Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Технология / Другие методич. материалы / Сабақтың тақырыбы: Ағашты қолмен өңдеуге арналған құралдар. 5 сынып

Сабақтың тақырыбы: Ағашты қолмен өңдеуге арналған құралдар. 5 сынып

  • Технология

Поделитесь материалом с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Ағашты қолмен өңдеуге арналған құралдар.


Сабақтың мақсаты: Ағашты қолмен өңдеуге арналған құралдармен таныстыру.

Ағаш өңдеу құрал саймандары мен жұмыс істеу жолында ой-өрісін кеңейту.

Адамгершілікке, еңбекке, ұқыптылыққа және қауіпсіздік ережесін сақтауға тәрбиелеу.


Көрнекілік: Құрал саймандар: ара ,сүргі,балға және т.б


Сабақ түрі: Жаңа сабақ


Сабақ әдісі: Түсіндіру, көрсету,істету.


Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі

1.Оқушыларды сабаққа ұйымдастыру, түгендеу.

2.Оқушылардың білімін тексеру.


Мақсат қою: Ағашты қолмен өңдеуге арналған құралдармен жұмыс істеу жолын түсіндіремін және көрсетем.


Жаңа сабақты түсіндіру: Ағаштан бұйым жасағанда әр түрлі аспаптар қолданылады. Оларға балта, қолара, балға, сүргі, қашау, ағаш балға, қол бұрғы, бұрыштық, стусло, бұрағыш, тістеуік пен қысқыш.

Балта- ағашты бөлшектеп жару немесе қашау сондай-ақ ағаш шабуға арналған құрал. Ағаштан бұйым жасаған кезде ағаш ұстасының және ағаш шеберінің балтасы жиі қолданылады. Ағаш ұстасының балтасы – ағашты бастапқы өңдеуге арналған. Ал ағаш шеберінің балтасынан кішірек. Оны ұсақ бөлшектерді өңдеуге арналған үшкір ұшы болады.

Қолара – ағаш материалын кесуге арналған ара. Олар бойлай және көлденең кесуге арналған аралар деп бөлінеді.

Балға - шеге қағу үшін, сондай-ақ басқа да жұмыстарға пайдаланылады. Балға екі бөліктен тұрады. Негізгі болып соққыш бөлігі саналады, ол ауыр металдар қорытпасынан жасалады.

Ағаш бетін тегістеу үшін сүргіні қолданады. Сүрінің 3 түрі бар: Шерхебель - ағаштың бастапқы қатпар қабатын өңдеуге арналған, Әр-түрлі сүргілер – тазартып сүргілеуге арналған, Фуганок – ұзын ағашты соңғы өңдеуге арналған.

Қашау – тазалап, өңдеу үшін қажет. Сондай - ақ ұста қашауының бірнеше түрі бар, оларды жүзінің еніне байланысты айырады.

Ағаш балға – ағаштан немесе резеңкеден жасалған болуы мүмкін. Ағаш балға қашаумен жұмыс істегенде қолданылады, оның сабы ұстауға ыңғайлы болады. Ағаш балғаны қолдану кескіш аспаптардың сабын бүлдіруден сақтайды.

Қол бұрғы – әр қилы диаметрлі саңылаулар бұрғылауға арналған құрал.

Стусло – бөлшектерді тура және қисық бұрышта (45◦) кесу үшін қажетті жабдық.


Түсінігін тексеру:

  1. Ағаш өңдейтін құрал саймандарды ата. Олардың бір-бірінен айырмашылығы және жұмыс істеу жолы.


Сабақты бекіту: Ағашты қолмен өңдеуге арналған құрал – саймандарды және жұмыс істеу жолын білу.


Оқушыларды бағалау.


Үйге тапсырма: Жазған конспектті оқып келу.


Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 17.11.2015
Раздел Технология
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров542
Номер материала ДВ-163825
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх