Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / Сабақтың тақырыбы «Қара жорға» биі

Сабақтың тақырыбы «Қара жорға» биі

  • Другое

Поделитесь материалом с коллегами:

Сабақтың тақырыбы «Қара жорға» биі

Мақсаты:

-Оқушыларды қаражорға биінің шығу тарихымен таныстыру, оны насихаттау
-Оқушылардың сан есімнен алған білімдерін нығайту, тиянақтау, бір жүйеге келтіріп қорыту, теориялық білімін практикамен ұштастыру;

- Ойын түрлері арқылы оқушылардың тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру, шығармашылыққа баулу, өз ойын тиянақты жеткізуін дамыту.

Көрнекілігі: қанатты сөздер, суреттер,ИКТ, слайдтар.
Сабақ барысы

І. Ұйымдастыру сәті

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру Табиғат туралы мақал-мәтелдер жаттау

ІІІ.Жаңа тақырып

  1. Презентация көрсету «Қара жорға» биі

Осы би туралы не білеміз? Оның тарихына үңілейік. (оқушылар слайд арқылы түсіндіріп отырады)

Сергіту сәті «Қара жорға» биін билеу.
2.Мәтінмен жұмыс(оқу, аудару, сұрақ-жауап, жоспар құрастыру)

(Би түрлері, атақты бишілер туралы слайд көрсетіледі)
Халқымыздың қандай билерін білесіңдер? («Қамажай», «Қаражорға», «Айжанқыз» т. б.)

«Қара жорға» биі
Би - адам денесінің әуенге негізделген түрлі қимылдарының жүйелі түрде ауысып келуі арқылы көркем образдармен айшықтала бейнеленетін, кеңістіктік - уақыттық ауқымы көне заманғы наным - сенімнен бастау алатын өнердің бір түрі. Би ишаралық бейнелеулер арқылы әсерлі көңіл - күйді көрсететін, еңбек үрдістері бейнеленетін халықтық шығармашылық өнер түрі. Бүгін біз елімізде кең тараған «Қаражорға» биі туралы әңгіме қозғаймыз. Бұл биді бәрің білесіңдер ғой. «Қара жорға» - қазақтың халық биі, қазақ биінің төресі, атасы. Олай болса, біз халқымыздың қасиетті биі «Қаражорғаны» да қастерлеп, оны қазақ билерінің атасы, ескіден келе жатқан ежелгі мұрамыз деп білгеніміз абзал. Халықтың Жорғадай тайпалған, думанға толы дәстүрлі биі дегенді білдіреді. Осы би туралы көп сұрақтар туындап жүр. Бүгіндері жиын - тойдың көркіне айналған «Қара жорға» әні мен биі төңірегінде түрлі әңгіме тууда. Бұл әннің қазаққа қатысы жоқ деген пікір де бірлі - жарым басылым бетінде жария болды. Тіпті қазаққа танымал сазгер Ұлықпан Жолдасов теледидар арқылы «Қара жорға» биін елге келген індетке балады.
Соңғы жылдары «Қара жорға» биі мен «Кеңес күйі» дүниежүзілік Гиннесс рекордтар кітабына еніп, бүкіл дүние жүзіне тарала бастағандығы жұртқа мәлім. Қазақстан халқы да өзінің ежелгі өнерімен қайта қауышып, «Қара жорғаның» ел ішіндегі насихаты табиғи сипат алуда. Мәселен, осыдан бірер жыл бұрын Атырау қаласында бұл биді бір сәтте 15 мың адам билеген - ді. Осылайша бұл би біртіндеп оқушылар гимнастикасына айналып, «Сарыарқа» біздің күйіміз, Қара жорға биіміз» дейтіндей, үлкен ұлттық дәстүрге айналып келеді.

  1. Жазбаша жұмысы (Сөз таптарын атау)

  2. Қара жорға биіміз үлкен ұлттық дәстүрге айналып келеді.

ІҮ. Үйге тапсырма беру «Қара жорға» биі-әңгімелеу

Ү. Бағалау,қорытындылау





Автор
Дата добавления 26.09.2016
Раздел Другое
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров45
Номер материала ДБ-214052
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх