Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Другое / Конспекты / Сабақтың тақырыбы: Анам және мен
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Другое

Сабақтың тақырыбы: Анам және мен

библиотека
материалов

Сабақтың тақырыбы: Анам және мен

Сабақтың мақсаты:

Оқушыларды ананың еңбегін ақтауға, анаға деген сүйіспеншілікке, ананы құрметтеп, сыйлауға тәрбиелеу

Сабақтың көрнекілігі: Нақыл сөздер

Сабақтың барысы

Мұғалім сөзі

Сыныптын ұлдарын ортаға шақыру

Жандаулет

Ана-өмір қолдаушысы әлемнің

Шаңырақтың шаттығы мен шуағы

Сейілмесін жанарынан ананың

Тіршілікке төккен нұрлы шуағы

Олжас

Аялайық аналарды әрдайым

Қуанышқа бөлейікші өздерін

Әжелердің,аналардың,қыздардың

Мұң шалмасын күлім қаққан көздерін

Ернар

Ана- барлық өмірдің бастауы. Ол адамды өмірге әкеледі, оны тәрбиелейді,өсіреді. Адам бойындағы барлық асыл қасиет күннің нұрынан, ананың ақ сүтінен дариды. Ана -ұлы адам, Ана-құдіретті жан ,ендеше бүгінгі мерекелеріңіз құтты болсын

Асқар

Сіздерді әйел жанымен байланысты тамаша көктем мерекесі – 8 Наурызбен шын жүректен құттықтаймын! Алғашқы көктем мерекесі Жер бетіне өмір сыйлаушы нәзік, ақылды, сымбатты, мейірімді жандарға арналғаны қандай тамаша мереке !

Мейіржан

Тәуелсіз еліміз тұрғындары ертеңгі күнге сеніммен қарайды. Бұл сенімділік қойылған мақсаттарға қол жеткізуге және ауқымды жоспарларды іске асыру мүмкіндігіне көмектеседі. Әлемдегі ең асыл жан ол – Ана десек , жүрегімізде сүйікті жанға деген маххабат сезімі оянады. Ана бұл аяулы да мейірімді жан. Баланың тілі шыққаннан –ақ бірінші сөзін ана деп айтады. Өмірдің есігін ашқаннан соң осы өмірдегі өзіңнің жан анаңды көресің.


Әділхан

Ана бір қолымен бесік тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді деген екен бір ғұлама. Қандай нақты айтылған ой десеңізші! Расында бар әйел қауымынсыз мына әлемді елестету мүмкін емес! Иә, Құдайдан кейін құдірет иесі – ана. Мына жарық дүниеге әкелген Ана алдында бәріміздің де бас иетініміз сондықтан десек, бүгінде ұрпақ өсірумен қатар, ел еңсесін көтеріле түсуіне өз үлесін қосып келе жатқан қазақ әйелдері қандайда болмасын құрметке лайық.

Ернар

Бүгінде қоғам өмірінің әйелдер араласпайтын саласы жоқ десе болады. Бірі ғалым , бірі саясаткер, енді біреулері дәрігер, кәсіпкер тізе берсең жалғаса береді. Солардың бірі аяулы ұстаздар. Аналар өмірдің барлық саласын меңгергеніне шүбә жоқ бас иеміз.

Асқар

Қайырлы күн құрметті біздің аналар, сұлу арулар және қонақтар

Мейіржан

Бүгінгі 8 – наурыз мерекесіне арналған «Анам және мен» атты мерекелік сайысымызға қош келдіңіздер

Асқар:Сайысымызды бастауға рұхсат етіңіздер. Сайысымызға 6 топ қатысқалы отыр. Олар: Құралай ана Қымбат қызымен

Мейіржан: Ботагөз ана Жансая қызымен

Асқар: Әнипа ана Мадина қызымен

Мейіржан: Баян ана Маржан қызымен

Асқар: Айгүл ана Диана қызымен

Мейіржан: Дариға ана Дильназ қызымен

Асқар: Жұптарымызға қол шапалақтап қояйық

Мейіржан: Сайысымыз 7 кезеңнен тұрады.

Асқар: 1-ші кезең таныстыру

Мейіржан: 2-ші кезең шебер қолдар деп аталады

Асқар: 3-ші кезең сұрақтарға жауап беру

Мейіржан: 4-ші кезең өнер сайысы

Асқар: 5-ші кезең дастархан мәзірі

Мейіржан:6-шы кезең үйге берілген тапсырма, дайындап келген тағамды қорғау

Асқар: Мейіржан, сайысымызды бастамас бұрын әділ қазылар алқасын сайлап алайық.

Мейіржан:

Әділ қазылар алқасын:________________________________________

____________________________________________________________________________________________________________________________________


Мейіржан: Ал, енді сайысымызды бастайық

Асқар:

Құтты болсын ардақты анам

Асыл анам мерекең

Құтты болсын ұстаздарым

Қуанышты берекең


Мейіржан:

Той пердесін ашайық

Аналарды құрметтеп

Бимен шашу шашайық

Ұлдардың орындауында би

Мейіржан: Сөз кезегі сайыскерлерде , аналар мен қыздар өздерін таныстырып өтулері керек.

Таныстыру кезеңі

Мейіржан:

-Асқар , менің таң қалатыным, анам үйде барлық тірлікті істеп, одан қала берсе жұмысқа да барып үлгереді ғой.

Асқар:

-Иә, мен мектептен келсем, тамағым да дайын , үй де жинаулы мұның бәрін қалай үлгереді екен?

Мейіржан:

-Біздің аналарымыз бәрін өз қамқорлығына алады , олар барлық шаруаны бітіреді,сонымен қатар олар біздің әр ойымызды айтқызбай табады, біздің бар сырымыз оларға әрқашан да белгілі.

Асқар:

- Олай болса аяулы аналарымыз бен қыздарымыздға арналған келесі кезеңімізді бастайық

Мейіржан:

Келесі кезең шебер қолдар деп аталады. Біз сіздерге 2 мандариннан береміз . Сіздер оның қабығынан кез-келген нәрсе құрастыруларыңыз керек.

Шебер қолдар

Мейіржан:

Аналарымыз бен аруларымыз тапсырманы орындағанша Асқар, Жандаулет, Әділханның орындауында «Шоқ қыздар» әнін қабыл алыңыздар



Асқар:

Сіздер — Күнсіз, аспанда жарқыраған,

Сіздер — өзен, тау суы сарқыраған,

Сіздер — ана, сіздер — жар, сіздер — қыздар,

Сіздер — жаңбыр, ақ нөсер сарқыраған

Мейіржан:

  • Келесі сайысымыз аналар мен қыздардың ақылдылығын тексеруге байланысты. Біз сіздерге сұрақтар таратып береміз ,ән орындалып болғанша жауаптарын дайындауыңыз керек.

  • Сұрақ - жауап

  • Асқардың орындауында «Ана» әнін қабыл алыңыздар.

Асқар ән орындайды

Мейіржан

Анасыздар, әр үйге панасыздар,

Бала десе от болып жанасыздар.

Сәтті басса ұрпағың,- мерей тасып,

Қыз күлкісін сусын қып қанасыздар.

Асқар

Келесі сайысымыз өнер сайысы, аналар мен қыздар өнерлерін ортаға салады

Өнер сайысы

Мейіржан

Анасыздар, кең байтақ даласыздар.

Жаны жайсаң жеңімпаз данасыздар.

Көлеңке жоқ көңлінде, қылауы жоқ,

Үлбіреген жауқазын баласыздар.

Асқар

Келесі сайысымыз «Ас мәзірі» деп аталады . Біз сіздерге әріптер таратып береміз, сол әріптерден дастархан мәзірін құрастыруларыңыз керек.

Ас мәзірі

Сайыскерлеріміз дайындалғанша ұлдардың орындауында «Теңізшілер биі»

«Теңізшілер биі»

Мейіржан

Біз сіздерсіз тіршілік ете алмаймыз.

Дегенге де сіздерсіз жете алмаймыз.

Айнала ұшып сіздерді көбелек боп,

Өртеніп қастарыңнан кете алмаймыз.

Асқар

Келесі сайысымыз үйде дайындап келген дәмдеріңізді қорғау

Үй тапсырмасы

Мейіржан

Анасыздар — Ақ Еділ, Жайықсыздар -

Жүзе алмайды өтінде қайықсыздар.

Маздататын, жүректе от лаулататын,

Әр үйдің Күні десе,- лайықсыздар.- дей келе сайысымызды аяқтаймыз

Асқар

Сөз кезегі әділқазыларда

Марапаттау

Мейіржан

Анам менің – аялаған ақ гүлім

Анам менің – бақытым мен шаттығым

Анашым” – деп балаң жырын арнаған

Неге ғана естімеген тәтті үнін

Асқар

Анам менің – өмірдегі тірегім

Анам менің – кеудемдегі жүрегім

Егер менің қасымда сен болмасаң

Бұл өмірде қалай ғана жүремін.

Ән: «Құттықтаймын мама туған күніңмен»

Мейіржан

Осымен 8 наурыз мерекесіне арналған кешіміз аяқталды . Қош сау болыңыздар.



Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 21.11.2016
Раздел Другое
Подраздел Конспекты
Просмотров60
Номер материала ДБ-374430
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх