Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Русский язык и литература / Другие методич. материалы / Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбайұлының «Ғылым таппай мақтанба» өлеңі.
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Русский язык и литература

Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбайұлының «Ғылым таппай мақтанба» өлеңі.

библиотека
материалов

Отарбаев А.Д.

Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы,

Қарақұдық орта мектебінің мұғалімі.


Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбайұлының «Ғылым таппай мақтанба» өлеңі.

Сабақтың білімділік мақсаты: Өлеңінің тақырыптық, идеялық мәнін ашу арқылы адам бойындағы жақсы мен жаман қасиеттердің сипаттарын тарата жіктеп, даралай түсіндіру; ғылым туралы таным-түсініктерін қалыптастыру.

Тәрбиелік мақсаты: Өлеңді негізге ала отырып оқушылардың бойына жақсы қасиеттерді сіңіріп, жаман қасиеттерден аулақ болуға баулу.

Дамытушылық мақсаты: Өлең арқылы оқушылардың дүниетанымына және ізгілікті іске бейімділігін дамытуына қозғау салу, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.

Сабақтың түрі: Жаңа білім, білік дағдыны қалыптастыру сабағы.

Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер: Баяндау, сұрақ-жауап, талдау жинақтау, сыни тұрғыдан ойлау.

Сабақтың жабдығы: Оқулықтар мен оқу құралдары, тақырыпқа арналған кесте, ақын портреті т.б.

1 кесте:

Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы ерінбе,

Адамдықты көздесең, жаттап тоқы көңілге.
Сұлтанмахмұт Торайғыров.

2 кесте:

Жаман әрекет

Жақсы әрекет

Өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер, мал шашпақ

Талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым

Сабақтың жүрісі:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үй жұмысын тексеру (Абайдың «Қыс» өлеңін жаттау, сурет салу) және оқушылардың өзді-өздеріне сұрақ қою әдісі арқылы білім мен білік дағдыларын өтілген тақырыптармен ұштастыра жаңғырту (тақтаға үй жұмысын айтуға шыққан оқушыға сыныптағы өзге оқушылар сұрақ қояды. Мысалы: – «Шидем» деген қандай киім және тағы қандай қазақтың дәстүрлі ұлттық киімдерін білесің? – Шидем-қойдың жабағасынан тігіп, сыртын маталап қаптаған киім, оны кейде күпі деп те атайды. Қазақтарда сондай-ақ, тон, ішік, тымақ, түлкі тымақ, байпақ т.б. қысқы киімдер бар. т.т)

ІІІ. Сұрақ-жауап әдісі арқылы өтілген тақырыпты (үй жұмысын) пысықтап бекіту.

1. Абай Құнанбайұлы кім? (Абай-қазақ халқының ұлы ақыны)-дұрыс айтасыңдар, Абай-қазақ халқының ұлы ақыны, қазақ жазба әдебиетнің негізін қалаған данышпан ойшыл.

2.Абайдың «Қыс» өлеңі лириканың қай түріне жатады? (Абайдың «Қыс» өлеңі табиғат лирикасына жатады).

3. Абайдың табиғат мерзіміне арналған және қандай өлеңдерін білесіңдер? (Абайдың табиғат тақырыбына жазған өлеңдері- «Қыс», «Жаз», «Күз», «Жазғытұры»): – Дұрыс айтасыңдар, Абайдың бұдан да басқа «Қараша, желтоқсан мен сол бір екі ай», «Желсіз түнде жарық ай», «Көлеңке басын ұзартып» деген өлеңдері табиғат лирикасына жатады.

4. Абай қысты қандай бейнеде суреттеген? (Ақын қысты ақ киімді, ақ сақалды, алып денелі шалға теңейді, оның үсті басын ақ қырау шалған түсі суық, ешкімді елемейтін соқыр, мылқау тұлғада сипаттайды. Қысты тойымсыз, сұраншақ құдаға теңеп, оның басталуын елдің мазасын алып, әлек салған қаһарлы, қайырымсыз қонақтың келгені сияқты етіп суреттейді).

5. Табиғат құбылыстырын жандандырып, тірі адам кейіпінде суреттеуді не дейміз? (Кейіптеу). –Дұрыс айтасыңдар, Абайға дейінгі әдебиетте қысты жанды адам бейнесінде суреттеу болмаған. Бұл-Абай жаңалығы.

IV. Өтілген тақырыпты қысқаша қорытып шығып, жаңа тақырыпты түсіндіруге көшу.

Абай-халықты білімге, ғылымға, еңбекке, көп үндеген ақын. Ғылымды ол әлеуметтік жағдайды жақсартудың құралы ғана емес, бұл өркениетке жол деп түсінді. Ғылымның өмірдегі орнын адамдардың жақсы қаситтерімен байланыстыра қарады. Сондай өлеңдерінің бірі-1886 жылы жазылған «Ғылым таппай мақтанба» өлеңі. (өлең жай, қоңыр дауыспен сабырлы оқылады).

Оқушыларды ойландыра отырып, өлеңнің мазмұнын ашу мақсатында сұрақтар беру.

1. Өлеңде ақын адам болам деген жастарға қандай өсиет айтады.

(Ғылым мен білім үйреніп алмай, ойын-күлкіге салынба деп өсиет айтты). Дұрыс-ақ, жастарды ғылым үйренуге шақырады.

2. Жастарға қандай бес асылды ұсынады?

(Талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым)

3. Ақын адамның қандай бес дұшпаны бар екенін атап көрсетеді?

(Өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер, мал шашпақ)

4. Ақын білімді болудың, ғылымды меңгерудің жолдарын қалай әңгімелейді? (мал да, дүние де, ғылыммен білімде, сондықтан бос жүрісті қойып, алдымен ғылым жолында еңбек ет, ізден, ғылымдардан үйрен, солардай болуға талпын, кездескен қиыншылдықтарға бой алдырма дейді). Дұрыс айтасыңдар, ақын өсиетінің бірі-адам болу, білім алу жолындағы кездесетін кедергілерге қарсы күреске шақыру. (Оқушылар қойылған сұрақтар төңірегінде ой толғап, жарыса жауап береді. Осыдан кейін өлең бойынша өз ойымды айтып таным түсініктерін толықтырдым).

Бұл өлең ұстаз ақынның кейінгі ұрпаққа айтар өсиеті үлгісінде жазылған. Абай жастардың алдында тұрған міндет-ғылым, ғылымға қалайда қол созу керек деп жырлай отырып, әрбір жігерлі жастың талаптанатын арманы ғылымды игеру болу керектігін түсіндіреді. Адамның ең қымбат кезеңінен-жастық шақтың оқуға, ғылымға жұмсалуын талап етеді.

Ойын күлкі, бос жүрісті кейін қоя тұрып, алдымен ғылым жолында еңбек ет, ізден, ғылымдардан үлгі ал, солардай болуға талпын деп айта келіп, дүние де, малда ғылым арқылы құралады деген қорытынды шығарады. Осы жолда Абайдың жастарға айтар өсиеті де бар. Ол алдымен бес жаман әрекеттен қашық болуды ұсынады. Сонымен қатар бес асыл іс нәрсені атап көрсетеді.

V. Оқулықпен жұмыс жасау барысында Абай өсиеттерін саралап, оны мағынасын ашу арқылы өтілген тақырыпты пысықтап бекіту.

Абай сақтандырған бес дұшпан, яғни адам бойындағы жаман әрекеттер:

Өсек-жұртты орынсыз кінәләу, ғайбаттау;

Өтірік-адамдардың өзіне деген сенім жоғалту, жалған сөйлеу;

Мақтаншақ-өзінде бармен өзгелерге кеуде көтеру:

Еріншек-жалқаулыққа, тоғышарлыққа салыну;

Шашпалық-барды ұқсата білмеу, көрсе-қызарлық тәрізді қылық.

Абай үлгі еткен бес асыл қасиет:

Талап-ғылымды, білімді меңгеру үшін күресу, талпыну;

Еңбек-жалықпай жұмыстану, іздену;

Терең ой-қай нәрсені де жан-жақты ойлау, ақылға салу;

Қанағат-аш көздікке салынбай, барға шүкіршілік ету, қанағат ету;

Рақым-қайырымды, мейірімді болу;

VI. –Абай атап көрсеткен шашпалық, еріншектік тәрізді жағымсыз қасиеттер халық арасында қазір кездесе ме?-деген ойланарлық сұрақ бердім. (Кездеседі, мысалы, шашпалық-той жасауда байқалса, ал еріншектік-көп ұйықтау, жұмыс жасауға мойыны жар бермей, жұмыссыз жүру т.т.).

Осыдан кейін Сұлтанмахмұттың өлеңін тілге тиек ете отырып, Абай өсиеттерін орындауға ғылымды, білімді меңгеруге үндеп, ғылым білімді меңгерген адам ғана өзгелерден биік болатынын біліммен ғана мыңға басшылық жасап, ел басқарудың мүмкін екенін әңгімелеп, өтілген тақырыпты қорыту, үйге өлеңді тұтас жаттап келу тапсырылды.


Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Краткое описание документа:

Отарбаев А.Д.

Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы,

Қарақұдық орта мектебінің мұғалімі.

Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбайұлының «Ғылым таппай мақтанба» өлеңі.

Сабақтың білімділік мақсаты: Өлеңінің тақырыптық, идеялық мәнін ашу арқылы адам бойындағы жақсы мен жаман қасиеттердің сипаттарын тарата жіктеп, даралай түсіндіру; ғылым туралы таным-түсініктерін қалыптастыру.

Тәрбиелік мақсаты: Өлеңді негізге ала отырып оқушылардың бойына жақсы қасиеттерді сіңіріп, жаман қасиеттерден аулақ болуға баулу.

Дамытушылық мақсаты: Өлең арқылы оқушылардың дүниетанымына және ізгілікті іске бейімділігін дамытуына қозғау салу, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.

Сабақтың түрі: Жаңа білім, білік дағдыны қалыптастыру сабағы.

Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер: Баяндау, сұрақ-жауап, талдау жинақтау, сыни тұрғыдан ойлау.

Сабақтың жабдығы: Оқулықтар мен оқу құралдары, тақырыпқа арналған кесте, ақын портреті т.б.

1 кесте:

Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы ерінбе,

Адамдықты көздесең, жаттап тоқы көңілге.
Сұлтанмахмұт Торайғыров.

2 кесте:

Жаман әрекет

Жақсы әрекет

Өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер, мал шашпақ

Талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым

Сабақтың жүрісі:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үй жұмысын тексеру (Абайдың «Қыс» өлеңін жаттау, сурет салу) және оқушылардың өзді-өздеріне сұрақ қою әдісі арқылы білім мен білік дағдыларын өтілген тақырыптармен ұштастыра жаңғырту (тақтаға үй жұмысын айтуға шыққан оқушыға сыныптағы өзге оқушылар сұрақ қояды. Мысалы: – «Шидем» деген қандай киім және тағы қандай қазақтың дәстүрлі ұлттық киімдерін білесің? – Шидем-қойдың жабағасынан тігіп, сыртын маталап қаптаған киім, оны кейде күпі деп те атайды. Қазақтарда сондай-ақ, тон, ішік, тымақ, түлкі тымақ, байпақ т.б. қысқы киімдер бар. т.т)

ІІІ. Сұрақ-жауап әдісі арқылы өтілген тақырыпты (үй жұмысын) пысықтап бекіту.

1. Абай Құнанбайұлы кім? (Абай-қазақ халқының ұлы ақыны)-дұрыс айтасыңдар, Абай-қазақ халқының ұлы ақыны, қазақ жазба әдебиетнің негізін қалаған данышпан ойшыл.

2.Абайдың «Қыс» өлеңі лириканың қай түріне жатады? (Абайдың «Қыс» өлеңі табиғат лирикасына жатады).

3. Абайдың табиғат мерзіміне арналған және қандай өлеңдерін білесіңдер? (Абайдың табиғат тақырыбына жазған өлеңдері- «Қыс», «Жаз», «Күз», «Жазғытұры»): – Дұрыс айтасыңдар, Абайдың бұдан да басқа «Қараша, желтоқсан мен сол бір екі ай», «Желсіз түнде жарық ай», «Көлеңке басын ұзартып» деген өлеңдері табиғат лирикасына жатады.

4. Абай қысты қандай бейнеде суреттеген? (Ақын қысты ақ киімді, ақ сақалды, алып денелі шалға теңейді, оның үсті басын ақ қырау шалған түсі суық, ешкімді елемейтін соқыр, мылқау тұлғада сипаттайды. Қысты тойымсыз, сұраншақ құдаға теңеп, оның басталуын елдің мазасын алып, әлек салған қаһарлы, қайырымсыз қонақтың келгені сияқты етіп суреттейді).

5. Табиғат құбылыстырын жандандырып, тірі адам кейіпінде суреттеуді не дейміз? (Кейіптеу). –Дұрыс айтасыңдар, Абайға дейінгі әдебиетте қысты жанды адам бейнесінде суреттеу болмаған. Бұл-Абай жаңалығы.

IV. Өтілген тақырыпты қысқаша қорытып шығып, жаңа тақырыпты түсіндіруге көшу.

– Абай-халықты білімге, ғылымға, еңбекке, көп үндеген ақын. Ғылымды ол әлеуметтік жағдайды жақсартудың құралы ғана емес, бұл өркениетке жол деп түсінді. Ғылымның өмірдегі орнын адамдардың жақсы қаситтерімен байланыстыра қарады. Сондай өлеңдерінің бірі-1886 жылы жазылған «Ғылым таппай мақтанба» өлеңі. (өлең жай, қоңыр дауыспен сабырлы оқылады).

Оқушыларды ойландыра отырып, өлеңнің мазмұнын ашу мақсатында сұрақтар беру.

1. Өлеңде ақын адам болам деген жастарға қандай өсиет айтады.

(Ғылым мен білім үйреніп алмай, ойын-күлкіге салынба деп өсиет айтты). Дұрыс-ақ, жастарды ғылым үйренуге шақырады.

2. Жастарға қандай бес асылды ұсынады?

(Талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым)

3. Ақын адамның қандай бес дұшпаны бар екенін атап көрсетеді?

(Өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер, мал шашпақ)

4. Ақын білімді болудың, ғылымды меңгерудің жолдарын қалай әңгімелейді? (мал да, дүние де, ғылыммен білімде, сондықтан бос жүрісті қойып, алдымен ғылым жолында еңбек ет, ізден, ғылымдардан үйрен, солардай болуға талпын, кездескен қиыншылдықтарға бой алдырма дейді). Дұрыс айтасыңдар, ақын өсиетінің бірі-адам болу, білім алу жолындағы кездесетін кедергілерге қарсы күреске шақыру. (Оқушылар қойылған сұрақтар төңірегінде ой толғап, жарыса жауап береді. Осыдан кейін өлең бойынша өз ойымды айтып таным түсініктерін толықтырдым).

– Бұл өлең ұстаз ақынның кейінгі ұрпаққа айтар өсиеті үлгісінде жазылған. Абай жастардың алдында тұрған міндет-ғылым, ғылымға қалайда қол созу керек деп жырлай отырып, әрбір жігерлі жастың талаптанатын арманы ғылымды игеру болу керектігін түсіндіреді. Адамның ең қымбат кезеңінен-жастық шақтың оқуға, ғылымға жұмсалуын талап етеді.

Ойын күлкі, бос жүрісті кейін қоя тұрып, алдымен ғылым жолында еңбек ет, ізден, ғылымдардан үлгі ал, солардай болуға талпын деп айта келіп, дүние де, малда ғылым арқылы құралады деген қорытынды шығарады. Осы жолда Абайдың жастарға айтар өсиеті де бар. Ол алдымен бес жаман әрекеттен қашық болуды ұсынады. Сонымен қатар бес асыл іс нәрсені атап көрсетеді.

V. Оқулықпен жұмыс жасау барысында Абай өсиеттерін саралап, оны мағынасын ашу арқылы өтілген тақырыпты пысықтап бекіту.

Абай сақтандырған бес дұшпан, яғни адам бойындағы жаман әрекеттер:

Өсек-жұртты орынсыз кінәләу, ғайбаттау;

Өтірік-адамдардың өзіне деген сенім жоғалту, жалған сөйлеу;

Мақтаншақ-өзінде бармен өзгелерге кеуде көтеру:

Еріншек-жалқаулыққа, тоғышарлыққа салыну;

Шашпалық-барды ұқсата білмеу, көрсе-қызарлық тәрізді қылық.

Абай үлгі еткен бес асыл қасиет:

Талап-ғылымды, білімді меңгеру үшін күресу, талпыну;

Еңбек-жалықпай жұмыстану, іздену;

Терең ой-қай нәрсені де жан-жақты ойлау, ақылға салу;

Қанағат-аш көздікке салынбай, барға шүкіршілік ету, қанағат ету;

Рақым-қайырымды, мейірімді болу;

VI. –Абай атап көрсеткен шашпалық, еріншектік тәрізді жағымсыз қасиеттер халық арасында қазір кездесе ме?-деген ойланарлық сұрақ бердім. (Кездеседі, мысалы, шашпалық-той жасауда байқалса, ал еріншектік-көп ұйықтау, жұмыс жасауға мойыны жар бермей, жұмыссыз жүру т.т.).

Осыдан кейін Сұлтанмахмұттың өлеңін тілге тиек ете отырып, Абай өсиеттерін орындауға ғылымды, білімді меңгеруге үндеп, ғылым білімді меңгерген адам ғана өзгелерден биік болатынын біліммен ғана мыңға басшылық жасап, ел басқарудың мүмкін екенін әңгімелеп, өтілген тақырыпты қорыту, үйге өлеңді тұтас жаттап келу тапсырылды.

Автор
Дата добавления 14.05.2015
Раздел Русский язык и литература
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров641
Номер материала 279474
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх