Инфоурок Начальные классы Другие методич. материалыСабақтың мақсаты: 1. Оқушыларға балықтар, қосмекенділер, жорғалаушылар туралы білім беру және табиғаттағы өзгерістерді бақылауға үйрету. 2. Білгендерін күнделікті өмірмен байланыстыра білуге дағдыландыру. Ойын, тілін дамыту. 3. Оқшыларды адамгершілікке, т

Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларға балықтар, қосмекенділер, жорғалаушылар туралы білім беру және табиғаттағы өзгерістерді бақылауға үйрету. 2. Білгендерін күнделікті өмірмен байланыстыра білуге дағдыландыру. Ойын, тілін дамыту. 3. Оқшыларды адамгершілікке, т

Скачать материал

Сабақтың тақырыбы: Балықтар, қосмекенділер және жорғалаушылардың көктемгі тіршілігі.

Сабақтың мақсаты:

1.      Оқушыларға балықтар, қосмекенділер, жорғалаушылар туралы білім беру және табиғаттағы өзгерістерді бақылауға үйрету.

2.      Білгендерін күнделікті өмірмен байланыстыра білуге дағдыландыру. Ойын, тілін дамыту.

3.      Оқшыларды адамгершілікке, табиғатты қорғауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Әдіс – тәсілдері: сұрақ – жауап, түсіндіру, салыстыру, көрнекіліктермен жұмыс, дидактикалық ойындар.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушыларды сабаққа дайындау.

Психологиялық дайындық.

-          Жер бетіндегі ең ақылды, ең күшті кім? (адам)

Бүгінгі сабақта біз ең ақылды, ең күшті екенімізді көрсетейік. Мен сіздерге сабаққа сәттілік тілеймін.

ІІ. Өткендіқайталау. – Дүниетану сабағында біз нені үйренеміз? (айналадағы табиғатты)

-          Табиғат нешеге бөлінеді? (өлі, тірі)

-          Тірі табиғатқа нелер жатады?

-          Өлі табиғатқа нелер жатады?

-          Жануарлар нешеге бөлінеді?

-          Қанатты жануарларға нелер жатады?

-          Құстар қандай топтарға бөлінеді?

-          Үй құстарын ата.

Дидактикалық ойын. «Құстар қалай ұшады?».

Мақсаты: Құштардың қалай ұшатындығын ажырата білуді үйрену.

-          Тырналар, үйректер, қаздар қалай ұшады?

-          Ұсақ құстар ше?

Венн диаграммасымен жұмыс.

«Табыстыру» ойыны.

ІІІ. Жаңа сабаққа дайындық. – Бүгін біз жануарлардың бірнеше түрінің көктемгі тіршілігімен танысамыз!

-          Ал, қандай жануарлар екенін мына жұмбақтарды шешу арқылы білеміз.

1.      Суда жасайды, онсыз болмайды. (балық)

2.      Жерді де мекен етеді,

Көлді де мекен етеді. (бақа)

Бақа қай топқа жатады? (қосмекенділер)

3.      Өзі улы, өзі шұбар,

Көрген адам өте қорқар. (жылан)

Жылан қайсы топқа жатады? (жорғалаушылар)

(тақтаға балықтар, қосмекенділер, жорғалаушылар сызбасы ілінеді)

Мақсат қою.

1.      Қайда өмір сүреді?

2.      Көктемгі тіршілігі?

3.      Пайдасы қандай?

4.      Оларға қандай қамқорлық жасай аламыз?

(деген сұрақтарға жауап беру)

Сергіту сәті. (қимылдармен әрекет ету)

Кі – кі: Бұлғалайды түлкі.

Ю – ю: Қорбаңдайды аю.

Ян – ян: Секіреді қоян.

Ыр – ыр: Ырылдайды қасқыр.

Ыз – ыз: Қонады қанқыз.

ІҮ. Жаңа сабақ.

Балықтар.

1.      Балықтар қайда тіршілік етеді?

2.      Көтемгі тіршілігі қандай болады?

(суретін көрсету. Уылдырық жайлы түсіндіру)

3.      Балықтардың пайдасы туралы әңгімелеу. (тамақ, медицинада дәрі – дәрмек, дәрумендер салауаттанумен байланыстыру)

4.      Балықтарға қамқорлық.

Суға жем тастауға болады; мұз ою балықтарға ауа баруы үшін; рұқсат етілген жерде балық аулау.

Қосмекенділер.

-          Қосмекенділерге нелер жатады?

-          Неге қосмекенділер дейміз?

1.      Қайда өмір сүреді? (суда, құрғақта)

2.      Жұмыртқасын шашады оны уылдырық деп атаймыз. Жұмыртқадан итшабақтар өсіп өнеді, бақа пайда болады.

3.      Бақаның пайдасы қандай? (сызба) Бақа суретін көрсету. Бақа зиянды насекомдарды жеп, біздің бау – бақшамызды тазартады. Тілдерінің ұшында жабысқақ зат арқылы жәндіктерді ұстап жейді. Ал Қытайда, Францияда бақаны тамақ ретінде пайдаланады.

4.      Бақаға қамқорлық көрсете аламыз ба? (сызба)

-          Өлтірмейміз, тиіспейміз.

Жорғалаушылар.

-          Неге жорғалаушылар деп атаймыз?

-          Қандай жорғалаушыларды білесіңдер?

(көрнекілік көрсету 18 топтама)

1.      Жорғалаушылар қайда өмір сүреді? (суда, құрғақта)

2.      Жорғалаушылардың көктемгі тіршілігін әңгімелеу.

Кесіртке мен жылан жұмыртқасын күннің көзі жақсы қыздыратын жерге салады. Олар көбінесе бунақденелілірмен қоректенеді.

3.      Жорғалаушылардың пайдасы қандай? (сызба)

Жыланның уынан медицинада дәрі жасайды. Кесіртке зиянды жәндіктерді жейді. Қолтырауын өзен – көлдегі ауру балықтарды жеп, санитарлық қызмет атқарады.

4.      Жорғалаушыларға қамқорлық көрсете аламыз ба? (сызба)

-          Өлтірмейміз, тиіспейміз.

Бунақденелілер.

-          Бунақденелілер қайда өмір сүреді?

-          Олар көктемде не істейді? (қыстап жатқан жерінен шығады)

Бунақденелілер жұмыртқа салып көбейеді. Жұмыртқадан дернәсіл шығады.

Қанқыз бен шаншар – өсімдікке пайдалы жәндіктер. Қанқыз және оның дернәсілі көбелектердің, зинды қоңыздардың жұмыртқаларын, өсімдік бітелерін жеп құртады. Шаншар жұмыртқаларын көбелек жұлдызқұртының денесіне салады.

Мұғалім: - Балалар, сендер білесіңдер ме, жылан адамды шағып алса, адам қозғалмау керек. Жылан уы денеге тарамау үшін, шаққан жерді қатты байлау керек. Адамның ауызында ауру тіс болмаса, жара болмаса уды сорып алуға болады. Тез арада дәрігерге бару керек.

Ү. Білімді пысықтау.

1. Оқулықпен жұмыс.

2. Тізбектете оқыту.

3. Дәптермен жұмыс.

ҮІ. Сабақты қорытындылау.

-          Сонымен , біз балықтар, қосмекенділер, жорғалаушылардың көктемгі тіршілігімен таныстық.

Дидактикалық ойын. «Кім жылдам?»

Мақсаты: білгендерін тексеру, білімдерін бақылау үшін.

-          Кесіртке мен жылан қалай көбейеді?

-          Олар немен қоректенеді?

-          Балық пен бақаның жұмыртқасын не деп атайды?

-          Балық пен бақа тіршілігінде қандай ұқсастық бар?

-          Бунақденелілердің қандай түрлері бар?

-          Олар қайда кездеседі?

-          Өсімдікке қандай зақым келтіреді?

ҮІІ. Бағалау.

ҮІІІ. Үйге тапсырма.

Оқу, әңгімелеу, өздеріне ұнаған суретті салу.

 

 

 

 

№ 134 орта мектеп

 

 

 

 

Ашық сабақ

Тақырыбы: Балықтар, қосмекенділер және жорғалаушылардың

көктемгі тіршілігі.

Сынып жетекшісі: Абдиханиева К.

Сыныбы: 1

Пәні: Дүниетану

 

 

 

 

 

 

 

Шәкен ауылы

2013 – 2014 оқу жылы

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларға балықтар, қосмекенділер, жорғалаушылар туралы білім беру және табиғаттағы өзгерістерді бақылауға үйрету. 2. Білгендерін күнделікті өмірмен байланыстыра білуге дағдыландыру. Ойын, тілін дамыту. 3. Оқшыларды адамгершілікке, т"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Художественный руководитель

Получите профессию

HR-менеджер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 625 842 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 17.11.2015 927
    • DOCX 19.6 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Абайхан Гулдана Абайхановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Абайхан Гулдана Абайхановна
    Абайхан Гулдана Абайхановна
    • На сайте: 8 лет и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 6657
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

HR-менеджер

Специалист по управлению персоналом (HR- менеджер)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
аудиоформат

Курс повышения квалификации

Основы религиозных культур и светской этики: проблемы и перспективы преподавания в начальной школе

72/108/144 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 227 человек из 61 региона

Курс повышения квалификации

Ресурсы библиотерапии в работе с детьми дошкольного и младшего школьного возраста

72/144/180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Система образовательной организации в начальном общем образовании в условиях реализации ФГОС

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 61 человек из 32 регионов

Мини-курс

Современные технологии в образовании (робототехника)

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Инновационные технологии для бизнеса

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Цифровые валюты и правовое регулирование

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе