Инфоурок Иностранные языки Другие методич. материалыСАБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ «ҚАРАҒАНДЫ ҚАЛАСЫНДА»

САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ «ҚАРАҒАНДЫ ҚАЛАСЫНДА»

Скачать материал

                                                                                Сауле  Куанышева

                                                                                Қарағанды қаласындағы

                                                                                Жалпы білім №5 орта

                                                                                мектебінің мұғалімі

                                                                     

 

                                    Қарағанды қаласында

Сабақтың мақсаты : Оқушылардың білімге деген құштарлығын арттыру,   ізденімпаздық, тапқырлық қасиеттерін қалыптастыру

Сабақтың міндеттері :

Білімділік - оқушылардың алған білімдерін тексеру, оқушының сөздік қорын молайту, шығармашылық ойын дамыту, өзара сөйлесуге жаттықтыру.Қарағанды қаласының даңғылдары, ескерткіштері,мәдени орындары туралы кеңінен әңгімелеу, тәуелдік жалғауды қайталау, дамытушылық – тапсырмалар, сұрақтар арқылы оқушылардың дүниетанымын, ойлау қабілетін, тілін дамыту, сөйлемді дұрыс құруға дағдыландыру,тәрбиелік- өзінің туған жерінің тарихи, мәдени орындарын, ескерткіштерін құрметтеуге тәрбиелеу,патриоттық сезімдерін қалыптастыру.

Сабақтың әдіс-тәсілдері:  жеке және топпен жұмыс, іздендіру, жинақтау,әңгімелеу, монолог, диалог, сұрақ-жауап.

Сабақтың көрнекілігі :нтерактивті тақта, электронды оқулық, Қазақстанның картасы, Қарағанды қаласының көрінісі.

Сабақтың түрі: аралас

Пәнаралық байланыс: әдебиет, тарих, музыка

Сабақтың барысы .

1.Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу. Оқушыларды түгелдеу.

2. Үй жұмысын тексеру. Астана туралы электронды оқулықтағы бейнесюжет. Сұрақтарға жауап беру. «Астана» өлеңін жатқа айту.

3. Жаңа сабақ. Электронды оқулық бойынша Қазақстанның картасын көрсету. Қазақстан туралы мәтін тыңдау. Қарағанды қаласы туралы бейнесюжет көру. Қарағанды туралы ән.

Мұғалім. Балалар, суреттерде қай қаланың көріністері?

Мұғалімнің сөзі

Қарағанды қаласында мәдени, тарихи, көрнекті жерлер көп. Өздерің аңғарып отырғандай, бүгін біз Қарағанды қаласы туралы, оның әсем көшелері  мен даңғылдары, ескерткіштері туралы айтамыз.

Сабағымыздың тақырыбы «Қарағанды қаласында».

Дәптерлеріңді ашып, бүгінгі сабақтың тақырыбын жазып қойыңдар.

       І тапсырма. Тыңдалым әрекеті. «Қарағанды қаласы» атты мәтінді тыңдаймыз.

                                       Қарағанды қаласы

      Қарағанды қаласы Қазақстан Республикасының орталық бөлігінде орналасқан. Қаланың Қарағанды деген аты осы өңірде көп өсетін, көктемде ұсақ-ұсақ сары гүлдер ашатын, бойы жатағандау қараған деген бұтаға байланысты қойылған. 1934 жылы ақпан айында Қарағанды қала мәртебесіне ие болды. Қыста жиі боран соғады, жылы маусымда құрғақшылық, желді жағдайда шаңды дауыл қалыптасады.

Уақыт өткен сайын қаламыз гүлдене түсуде. Қазір Қарағанды қаласында әсем ғимараттар, маңызды ескерткіштер, сәулетті құрылыстар бой көтеріп жатыр.Осы мәтін бойынша жаңа сөздермен танысамыз, қайталаймыз.

 

Жаңа сөздерді сөздікке жазу.

        Орталық бөлігі,өңір,жиі, ұсақ,құрғақшылық,бойы жатағандау,бұта, жел, шаңды дауыл,мәртебе, ие болды, уақыт өткен сайын, әсем ғимараттар, маңызды ескерткіштер,сәулетті, бой көтеріп жатыр

 

ІІ тапсырма. Мәтінді дұрыс оқимыз

ІІІ тапсырма Мәтін бойынша сұрақтарға  жауап беріңіз

1.     Қарағанды қаласы Қазақстанның қай бөлігінде орналасқан?

2.     Қаланың аты қандай бұтаға байланысты қойылған?

3.     Қарағанды қай жылы қала мәртебесіне ие болды?

4.     Оның климаты қандай?

 

        ІV тапсырма. Отан туралы мақал-мәтелдер

        V тапсырма.. Оқушылардың шығармашылық жұмыстарына кезек берейік. Сурет галереясы: Қазыбек би, Бұқар жырау, Тәттімбет Қазанғапұлы, Сәкен Сейфуллин, Нүркен Әбдіров, Қасым Аманжолов, Қарағанды каласының мәдени орындары.

1-і топ   Қазыбек би туралы.Қарағанды қаласының Қазыбек би ауданы туралы әңгімелейді.  Казыбек би ескерткіші. Сөздікпен жұмыс.

2-і  топ  Қаланың ортасындағы Бұқар жырау даңғылы. Бұқар жыраудың шығармашылы туралы. Бұқар жырау ескерткіші.Сөздікпен жұмыс.

3-і  топ Көшелер туралы. Тәттімбет Қазанғапұлы-композитор .  Тәттімбет атындағы Облыстық ұлт аспаптар оркестрі  туралы әңгімелейді. Бейнесюжет. Тәттімбеттің « Сарыжайлау»  күйін тыңдау.Сөздікпен жұмыс.

4-і топ Сәкен Сейфуллиннің шығармашылығы. Сәкен Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық қазақ драма театры. Сөздікпен жұмыс. Диалог.

5-і топ Даңғылдар, ескерткіштер туралы.  Нүркен Әбдіров. Қасым Аманжоловтың шығармашылығы.. Өлеңдері.  Әндері. Сөздікпен жұмыс.

6-і  топ Жаңа мешіт. Спорт кешендері туралы. Суреттер. Сөздікпен жұмыс

 

       Қарағанды қаласы туралы слайдтар. Бүгінгі сабақта өткенді қорытындылау.

      Мұғалімнің сөзі

     Қарағанды! Бұл – Мәдидің Қарқаралыны сазға бөлеп, жаяу Мұсаның жаяулап ән салған жері. Сәкен Сейфуллиндей саңлақтың дауылды жыр толғатқан топырағы. Өз заманында хан сарайының қақ төрінде көкірегінен небір толғауларды  төгіп,  шешен, абыз жырау Бұқар бабамыз отырған. Орталық көше кемеңгер Бұқар бабамыздың атымен аталса, енді бір көшеге қазақ әдебиеті классиктерінің бірі, атақты «Қара шал мен Сары шалдың» сыңары, қос Ғабеңнің бірі, «Қарағанды» романының авторы – Ғабиден Мұстафиннің есімі берілген. Өзінің самғау биігінде Ұлы Отан соғысының батыры Нүркен Әбдіров туған жеріне қыран көзімен шола қарайды. Бүгінгі ұрпақ еңбек даңқын дәріптеген «Шахтер» даңқы монументіне, Ұлы Отан соғысы жылдарында ерлік даңқын асқақтатқан қарағандылық қаһармандарға арналған монументке, «Сақ жауынгері» мен Ауған соғысы боздақтары саябақтағы стеллаларға тағзым етеді. Бұлар – бізбен мәңгілік мұралар болып қала береді.

Сөздікпен жұмыс.

     І грамматикалық тапсырма: Берілген сөздерге қажетті тәуелдік жалғауын жалғап жазыңыз.

1.     Менің туған жер\ім, -м, -і

2.     Сенің аға\-ың, -ң, -і

3.     Сіздің өлең\  - іңіз, -ңіз

4.     Оның әліппе\ -сі, -сы, -і

5.     Біздің ағай\ -мыз, -ымыз, - міз

6.     Сендердің дәптер\ -ің, -іңдер, -лерің

7.     Сіздердің жастық шақ\-ың, тарыңыз

8.     Олардың дос\-ы, -сы, -тары

    ІІ тапсырма. Берілген сөздерді үлгідегідей септеңіз

Атау               Қарағанды             қала               аудан          көше

Ілік                 Қарағандының

Барыс             Қарағандыға

Табыс             Қарағандыны

Жатыс             Қарағандыда

Шығыс            Қарағандыдан

Көмектес         Қарағандымен

 

   Тест сауалдары

 

Қарағанды қаласы Қазақстанның қай бөлігінде орналасқан?

А. Оңтүстік                              С. Шығыс

В. Орталық                              Д. Батыс

 

    Қай жылы Қарағанды қала мәртебесіне ие болды?

А. 1934 жылы                              С. 1936 жылы

В. 1991 жылы                              Д. 1985 жылы

 

Рефлексия

Үйге тапсырма. Қарағанды туралы қысқаша әңгіме жазу

Бағалау

 

 

 

         

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ «ҚАРАҒАНДЫ ҚАЛАСЫНДА»"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Логист

Получите профессию

Интернет-маркетолог

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 662 874 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 16.01.2016 2813
    • DOCX 23.8 кбайт
    • Рейтинг: 5 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Куанышева Сауле Шалабаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Куанышева Сауле Шалабаевна
    Куанышева Сауле Шалабаевна
    • На сайте: 8 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 2910
    • Всего материалов: 1

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Няня

Няня

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Французский язык: теория и методика обучения иностранному языку в образовательной организации

Учитель французского языка

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 92 человека из 32 регионов
  • Этот курс уже прошли 161 человек

Курс профессиональной переподготовки

Немецкий язык: теория и методика преподавания с применением дистанционных технологий

Учитель немецкого языка

300 ч. — 1200 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к сдаче ОГЭ по английскому языку в условиях реализации ФГОС ООО

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 298 человек из 62 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 830 человек

Мини-курс

Музыкальная журналистика: история, этика и авторское право

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Современные подходы к духовно-нравственному воспитанию дошкольников

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 13 человек

Мини-курс

Психология личностного развития: от понимания себя к творчеству

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 63 человека из 28 регионов
  • Этот курс уже прошли 30 человек