Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Химия / Конспекты / Сабақтың тақырыбы: Қаныққан бір атомды спиттер.

Сабақтың тақырыбы: Қаныққан бір атомды спиттер.


  • Химия

Поделитесь материалом с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Қаныққан бір атомды спирттер (изомерия, қасиеттері, қолданылуы).



Сабақтың мақсаты: Оқушыларды спирттер туралы мәліметтер бере отырып,құрамы, түрлері, лабораторияда және өндірісте алыну әдістерімен таныстыру, негізгі қасиеттерін меңгерту.

Білімділік: жүйелеу номенклатурасы бойынша атау, изомерия туралы түсінік қалыптастыру, өз бетімен іздену дағдылаын жетілдіру, білім деңгейлерін анықтау.

Дамытушылық: Оқушылардың өз бетімен жаттығулар мен есептер шығарту арқылы, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, төзімділікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа білім беру сабағы

Қолданылатын әдіс-тәсілдер: мәтінмен жұмыстар, сұрақ-жауап,тірек-сызба.

Көрнекіліктер: кеспе қағаздар, тірек-сызба.

Пәнаралық байланыс: география, әдебиет.

Қосымша деректер: «Химия мектепте» әдістемелік журналы.

Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі.

Оқушылармен амандасу,түгендеу.

Оқушылардың назарын сабаққа аудару .

ІІ. Жаңа сабақ.

Оқулықпен жұмыс

Спирттер –бір немесе бірнеше гидроксильді тобы бар алифатикалық қосылыстар. Бір гидрокситопты спирттердің жалпы формуласы R–OH.



Спирттердің классификациясы

Спирттер әртүрлі құрылымдық белгілері арқылы классификацияланады.
1.Гидроксильдік топ саны бойынша спирттер
біратомды (ОН бір тобы), 

көпатомды (ОН екі немесе одан да көп тобы) болып бөлінеді.


Көпатомды спирттердің жаңа атауы - полиолдер (диолдар, триолдар және т.б). Мысалы:- екіатомды спирт – этиленгликоль (этандиол) HO–СH2–CH2–OH

- үшатомды спирт – глицерин (пропантриол-1,2,3) HO–СH2–СН(ОН)–CH2–OH

Екіатомды, екі ОН тобы бар спирттер бір көміртегіде болса R–CH(OH)2, олар тұрақсыз, суды ығыстырып, бірден альдегидке R–CH=O айналады. R–C(OH)3спирті болмайды. 


  1. Спирттерді гидрокситоп қандай көміртегі атомымен байланысқанына байланысты (
    біріншілік, екіншілік, үшіншілік )бөледі:


    • біріншілк   R–CH2–OH, 


    • екіншілік   R2CH–OH, 


    • үшіншілік  R3C–OH.


Көпатомды спирттерде біріншілік-, екіншілік-, үшіншілік спиртті топтарға бөледі. Мысалы, үшатомды спирт молекуласы глицеринде екі біріншілік спиртті (HO–СH2–) және бір екіншілік спиртті (–СН(ОН)–) топтар бар. 


  1. Көміртегі атомымен байланысқан радикалдар құрылымына байланысты спирттер
     


    • қаныққан, немесе алканолдар (мысалы, СH3CH2–OH) 


    • қанықпаған, немесе алкенолдар (CH2=CH–CH2–OH) 


    • ароматты (C6H5CH2–OH).


Көміртегі атомдары қос байланыс арқылы байланысқан қанықпаған спирттер өте тұрақсыз, сондықтан тез альдегидтер мен кетондарға изомерленіп кетеді. Мысалы, винилспирті CH2=CH–OH сірке альдегидіне айналады CH3–CH=O.

Спирттердің наменклатурасы

Систематикалық атау көмірсутекке – ол жалғауы жалғануы және гидроксотоптың орнының санымен беріледі. Мысалы: 

hello_html_7d622f1c.png


Нөмірлеу ОН-тобы жақын жағынан бастап тізбек аяғына дейін жүреді. 

ОН-тобының орнын көрсететін сан "ол" жалғауынан кейін қойылады 


СНhello_html_d27c375.pnghello_html_d27c375.pnghello_html_d27c375.png3-СН2-СН-СН2-ОН СНhello_html_d27c375.png3-СН2 -С-(СН3)2 

СН3 ОН

2-метилбутанол-1 2-метил бутанол-2

Басқа әдіспен спирттерді атау үшін радикал атауына (радикалды-функционалды номенклатура) "спирті"деген сөзді қосу арқылы атайды. Осыған байланысты аталған спирттерді келесідей атайды: метил спирті, этил спирті, н-пропил спирті, изопропил спирті.

Рационалды атауы бойынша гомолгтық қатардың ең қарапайым өкілінің туындысы ретінде қарастырылады, яғни карбинолдың туындысы;

СН3-СН2-ОН метил карбинол; СН3-СНОН-СН3 диметил карбинол;

(СН3)3 С-ОН три метил карбинол; 

(СН3)2-СН-СНОН- С2Н5 этилизопропилкарбинол

Спирттердің изомериясы

Спирттер үшін құрылымдық изомерия тән:

- ОН-тобының орнына байланысты изомерия (С3 – тен бастап);
   мысалы: 

hello_html_m407718e0.png


- көміртек қаңқасына байланысты (С4-тен бастап);
   мысалы, C4H9OH формуласына 4 құрылымдық изомерия сәйкес келеді: 

- жай эфирлердің классаралық изомері
    (мысалы, этил спирті СН3CH2–OH және диметил эфирі CH3–O–CH3). 

Сонымен қатар (оптикалық) кеңістік изомериясы да болуы мүмкін. 
Мысалы, екінші көміртегі атомы төрт түрлі орынбасушылармен байланысқан бутанол-2 СH3CH(OH)СH2CH3 екі оптикалық изомер түрінде кездеседі. Осылайша, C4H9OH формуласына 5 изомерлі спирт сәйкес келеді (4 құрылымдық изомері және біреуі - бутанол-2 – оптикалық изомер түрінде).

ІІІ.Бекіту кезеңі.

а)

  1. Спирттер дегеніміз не, қандай түрлерге бөлінеді?

  2. Спирттерге тән изомерлер түрлерін атаңдар?

  3. Спирттердің химиялық қасиеттеріне мысалдар келтіріңдер.

  4. 30 г пропанолды дегидратациялағанда неше литр (қ.ж.) пропен түзіледі?

  5. 4,6 г натрий метанолдан неше литр (қ.ж.) сутекті ығыстырады?

  6. Көп атомды спирттер өкілдерін атаңдар?

  7. Ароматты спирттер қолданылуы?

  8. Спирттердің химиялық және физикалық қасиеттері?

  9. Алынуы.

  10. Жүйелеу номенклатурасы бойынша аталуы.

ә) Пікір талас.

«Спирттерді өндіру керек пе?» тақырыбына пікірсайыс.

ІV. Қорытындылау.

Венн әдісі.


V. Бағалау.

Белсенділіктері мен білім деңгейлеріне сай бағалау.


VІ. Үйге тапсырма: §15-§17, есептер шығару.







Автор
Дата добавления 04.04.2016
Раздел Химия
Подраздел Конспекты
Просмотров88
Номер материала ДБ-008455
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх