира, Ләззат.

-Әлия, Сәбира, Ләззат ерліктерін жазушыларымыз жырларына қосып, өлең шығарды, жырға қосты.

Жасмин:

     Әлия десе,

Таң күліп, нұрға боялады,

Әр жүректен жыр оянады.

Еске алып ұрпағымыз батырды.

Ерлігін тамсанып айналады.

Әлияның ерлігін қайталады.

Батыр қызы қазақта

Сәбира мен Ләззат та.

Қорытынды

 

 

 

 

 

 

 

  

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Сабақтың мақсаты: «Өнегелі өміріне еліктейміз»"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Ландшафтный дизайнер

Получите профессию

Секретарь-администратор

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 625 455 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 24.11.2015 1409
    • DOCX 22.8 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Айтимбаева Гулшат Еркиналиевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 5 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 18509
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Фитнес-тренер

Фитнес-тренер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Специфика преподавания информатики в начальных классах с учетом ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 40 человек из 20 регионов

Курс повышения квалификации

Возрастные особенности детей младшего школьного возраста

36 ч.

1700 руб. 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 127 человек из 50 регионов

Курс повышения квалификации

Особенности введения и реализации обновленного ФГОС НОО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 1151 человек из 81 региона

Мини-курс

Карьера и развитие в современном мире

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Технологии и автоматизация в машиностроении

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Специальная реабилитация: помощь детям с особыми потребностями

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
Сейчас в эфире

Восстановительные и медиативные практики в профилактике кибербуллинга

Перейти к трансляции